Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Қазақтың ұлттық халық ойындарының тарихы



бет6/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Қазақтың ұлттық халық ойындарының тарихы

Қазақтың ұлттық ойындарының өте көне тарихы бар. Осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында Ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – хүреш (ланса – қазақша найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр, Ер – күшті мағынасында, Хүреш-балуан күрес мағынасында айтылғандығы көрсетіледі [11].
Сақтар дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда шаңырақ көтеріп, біздің заманымыздың II ғасырына дейін өмір сүрді.
Сақ мемлекеті жан-жағындағы көршілес елдермен сауда-саттық және мәдени байланыстарды жақсы жолға қойды. Осындай байланыстардың болғандығының бір дәлелі ретінде сақ адамдарының Кир патшаның құрметіне Месопатамия жерінде б.д.д. 539 жылы (қазіргі Бағдат қаласы батысында) өткізілген ат бәйгесіне қатысуларын алуға болады. Осы жарыс туралы Геродот сақ атының барлық аттарды артқа тастап бірінші келгендігін жаза отырып, жалпы сақтардың жас балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату және әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін жазады [43].
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді Европа жұртшылығына таныстырған Италиян саяхатшысы Ионн де Плано Карпини болды. XIII ғасырда Европа халқына Монгол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан ол, Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған [85].
Құрбанғали Халидтің ХІХ ғасырда шағатай тілінде жазылған «Тауарих хамса-Бес тарих» кітабында ат жарыстарының қазақтар арасында қалай өтетіндігін жаза отырып Бәйге парсы тілінде «пойго», яғни «сөре», «пой» аяқ, «го» жер, яғни аяқталар орын. Яғни ат аяғы жетер жер деген ұғымды береді» деп бәйге сөзінің шығуын анықтаса, ат жарысы ережесіне байланысты «Ат шауып көмбеге жете алмағанға бәйге жоқ, көмбеден асып кеткен есепке жатпайды, бұған ерекше адам тағайындалғанда «кіреші» деп атаған. «Кіреші» негізі көруші, немесе төреші міндетін атқарған. Тек шындық айтылатын болған. Көбінесе мерекелік аттар «көтермелі», яғни көмекшісі бар аттар, бәйге атымен қосылып, көп кісімен бірге келіп, бәйге бойына бірінен соң бірі жетекке алып қиқулап «көмбеге» жеткенше демеп барады, мұны «көтермелі» атаған. Бәйгеге көбінесе тоғыз тігіледі. Бәйге басы жамбы, яғни түйе тіксе оған сегіз мал немесе бұйым қосып тоғыз ету керек» деп ат бәйгесі ережесінен үлкен мағлұмат береді [94].
Академик Ә. Марғұланның «Архивтегі жазбалар» атты мақаласында: «Керей Құлжабайдың асын береміз деп сауын айтуға екі кісі жіберілгенін, онда бас атқа бәйге сыйы төрт жүз бұйым – жүз жылқы, жүз қой, жүз теңге ақша, жүз кез мата, екінші аттыкі екі жүз кез бұйым, жүз теңге ақша, үшінші атқа – жүз теңге, жиырма бір атқа дейін бәйге болатынын хабарлағандығы» туралы деректер келтіріледі[25, Б.190.].
Академик, ғалым Әлкей Марғұлан балуан сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғни күшті, мықты, алып ұғымын беретіндігін көрсетеді [24, Б.132].
Шығыс халықтары да көне Грециядағы олимпиадалық ойындарға ұқсас өздерінің жарыстарын ұйымдастырып өткізгендіктері туралы деректер кездеседі. Ол туралы М. Таникеев «Шығыс, оның ішінде түркі халықтары өздеріне тән олимпиадалық ойындарын, жарыстарын өткізген» деп жазады [138, Б.86-89].
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер халықтың ауыз және жазба әдебиеттерінде, тарихи деректерде, философиялық ой-пікірлерде, саяхатшылар жазбаларында, археологиялық қазба, музей жәдігерлерінде көптеп кездесетіндігін айта келіп, ұлттық ойындар барлық жастағы адамдар арасында дене тәрбиесі, еңбекке баулу, халық пен жерді қорғау істерінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады.
Орыс ғалымы А. Алекторов «О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей» атты еңбегінде көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының орны туралы жазады [13].
Абай Құнанбаев халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды. Мысалы, жиырма алтыншы қара сөзінде «Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуаныш бар ма екен? Әй жоқ шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі – қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреудің ызаландырмақ – шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық жер болып қалады екен.
Жүйрік ат – кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те кейде оның қолында, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнерімен жасаған жоқ. Бір озған бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседан ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі – надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тыянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің» деп жазады [1, Б.177-178].
Абайдың қарасөзінде сол кездегі ел арасындағы жарыстар кезінде адамдардың қандай күйге түсіп, болған жарыстарға қалай баға беретіндіктерін айна қатесіз көрсетеді. Ол адамдарды болып жатқан жарыстарға өте байыппен, сабырлықпен қарауға шақырады, жарыстың қызығын жақсы түсініп, ләззат алып қарауларына шақырады, орынсыз айғай мен реніш, күйінішке бармауға тәрбиелегісі келеді.
Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше: көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», – деп ой түйеді [105].
Бауыржан Момышұлы асық ойыны, ат жарысы туралы «Ұшқан ұя» кітабында: «Еріксіз өскен бала – рухани мүгедек адам» дей келе, «Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді» деп, жас кезінен бастап бала тәрбиесінің барлық бағыттарында еркіндік болғандығы дұрыс екндігін көрсетіп, балалық шақтарында өздерінің қалай ойнағандығын, ат баптау, бәйге шабу, көкпар тарту т.б. ойындар туралы құнды деректер береді. Сол «Ұшқан ұя» кітабында «Мынау өңкей әңгүдіктер шаңқай түсте көкпар дәметіп жүр-ау шамасы. Есіл-дерті ентікпе шабысқа ауған шала милар өңкей. Өздерін аямаса да, атты аяса қайтеді. Қапырықта қаратерге түскен жүйрікте не қасиет қалмақ. Ыстық леп кеудесін қауып, шұбылма шаң өкпесін ыстамай ма, ат жарықтық қыз сияқты мәпелеуді күтетін мал ғой. Аялай білмесең – аяғынан қалады. Аяқтан қалған жүйрік ақырған есекке де алдырады… Жайбырақат суытып, майын сылып алудың орнына бұлар салпақтап жапалақша жалпылдай бергенді жақсы көреді» деп көрсетеді [29, Б.20].
«Ауылда бас қосып, байыпты әңгіме айтар кештер көп болушы еді. Мал өрістен қайтқан соң, ымырт үйірілгенше бір төбенің басына шығып алып үлкендер шүйіркелесер еді. Ел жаңалығы, күнделікті тірлік қамы, ертеңгі күннің еншісі – бәрі-бәрі осы басқосуда ортаға салынатын. Егер әңгіме ұзаққа созылмаса, қариялар балуан күрес, жаяу жарыс, тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырылып, қызығына мәз болып отырар еді. Қараңғы қоюланып, көз байланарда бәрі үйді-үйіне тарасатын» [29, Б.51].
«Жақсы шабандоз атқа ауыр жүк емес, қайта қанатындай демеуші болар. Әйтпесе қаптаулы тезектей ерге теңселіп отырғанның несі қасиет. Аттың демі ауырлай бастағанда, тіпті өзіміз демімізді ішке тартып тына қалмаушыма едік» [29, Б.126-127].
«Бір жас жігіт аты арықтан қарғи бергенде, ер үстінен қопаң етіп, ауытқып барып түзелді.
Аққұл «...ат ырғағында, кісі шалқайып отыра ма екен. Мұндайда сен сияқты қопалардың салмағынан аттың бел омыртқасы үзіліп кетсе қайтер ең?» деп атқа дұрыс отырудың өзі өнер екендігін талап етеді.
«Қазақтың салты бойынша көкпарды шабандоз қызы бар үйге салады. Сол үйдің қызы кестелі орамал алып шығып беруші еді», деп салт-дәстүрдің ерекшелігіне тоқталады Бауыржан Момышұлы [29, Б.169].
Осыдан мың жыл бұрын жазылған (XI ғасыр) Махмуд-ал Қашғаридың «Диван лугат ат-Түрк» атты еңбегінен сол кездегі түркі халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халқының орналасуы, тілдерінің ерекшелігі т.б. толып жатқан өте бағалы мағлұматтармен қатар, дене тәрбиесіне және ұлттық ойындарға қатысы бар деректерді табуға болады. Көрсетілген еңбектегі көне түркі заманындағы ойындар мен дене тәрбиесіне қатысы бар деректерде қазіргі ұлттық ойындардың пайда болуы, қалыптасуы, ойнау тәртібінің өзгеруі туралы маңызды мағлұматтарды алуға мүмкіндік бар[102].
Сонымен қатар сол уақыттағы халық арасындағы кеңінен тараған ойындардағы пайдаланылған құрал-жабдықтар, оны қолдану тәртібінің қазіргі уақытпен салыстырғанда аз өзгеріске ұшырағандығын, яғни тарих толқынында қаншама өзгерістер болғанымен, ұлттық ойындар, дене-тәрбиесіне қатысты деректер аз өзгеріске ұшырағандығын байқауға болады.
Махмуд-ал Қашқаридың сөздігіндегі қазақтың ұлттық ойындарына және дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді бере отырып, ұлттық мәдениетіміздің маңызды саласы дене тәрбиесіне қатысты деректердің көне тарихы бар екендігін көреміз. Сонымен қатар, көптеген ұмыт болған ойын түрлерін елімізде қайта өмірге әкелу де уақыт талабы. Мысалы, сол заманда ең көп тараған «Шөген» ойыны ат үстінде отырып допты қуалап ойнау түрінің қазіргі кезде Европада «Поло» атымен кең тараған, ал өзімізде осы ойын түрі қазір мүлдем ұмыт болды. Осы ойын түрін қайта жандандыру арқылы атты баптау, ат үстінде шебер жүру, ат күтімін жақсарту, адамдардың малға деген көзқарастарының жақсы жаққа қарай өзгеруі сияқты жағымды, тиімді, пайдалы үлесі болар еді.
Ұлттық ойындардың мазмұнында белгілі бір мақсатқа бағытталған әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қажетті ерекше қасиеттері болады. Ойынға араласқан бала бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, өзін қоршаған ортаға бейімделуі жақсарып, мінез-құлқын реттеп ұстауына мүмкіндігі туады.
Орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшин қазақтар туралы «Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей» деп аталатын еңбегінде қазақтар арасында өтетін ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан қимыл-әрекет дағдысына қарай қалыптасып еңбек ететіндігін, қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: «Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен» деп жазады [98, Б.119-128].
Қазақ халқының этнографиялық құндылықтарын жинап, зерттеген В.В. Радлов қазақтың қыз ұзату, баланы бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу сияқты салт-дәстүрлерін жаза келе «қазақтар баланы жастайынан тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі» деп жазады [126, Б.237.].
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымы И.С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе, ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты тамаша суреттейді [120, Б.52.].
А. Диваевтың «Как киргизы развлекают детей» еңбегінде Шымкент уезіндегі қырғыз балаларының «бес саусақ» ойыны, саусақ атаулары оның діни сенімділік, дәстүр және табиғат пен күнделікті мал шаруашылығымен байланысын жақсы суреттеген. Мысалы ол «баланың бас бармағын көтеріп малды барымталаймыз, ортан саусақты көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді» деп көк аспанға қарап құдай тәңірінен рұқсат сұрағаны айтылады.
Баланың саусақтарын бүгіп-жазып ойнауы арқылы халықтың мал мен құдайшылдықты бала санасына күнделікті сіңіруді саусақпен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде іске асыруы үлкен далалық философиялық мағына жатқандығын көрсетеді.
А. Диваев еуропалық фабрикада жасалған ойыншықтардан қазақ балаларының өздері қолдан жасаған қуыршақтар мен саз балшықтан жасалған ат пен түйе, қой сияқты ойыншықтардың артықшылығын сөз ете келе, олардың баланың қиялдау қабілетін дамытудағы шығармашылық мәнін ашып көрсетеді. Ол П. Потанин еңбектеріне сүйене отырып, қазақ ойындарының мазмұны Орал-Алтай халықтарының ойындарымен ұқсас, үндес келетіндігін де сөз етеді [47, Б.169.].
Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігін «Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды» деп жазады тарихшы Беймбет Ирмуханов [61, Б.40.].
Қазақ даласында ХХ ғасырдың басына дейінгі жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына себепкер болды, осы кезде ұлттық ойындар ішінде ат жарыстары, күрес, салмақ көтеру, жүгіру, садақ ату сияқты жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.
Орыс ғалымы А. Алекторов «О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей» атты еңбегінде көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап жетілуі барысындағы ойындар мен күнделікті тіршілігіндегі қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орнын көрсете келіп, сол қозғалыстардың баланың дене мүшелерінің дұрыс қалыптасып дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады [13, Б.82.].
Ш. Уәлиханов халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өмір сүру ерекшеліктерімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмысында жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын айта келіп, осы жағдайдың халық ойындарына да байланыстары бар екендігін көрсетеді [159, Б.109.].
Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды [107, Б.24-36.].
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы өзара қарым-қатынасқа, қоршаған табиғатқа бейімделуге әсер етті. Адамдардың бір-біріне деген өнегелік талаптарына сәйкес ер және қыз балалар жас кезінен бастап күнделікті қоғам өміріне белсенді қатынасу жағдайында болды, содан тәрбие алды.
Ойынды ойнау арқылы бала өзін қоршаған дүние туралы танымдық жағынан хабардар болып, көптеген өнер түрлерінің бастауына қанық болады. Ойын арқылы дене қозғалысының алуан түрлерін орындауды үйренеді, сонымен қатар сөйлеу, тіл жетілдіру, есептеудің түрлерін меңгеру, жылдам ойлау, шұғыл шешім табу, мінез қалыптастыру сияқты толып жатқан қажетті пайдалы дағдыларды өз бойында қалыптастыруына жол ашты.
Халқымыз ойынды бала тәрбиесінің басты құралы ретінде арнайы ойластырып, дамытып, ұйымдастырып отырған. Халық ойындары адам бойына шыдамдылық, қайсарлық, ерлік, өжеттілік, батылдық, шапшаңдық, ептілік, тыңнан жол таба білу сияқты өмірге қажетті көптеген қабілеттерді сіңіреді, дене қуатын арттырып, дененің дұрыс қалыптасып сомданып шынығуына әсер етеді. Ойын ережесін сақтау, оны бұлжытпай орындау адамдарға әділдік пен адамгершілікті сақтауды үйретеді. Сонымен қатар қазақ ұлттық ойындарын ойнау барысында балалар қатты дауыс шығармай, айғайламай сабырмен ойнау, бір-бірін жұлқыламау тәртібі қалыптасқандығын көруге болады.
Ұлттық халық ойындарының көпшілігінде ойнаушыларға ойнау тәсілін еркін өзгерте отырып ойнауына үлкен мүмкіндік берілетіндігі баланың еркіндігін кеңейтеді, осы жағдай көптеген ұлттық ойындардың мазмұнында молынан кездесіп, баланың ойын, қиялын шектемей дамытуына көмектеседі. Ойын барысында ойынға қатысушылардың әрбірі өз еріктерімен ойын шартын өзгертіп түрлендіруге мүмкіндігі болады, осы жағдай әр ойыншыны сәт сайын өзгеріп отыратын жағдайға дайын болуға үйретеді.
Қазақтың ойындары туралы Европа, Ресей саяхатшылары мен зерттеушілері мол деректер жинақтаған. Италия саяхатшысы Плано Карпини XIII ғасырда қазіргі Қазақстан жерін басып өткен кезінде өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинақтаған [123, Б.83-169].
Тәрбиенің басқа да түрлерімен біріге отырып дене тәрбиесі халықтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі болып қалыптасты. Қазақ халқының ежелгі және қазіргі мекені Орта Азияның Ұлы даласы болып табылады. Осы Ұлы далада адамзаттың кемелденуі және дамуына үлкен-үлкен әсері болған көптеген тарихи оқиғалар болып өтті, оларға жануарларды қолға үйрету, киім тігу, қазба байлықтарды қорыту олардан заттар жасау, жазуды таңбалау сияқты адамдар күнкөрісін, шаруашылықты жүргізуді өзгертуге әкелген, адамзат санасын жаңа сатыға көтеруге әсер еткен құбылыстар осы Ұлы далада іске асырылды.
Ұзындығы 7-8 мың шақырым, ені 5-6 мың шақырым болып келген осы Ұлы далада бұрын да және қазірде мекендеп жатқан көптеген түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршіліктерінде айтарлықтай ұқсастықтардың болуы да, осы кең аймақта араласа көшіп-қонуға негізделген шаруашылықтың болуынан деп тұжырымдауға болады. Осы жағдай біз қарастырып отырған ұлттық ойындардың арасында да көптеген ұқсастықтардың болуына себепші болып, ықпал етті. Оған мысал ретінде қырғыз, өзбек, татар, башқұрт, саха, монғол, тәжік, ауған т.б. көптеген халықтар арасында қазірге дейін ат жарыстары, көкпар тарту, күрес, тоғызқұмалақ т.б. ойындардың арасында ұқсастықтардың бар екендігінен көруге болады.
Өз бастауларын тарихта Сақтар дәуірі, Ғұндар дәуірі, Түрік қағанаты, Қарахан қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы деп аталатын тарихи кезеңдерден алатын қазақ халқының тарихы ұлттық мәдениет пен тәрбиенің сан алуан түрлерін бойына сіңіріп қалыптасты, соның ішінде ұлттық ойындар да бар.
Сақтар дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда шаңырақ көтеріп, біздің заманымыздың II ғасырына дейін өмір сүрді.
Сақ мемлекеті жан-жағындағы көршілес елдермен сауда-саттық және мәдени байланыстарды жақсы жолға қойды. Осындай байланыстардың болғандығының бір дәлелі ретінде сақ адамдарының Кир патшаның құрметіне Месопатамия жерінде б.д.д. 539 жылы (қазіргі Бағдат қаласы батысында) өткізілген ат бәйгесіне қатысуларын алуға болады. Осы жарыс туралы Геродот сақ атының барлық аттарды артқа тастап бірінші келгендігін жаза отырып, жалпы сақтардың жас балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату және әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін жазады [43, Б.215.].
Осы деректерден көретініміз сақтардың дене тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, арнайы сабақтар өткізгендіктері, яғни педагогикалық әдістемелерді өте көне уақыттан бастап қолданғандықтарын айтуға болады.
Кейінгі кездердегі жүргізілген археологиялық қазбалар Е.Е. Татишев пікірін растайды. Ол садақпен алысқа ату сақтарда болған деген тұжырымын Хантау жерінде жүргізілген зерттеулер кезінде табылған жартасқа қашалып, садақты тізерлей отырып аспандата атып отырған сақ әйелінің бейнесінен көреді. Садақ оғын осындай мөлшерде жоғары көтеріп ату, тек алысқа ату кезінде қолданылады деп тұжырымдайды.
Сақ мемлекетінің негізін қалаушы – Алып Ер Тұңға (Афрасияп). Осы ірі тарихи тұлға туралы шығыстың ұлы ақыны, тарихшысы Ә. Фирдаусидің «Шахнамасында» жазылған. Дастанның негізгі идеясы Тұран елін жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ бірлікке шақыру, туған жердің даңқын арттыра түсу болып келеді. Алып Ер Тұңғадан кейінгі аса маңызды туынды «Шу батыр» дастаны. Махмуд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрікте» Шу батыр біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ билеушісі екендігін жазады. Дастанда Ескендір Зұлқарнайынның (Александр Македонский) түркі еліне жасаған әскери жорықтары кезінде оның қырық нөкері Шу батырдың қырық әскерінен жеңіліп бейбіт келісім жасауға мәжбүр болғандығы баяндалады [102, Б.5-8].
Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтарды «бөрі, көк бөрі» деген. Осы атауды иран, грек, қытай жазбалары да дәлелдейді.
Сақтардың танымдық Тәңір сенімі болған. Сол дәуірде пайда болған руналық жазулар мен жан-жануар стилінде салынған ою өрнектері, Есік қорғанынан табылған Алтын адам киімі өте жоғарғы талғамдағы мәдениет туындылары екендігі мойындалып отыр. Сақтар дәуірі кезінде ұйымдасқан түрде күшті әскердің болғандығын, әскерлер соғыс жорықтарына дайындық барысында ат үстінде жаттығулар жасау, қылыштасу, найзаласу, садақ ату сияқты қазіргі кезде спорт түрлеріне айналған ойындарды жетік меңгергендіктерін көреміз.
Ғұндар дәуірі біздің заманымызға дейінгі 204 жылдан осы дәуірдің 216 жылына дейін тарих сахнасында өшпестей із қалдырды. Осы кезде қытайлықтар салық төлеп ғұндардан құтылу үшін ұзындығы үш мың шақырым келетін атақты Қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр болды. Еуразия құрылығында Ғұндармен күштіліктері жағынан иық тіресетін бірде-бір мемлекет болмағандығы туралы тарихта көптеген деректер бар.
Сол кезеңдегі көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л. Гумилев «Неправилно думать, что в кочевом обществе невозможно технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотьемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначало коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на растояние до 700 метр» деп жазып Ғұндардың тарихтағы жетекші ролін айқын көрсетеді [101, С.38-39.].
Ғұн патшалығы тарих сахнасынан кеткеннен кейін оның негізін құраған туыстас тайпалар босқындыққа ұшырап, Орталық Азияға, Еділ сыртына, Қиыр Шығысқа, Алтай тауларына тарап кетеді. Алтай тауында қалған шағын бөлігі Жужандардың билеуімен 400 жылдай елеусіз өмір кешеді. Алтай тауларында кен өндіріп темір балқытып қол өнері мен егіншілікті кәсіп етіп күшейе бастайды. Олар 535-552-ші жылдары Бумын атты қолбасшының арқасында азаттық күресіне шығып, ордасын Түрік деп атап басшылары Құтлұғ қаған, Білге қаған (Бумын), Күлтегін, Тоныкөктерге – Елтеруші (Елхан) деген атақ беріп Түркі қағанатын құрады.
Түркілер де өздерінің ата-бабалары Сақтар мен Ғұндар тәрізді Тәңірге табынып табиғат заңдылықтарымен өмір сүреді. Осы түркі мәдениетінің биік дәрежеге көтерілуінің бір айғағы Орхон Енисей жазба ескерткіштері болып табылады. «Түркі мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихының бетбұрыс кезеңі. Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер ирархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады» деп жазады Л. Гумиев [70, Б.4-5.].
Алтын Орда (XIII-XV) ғасырлар арасында Ұлы Шыңғысхан дәуірі деп аталатын үлкен тарихи кезең. Шыңғысхан бүкіл Еуразияның Ұлы даласына толық үстемдігін орнатты. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін үлкен төрт ұлысқа бөліп басқарды. Қазақ жерінде орналасқан Алтын Орда кезеңінде көптеген қалалар салынып, сәулет пен қолөнер, шаруашылық және мәдениет, ел басқару жүйелері айтарлықтай дамып, жаңарды.
Қазақ хандығы құрылуын тарихшылар 1456-1477 жылдар арасында Жәнібек пен Керей құрған хандықтан бастайды. Қазақтың алғашқы Бас ханы болып Керей сайланады. Олардан кейін ел билігін Бұрындық (1480-1511) хан алады. Өзінің ел басқаруда шеберлігімен ерекшеленген Қасым хан (1511-1523) «Қасымханның қасқа жолы» деген ат қалдырды. Ел ырысын еселей түскен Хақназар хан (1538-1580) жылдары басқарды. ХVI ғасырдың аяғында Қазақ халқының саяси тұрақтылығын нығайтуда Тәуекел ханның орны ерекше болды. Есім хан ел басқарып «Есім ханның ескі жолы» атты дала заңымен әйгілі болды. Есім ханның немересі Тәуке хан жоңғарлармен соғыста көрсеткен ерлігі мен талантты қолбасшылығы үшін қазақтың Бас ханы болып сайланды. Тәуке хан билеген отыз жыл арасында «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жайлы кезең болды, ол атақты «Жеті жарғыны» өмірге енгізді.
1710 жылы Әбілхайыр хан таққа отырып, жоңғармен, қалмақтармен соғыс кезінде беделді хан болды. 1723 жылдары басталған қайғылы «Ақтабан шұбырынды» кезінде Әбілхайыр жоңғарларға Аңырақай мен Бұлаңты шайқастарында шешуші жеңістерге жетіп, қазақ жерін қалмақтардан тазартты.
Әбілхайыр хан саясатын жалғастыра білген қазақтың ұлы ханы Абылай болды. Ол туралы Ш. Уәлиханов: «Сол қантөгіс заманда сұлтан Абылай басқалардан ерекше көрінді. Ол қатардағы әскерден бастап сол кездегі барлық негізгі соғыстарға қатысып, онда өзінің ерекше батырлығымен көзге түсті. Пайдалы кеңестері мен стратегиялық шешімдері оны даналардың қатарына қосты» – деп бағалайды[159, Б.112-113].
Абылай ханнан кейінгі екі ғасырдан астам уақыт ішінде қазақ халқы «Зар заман» деп ат қойған патшалық Ресей және Кеңес Одағы жалғастырған бодандықты басынан өткізді.
Қазақ халқы тарихына қысқаша шолу жасай отырып, біз ел басынан өткен тоқырау немесе гүлдене даму кезеңдерінің алмаса орын алып отырғандығын, сол себепті халықтың мәдени өмірінің, оның ішінде ұлттық ойындардың да дамуында әртүрлі кезеңдерді бастан өткізгендігін көрсету болып табылды.
Шеңбер белгісін түркілер бірлестіктеріне енген этностар «Бірлестік шеңбері», яғни графикалық түрдегі мемлекет пен мемлекетті билеуші жеке адамды білдіретін символ ретінде қабылдаған, ол белгі шоқпар сипатында болған. Ел билеуші белгісі ретінде шоқпар ұстап отырған адамдар суреті көптеген елдерде де кездеседі.
Олжас Сүлейменов «Олимпиада» сөзінің шығуы төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады. Ол «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келе, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады [136, С.156-158].
Қазіргі қазақ халқында адамның қайтыс болғаннан кейін жылын беру асында ат жарыстырып, балуан күрестіру, т.б. жарыстар ұйымдастыруы сол көне кезден қалған дәстүр деп санау қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кездегі «Қыз қуу» ойынының тарихы өте көнеден сонау «матриархат» деп аталатын қоғам мен шаруашылықты әйел адамдар басқарған кезеңнен бастау алады деп айтуымызға негіз бар. Себебі сол кезде тайпаны басқарушы әйел адам шаруашылықты жүргізу, басқару үшін өзіне сенімді күшті адамдарды таңдап алу мақсатында әртүрлі жарыстар ұйымдастырып, соның ішінде өзін атпен қуып жетуге арналған сайыстар да ұйымдастырған. Осындай жарыстарды өзіне күйеу таңдау үшін де өткізгендіктері туралы деректер кездеседі. Осы жарыстарға барлық үміт етуші адамдар қатысуларына мүмкіндіктері болған. Осыдан барып қазіргі уақыттағыдай «Қыз қуу» жарысына бір ер адам бір әйел адам ғана емес, бір әйел адамды көптеген үміткерлер аттарымен қуғандығын болжауға болады.
Әр елде осындай жарыстар ұйымдастыру арқылы үлкен үлкен мемлекеттік дәрежедегі және даулы мәселелерді шешіп отырған. Мысалы көне Рим патшалығында патшайымды әйелдікке алу ең жүйрік адамның үлесіне тиген. Көне прустықтарда кімнің аты бірінші келсе, сол дворяндық дәрежеге көтерілген[49].
Біз көне тарихи оқиғаларға тоқтала отырып, ұлттық ойындардың халықтар өмірінде маңызды орын алғандығын көреміз.
Қазіргі уақытта ұлттық спорт түрлеріне айналған қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, садақ ату, саятшылық түрлері халықаралық дәрежеге көтеріліп дамып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет