Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет123/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

234. Ордаға тарту
Ойыншылар жұп-жұпқа бөлініп бір-біріне қарама-қарсы тұрады және екеуі бір гимнастикалық таяқты шеттерінен көлденең ұстаған бетте қолдарын алға беріп ұстап тұрады. Әр ойыншының арт жағынан 2 метр жерден "орда" орны белгіленеді. Ойыншылар мақсаты таяқты жібермеген бетте қарсыласын тартып, өз "ордасына" жеткізу. Қарсыласын тартып "ордаға" апарған ойыншы жеңімпаз атанады. Кім таяқты қоя береді, сол да ұтылады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Ойынды таяқты қолданбай ойыншылар бір-бірінің қолдарынан ұстаған күйде де "ордаға" тартып апаруларына болады.
235. Кімдікі алысқа
Ойын далада үлкен алаңда ойналады. Ойнаушылар алдымен өздеріне лақтыруға қолайлы тас, таяқ, доп сайлап алады. Ойнаушылар кезекпен алдымен тасты, одан кейін таяқты, соңында допты алысқа лақтырады. Кімнің барлық заттарды лақтырудағы қосындысы алыс болса, сол жеңімпаз атанады. Лақтыруды орында тұрып, жүгіріп келіп лақтыру түрлерін қолдануға болады.
236. «Жауынгер әтештер»
Жерге диаметрі 2-3 метрлік шеңбер сызылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп шеңбердің сыртында сапқа тұрады. Ойын жүргізуші шеңберге әр топтан бір-бір ойыншыдан шақырады. Шеңбер ортасына шақырылған ойыншылар бір аяғын көтеріп бір аяқтап тұрады да, екі қолдарын артқа ұстайды. Белгі бойынша ортадағы ойыншылар бір аяқтап тұрып секеңдеген күйде бір-бірін иықтарымен және денесімен шеңберден итеріп шығаруға талпынады. Шеңберден шығып кеткен немесе екінші аяғын жерге тигізген "әтеш" жеңіледі. Шеңбер ішіне бірнеше жұпты бірден шығаруға да болады.
237. Таяқпен тарту
Ойнаушылар күш мөлшерлеріне қарай екі-екіден бөлінеді. Екі ойыншыға бір таяқтан беріледі. Ойын басталар алдында ойыншылар бір-біріне арқаларын беріп таяқты шынтақтарына ілген күйде тұрады. Ойын мақсаты шынтаққа ілген таяқты еңкейе тарту арқылы қарсыласының аяғын жерден көтеріп әкету. Ойынның екінші түрінде ойыншылар бір-біріне арқаларын беріп тұрған қалыпта таяқты ұстаған қолдарын жоғары көтеріп тұрып, қарсыласын арқалап әкету.
Үшінші түрінде, ойнаушылар бір-біріне қарама-қарсы аяқтарын табандарымен тіреп жерге отырады және таяқтан екі қолдарымен ұстайды. Белгі бойынша ойнаушылар өзіне қарай таяқты тарта бастайды. Кім қарсыласын жерден көтеріп алса, сол жеңіске жеткені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет