Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет61/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Сен тұр, сен шық! (2 түрі)
Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).
Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.
Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.
«Бүк» дегенде бүгіліп қалған саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды.
Мысалы, бұғып қалған лақ десе:
Бөрте лағым, бөртимеші.
«Шөре-шөре!»
Құлын десе:
Кер құлыным, кекимеші.
«Құрау-құрау!»
Бұзау десе:
Жалпақ танау
Жас бұзауым, жамырама,
«Әукім-әукім!»
Қозы десе:
Момын қозым, монтия қой.
«Пұшайт-пүшайт!»
Ең соңында қалғандар үшін ұпай шартын ойнаушылар өздері келісіп белгілейді. Ойын ақыл-ойды дамытып, бағыт-бағдар береді. Тіл жаттықтырады, нерв жүйелерін шыңдай түседі.
80. «Көги гөк»
Тақпақ (қаламақ) айтып, бір қызды «кемпір» етіп сайлайды. Қалғандары қаз болады «Кемпір» шетке шығып тұрады, басқа ойыншылар қаздай тізіліп, бірінің соңынан бірі ұстап
Гөк, гөк, көги гөк,
Гөк, гөк, көги гөк,
Гөк, гөк, көги гөк, –
деп, қаздың жүрісіне еліктей ақырын оң мен солға шайқалып, «кемпірдің» қасына келеді. Бірінші келген балаға «кемпір» (ине,шөп, кішкене таяқша, шидің сынығын) беріп: «Жоғалтпаңдар!» – деп тапсырады. Балалар айнала жүріп, қайтадан қаздай тізіліп «кемпірге» келеді. «Кемпір»:
– Әлгім қайда?
Әлгім қайда? –
деп сұрайды. Балалар бәрі бірдей:
– Әлгің қайда?
Қалды сайда! –
деп жауап береді.
Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын, деп «кемпір» балаларға бас салады. Балалар тізбегін жазбай қаша жөнелуі керек. Қолға түскен біреуін «кемпір» қасына алып қала береді. Ойын барлық балаларды түгел ұстап болғанша жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет