Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет60/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

78. Ауыр салмақ көтеру
Қазақ халқы арасында түйе, ат, өгіз, тас, темір т.б. ауыр заттарды көтеріп, өз күштерін халыққа көрсетіп құрметке ие болған адамдар көптеп саналады. Халық ондай алыптарды құрметтеп, елдің намысы ретінде бағалап, мадақ сөздер айтып, жырға, өлеңге қосып, күш иесі деп танып, асылдың сынығы деп бағалаған. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде осы ерен күш иелерінің көрсеткен өнегелерінің орны ерекше. Ауыр салмақтар көтеру көбінесе балуандық өнермен қатар жүреді, оған мысал ретінде Балуан Шолақ және Қажымұқан балуанды алуға болады.
Мысалы, Балуан Шолақ көтерген 51 пұт кірдің тасы 816 келі болса, Баянауылда Сәбен ұстаның құрметіне көтеріп әкеліп қойған Қажымұқан тасы да бір тонна салмаққа жақын.
«Қаласын кездiм талай дүниенiң,
Таныттым менi туған – қазақ елiн.
Үстiмнен жүктi автобус жүрген уақытта,
Сонда да қайыспаған қайран белiм» – деп жырлаған Қажымұқан балуан.
Балуан Шолақтың ел арасында көрсеткен күш өнерлері көп болған, соның ішінде 51 пұт салмақты (816 келі) көтергендігі туралы Балуан Шолақтың өз өлеңінде:
«Бұл күнде жиырмада менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс, қазақ таңғалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Күш берген, атақ берген, әлпештеген
Туысқан өздеріңсің, бауырласым!...».
Алып күш иелері көтерген тастар Қазақстанның жер-жерінде жатыр, олар туралы деректер көп.
79.Сен тұр, сен шық!(1 түрі)
Бұл ойынды 3–4 бала ойнайды. Ойнаушы балалар барлық саусақтарын столдың үстіне салып отырады. Ойынды алғаш бастайтын бала тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады: бір, екі, үш, төрт.... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның сан сөздерін айта береді:
1. Бірім – бірім,
2. Екім – екім,
3. Үшім – үшім,
4. Төртім – төртім,
5. Бесім – бесім,
6. Алтым – алтым,
7. Ауыр балтам,
8. Қалың қалтам.
9. Алтай-салтай,
10. Балақай-олақай.
11. Олпық,
12. Солпық,
13. Сен бүк. (Бұл саусақ ішке қарай бүгіледі.)
14. Сен тұр. (Бұл саусақ басын көтереді.)
15. Сен шық. (Бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады.)
Кезекте тұрған саусақтан бастап, тағы да әрі қарай жоғарғы сан сөздер қайталанады да, 15-сөз «Сен шық» дегенде, 15-саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның мақсаты әркім өз саусақтарын бұрын шығарып әкету. Ең соңында қалған саусақ иесі айып тартады.
Осы 15 ауыз сан сөз неше рет айтылғанда, «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін есептеп, болжап отыруға болады. Үшінші, кейде екінші саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі 15 ауыз сөзді айнала қайталай береді.
«Бүк дегенде бүгіліп қалған саусақтар (яғни 13-сөз келгенде), «қасқырдан бұғып қалған түліктің бірі» деп есептелінеді де, сол баланың құлағына былай айқайлайды.
Мысалы:
– Бұғып қалған «лақ», – десе:
– «Шөре-шөре», – деп жауап қайтарады.
– «Құлын», – десе;
– «Құрау-құрау»;
– «Бұзау», – десе;
– «Әукім-әукім»;
– «Қозы», – десе;
– «Пұшайт-пұшайт», – дейді.
Ең соңындағы бала үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет