Монография Қарағаиды 009 Ре по зи то ри й к ар гу қаз ббк 83. (5 Қаз) я Ж32



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата20.05.2022
өлшемі2.65 Mb.
#458415
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Zharilgapov monograf

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Ұлттық топырақта пайда болған әрбір жаңа жанрдың сол ұлт өнерінің даму 
логикасынан шығарып барып әлемдік көркемдік өріспен сабақтастыру – ең 
өнікті, әрі дұрыс жол. Сондықтан да әдіс пен ағым сынды күрделі әдеби-
теориялық категориялардың табиғатын тану үшін, оны жанр эволюциясымен 
байланыстыру үшін әдебиеттің жалпы даму заңдылықтарына, әлемдік 
әдебиеттегі бағыттар мен ағымдардың пайда болуы мен бірін-бірі 
ауыстыруындағы ұқсас құбылыстарға назар аудармасқа болмайды. Адамзат 
баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, 
ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм сияқты 
бағыттар мен ағымдардың алмасулары – әдебиеттің сатылап дамуындағы
ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда 
болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет 
функциясының күрделенуіне әкелді. Қандай ұлттың әдебиеті мен өнері болсын 
тек қана өзінің ішкі мүмкіндіктерімен тұйықталып, басқа ұлттардың әдебиетіне 
қатыссыз, жеке-дара дами алмайтыны сияқты өзіндік ұзақ даму жолы бар қазақ 
әдебиеті де басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі 
нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптасты. Ондай ықпалдастықтар ұлтымыздың 
бай фольклоры және поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде
кәсіби ұлттық прозамыздың дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа 
формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамып үлгерген бағыттар мен 
ағымдардың эстетикасы мен бейнелеу элементтері келді. Озық көркемдік-
эстетикалық тәжірибелерді шығармашылық тұрғыдан игеруде әдеби 
аударманың зор тарихи ролі болды. Нәтижесінде әдеби қатынастарға да 
өзгерістер еніп, ұлттық сөз өнерінің шығыстық байланысымен бірге батыстық 
бұтағы да дамуға мүмкіндік алды. 
Әдеби байланыстардың күрделенуі ұлттық әдебиетімізді жедел даму 
фазасына шығарды. Жедел дамудың нәтижесінде мифтік-тотемдік танымнан, 
ұжымдық шығармашылықтан жеке шығармашылық санаға көтеріліп үлгерген, 
канондық жанрлық жүйеден адамзат мәдениетінің Жаңа дәуірінде дүниеге 
келген құндылықтарды біршама игере алған, жазба әдебиеті дамудың барлық 
сатыларынан өткен халықтардың әдебиетімен бәсекелесе алатын ұлттық проза 
қалыптасты.
Тарихи қалыптасқан құбылыстар – ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу 
тарихына зер салсақ, бүгінгі күнге дейін созылып келе жатқан пікір 
қайшылықтарын байқаймыз. Қарап отырсақ, «бағыттар» мен «ағымдар» 
терминдері мазмұндық жағынан бір-біріне жуықтайтын «әдіс», «стиль», «әдеби 
мектеп», «әдеби топ» ұғымдарынан толық ажыратылып біткен жоқ. Ағым мен 
бағыттың ұғымдарының өзін бір-бірімен шатастырушылықтар белең алып 
келетіні жасырын емес. Әдеби ағым мен бағытқа қатысты бірнеше 
көзқарастарды екшей келе, олардың өзіндік сипаттары туралы мынадай 
тұжырымдар жасаймыз:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


264 
Біріншіден, әдеби ағымдар – әдебиеттің ертедегі сатыларынан бастап 
байқалатын, бағыттардан бұрын пайда болған сөз өнерінің ортақ сипаттары; 
Екіншіден, әдеби бағытқа қаламгерлерді бағдарламалық-эстетикалық 
тұтастық топтастырса, әдеби ағымға дүниетанушылық қырлары, тарихи-
әлеуметтік мәселелерге қарым-қатынасы, оны шешу жолдарындағы идеялық- 
көркемдік концепциясы ұқсас қаламгерлер жатқызылады; 
Үшіншіден, бір бағытты құрайтын бірнеше ағымдар болады да, керісінше 
әдебиеттің нақты бір кезеңінде үстемдік етіп тұрған бағытқа жатпайтын, 
олардың 
шығармашылығық 
бағдарламаларындағы 
ереже-талаптарды 
ұстанбайтын тәуелсіз ағымдар да бола береді; 
Төртіншіден, әдебиттің даму жолында көркемдік әдісті қалыптастыратын 
әдеби ағымдар бар. Яғни көркемдік әдістер де бірнеше ағымдарды біріктіре 
алады. Мысалы, реализм түрлі белгілеріне қарай ағымдарға да, бағыттарға да 
бөлінеді. 
Әдебиеттану ғылымында көп қарастырылған мәселердің бірі – көркемдік 
әдіс. Осы күнге дейін әдістің бірнеше концепциялары жасалды. Алайда бұл 
ұғымның да аяқталған тұғырнамасы жоқ екеніне көзіміз жетеді. Реализмді, 
романтизмді, сентиментализмді, символизмді т.б. бірде әдіс, енді бірде бағыт, 
ағым немесе стиль деп олардың нақты қай категорияға тиесілі екенін анықтау 
қиындықтары танылады. Реализмді бір ғалымдар көркемдік әдіс, біреулері 
шығармашылықтың типі, келесісі өмірді бейнелеудің айрықша принципі, тағы 
бірі көркемдік жүйе деп түсіндіріп келеді. Көркемдік әдіс туралы да шетелдік 
әріптестеріміз бен ұлттық әдебиеттанушыларымыздың байламдарын негізге 
алып, мынадай ой түйеміз:
– әдіс қаламгерлердің идеялық-көркемдік концепциясының тіні болып 
табылады; 
– мазмұн мен түр элементтерінің қарым-қатынасында алып қарағанда, 
көркемдік әдіс – мазмұнның негізгі мәселесі. Алайда әдістің түрге әсер 
еткіштік күші жоққа шығарылмайды; 
– бірнеше қаламгерлердің белгілі бір әдіс аясында топтасуына олардың 
дүниетанымдық қырларындағы сәйкестіктер басты рольдердің бірін атқарады; 
– әдісті тануда суреткердің көркем мазмұнды түзетін объективті фактор мен 
субъективті фактордың қарым-қатынасы аса маңызды. Яғни жазушының 
болмыстың жалпы заңдылықтарын игеру деңгейі мен өзінің жеке қоғамдық 
санасынан туындайтын идеялық-эстетикалық принципіне орай өмір шындығын 
таңдаудағы, оны бейнелеудегі ұстанымы айқындалады; 
– көркемдік ойлау типтері – әдісті туғызатын басты факторлардың бірі. 
Көркемдік ойлаудың ұқсас типтері – қаламгерлерді бір әдістің төңірегіне 
топтастыруға негізгі себеп; 
– әдіс – типологиялық та, нақты-тарихи да құбылыс. Өйткені
типологиялық ерекшеліктер әдістердің бастау көзі, іргетасы болып, өмір 
шындығын бейнелеудің жалпы принциптері бойынша әр түрлі әдеби ағым-
бағыттарда қайталана алады. Ал нақты-тарихи мағынасында өмір 
құбылыстарын көркем игерудің жиынтық ұстанымдары ретінде бағыттың 
құрамына кіріп, оның қалыптастырушысы болады. Реализм, романтизм 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


265 
терминдерінің екі түрлі мәнде, яғни реализм бағыты, реализм әдісі, романтизм 
бағыты, романтизм әдісі ретінде қолданылатыны сондықтан. 
Бағыт ұғымын айқындаудағы «бағыттың қашан да идеялық-эстетикалық 
бағдарлама негізінде пайда болатыны» турасындағы тұжырымын толық 
қуаттаймыз. Олай етпеген жағдайда ұғым турасындағы түсініксіздіктер 
тереңдей бермек. Соған сәйкес ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі екі 
үлкен бағыт айқындалады. Бірі – бұқарашылдық бағыт, екіншісі – тапшылдық-
төңкерісшілдік бағыт. Екеуінің де бағдарламалық сипаты бар. Алғашқысының 
негізінде «Алқа» ұйымның жарғысы, екіншісінің негізінде КазАПП 
бағдарламасы тұр. Бұл бағыттардың өзіндік әдістері болды.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі аса қызу 
талқыланған мәселе – ағымдар мен көркемдік әдіс. Әдеби сын осындай әдеби-
теориялық ұғымдарды сол кезеңнің көркемдік дамуына қатысты сөз ете отырып 
өткір полемикаларға барды. Баспасөз беттерінде өрістеген бұл айтыстарда 
романтизм, сентиментализм, символизм сынды эстетикалық категориялардың 
табиғаты хақында маңызды ойлар айтылды. Ж. Аймауытовтың «Мағжанның 
ақындығы туралы», «Әдебиет мәселесі», М. Әуезов «Қазақ әдебиетінің қазіргі 
дәуірі», Ж. Сәрсебіұлының да «Әдебиет мәселесі туралы» (1925) сипатындағы 
мақалалар ағым-бағыттар, әдістерді теориялық тұрғыдан тексеруде ілгерішіл 
қадамдар болды. 
Жұмыста көркемдік әдістерді рухани-шығармашылық әрекеттің тарихи 
қалыптасып, даму үстінде болатын типі жанрмен сабақтастыру – басты 
межелердің бірі. Көркемдік таным аясы кеңіген сайын, ұлттық әдебиеттің 
өзіндік даму логикасы мен көркемдік таным динамикасының өсуі жаңа әдістер, 
өзгеше бағыттар талап етіп отырады. Көркем сөздің прозалық формаларының 
оның ішінде романының қалыптасуында романтизм эстетикасының үлкен мәні 
болды. Алғашқы эпикалық нұсқаларда жеке тұлға азаттығы сынды бөлекше 
идеялық мазмұн қалыптасты. Адам тұлғасының шексіз мүмкіндігі мен соның 
жолындағы күрескерлік идеяны аңдату қазақ прозасында реализмнің түпкілікті 
орнығуын дайындаған романтикалық бейнелеудің әдіс-тәсілдері екеніне көз 
жеткіздік. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің «Қалың мал»,
С. Торайғыровтың «Қамар Сұлу», Ш. Құдайбердіұлының «Әділ мен Мәрия»,
Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» т.б. туындыларында кейде статикалық 
тұрғыда көрінетін, өз ортасынан айрықша бөлектенетін идеал қаһармандар 
дүниеге келді. 
Қазақ романы бірден таза реалистік арнаға түсіп кете алмады. Романдық 
үлгілерден романтикалық бастау мен реалистік принциптердің синтезделген 
күйін, неоромантизм құбылысын ұшыратамыз. Романтизмге қоршаған дүниені, 
объективті әлемді жоққа шығару тән екені мәлім. Ал қазақ романшыларының 
адыңғы буыны жеке тұлғаның бостандығын жаза отырып, романтикалық 
идеалға ұмтылушылықты паш еткенімен қоғам шындықтарын мүлдем сызып 
тастай алмады. Бұл, шын мәнінде, реализмнің бірте-бірте күш ала бастағаны 
еді. Бірақ ХХ ғасыр басындағы романтизм тұтас бағыттық сипат ала 
алмағанның өзінде өз позицисын біржола беріп қойған жоқ. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


266 
Әр индивидтің бостан табиғаты, тұлғаның абсолютті еркі туралы идеалар 
қазақ прозасының, оның күрделі жанрларының қалыптасу шағындағы 
романтизм эстетикасының өзіндік орнын белгілейді. Романтикалық леп, 
романтикалық суреттеу амалдары күрделі жанрлармен қатар прозаның әңгіме, 
повесть жанрларын да қамтыды. С. Сейфулиннің «Жуандық» әңгімесі, «Айша» 
повесі, М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің бірқатары романтикалық жоспарда 
жазылып, айнала шындықты шартты суреттер арқылы бейнелеп, таза ішкі жан 
дүниесінің әсерімен жазылды. 
М. Әуезовтің көркемдік әдісі оның туындыларындағы тұлғаның күрделі 
табиғаты мен дүниетанымына байланысты ерекшеленеді. Суреткер алғашқы 
әңгімелерінде дүниені өнердегі мәңгілік критерийлер – өлім, қайғы мен азап, 
жан бостандығы арқылы қабылдады. Суреткер романтикасында адамның 
жеңімпаздық мүмкіндіктеріне, рухының ұлылығына деген сенім күшті. Осы 
мәселе М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», «Жетім» 
әңгімелерінің жалпы көркемдік құрылымын белгіледі. Бұл әңгімелердің 
алғашқы нұсқалары осындай ой түюге жетелейді. Көп өзгертулерге түскен 
екінші нұсқадағы шешім шығарманың романтикалық мазмұнын бір сәтте 
жоққа шығарып, мүлде басқа арнаға бұрып жіберген. Мысалы, «Қаралы 
сұлудың» алғашқы нұсқасында жазушы Қаракөзді идеалдандырып, рухы биік 
те өршіл, жаны таза қазақ қызының романтикалық бейнесін жасаған. 
«Қорғансыздың күніндегі Ғазиза өлімі – адамның өршіл рухы мен тазалығына 
күмән келтірмеген, жер бетіндегі, адамдар арасындағы әділетсіздік атаулыдан 
тым биіктеп кеткен «әулиелік өлім».
Бірінен соң бірі жазылған «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», 
«Сөніп-жану» («Заман еркесі»), «Кім кінәлі» әңгімелері туған елден жырақтағы 
адамның сағынышқа толы көңіл күйінен хабар береді. Бұл Мұхтарға айрықша 
шығармашылық көңіл-күй қалыптастырды деп айта аламыз. Дала образы, 
қырдағы ел тұрмысына деген сағыныш Әуезов шығармашылығындағы 
романтизм желісін қалыптастырды. Қаламгердің халықтың өткен дәуреніне 
деген іш тартушылығы «Зар заман» ақындарынікіндей таза күйіндегі 
консервативті романтизм болмағанымен, дала өмірінің өзіндік тыныс-тіршілігін 
идеалдандыру сарыны бой көрсетіп отырады. Шығармаларына романтикалық 
әр үстеп отыратын осынау тақырып, адам мен жаратылыс гармониясы әйгілі 
«Көксеректе» де жалғасты. Романтизм сияқты тарихи-эстетикалық құбылыстың 
айқын көрініс тапқан жазушылықтың бір кезеңі осы «Көксерекпен» түйінделді. 
Ұлттық рух сынға түскен алмағайып кезеңде жазушының «Көксеректі» жазуы 
далаға деген аңсардан туған жеке шығармашылық психологияға тікелей 
байланысты. Іштей елжіреу мен құмарту шығармадағы элегиялық мазмұнды, 
романтикалық сарынды тудырмай қойған жоқ. 
Алайда қазақ әдебиетіндегі романтизм әдістік деңгейдің шеңберінде қалды 
да, тұтас бағыттық сипат алып кете алған жоқ. Бұл жылдар прозасындағы 
романтизмнің таза үлгісінде туған шығармалар деп Ғ. Мүсіреповтің «Адамның 
анасы», «Өлімді жеңген ана» және «Ана кесімі айнымайды» аталған новеллалар 
циклын, «Ер Қаптағай», «Жеңілген Есрафил» тәрізді әңгімелерін,
С. Ерубаевтың «Бақыт», «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір» және очерк 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


267 
сипатындағы «Өмір келбеті», «Күрестің түйісінде» әңгімелерін Б. Бұлқышевтің 
айрықша өршіл романтикалық рухтағы көркем очерктерін атай аламыз.
Реализм әдісі романтизммен қоян-қолтық және қанттаса дамыған әдіс 
болды. Реализмнің адамзат көркемдік даму тарихында аса маңызды орын алып, 
адам мен дүние құбылыстарын бейнелеудегі маңызды әдіске айналуына 
эстетикалық алғышарттар жасаған – романтизм. Реализм өмірдің объективті 
заңдылықтарын ауқымды түрде игеру және талдау арқылы өнердің танымдық 
міндеттерін арттыра түсті. Прозаның эпикалық жанрларын игерудің алғашқы 
қадамдары болып табылатын М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Көбеевтің 
«Қалың мал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты»,
Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», Ш. Құдайбердіұлының «Әділ-Мәрия» 
романдарындағы 
реалистік 
бейнелеу 
принциптері 
романтизм 
және 
сентиментализмнің көркемдік құралдарымен аралас өрілсе, М. Әуезовтің
1920 жылдардағы әңгімелерінің бірқатары, «Қараш-Қараш», «Қилы заман»,
М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің 
жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек» туындылары, С. Сәдуақасовтың «Күміс 
қоңырау», Б. Майлиннің «Күлпаш», «Әже» және сатиралық әңгімелері 
реалистік проза тәрізді өнікті өрістің бастауы болып табылады. Біз осы 
еңбегімізде ағартушылық реализмді, сыншыл реализмді, социалистік реализмді 
реализмнің түрлері ретінде емес, қазақ прозасының даму кезеңдерін 
айқындаған әдістер тұрғысында алып қарастырдық. 
Ағартушылық реализм қаһарманы – өз ортасы мен қоғамына, тәрбиелік 
жағдайларына тәуелді адам. Бір сөзбен айтқанда, ағартушылық реализм 
туындысы әлеуметтік негізді, адам мен оның ортасының қатынастарын бірінші 
кезекке қояды. Ағартушылық реализмде романтизмдегідей айқын авторлық 
позиция, субъективті бастау сақталып қалды, бірақ ол қалыпты стилистикалық 
иерархияларды бұза отырып, шығарма құрылымына өмір шындықтырының 
нақты құбылыстарын, тұрмыстық суреттерді батыл араластыра білді. Мұндағы 
типтілік көбінесе механикалық тұрғыда ұсынылады. Өйткені ағартушылық 
реализм принципімен жасалған образдардың қызметі айқын, олар арқылы 
адамдардың белгілі бір ұждандық және әлеуметтік категориялары көрсетіліп 
отырады.
Ағартушылық бағыттың кемерінен асып, аса күшейген тұсында белгілі бір 
жанрларға деген сұраныс, оның ішінде прозаның қажеттілігінің артуы сияқты 
дүниежүзі әдебиетінде байқалған заңдылық қазақ әдебиетінде де айқын 
көрінді. Ұлттық әдебиетімізде де ағартушылық бағыттың күшеюі дәстүрлі 
жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен 
жаюына мықты серпін берді. Абай поэзиясындағы ағартушылық реализм үлгісі 
ақынның қара сөздерінде жаңаша қырымен өрістеп, көркем прозаның дамуына 
мықты тұғырдың бірі болды. Қара сөздердегі публицизм мен дидактизм, 
сатиралық мазмұнға да баса назар аударылуы ағартушылық реализм әдісінің 
талаптарымен байланысты. Қара сөздердің идеялық негізінде сананы бірте-
бірте қайта қалыптастыру, адам мінезін тәрбиелеуге болатыныны («адам 
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» принципі), адамның 
рухани жағынан қалыптасуындағы әлеуметтік орта факторы («Адам баласын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


268 
заман өстіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» 
(отыз жетінші сөз) тұғырнамасы жатты. Абай дін хақындағы көзқарастар, иман 
тұрғысындағы идеялар ағартушылық концепциямен тығыз бірлікте алынды. 
Субъективті ағартушыларға тән қасиет – автор назары типтік образдар емес, 
типтік мінездер қалыптауға аударылып, сатиралық элементтер моральдық 
дидактизм сипатында көрініс тапты. 
Ы. Алтынсарин ағартушылар өкілдеріне тән рационалистік концепцияны 
жүзеге асыру жолында поэзиялық форманың арнасынын шығып, жаңа жанрлық 
ізденістерге барды. Автор үшін, ең бастысы, туындыларындағы кейіпкерлердің 
психологиялық коллизиялары емес, әлеуметтік типтілігі маңызды еді. 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең 
табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз 
үй мен ағаш үй», «Таза бұлақ» т.б. шығармалары мен ұлттық танымға ыңғайлай 
жасаған 
аудармалары 
қарапайым 
сюжетке 
құрылғанымен, 
жазушы 
шығармашылығының реалистік арнаға қарай бет бұрғанын айқын дәлелдеді. 
Ертегі-аңыз үлгісінде келетін «Қара қылыш», «Тазша бала», «Қара батыр», 
«Алтын айдар», «Жиренше шешен» сынды әңгімелері де моралистік сипатымен 
ерекшеленеді.
Ағартушылық реализм әдебиеті қатаң тенденцияшылдықтың, авторлық 
көзқарасты барынша ашық көрсетуге арналған өткір публицистикамен 
суарылған әдебиет болғандықтан қоғам мен адамның қордалы мәселелерін 
әшкерелеп отырды. Сондықтан да сатира осы көркемдік әдіске сүйенген 
қаламгерлердің басты құралына айналды. Сатира саласында журналдық 
фельетон, сатиралық очерк алдыңғы қатарға шықты. Ағартушылық өнердегі 
дидактизммен шебер қиюласқан сатираның алғашқы белгілері Ы. Алтынсарин 
прозасынан байқалса, оны кейін Ж. Аймауытов, Б. Майлин, І. Жансүгіровтер 
жаңа сапалық деңгейге көтеріп әкетті. .
Ағартушылардың идеялық-шығармашылық ізденістері Т. Жомартбаевтың 
«Қыз көрелік», К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» сынды шығармалардың 
айқынырақ таныла бастады. Қазақ әдебиетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың 
«Қартқожа» романы – ағартушылық реализм үлгісінде жазылған алғашқы 
көлемді туынды. Қартқожа – қазақ романындағы білімге ұмтылған жастардың 
тілек-мақсатын бейнелеген алғашқы образ.
Қазақ 
әдебиетіндегі 
«діни-ағартушылық 
ағым», 
«ағартушылық-
демократтық ағым» сияқты ағартушылық мазмұн иеленген ағымдар өз 
кезегінде ағартушылық реализмді қалыптастырды. Ағартушылық реализм 
қоғамды адамгершілік қағидаларына сай жасақтау мен адам бойындағы кемел 
қасиеттерді қалыптастырудың төңкерістік формасын таңдаған жоқ. Халықтық 
идеялар, қандай да бір философиялық ойлар публицистикалық-дидактикалық 
арнаға түсіріліп отырылды. Ағартушылық реализмдегі дидактизм – публицизм 
– поэтизм бірлігі сақталды. 
Қазақ прозасындағы реализм дамуын қарастырғанда, көзіміз жеткеніндей, 
ағартушылық реализм ашық түрдегі публицистік-моральдық бағыттылығымен, 
нақты бір әлеуметтік мазмұндағы идеалға тікелей ұмтылушылығымен, 
сатиралық әшкерелеуге жүгініп отыруымен ерекшеленсе, онымен қатар дами 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


269 
бастаған сыншыл реализм реалистік өнердің жаңаша қырларын, өзгеше 
бояуларын таныта бастады. Сыншыл реализмнің қалыптасып кетуіне тек 
ағартушылық реализм ғана емес, романтикалық бағыттағы әдебиет те, әсіресе 
консервативті бағыттағы романтизм өкілдерінің тигізген ықпалы зор. 
Әдістердің арасындағы генетикалық байланыс сақтала тұра, нақты бейнелеу 
құралдары мен суреттеу принциптері айта қаларлықтай өзгеріске ұшырап 
отырды. 
Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек 
сыртқы тұрпат белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі 
дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Қазақ 
даласына капиталистік қатынастардың дендеп енуі, ХХ ғасыр басындағы
заманауи өзгерістер, қайшылықтар мен ауытқулардың адам болмысының түрлі 
аспектісіне қалайша әсер еткенін таныту орайында бірқатар суреткерлер 
сыншылдық-аналитикалық ұстанымдарды күшейтті. Сыншыл реалистер 
психологиялық бейнелеулер арқылы қоғамдық үдерістерді анағұрлым терең 
қамтыды.
Адам психикасының астарлы қатпарларына сәуле түсіру, ішкі 
диалектиканың даму логикасын тарихи және уақыт реалияларымен 
тамырластыра оқырманға ашып көрсету ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі 
қазақ прозасының ілгерішіл қадамдары болып табылады. Әсіресе
Ж. Тілепбергенов, М. Дәулетбаев, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов тәрізді 
ірі суреткерлер тарихи деректі адамның психологиялық логикасын кезең 
шындықтарымен тұтастықтықта беруге ұмтылып, әлеуметтік-сыншылдық 
сипаттағы туындылар жазды. Суреткерлердің сыншыл реализмі әлеуметтік-
тарихи себептерден туындап, типтік жағдайларды типтік мінездермен 
органикалық бітістіру талабынан өрістеді. М. Әуезов өз шығармалары арқылы 
«оқыған азаматты» әдебиеттегі кейіпкерлік дәрежеден күрделі тарихи-
эстетикалық категория мәніне дейін көтерді. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» 
романында да, С. Мұқановқа ұлтшыл деген айып тағылуына түрткі болған 
«Мырзабек» (кейін «Азғын», 1927) шығармасында да кеңестік интеллигенттің 
рухани ұстындарын әлеуметтік өзгерістермен ұштастыруға, сол арқылы өзінің 
сыншылдық ұстанымын көрсетуге тырысушылықты байқаймыз.
Сыншыл реализмнің хронологиялық шегін ХХ ғасырдың алғашқы 
ширегімен түйіндеу қалыптасқан. Біздіңше, 1960 жылдары «жылымық» деп 
аталатын кезеңнен басталған жаңашыл пайымдаулар рухани түлеудің жаңа бір 
кезеңі болды да, көркем ойлаудағы сыншылдық ұстанымдар қайта жанданды.
Қазақ прозасының дамуындағы үлкен бір кезең социалистік реализм 
әдісімен байланысты. Тәуелсіздік жылдары өрістеген ғалымдарымыздың 
соцреализм туралы пікірлерінің өзінде әлі де болса ортақ тоқтамға келе 
алмаушылық бар. Бұл аталмыш әдістің классикалық реализм талаптарымен 
қаншалықты үндесе алғанын немесе жырақ кеткенін байыптайтын тұстардың 
түгесілмегендігін аңғартады. 
Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партиялылығы, 
таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты 
қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Ал 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


270 
социалистік реализм әдісінің алғышарттары сыншыл реализмде жасалғаны 
жөніндегі теориялық тұжырым әбден орнығып қалды. Сонымен қатар 
социалистік реализмдегі романтизмнен ауысып келген көркемдік ұстанымдар 
айрықша орын алғанын айтуымыз керек. Соцреализм әдебиетінде тұлғаның 
абсолютті бостандыққа ұмтылуы, заманның нақты көрінісінен гөрі асқақ мұрат 
пен идеалды алдыңғы қатарға шығаруы, дара адамды тым-тым дәріптеу сынды 
романтизмнің басты принциптері айқын танылады. Бұл кезінде біраз қызу 
пікірталастар туғызған «төңкерісшіл романтизм» де емес еді. Өйткені 
романтикалық идеал социалистік реализмде өзінің философиялық мәнінен 
айырылып, қаламгерлердің саяси-әлеуметтік көзқарастарына бағындырылды.
Соцреализм әдебиет дамуының өз заңдылықтары тудырмаған, шұғыл енгізілген 
әдіс болғаннан кейін, өзіне дейінгі әдіс пен бағыттардың идеялық-эстетикалық 
принциптерінен енші алуына тура келді.
Б. Майлиннің «Раушан коммунист», С. Мұқановтың «Ботагөз», «Жетім 
қыз», «Қанды көл», «Әсия», «Батыр қыз», Б. Майлиннің «Берен», «Азамат 
Азаматыч», «Қызыл жалау», С. Сейфуллиннің «Жемістер», Ғ. Мұстафиннің 
«Өмір не өлім», С. Камаловтың «Ұшқыннан өрт», Ғ. Слановтың «Арман 
ағысы», С. Шәріповтің «Бекболат» сынды т.б. социалистік реализм 
талабындағы шығармаларынан қаһарманды өз ортасынан мойнын оздырып, 
барынша даралау, «ерекше жағдайдағы ерекше характер» жасау, образды өзі 
құлай сенген идеалына лайықтау тәжірибелері байқалады.
Социалистік реализм талабының қатаң қойылуы, әдістің көркем 
шығармашылыққа зиянын тигізбейтін принциптерінің саяси тұрғыдан 
бұрмалануы қазақ прозасының ендігі даму жолына өз әсерін мықтап тигізді. 
Тіпті одан М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы да мүлде тыс тұра алған жоқ. 
Алайда социалистік реализм арнасында туып, өз дәуірінің дүбірлі оқиғаларын 
төңкерісшілдік рухта бейнелей отырып, жаңа қоғамның қаһармандарын жасау 
талабынан өрістеген С. Мұқановтың «Сырдария», «Өмір мектебі»,
Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің 
«Миллионер», «Қарағанды», З. Шашкиннің «Тоқаш Бокин», Х. Есенжановтың 
«Ақ Жайық», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» т.б. іргелі дүниелер күрескер 
адамның табиғи характерлерін, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы 
қайнаған еңбектің үстінде шынығып-жетілген қаһармандарды жасау, адам 
санасындағы жаңалықтарды таныту жағынан қазақ прозасының дамуындағы ірі 
белестер болып қала бермекші. Өмір құбылыстарының шұғыл өзгеруін сол 
тарихи мерзім шеңберінде суреттеген жазушылардың көркемдік жетістіктерін 
жоққа шығаруға мүлдем болмайды. Бұл туындылар ұлттық прозадағы тарихи 
дәуір ерекшелігін кең тыныста алып қараудың жаңа межелерін белгіледі.
1960 жылдары қазақ прозасында І. Есеберлиннің «Қатерлі өткеліндегі» 
Бүркіт, А. Нұрмановтың «Құланның ажалындағы» Құлан сынды басқа 
көзқарастағы кейіпкерлердің, «жаңа адамның» дүниеге келуі бір жақты 
көзқарастардың тоңы жіби бастауының алды болды. Бұл – қазақ әдебиетінде 
тарихи тақырыпқа деген сұраныстың күрт өсуіне әкелді. 1970 жылдардан 
бастап социалистік реализм өз үстемдігін жоғалтты. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


271 
Ал қазақ прозасында ағымдарды саралау барысында символизм 
ұстанымдарымен 
қатар 
сетиментализмнің, 
экзистенциализмнің 
өмір 
құбылыстарын игерудегі ерекшеліктері, бейнелеу тәсілдері жекелеген 
туындыларында айғақталып отырғанын таныдық. Жеке тарауша арнап 
зерттеген сентиментализм ағымы ХХ ғасыр басындағы прозада ерекше 
аңдалады. Әсіресе ол – С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында», М. Кәшімовтің 
«Мұңлы Мәриямында», Ж. Аймауытовтың «Ақбілегінде» танылады. Қазақ 
прозасында сентиментализмнің айқын көрінуі Ә. Ғалымовтың «Бейшара қыз», 
С. Дөнентаевтің «Көркемтай», М. Әуезовтің «Қыр суреттері», «Сөніп-жану» 
әңгімелерімен байланысты. Олар адам сезімін құрметтеу, филонтропизм, 
сезімталдыққа тәрбиелеу, шетін сезімдік құбылыстарды суреттеу арқылы 
адамның ауыр тағдарына аяушылық оятуды көздей отырып, өздерінің де 
эмоционалдық қатынасын білдіріп отырды. Сентименталист-қаламгерлер 
адамның жеке басының толғаныстарын негізге алды да, қоғамдық-тарихи 
мәселерді қозғаудан сыртқарырақ тұрды. Қаһарманның жүрек күйін, сезімдік 
толқыныстарын дерексіз уақыт шеңберінде алып қарады.
Сентиментализм әдебиеттің ағымы ретінде материалистік танымға кереғар 
түсіп жататын идеализммен, дүниені танып-білуге бола бермейтіндігі жөніндегі 
агностицистік ұстанымда болды. Мұндай дүниетанымдық сипаттардың 
қалыптасуы қазақ қоғамының дағдарыстық жағдайын түйсінуден және 
бейнелеуден туындап жатты. Екіншіден, жаңа сананың қалыптануы әдебиеттің 
мәңгілік әрі абсолютті мәселесі – адам тұлғасын жан-жақты бейнелеуге деген 
құлшыныстың арқасы еді.
Біздің әдебиет жөніндегі ғылымымызда толыққанды бағасын ала алмай 
келе жатқан – натурализм құбылысы. Натурализм ағымына тән ұстанымдар 
мен натуралистік бейнелеу ерекшеліктерін 1920-30 жылдар прозасын талдау 
барысында анықтауға тырыстық. Адам тұлғасына биологиялық тұрғыдан үңілу, 
тұрмыстық детальдарға аса үлкен мән беру, ол детальдардың аллегориялық 
астарын пайдалану, тілдің түсініктілігі мен шынайылығын қатаң қадағалау, сол 
арқылы шығарманың публицистикалық мазмұнын арттыру, әсіресе
Б. Майлиннің бірқатар әңгімелерінде, С. Ерубаевтің, Ж. Аймауытовтың образ 
сомдау тәсілдеріне етене екеніне көз жеткіздік. 
Натурализм ұлттық әдебиетте реализм ағымы ретінде өмір сүрді. 
Документализм мен фактографизм, ең төменгі әлеуметтік қабаттың, қалың 
бұқараның қатардағы өкілінің тыныс-тіршілігіне, тұрмысына барлау жасау, 
олардың жүріс-тұрысы мен сөйлеу мәнеріне дейін сол қалпында жеткізуге 
тырысу – натуралистік әдебиет қалыптастырған дәстүрлер. Сондай-ақ нақты 
бір заттық дүниеге мән беру (ақша, мал, киім, күнделікті тұрмыс заттары), сол 
заттық дүние арқылы импровизацияларға бару, оны поэтикаландыру сияқты 
натурализмге тән ерекшеліктер Б. Майлиннің бірқатар әңгімелеріне тән. Заттық 
дүниенің өзіндік мағынасын адамның табиғи қасиеттерімен механикалық түрде 
сабақтастыру қаламгерге юморлық-фельетондық образдар жасау үшін қажет 
болды. Адам бейнесін өмірдің ортасынан «дайын» күйінде алу, табиғат 
құбылыстарын, ауыл тірлігін тым поэтикаламай сол қалпында игеру 
мысалдарын жазушы шығармаларынан мол ұшырасады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


272 
Қазақ прозасының буыны бекіп, қанаты қатая бастаған шағында 
натуралистік ағымның әдеби-эстетикалық принциптері көлемді жанрлардың 
құрылымынан да байқалып отырды. Оның мысалы Ж. Аймауытовтың 
«Күнікейдің жазығы», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» тәрізді 
шығармаларда натурализм поэтикасының ерекшеліктері толық танылды.
Кейіпкер жағдайының себеп-салдарлық жағы жүйелі тексерілмей, сюжеттік-
композициялық 
бүтіндік 
сақтала 
бермейтін, 
адамды 
биологиялық-
физиологиялық тұрғыдан мүсіндеуге ынта таныту тәрізді ерекшеліктер аталған 
туындылар құрылымынан мол орын алған.
Натуралистік тенденциялар С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин,
Қ. Әбдіқадыров, С. Омаров т.б. қаламгерлердің жекелеген шығармаларында 
кездесіп жатты. Олардың баяндау тәсілдеріндегі құжаттық нақтылыққа деген 
ұмтылыс, дәл детальдарға деген қызығушылық, этнографиялық мәліметтерге 
иек артушылық, образдар типологиясына биологизм тұрғысынан үңілу сынды 
ерекшеліктер реалистік әдебиеттің ауқымын кеңейтуге септігін тигізді. 
Модернизм эстетикасы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ 
әдебиетінде түрлі ағымдар арқылы көрініп, сол ғасырдың 60-80 жылдарында өз 
жалғасын тапты. О. Бөкей, Р. Тоқтаров, С. Мұратбеков, М. Мағауин,
Ә. Кекілбаев, Т. Әбдіков, Ә. Тарази, Қ. Ысқақов, А. Нұрманов, Д. Досжанов,
Р. Сейсенбаев, М. Қабанбай т.б. жазушылардың шығармаларындағы жаңа 
образдар мен өзгеше бейнелеу сипаттары, жаңаша таным мен бөлекше ойлау 
жүйелері орнықты. Жазушылар адам болмысын жаңа философиялық 
критерийлер арқылы бажайлауға ойысты да, сана ағымы, әдеби ойын 
поэтикасы, мифтік құбылушылық, сананың бірнешеге бөлшектенуі сынды 
модернистік принциптерге иек артты. Сана ағымы поэтикасына сәйкес 
шығарманың композициялық бітімінде, образдар мінездері мен әрекеттерінде 
логикадан тыс бұрылыстар, шартты суреттер белең алып отырды.
Бірнеше жазушылардың адам табиғатының қарама-қайшылығына дендеу 
үшін архетип-кейіпкерлерге, мифологизм элементтеріне, аңыздық сюжеттерге 
жүгінуі қазақ прозасында неомифологизм ағымының қалыптасуына әкелді. 
Қаһарманның рухани өмірінің түйткілдерін импрессионистік тәсілдермен 
бедерлеп отыру артты. Экзистенциализмдегі өмір шындығын абсурд пен хаос 
дүниесі деп танитын идеялардың мейлінше маңызы өсіп, түрлі философиялық 
жинақтаулар жасалып отырды.
Көркем әдебиет үнемі өзгеріс пен қозғалыстағы ұғым болғандықтан, оны 
зерттеп-зерделеудің әдістемелері де күн өткен сайын жаңарып отырмақ. 
Сондай-ақ осы зерттеу жұмысында жаңа дәуір прозасының қалыптасуы мен 
кемелдену жолын көркемдік әдіс пен әдеби ағымдармен байланыстыра 
қарастырдық. Ұлттық әдебиеттану ғылымының алдына мұндай мәселенің 
қойылуы әдебиетші ғалымдарымыздың әдебиет тарихын жүйелеуде, оны түрлі 
қате теориялар мен ақтаңдақтардан арылтып, тұтас кезеңдеріне баға беруіндегі, 
қыруар фольклорлық мұраларды игеру мен проза, поэзия, драматургия 
жанрларын зерделеудегі өте ауқымды еңбектерінің нәтижесінде мүмкін болып 
отыр.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


273 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет