Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет64/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

88. «Айқұлақ»
Айқұлақ, көктемнен бастап жаз айларында балалардың ойнайтын ойыны. Айқұлақты ойнау үшін кешқұрым, қараңғы түсе бастаған кезде ойыншылар жиналып, өздерінің арасынан үш баланы шығарады, бірін – «қасқыр», бірін – «қойшы», бірін – «ит» деп белгілейді.
«Қасқыр» болатын баланың екі шекесіне екі тақияны тікейтіп, орамалмен маңдайын байлап, арқасына киім-кешекті тығып томпайтып, белін буып «қасқыр» бейнесін жасап болған соң, балалардан аулақтау жерге бір бұтаның тасасына жатқызады.
Қойшы болатын баланың үстіне шапан, басына бөрік кигізіп, қолына таяқ беріп, «ит» болған баланы қасына ертіп, «қойлардың» қасына жатқызады. Қалған көп балаларды «қой» жасап көгендеп қояды. «Қасқыр» өзін байқатпай көгендегі «қойларға» келіп бір-бірлеп алып кетуге тырысады, ал «қойшы» айтақтап жүріп, «лақ-қозы, қойларды» айырып қалуға тырысады. Сөйтіп «қасқыр» бірде құр кетіп, бірде алып кетіп жүріп, ақырында сол «қойлардың» бәрін де тауысады.
89. «Біз де...»
Ойынға қатысатын балалар, қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы бала жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды.
Егер бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар «біз де» деп қосылып айтады да, балалардың қосылмайтын сөзі болса, «біз де» деуге болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойынға қатысушылардың тілегін орындап, айып тартады. Айыптан ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп құтыла алады.
Мысалы ойын жүргізуші:
– Мен көлге барам, десе
Отырған балалар:
– Біз де!
Ойын жүргізуші:
– Көлден үйрек ұстап алам.
Балалар:
– Біз де!
Ойын жүргізуші:
– Үйректің жарымын күшігіме берем.
Балалар:
– Біз де.
Ойын жүргізуші:
– Күшігім жейді.
Осы кезде біреулер: «Біз де», – деп қалса, ойын тоқтайды.
Әлгі қателескен балалар айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады. Ойын жүргізуші сөздерді ары қарай өзі құрап түрлендіре береді.
90. Алақан соқпақ
Ойынға қатысушылар үйге не бір оңаша жерге жиналады да, дөңгелене отырады. Орталарынан бір бастаушы белгілейді. Оған сүлгі беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айналып жүріп, біреуіне: «Алақаныңды тос!» – дейді, ол алақанын тосады. Сол кезде бастаушы оның алақанына ширатылған сүлгімен жылдам ұрып қалады, алақанын жайып отырған ойыншы сүлгіні ұстап қалуға тырысады. Сүлгіні ұстап қалса, ойын жүргізушімен орындарын ауыстырады. Егер ұстап қала алмаса ойын жүргізуші «Сүлгі қайда?» – деп сұрайды. Сонда әлгі ойыншы: «Анада», – деп, отырғандардың біреуінің атын атайды. Аты аталған ойыншы орнынан тұрады да, алақанын тосады. Бастаушы оның да алақанын сүлгімен жылдам соғып қалып: «Сүлгі қайда?» – деп сұрайды. Сүлгіні ұстап қала алмаған ойыншы бір ауыз өлең айтады. Сонан соң: «Сүлгі анада», – деп, екінші біреуді көрсетеді. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып, ән салғандар мадақталып қошаметке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет