4
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Білім беру саласындағы зерттеулердің әдіснамасы мәселесіне
қатысты, негізінен, батыс ғалымдары тарапынан көптеген еңбек-
тер жазылды, олардың әрқайсысының заманауи зерттеу әдістері-
не қатысты өз ұстанымы бар және ғылыми әдіснаманың дамуына
белгілі бір көзқарасты танытады. Бірақ, әдістердің, терминдер мен
ұғым-түсініктердің әртүрлі түсіндірмесін қабылдау, өкінішке орай,
ағылшын тілін білмейтін зерттеушілерге,
сонымен қатар өзінің
зерттеушілік дағдыларын дамытуға ұмтылатын практик-мұғалім-
дерге қиындық туғызады.
Авторлар ұжымы білім беру зерттеулерінде пайдаланылатын
негізгі ұғымдар мен тәсілдерді, стратегиялар мен әдістерді талда-
уға арналған ұжымдық монографияны әзірлеуді мақсат етті. Тео-
риялық-әдіснамалық мәселелерді талқылауда теория мен тәжірибе
арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысты. Монографияда білім
беру зерттеулерінің үш негізгі типін ұйымдастырудың ұстанымда-
ры мен ерекшеліктері көрсетілген: сандық, сапалық және аралас
(құрамдастырылған).
Аталмыш монография өз оқырманына
зерттеу материалын
зерделеудің нақты мақсатын айқындау арқылы, теориялық ереже-
лерді талдап, кейстердің негізінде нақты ұғым-түсініктерді қолдану
арқылы білім беру зерттеулерінің әдіснамасын бағдарлауға көмек
береді. Монографияда оқытудың рефлексиялық бірлігі ескеріл-
ген: әр тараудың соңында оқырманға тақырып бойынша бірқатар
сұрақ ұсынылады.
Монографияны, сонымен қатар, посткеңестік кеңістікте, тіпті
халықаралық деңгейде айтылып жүрген: ғылыми зерттеу жүргі-
Достарыңызбен бөлісу: