Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет122/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

230. «Жамбы ату» балалар ойыны
Балаларды мергендік, ептілік, жылдамдық қабілеттерге тәрбиелейтін ойын түрі – жамбы ату. Биіктігі 2-3 метрдей, аралары 3-5 метр қашықтықта 5-10 жерге жарамсыз ескі шәугім, шелектер, қаңылтырлар т.б. заттар ілінеді. Ойнаушылар санына қарай 4-5 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне ат қойып алуларына болады. Әр ойыншы ілінген заттар санына байланысты өзіне лақтыруына қолайлы тас, доң таңдап алады. Ойын шарты бойынша ойыншы жүгірген бойында ілінген заттарды қолындағы тастармен дәлдеп атып тигізуі қажет. Қай ойыншы аз уақыт арасында көп затқа тигізеді сол жеңімпаз атанады. Ойыншы мен ілінген заттың арасындағы қашықтық өзара келісім бойынша белгіленеді, ойыншы жүгіретін жолақ сызық сызылады. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.
231. «Тымақ ұру»
Ойынға бас киім тымақтың суреті немесе тымақтың өзін қолдануға болады. Балалар ойыны үшін қағаздан жасалынған бас киім де жарайды. Ойынға қамшы, белбеу, орамал және биіктігі 1 метр келетін таяқшалар керек. Таяқшаларды сөреден 20 қадам қашықтыққа жерге қадайды, бас киімдерді таяқшаға кигізеді. Тігілген тымақтардың санына байланысты ойыншылар шығарылады. Ойнаушы көзін байламай тұрғанда тымақтардың қаншама жерге тігілгендерін болжап алады.
Ойыншының мақсаты көзі байланған жағдайда қолындағы қамшымен неғұрлым көп бас киімді ұрып түсіруі керек. Тымақтарды әр ойыншы жеке-жеке барып ұрып түсіруіне немесе тымақ санына байланысты барлық ойнаушылар бірден барып өз алдындағы тымақты ұрып түсіруіне, тапсырма беріледі. Бұл ойын баланың кеңістікті дұрыс болжауды үйренуіне, дәлдікке баулиды.
232. Тізерлеп күресу
Ойнаушылар жұп-жұпқа бөлініп жерге немесе кілем үстіне бір-біріне қарама-қарсы тізерлеп тұрады. Белгі бойынша олар қолдарымен ғана әрекет ету арқылы, бір-бірін кілемге құлатуға тырысады. Жерге құлаған ойнаушы ұтылысқа ұшырайды. Ойын күш пен ептілікті дамытады.
233 Қамал күзету
Ойнаушылар арасынан бір “күзетші” таңдалады және ол ортадағы шеңберге орналасады. Шеңбер ортасында күзетшінің қорғауына арналған зат орналастырылады. Қалған ойыншылар диаметрі 10 м шеңбер сыртында тұрып, қамалды доппен көздеп шеңберде орналастырылған затты “атады”, ал “күзетші” затқа доп тигізбеуге әрекет етіп, оны шабуылдан қорғайды. Шеңбердегі затқа добын тигізген ойыншы жеңімпаз атанады және “күзетшімен” орын ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет