159
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
дық әдеп комитеттері зерттеу барысында зерттеушілер ұсынатын
әртүрлі болуы мүмкін зиянның қаупін қарастыруды талап етеді.
Зерттеу пайдасы мен тәуекелінің
арасындағы байланысты
талдау принципі зерттеу әдебінің жағдаяттық сипатын танытады.
Адамдардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерге қатысты зерт-
теу жұмысын ұйымдастырушылар нақты да болжалды жағдаят ұсы-
нып, зерттеу тиімділігінің ықтимал түсініктерін талқылау арқылы
түрлі жағдайда зиянды деп қарастырылуы мүмкін жайттарды тал-
дап, бағалауы қажет (Cohen et al., 2011). Адамдарды білім беру
зерттеулеріне тарту тұрғысынан алғанда «зиян»
ұғымы нені біл-
діреді? Мұнда тек зерттеуге қатысушыларға келуі мүмкін физика-
лық және/немесе психологиялық зиян мен эмоциялық жайсыздық
қана туралы емес, сондай-ақ олардың беделі мен кәсібилігіне кері
ықпал ететін зиян жайында да сөз қозғалады. Мәселен, егер сіз мек-
тептердегі қорқыту (буллинг) мәселесі жайлы зерттеп жүрсеңіз,
қатысушыларға білім алушылардың (кәмелетке толмағандардың
зерттеуге қатысуы кезінде) немесе мектеп қызметкерлерінің (ере-
сектердің зерттеуге қатысуы кезінде) тарапынан көрген қорқыту-
ды басынан қайта өткеруі өте қиын болуы мүмкін екенін ескеруіңіз
қажет. Қатысушыларға психологиялық зақым келтірмес үшін зерт-
теуші ақпаратты келісім жағдайында ықтимал тәуекелді алдын ала
көрсетуі керек немесе олардың аталған зерттеуге қатыстырмауы
қажет (Cohen et al., 2011). Ықтимал зиян түрлерін 7.1.2-бөлімше-
сінде толығырақ қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: