Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет70/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

106. Сиқырлы таяқ
Бұл ойында ойнаушылар санына шек қойылмайды. Олар қол ұстасып, дөңгелене шеңбердің бойына тұрады. Ойын жүргізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ортасынан шығады да, ойынның шартын түсіндіреді.
Ойнаушылардың шетінен бастап әрқайсысына өзінің қатардағы санын айтады. Ортада тұрып ойын жүргізуші таяқты тігінен жерге тіреп ұстап тұрып, кез келген қатардағы санды айтады да, таяқты қоя береді. Айталық, төртінші деп дауыстаса, сол санға ие ойыншы дауысты ести салысымен жүгіріп барып таяқты жерге құлатпай ұстап үлгеруі керек. Егер аңғармай, я болмаса жай қимылдап, жылдам таяққа жете алмай таяқты құлатып алса, онда ортада тұрып көптің ұйғаруымен өнер көрсетеді, көптің айтқан талабын орындайды. Қайтадан орнына барып тұрады. Егер таяққа жетіп, жерге құлатпай ұстап алса, онда ойын жүргізушімен орын ауыстырады.
107. Орамалды дауыстап тастау
Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынға басына кішкене зат түйілген жақсы ұшатын орамал алынады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың басында тұрған ойыншыға береді. Ол өзінің қарсысында тұрған ойыншылардың біреуіне бағыттап орамалды лақтырады да, оның атын айтып және «Қа» деп дауыстайды, айтқан адам орамалды кағып алып «ғаз» дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз» «қала» т. б. сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын», «са-қал», «са-рын», т.б. сияқты сөздер айтылуы керек. Енді орамалды қағып алған ойыншы өз тарапынан қарсыластар тобына жаңа сөздің бірінші буынын және ойыншының атын айтып өзі лақтырады.
Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынның сөзі дұрыс шығатындай екінші буынды тез тауып айта алмай қалса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтырып, ойынды жалғастыра береді.
108. «Алал-ай», «бұлал-ай», «солал-ай»
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп: «алал-ай» ,«бұлал-ай», «солал-ай, қала-лай, шала-лай т.с.с.» аттарды әндетіп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысына көпірден өте бергенде бір-бір тастан ұстатады да, тастың белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы тастың атауы жаңағы әрбірінің өздері әндетіп айтып келе жатқан әуен «алал-ай», «бұлал-ай», «солал-айдың т.с.с.» біреуі. Егер өзіне берілген тастың атын тапса, онда көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, жүргізуші ойыншыны қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылай бірінші топ көпірдің астынан өтіп болғаннан кейін, қолға түскен тұтқындар топ ортасында өнер көрсетеді. Ойын зеректікті, сақтықты, дауысты ажыратуға үйретеді.
Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, тұтқындарды бірінші топ ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет