Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет52/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

58. Тымпи
Ойынға қатынасушылар шеңбер жасап дөңгелене отырады. Ойынды жүргізуші белгіленеді. Ойынды жүргізуші «Ал, ойынды бастаймыз, бәрің түгел тым-тырыс, тымпи!» – деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, қозғалмауы керек. Жүргізуші ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің, қозғалтудың амалын іздейді. Қалжыңдайды, өлең-жыр да айтады. Жаңылыстыру үшін неше түрлі алуан сұрақтар қойып, сұрайды. Ойнаушылардың біреуі абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Ойынды жүргізуші сөзге шешен, әзілкеш, күлдіргі болуы керек.
59. Бастаңғы
Ауылдағы үлкен кісілер бір жаққа қонаққа немесе басқа себептермен кеткен жағдайда қыз-келіншектер бас қосып бір үйге жиналады. Қазақ салтында ерулік, ас беру, сүндет тойы секілді кәделерде шақырған үйдің ниетін сыйлап, шақырылған ауылдың үлкен кісілері түгел баруға тырысады. Қыз балалар ондайда үйде оңаша қалады. Осы жағдайда «Бастаңғы» ойыны ойналады. Қыз балалар емін-еркін ойнап-күліп, қысылып-қымтырылмай ойнап сырласады. Бұл ойынға қыздардың қалауы бойынша жас жеңгелері де қатысады. Қазақтың отбасы тәрбиесіндегі «Қызға қырық үйден тыйым» деген тәртібі қыз баланың босқа жүруіне жол бермейді. Сондықтан қыздың өз үйінен себепсіз не рұқсатсыз ұзап шығуына болмайды, оған тыйым салады. Бойжеткен қыз шешесімен не жеңгесімен үй шаруасымен шұғылданады, бос уақытында кесте тігеді, ою ойып өнер үйренеді. Бастаңғы – қыздардың үй-іші шаруасында өз бетімен еркін әрекет етуінің бір шарасы. Бастаңғыға жиналған қыздардың әр қайсысы өздерімен тәтті-дәмді тағамдарды үйден ала келіп, ортақ дастарханға қояды. Бұл ойынның астарында үлкен тәрбиелік мән бар. Қыздар осы ойын арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті қонақ күтудің, тағамды тартудың, ас пісірудің, іс тігудің жөнін іс жүзінде орындап үйренуді іске асырады. Ойындар ойнап, көңілдерін көтереді. Бастаңғы – қазақ қыздарының ежелден келе жатқан дәстүрлі ойыны.
60. Ине жасырмақ
Жастардың бас қосуында, көбіне үйде ойналатын ойын. Қажетті бұйымдар: ине және домбыра. Ойыншылар ең алдымен жүргізушіні сайлайды. Жүргізуші ойын тәртібін бақылайды, домбырада немесе басқа музыкалық аспапта ойнайтын кісіні табады, ойын ережесін түсіндіріп екі ойыншыны таңдайды. Ойыншының біреуі бөлмеден шығып кетеді де, үйде қалған екінші ойыншы инені өз бойындағы киіміне жасырады, немесе басқа біреуге береді. Жүргізушінің белгісі бойынша бөлмеден шыққан ойыншы үйге қайта оралып жасырған инені ойынға қатысушылардың киімдерінен іздей бастайды. Іздеуді жеңілдету үшін музыкалық аспапта мысалы домбырада ойнап отырады. Егер іздеуші ойыншы нысанаға жақындай түссе, домбыра күмбірлей жөнеледі. Ал, егер нысана тұсынан іздеуші алыстап кетсе, домбыра үні бәсеңси бастайды. Іздеуші инесі бар кісіге жақындаған не алыстаған сайын домбырашы оны әр қилы сарынмен бағыттап, дәлдеп отырады. Нысанға дөп жақын келген іздеуші ине осында-ау деген кісіні тінте тексеріп, инені табуға тырысады. Инені дұрыс жасыра алмаған адам тәртіп бойынша ән салып, не әзіл айтып не басқа өнерін көрсетіп айып төлейді. Ал инені іздеуші таба алмаса өзі айып тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет