Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Тарақтау. Тастарды әр саусақ арасынан өткізу. Соңынан барлығын бірге жинап алу керек. Құдыққа салу



бет37/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Тарақтау. Тастарды әр саусақ арасынан өткізу. Соңынан барлығын бірге жинап алу керек.

  • Құдыққа салу. Алақан саусақтарын қуыстап ұстау арқылы тастарды «құдыққа» жинайды. Соңынан барлық тастарды жерден жинап алады.

  • Қақпаны ашып-жабу. Қақпақыл тастарды жоғары лақтыру кезінде тастарды жинаушы қолдың алақанымен жерді жауып отырады. Тасты қораға айдаған кезде қақпа ашылады да алақанмен тосып алады.

  • Қораның үстінен алу. Жерге шашылған төрт тастың бірін есігі ашық «қораның» үстіне қойып, қалған тастарды қорадан өткізеді. Ең соңынан үстіге қойылған тасты қораға енгізеді. Соңынан барлық қора есігінен өткізілген тастарды жинап алады. Тастарды енгізу кезінде қора үстіндегі тас жерге түсіп кетсе ойын тоқтатылады.

  • Жабық қораға енгізу. Барлық тастар алақан арты жабық қора есігінен енгізіледі. Соңынан барлық тасты жинап алу керек.

  • Қуалау. Ашық қораға тастарды алдынан енгізгеннен соң, барлық тастарды қайта қораның алдыңғы есігінен айналдырып енгізу қажет.

  • Кедергі. Кедергіден жоғары асырып жинау. Қырынан қойылған алақан үстінен барлық тастарды бір-бірлеп асырып жинайды. Соңынан барлық тастарды біріктіріп жинап алады.

  • Бұрау. Жоғары лақтырылған тасты екінші қолды бұрап алақанмен ұстау. Барлық тастар бір-бірлеп ұсталады.

  • Алақан қаршу. Бес тасты түгел жоғары лақтыры түгел алақанмен ұстау.

  • Алақан сырты арқылы қаршу. Бес тасты жоғары лақтырып, екі алақанның сыртын қатар қою арқылы ұстау. Алақан сыртындағы тастарды қайтадан жоғары лақтыру арқылы алақанмен қайта ұстау.

  • Бір қолдың алақаны сырты арқылы қаршу. Жоғары лақтырылған барлық тастарды бір алақанның сыртымен ұстау керек. Ұсталған тастарды қайта жоғары лақтыру арқылы қолдың алақанымен қаршып ұстау қажет. Қаршып ұсталған тастар санына байланысты ұпай беріледі.



    Ескерту. Барлық қаршып ұстау түрлерінде әр қаршып алынған тастан 10 ұпай жинайды. Бес тасты түгел ұстаса 50 ұпай жинайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   151




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет