87
мәселелерді шешуге, өндірістің жаңа технологиясы мен әдістерін меңгеруге,
арнайы бағыттағы пәндерді игеруге көмектеседі.
Еңбекке қабілетті адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі
мемлекеттік маңызды мәселе. Нарықтық экономика жағдайында бұл
экономикалық талаптарда өмір сүруге нақты қойылған саяси және әлеуметтік
мақсаттарға жетудің белгілерінің бірі.
Еңбек
потенциалын сақтап, көбейтіп және тиімді қолдану жұмыспен
қамту мәселесінің басты мәселесі болып табылады.
Бұл шарттар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі алғы
шарттар болып, өндірістің дамуына мүдделі және тұрақты жұмыспен
қамтылған, икемді жұмыс күші, халықаралық экономикалық қатынастар
жүйесіне толық енуге мүмкіндік жасайды.
Жұмыспен қамтудың белсенді көмегі ретінде келесі бағыттарды атауға
болады:
- жұмыс іздеуге көмек
беру және жұмысқа орналастыру;
- кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
- жұмыспен қамтуды субвенциялау;
- өзін-өзі жұмыспен қамтуға материалдық жәрдем беру;
- өзін-өзі жұмыспен қамтуға микронесиелер беру және шағын
кәсіпорындар құру және т.б.
Елдегі жұмыскерлерді жұмыспен тұрақты қамтамасыз ету үшін қаржы
қажет, ал бұл жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты. Ол қызмет
ету аясына қарай екі бөлек жүйеден тұрады:
Бірінші бөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы
бойынша жұмыссыздарға
материалдық жәрдем беру қызметін атқарады. Екінші жүйе жұмыссыздық
деңгейінің өсуіне алдын-алу шараларын жүргізеді.
Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеудің деректері бойынша 2016
жылы Астана қаласының экономикасында барлығы 466,1 мың адам жұмыспен
қамтылған болатын, ерлер – 239,0 мың адам, әйелдер – 227,1 мың адам.
2016 жылғы жұмыссыз халықтың саны 22,8 мың адам болып, жалпы
жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
Жұмыспен қамтудың аймақтағы қызметі халықты жұмыспен қамту
мәселесін шешу, жұмыс күшіне сұраныс
пен ұсынысты қамтамасыз ету,
жұмыссыз адамдарды жұмыспен орналастыруға әсер ету, олардың кәсіби
даярлығын арттыру үшін қайта оқыту курстарын ұйымдастыру,
жұмыссыздарға әлеуметтік көмек беретін мемлекеттік органдардың құрылымы
болып табылады.
Астана қаласының ірі және орта кәсіпорындарына 2016 жылы 18107 адам
жұмысқа қабылданып, әртүрлі себептермен 21111 адам жұмыстан босады.
Жұмыстан босаған қызметкерлер арасында өз еркімен кеткендердің үлесі
86,9%, персонал санының қысқаруына және кәсіпорынның таратылуына
байланысты 3,6%, еңбек тәртібін бұзу мен өзге де себептер бойынша 9,5%-ды
құрады.