Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Авторы Лаура Қарабасова (Karabassova, 2018)



Pdf көрінісі
бет77/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Авторы
Лаура Қарабасова (Karabassova, 2018)
Тақырып атауы
Қазақстандағы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL): 
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) бес мұғалімінің 
кейсін қарастыру 
Мақсаты
CLIL әдістемесіне қатысты мұғалімдердің ұстанымын, 
түсінігін және тәжірибесін терең талдау
Кейсі
Жеке мұғалім 
*Мектеп – кейс емес
*Әдістеме – кейс емес
*Оқыту – кейс емес
Аналитикалық 
ая
Жекелеген мұғалімдердің концептуалдануы (пікірлері, сенім-
дері, көзқарастары, түсінігі) және педагогикалық тәжірибесі 
(әдістері, оқыту стратегиялары, сыныптағы өзара қатынас) 
Кейс шегі
Кім?
НЗМ-інде 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар пән 
мұғалімдері
Не?
Сабақтарда CLIL әдістемесін тұжырымдау және қолдану
Қайда?
20 НЗМ-нің біреуі
Неге?
Мұғалімдер түрлі тілдік емес пәндерді оқытады, бірақ олар-
дың барлығына ортақ бір нәрсе бар: олар студенттердің 
екінші/үшінші (ана тілі емес) тілінде сабақ береді, олардың 
инновациялық CLIL педагогикасын қолдануы керек
Қанша?
Бес мұғалім – бес кейс 
Талдау бірлігі
Мұғалімдердің сөзі мен ұстанымы
№ 
2-мысал. Құрал ретінде пайдаланылатын кейс


122
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Кейс таңдау мәселесіне келетін болсақ, барлық НЗМ пәндерді 
оқытуда үш тілдің қолданылатынын атап өткен жөн. Оның үстіне 
2014-2019 жылдар аралығында бұл тәжірибе жалпы білім беретін 
мектептерге ішінара енгізілді. Үш тілде білім беру саясатының не-
гізі пәндік-тілдік кіріктірілген білім беру немесе инновациялық 
CLIL әдістемесі болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім-
дердің аталған әдістемені қалай түсінетінін және оны сабақтарын-
да қалай пайдаланатынын қарастыру маңызды болды. Мәселені те-
реңірек тану үшін түрлі пән мұғалімдерінің кейстерін таңдау қажет 
болды. НЗМ-нің 600-ге жуық мұғалімі өз пәнін студенттердің екін-
ші/үшінші тілінде жүргізсе де, барлық мұғалімдерді қамту мүмкін 
емес еді. Нәтижесінде мұғалімдердің CLIL-ді қалай түсініп, қалай 
қабылдайтындығын тереңірек қарастыруға мүмкіндік беретін бес 
мұғалімнің кейсі таңдалып алынды. 
Мақсаты есту және көру қабілеті бұзылған балаларға ағылшын 
тілін оқытудың отандық тәжірибесін зерттеу болып табылатын Ақ-
бота Сұлтанбекованың (Sultanbekova, 2019) магистрлік жұмысын 
да аталған кейстің мысалы ретінде қарастыруға болады. Мақсатқа 
жету үшін зерттеуші Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің бірін-
дегі екі мұғалімнің кейсін таңдаған. 
2-тапсырма 
Таңдағыңыз келген зерттеуіңіз бен кейс әдісіңіз туралы ойланыңыз. 
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Зерттеу тақырыбым
2. Кейсі
3. Instrumental/Intrinsic (Неге?)
4. Менің кейсімнің шегі:
4.1 Кім қатысады?
4.2 Олар не істейді?
4.3 Олар қайда тұрады?
4.4 Неге бұл кейс таңдалды? 


123
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет