Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет65/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

91. «Қыз доп»
Бұл ойын «Қыз доп» деп аталады. Бұл көбінесе қысы ұзақ, қары қалың түсетін жерлерде ойналады. Ойынға жиналғандар қатты қардың үстіне келіп, ортадан үлкенірек шұңқыр қазады да, оны «қазан» деп атайды, оның айналасынан дөңгеленте ойыншының санына қарай арасын 1,5-2 метрдей етіп кішкене шұңқырлар қазады, оны «отау» деп атайды. Әр ойыншының қолында басы имек таяқ болады. Ойынға кішкене доп пайдаланылады, ертеде оны ұшқат ағашының безінен ойып жасайтын болған. Сол кішкене допты «қыз доп» деп атайды. Доп қуушыны тағайындау үшін жаңағы кішкене допты ойынға қатынасушылар таяғымен қақпақылдайды, сонда кім аз қақпақылдаса, сол доп қуушы болады да, қалғандары ортадағы қазанды және өз отауларын қорғаушы болады. Ойын басталғанда әркім таяғын өз отауына салып тұрады. Доп қуушы «қыз допты» қазанға түсіруге тырысады, ал қорғаушылар «қазанды» қорғай отырып, өз отауын да қорғауға тиіс, өйтпегенде доп қуушы допты қорғаушылар «қазанға» түсірмеуге әрекеттеніп жатқанда олардың бірінің «отауын» басып алуға тырысады. Егер ол осыны орындай алса, отауынан айрылған ойыншы доп қуушы болады. Егер доп қазанға түссе, ойын қайта басталады. Ойыншылардың санына қарамастан бір ғана доп қуушы тағайындалады. Ойын жастарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.
92. Бәлләй!
Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Ойын үшін ұзындығы бір метрдей жалпақтығы 10 см жететіндей таяқ пен жұдырықтай доп керек. Ойын алаңы шетіне көлденең сызық сызылады. Қай топтың ойынды бастайтынын анықтау үшін жеребе тасталады. Жеребе шыққан топтың ойыншысы таяққа, оның қарсыласы допқа ие болады. Екі ойыншы көлденең сызық бойында біріне-бірі қарама-қарсы аралықтары сілтеген таяқ жетпейтіндей жерде тұрады. Таяқ ұстаған ойыншы допты ойын алаңына қарай бағыттауы керек. Екі топтың ойыншылары алаңға шашырай орналасады.
Таяқ ұстаған ойыншыға доп беруші ойыншы қолындағы допты әуелете беріп тұрады. Таяқ ұстаған ойыншы өзіне берілген допты жерге түсірмей, алаңға қарай жоғарылата соғады. Алаңдағы ойыншылар допты жерге түсірмей қағып алуға тырысады. Ешкім ұстай алмай, доп жерге түссе, допты беріп тұрған топтың бір ойыншысы допты қолына алып, сөреге дейін: «Бәлләй, бәлләй, бәлләй! Бәлләй, бәлләй, бәлләй!» – деп, дем алмай, жүгіріп баруға тиіс. Сөреге жетпей тыныс алып қойса, қарсы топқа ұпай жазылады.
Ал әуелеп келе жатқан допты, допты беріп тұрған топтың ойыншысы ұстап алса да, ұпай жазылады. Сол сияқты «Бәллі, бәллі, бәлләй!» – деп жүгірген бала тыныс алмай сөреге жетсе, допты соғу кезегі сол топқа өтеді. Таяқ ұстаған ойыншы допты соға алмай қалса да, кезек басқа топқа ауысады. Допты тастап беріп тұрған топтың ойыншысы әуелей ұшқан допты қағып алса да, таяқ соғу кезегіне ие болады. Осылайша қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет