Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет74/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

«Кейс» ұғымын анықтау
Жоғарыда айтылып өткендей, кейс-стади белгілі бір кейсті 
зерттеу дегенді білдіреді. Кейс дегеніміз не? Кейс – бір мәселені 
не тақырыпты терең және әр қырынан қарастыратын зерттеу түрі. 
Оның үстіне кейс зерттеуіңіздің шекарасын айқындап беретін ая 
болып табылады. Сонымен, кейс-стадидің: 1) зерттеу пәні, атап ай-
тқанда, кейстің өзі және 2) зерттеу пәнін жан-жақты қарастыруға 
және ашуға мүмкіндік беретін аналитикалық құрылым немесе тео-
рия түріндегі зерттеу нысаны.
Әлеуметтік ғылымдарда ұйым (мысалы, ЭЫДҰ), компания 
(КPMG), әлеуметтік желі (Facebook), жеке тұлға (Малала Юсуфзай 
деген пәкістандық құқық қорғаушы) және т.б. кейс бола алады. 
Білім беру саласындағы зерттеулерде кейс ретінде бала, мұғалім, 
мектептегі, университеттегі, Қазақстанның барлық мектептерінде-
гі белгілі бір сынып, белгілі бір бағдарлама немесе оқиға алынуы 
мүмкін. Дегенмен олардың барлығы бірдей кейс бола алмайды. 
Мәселен үш тілде білім беруді енгізу, орта білім беру бағдарлама-
сының мазмұнын жаңартудың себептері, Қазақстандағы жоғары 
оқу орындарына автономия беру үдерістері кейстің мысалы ретін-
де сирек алынады, өйткені оларда нақтылық, ерекшелік және біре-
гейлік жоқ. Дегенмен ағылшын тілінде оқытуды сәтті енгізген Х 
деген ауыл мектебін алатын болсақ, онда ол кейс мысалы бола ала-
ды. Сонымен бірге ағылшын тілінде оқытуды сәтті жүзеге асыру 
аналитикалық негіздеме болып табылады, сол сияқты педагогика-
лық тәсілдерді, мұғалімдер мен оқушылардың пікірін және басқару 
моделін де соның мысалы деп қарауға болады. Жаңартылған білім 
Кейстің мәні мен оның зерттеу аясын жақсырақ тану үшін ағылшын 
тіліндегі «case» сөзінің «контейнер», «капсула», «жайт», «қабық», «пре-
цедент» және «жағдай» секілді мағыналарына назар аударайық. Көріп 
отырғанымыздай, зерттеу нысаны немесе кейс «шектелген жүйе» бо-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет