Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет29/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Жүйелі жаһандану және тұрақты даму императиві талаптарын есепке 
алып, экономикалық қызметті ұйымдастырудың базалық қағидаларын 
жетілдіру қажет. Бұл стратегиялық бағыттың басты аспектілеріне келесілер 
жатады: 
1. Жаңғырту 
мақсаты ретінде ұлттық экономикалық кешеннің 
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуді таңдау. 
2. Жаңғырту 
үдерістерін 
халықтың 
өмір 
сапасының 
жоғары 
параметрлеріне жетуге бағыттау. 
3. Әлемдік экономикалық қауымдастықтың лайықты мүшесі ретінде 
әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне интеграциялау мақсатында 
жаһанды экономикалық процестерге бағдарлану. 
4. Бәрін тегіс қамтитын даму стратегиясын қолдану, ол экономика 
өрісінде қоғамның өмір сүруінің экономикалық негіздеріне кешенді ықпал 
етуді көздейді. 
5. Экономикалық саясаттың негізгі бөлігін аймақтар деңгейіне ауыстыру. 
6. Дамудың секториалды бағдарламалары негізінде дифференциаланған 
айрықша тәсілдерді іске асыру. 
7. Мемлекетік қызметтер, жеке бизнес және үкіметтік емес ұйымдар 
өрісінде тұтынушыларға бағдарлану. 
8. Мемлекет, 
бизнес, коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік 
құрылымдар, 
шетелдік 
экономикалық 
агенттер 
арасындағы 
қарым-
қатынастарды құрғанда әріптестік қағидасын іске асыру. 
9. Экономикалық қызмет нәтижелерін бағдарламалау, мониторинг 
жүргізу және бағалау механизмдерін сәйкес әдістемелер мен құралдар 
құрастыру және қолдану негізінде жетілдіру. 
10. Іске сай құралдар мен механизмдерді іздеу және енгізу, қағидалардың 
және мақсаттардың өзектілігін жоғарлату, институттар жүйесін дамыту 
негізінде экономикалық жүйені перманентті жетілдіру. 
Өңдіруші күштерді технологиялық жаңғырту – берілген бағыттың басты 
мақсатына экономиканың технологиялық деңгейін жоғарлату жатады: ең жаңа 
технологиялық құрылымдарға ауысу; ғылым қажетсінетін және жоғары 
технологиялар қолданатын өндірістерді ел экономикасына жүйелі ықпал 
ететіндей мөлшерде дамыту; аралық тұтынуды азайту; еңбек өнімділігін өсіру; 
өндірістік аппаратты модернизациялау. Экономикалық жаңғыртудың құрамдас 
бөліктеріне келесілер жатады: 
1. Орташа индустриалды кезеңнен жоғары индустриалды технологиялық 
даму кезеңіне ауысу және онымен параллелді постиндустриалды экономиканың 
негіздерін құру. 
2. Бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер өндірісінің негізі ретінде 
болатын кластерлерді жасау және дамыту. 
3. Жоғары технологиялық өндірістердің іргетасы ретінде болатын 
ғылыми базаны дамыту. 
4. Өндірістік өрістің ұйымдастырушылық капиталын өсіру. 


79 
5. Венчурлық қаржыландыруды, тура және жанама мемлекеттік ықпалды 
дамыту арқылы инновациялық қызмет үшін арналған капиталдың қол 
жетімдігін қамтамасыз ету. 
6. Өңдіруші күштерді дамыту саясатын іске асыру үшін селективті тәсілді 
қолдану. 
7. Елдің экономикалық потенциалын негізінен табиғи-экономикалық 
зоналарға тасымалдауды көздейтін өңдіруші күштердің орналастырылу 
схемасын жетілдіру. 
8. Мемлекет тарапынан өндірістік, әлеуметтік және технологиялық 
инфрақұрылымды дамыту. 
9. Білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінің барлық сатыларын 
қайта ұйымдастыру арқылы адами капиталды дамытуға қажет шарттарды 
жасау. 
10. Транс ұлттық компаниялар потенциалын өңдіруші күштерді жетілдіру 
үшін пайдалану. 
11. Экологиялық тұрғыдан нәтижелі болатын өндіріс пен тұтыну 
жүйесіне көшу мақсатында өңдіруші күштерді қалыптастыру үдерісіне тұрақты 
даму қағидаларын интеграциялау. 
12. Халықаралық 
технологиялық 
ынтымақтастық 
потенциалын 
кәсіпорындар, аймақтар, жалпы ұлттық экономика деңгейінде пайдалану. 
Экономиканы 
институциональді 
модернизациялау 
 әлеуметке 
бағдарланған нарықтық экономиканың жаңа институттарын қалыптастыруға 
және экономикалық трансформацияның бірінші кезеңінде құрылып қойылған 
институттарды дамытуға бағытталған.
Бұл жаңғыртудың басты бағыттарына: 
1. Даму мақсаттарына бағдарланған мемлекет институтын қалыптастыру, 
ол саяси аспектіде тәуелсіз болуға негізделген, экономика өрісінде интервенция 
жасауға қабілетті мемлекеттік әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. 
2. Қор нарығы институтын қалыптастыру. 
3. Сақтандыру нарығы институтын қалыптастыру. 
4. Ғылымды қажетсінетін өндірістерді қаржыландыру негізі ретінде 
болатын 
венчурлық қаржыландыру институтын қалыптастыру. 
5. Мемлекеттік инновациялық жүйе институтын қалыптастыру. 
6. Өнім және қызметтер сапасы менеджементі институтын дамыту. 
7. Жеке сектор және мемлекеттің әріптестігі институтын дамыту. 
8. Бизнесті жүргізу этикасы мен кәсіпкерліктің беделдігі институттарын 
жетілдіру. 
9. Мемлекеттік 
кәсіпкерлік, ірі, шағын және орташа бизнес 
институттарын әрі қарай жетілдіру. 
10. Аймақтық экономикалық даму институтын дамыту. 
11. Уақытша монополияларды дамыту үшін база ретінде болатын 
интнлектуалды меншік құқықтарын қорғау институтын жетілдіру. 
12. Білімдерге негізделген экономиканың параметрлеріне сәйкес болатын 
жеке тұлғалардың ментальдік құрылғыларын қалыптастыру. 


80 
Қоғам дамуының келесі кезеңіне, яғни экономиканың жаңғырту кезеңіне
өту 

экономикалық дамуды ұзақ мерзімге бағдарламмалау элементтерін 
қолдануды талап етеді. Бұл мәселені орындау үшін жаңғырту жағдайларында 
экономикалық дамудың шекті параметрлерін анықтау әдістемесі ұсынылады. 
Әдістеменің мәні берілген сценарийлер шектерінде салааралық балансының 
(САБ) «шығындар-өндіріс» жүйесінің өзара байланысқан көрсеткіштерінің 
динамикалық қатарларын жүйелі түрде құруға негізделген [6]. 
Сонымен, экономикалық жаңғырту үдерісі өңдірістің кешенді және 
жоғары нәтижелі инновациялық даму жолын қамтамасыз етеді деп 
тұжырымдаймыз. Бұл кең ұғым шығарылатын өнімнің жаңғыруы ғана емес, 
сондай-ақ, өндіріс техникасымен технологиясында, еңбекті ұйымдастырумен 
басқаруда, 
кәсіпорындағы 
әлеуметтік 
және 
экономикалық 
қарым-
қатынастардың бүкіл жүйесінде жүргізілетін түбегейлі өзгерістерді қамтиды.
Жаңғыртудың басты мақсаттарының бірі ретінде болатын инновациялық үрдіс 
өндірістің әлеуметтік және экономикалық тиімділігінің маңызды көзі ретінде 
қарастырылады, сонымен қатар жоғары нәтижелерге жетуде ерекше рөл 
атқарады.
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының Президенті 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен қазақстан», 15 желтоқсан 2012ж.
2. Кайкен Ж.Б., Тусупбеков Т. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Оқу құралы. -
Семей, 2003. 
3. Кайкен Ж.Б., Тойкин С.Қ., Кожагелдиев Б.К. Әлеуметтік-экономикалық 
бағдарлау. Оқу құралы.- Семей, 2010. 
4. Global Competitiveness Index: Basic requirements. Executive Summary. Global 
Competitiveness Report 2008. www.weforum.org 
5. Производственный менеджмент: учеб. / под ред. В.А. Козловского. – М.: 
ИНФРА-М., 2003. – 574 с. 
6. Астапов К. Инновации промышленных предприятий и экономический рост // 
Экономист. – 2002. – № 6. – 46 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет