Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет62/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


2 мысал.
Білім беру саласына жаңа саясат енгізу негізінде зерттеушілердің 
өз тәжірибелерін зерттеуі
«Өздік тәжірибені зерттеу»: іс -әрекеттегі зерттеудің құндылығын 
сезіну»
(авторлары: Коллин МакЛаффлин және Назипа Аюбаева, мақала Journal of 
Educational Action Research Journal басылымында жарияланған, 2015
https://doi.org/10.1080/09650792.2014.994018)
Қазақстандағы орта білім беру саласында оқу бағдарламалары мен білім 
беру құндылықтарын реформалаудың бір құралы ретінде іс-әрекетті зерт-
теу қолданылады. Зерттеушілер аталмыш реформаларды іске асырудағы 
«өздік тәжірибелеріне», соның ішінде аталмыш үдерістің эмоционалды 
аспектісін зерттеудің негізгі аспектісі ретінде қарастырады. Зерттеу нәти-
жесінде эмоция мен үш саланың өзара байланысы 1) оқытудың табиғаты 
мен ұстаздардың кәсіби білім алуы; 2) өзгеріс енгізу процесі мен өз тәжіри-
бесін зерттеу мәселелері; және 3) реформалар мен іс-әрекетті зерттеудің 
өзара байланысын түсіндіреді. Іс-әрекетті зерттеуді енгізу барысында ере-
желерді түсіндіру және қатысушыларға, соның ішінде фасилитаторларға 
жаңа ережелерді жасауға көмектесу маңызды және реформаға қатысты 
іске асатын эксперименттер мен сараптамалар үшін қауіпсіз орта қажет 
екендігін алдыға тартады.
бақылаушылардың ұсыныстарын есепке алдық және Онтарио универси-
тетінің (2010) нұсқаулығында көрсетілген «проблеманы шешу моделінің 
4 қадамы» стратегиясын қолдандық. Оқушыларға тапсырма беріп, оны 
орындамас бұрын оқушылардың есептің шешу жолын жоспарлап алуды 
сұрадық. Жоспарды тақтаға жазып қойдық. Бұдан кейін біз «кешенді оқы-
тудағы топқа арналған сұрақтар» (Felton, 2014) стратегиясын енгіздік. Бұл 
стратегия оқу материалына орай сұрақ дайындай білуге, әрі жинақталған 
білімді сұрақ түрінде өрнектеуге, яғни баланың ойлау қабілетін жетілдіруге 
түрткі болды. Сонымен қатар, топта пікірталас жасау арқылы оқушыларда 
құрылымдық тапсырмаларды шешу дағдысы қалыптасты. Жалпы аталмыш 
зерттеу, өздігінен білім алу әлеуетіне қатысты мәселелерді ортаға сала оты-
рып, жоспар құру арқылы оқушылардың өз бетімен есеп алгоритмдерін 
құру дағдыларын дамытуға болатындығын көрсетті.


102
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет