Қорытынды 1. Жоғарыда келтірілген ұлттық ойындарды топтау, жүйелеуге арналған еңбектерді сараптай отырып, елімізде ұлттық ойындарды топтау, жүйелеуге бағытталған жұмыстардың бар екендігін және олардың түрлері мен мақсаттарының да әртүрлі бағытта болғандығын көруге болады.
2. Қазақтың ұлттық ойындары мен спортын жүйелеу, топтау білім беру, оқыту, үйрету, жаттықтыру жұмыстары сапасын арттыруға, мамандар арасында ортақ түсінушіліктің болуына, ғылыми зерттеулерде бірізділікті қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Уақыт өте келе, теориялық және тәжірибелік талаптардың негізіне сай ойындарды жүйелеу мен топтауды сараптап жетілдіріп отыру тиімді болатындығын көруге болады.
3. Ұлттық халық ойындары туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде ойындарды топтастыру төмендегідей негізгі 24 бағытқа бөлінген.
Олар:
Ойын-сауық ойындары;
Жоғарыдағы 24 бағыттағы топтастыруларды жүйелей келе, ойын мазмұндарына байланысты ортақ төмендегідей бір жүйеге біріктіру тиімді болады деп санаймыз:
Қазақтың дәстүрлі еңбек – тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындары;
Ережесі қалыптасқан, бекітілген спорттық ойын түрлері;
Ой-зейін, интеллектуалды ойындар;
Жаңадан қалыптасқан ойындар;
Ермек ойындар.
Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортын жүйелеуді негізгі 5 бағытқа топтай отырып, біз мамандар арасында ортақ түсінушіліктің болуына, ғылыми зерттеулерде бірізділікті қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.