Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет108/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.2 Ақпаратты келісім
Жоғарыда аталған әдеп қағидаттарын сақтау ақпаратты 
келісімнің негізі болып табылады. Ақпаратты келісім зерттеуші өз 
зерттеуінде әдеп мәселелерін қарастыру барысында жүріп өтуі қа-
жет қадам ғана емес; ол – «әдеп сипатының іргетасы, себебі аталған 
келісім адамдардың өз өмірін бақылап, өзі үшін шешім қабылдау 
құқығына құрметпен қарайды» (Cohen et al., 2011, 77-б.).
Жоғарыда атап өтілгендей, ақпаратты келісім – «адамдардың 
өз шешіміне ықпал етуі мүмкін деректер туралы хабардар болған-
нан кейін ғана зерттеуге қатысу-қатыспауы жөнінде шешім қабыл-
27
Аталған зерттеу түрімен мына сілтеме бойынша толыққанды танысуға болады: 
https://tinyurl.com/3d7jy359


170
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
дайтын әрекеттер жиынтығы» (Diener & Crandall, 1978, 57-б.). Бұл 
анықтама құзыреттілік, еріктілік, толық ақпараттандырылу және 
түсіністік секілді төрт элементтен тұрады (Cohen et al., 2011, 78-б.). 
7.2-кестеде ақпаратты келісім элементінің әрқайсысына қысқаша 
сипаттама беріледі.
Ақпаратты келісім 
элементі
Элемент сипаттамасы 
Құзыреттілік 
Құзыреттілік
жауапты, кемел, есейген адамдардың тиісті 
ақпарат берілген жағдайда дұрыс шешім қабылдайтынын 
білдіреді. Зерттеушілер әлі жас немесе психологиялық 
күйзелістің қандай да бір түріне байланысты мұндай шешім 
қабылдай алмайтын тұлғалардың зерттеу жұмысына тар-
тылмауын қадағалап отыруға міндетті.
Еріктілік
Еріктілік
ақпаратты келісімді қабылдауды, сөйтіп зертте-
уге қатысуды (немесе қатыспауды) өз еркімен таңдауды 
шешуді, сондай-ақ саналы да ерікті тәуекелге бару кепілді-
гін қамтиды. Бұл элемент әсіресе медициналық зерттеулер 
саласында проблемалы болуы мүмкін, себебі онда ешнәрсе-
ден хабарсыз науқастар «тәжірибе жасалатын қоян» ретінде 
зерттеуге тартылады.
Толық 
ақпараттандырылу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет