Монография посвящена 0-летнему юбилею Рыспековой Мадины Оразовны Астана, 2017 (035. 3)



Pdf көрінісі
бет39/91
Дата28.11.2022
өлшемі3.87 Mb.
#465923
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
29-12-2017-monografiya-60-m-o-ryspekova

Талдау нәтижелері. UNCTAD деректері бойынша қазіргі таңда ТҰК 
әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 50%, әлемдік сыртқы сауданың 60%, және жаңа 
техника, технология мен ноу-хауға патенттер мен лицензиялардың әлемдік 
базасының 80% бақылайды. ТҰК өндірісінің бүкіләлемдік көлемі әлемдік ЖІӨ-
нің 25% асады. ТҰК шетелдік бөлімшелері әлемдік ЖІӨ-нің 10,3% өндіріп, 
әлемдік экспортының ½ бөлігін жүзеге асырады. 
Аталмыш ұйымның мәліметтеріне сәйкес, әлемде 1970 жылы – 7 мың, 
1976 жылы – 11 мың, 1990 жылы – 24 мың трансұлттық корпорация болды.
1991 жылы 35 мыңға жуық ТҰК мен олардың 150 мың бөлімшелері қызмет 
етсе, 2009 жылы олардың саны 82 мыңға, ал шетелдік бөлімшелер саны 820 
мыңға жетіп, олардың жартысы дамушы елдерде орналасқан. Бұл деректерден 
келесідей қорытынды шығаруға болады: 1991 жылы бір ТҰК-ға орташа 4,3 
шетелдік бөлімше келсе, 2009 жылы 10 шетелдік бөлімшеге жетті. Яғни, 
трансұлттанудың күшеюі көбінесе ТҰК-дың бөлімшелік жүйесінің өсуі 
есебінен болады. Ал 2016 жылы трансұлттық корпорациялар саны 110 мыңнан, 
бөлімшелер саны миллионнан асады [1].
Қазіргі жаһандық экономиканың даму үрдісінде негізгі халықаралық 
экономикалық қатынастар құрылымында тек өндірістер емес банктер мен 
қаржылық ұйымдар, қызмет көрсету салалары трансұлттану үстінде. Көптеген 
дамыған мемлекеттерде ТҰК-лардың дамуы өз кезегінде ұзын эволюциялық 


110 
жолдан өтті. Мәселен, АҚШ-тың алғашқы трансұлттық компаниялары XX 
ғасырдың алғашқы жартысында пайда болды.
Әрине, әр мемлекетте корпорациялар трансұлттық болмас бұрын алдымен 
өз мемлекеттінде жеткілікті деңгейде дамуы тиіс. Тек дамудың нақты бір 
циклін өткеннен кейін ғана корпорациялар өз қызметтерін кеңейтуге және 
өндірістік процесстің бір бөлігін шет мемлекеттерде жүргізуге тура келеді. 
Қазіргі ТҰК-лардың барлығы өз кезегінде кіші компаниялардан құралған, өз 
қызметтерін ішкі нарықта жүргізіп кейіннен халықаралық бизнеске айналып 
содан ТҰК-лар туындаған деп айтсақ болады. Cоңғы жылдары бизнестің 
интерұлттандыруына операциялардың кең таралуы мен айтарлықтай капитал 
ресурстардың ауқымдылығы алғышартының маңызды еместігі байқалады. 
ТҰК-дың дамуына мүмкіндік берген қазіргі әлемдік экономика жағдайындағы 
өзгерістер 
(технологияның 
дамуы, 
сауда 
мен 
капитал 
ағымының 
либерализациялануы, т.с.с.) толықтай жаңа корпорациялардың құрылуына да 
мүмкіншілік тұғызады. Яғни, кіші және орта кәсіпкерліктің де трансұлттық 
корпорацияға түрленуі қазіргі таңда көп талқыланатын феномен бола бастады. 
Трансұлттық корпорациялар әлемдік сауданы халықаралық өндіріспен 
байланыстырушы буын болып табалады. Олар әлемнің ондаған елдерінде 
өздерінің еншілес кәсіпорындары мен филиалдары арқылы арнайы 
жетілдірілген бірыңғай ғылыми-техникалық және қаржылық саясатты қолдана 
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар дамудың жоғары қарқынын қамтамасыз 
ететін үлкен ғылыми-өндірістік және нарықтық әлеуетіне ие болып отыр. 
ТҰК-дың қазіргі таңдағы экономикалық қуаты қандай? Осы сұрақтың 
жауабын келесі көрсеткіштер арқылы көруге болады: 
- UNCTAD статистикалық деректеріне сәйкес бүгінде әлем саудасының 
80% және де әлем өнеркәсіптік өндірісінің 50% үздік трансұлттық 
корпорацияларымен бақыланады.
- оларға патенттердің, жаңа техникаға, технологияға, лицензиялардың 
60%, тікелей шетел инвестициялардың 90% тиесілі; 
- ТҰК-дың кәсіпорындарында ауыл шаруышылығымен айналыспайтын 
халықтың 10% жұмыс істейді (солардың ішінде 60% аналық компанияда, 40% 
еншілес бөлімшелерінде) [1]. 
Трансұлттық корпорациялардың қазіргі даму тенденцияларын бағалау 
үшін біз бірінші кезекте әлемдік ТҰК-дың және олардың еншілес 
бөлімшелерінің санының өзгеруін қарастырдық. Қазіргі әлемдік экономикада 
трансұлттық корпорациялардың саны 114 800 жетіп және олардың шетелдік 
бөлімшелерінің саны бір миоллионнан асты. Мәселен, 90-жылдардың басында 
әлемде 36 мыңнан аса ТҰК-лар мен 174 мыңнан аса олардың шетелдегі 
филиалдары болды. Соңғы жиырма жылдың ішінде ТҰК-лар саны үш есеге, ал 
олардың шетелдегі филиалдары саны жеті есеге өскені төмендегі 1-суретте 
көрсетілген.
Бұл мәліметтер соңғы жиырма жылдың ішінде негізгі компанияларға 
салыстырғанда олардың шетелдегі еншілес компанияларының саны әлдеқайда 
қарқынды өскенін көрсетеді. Осы уақыт аралығында ТҰК-лар саны жылына 
орташа 12% өссе, филиалдар саны жылына орташа 23% өскен. Сонымен қоса 


111 
90-жылдардың басында орта есеппен бір ТҰК-ға 4,2 еншілес компаниялар 
тиеселі болса, 2005 жылы ең шарықтау шегі 10-ға жетсе, 2015 жылға қарай бұл 
көрсеткіш 9-ға дейін төмендеген. Бұл трансұлттық корпорациялардың 
жаһандық экономиканың маңызды элементі екендігін және олардың 
маңыздылығының одан сайын артып жатуын көрсетеді. 
Сурет 1 – 1991-2014 жылдар аралығындағы ТҰК мен олардың шетелдегі 
филиалдары саны (мың.дана) 
Трансұлттық корпорациялар – бүгінгі таңда әлемдік деңгейде 
экономикалық және саяси тұрғыдан үстемдік етіп отырған, бір немесе оданда 
көп мемлекеттерде қызмет ететін аса ірі кәсіпорындар. Мысалы, General Motors 
және Ford сынды әлемдік екі алпауыт автомобиль корпорацияларының жылдық 
біріккен табыстары бүкіл суб-Сахара Африкасының ЖІӨ-не тең келеді. Ал 
Mitsubishi, Mitsui, ITOCHU, Sumitomo, Marubeni және Nissho Iwai сияқты 
Жапонияның топ алты сауда компанияларының жылдық табысы Оңтүстік 
Американың ЖІӨ-не тең болып отыр. Сонымен қоса, АҚШ-тың үздік 500 
корпорациясының жылдық табысы әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызына тең келеді.
Б.Д.Хусаиновтың 
трансұлттық 
корпорациялар 
мен 
ұлттық 
экономикаларды салыстырмалы зерттеуінде 2010 жылы әлемнің 100 ірі 
экономикаларының 89-ы ұлттық экономика мен 11-і қаржылық емес ТҰК-лар 
екендігі көрсетілді. (Ұлттық экономикалар ЖІӨ, ал ТҰК-лар жиынтық 
қосылған құн бойынша салыстырылды) Қазақстан бұл саралауда 53 орынға ие 
болды. Ал, 68 орында Exxon Mobil корпорациясы Тунис, Болгария, Судан, 
Әзербайджан елдерінен алда орналасқан. Бұл осы жаһандық корпорациялардың 
ұлттық экономикалардан да алып екендігін дәлелдейді [2]. 
1994 жылдан бастап Fortune журналы жыл сайын кәсіпорындардың табыс 
көлемі бойынша Fortune Global 500 – ең ірі жаһандық сауда алыптарының 
рейтингісін құрады. 2014 жылы әлемдік 500 ірі компаниялары 31.2 трлн. доллар 
кіріс пен 1.7 трлн. доллар пайда тапты. Fortune Global 500 рейтингісі бойынша 
1991
1993
1995
1997
1999
2001
2003
2005
2007
2009
2011
2013
2014
35 
36,6 
38,5 
44,5 
59,9 
63,3 
67,1 
69,7 
79 
82 
103,7 
109,8 
114,3 
150 
174,9 
251,4 
276,6 
508,2 
821,8 
866,1 
690,3 
777,6 
807,3 
879,1 
956,6 
1 100 
Бас компаниялар саны 
Еншілес компаниялар (бөлемшелер) саны 


112 
бірінші үздік 20 трансұлттық корпорацияларды талдауға алсақ, қаржылық емес 
компаниялардың бір жылдық табысы бойынша құрылған сараптама 
нәтижесінде АҚШ, ЕО, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай елінің алда 
екендігін көруге болады. Соның ішіде 95 қытайлық және 128 АҚШ-тық 
корпорация бар. Тізімнің көшбасшысы американдық Wal-Mart Stores 
корпорациясы; оның жылдық кірісі 476 294 млн. доллар және пайдасы 16 022 
млн. доллар [3].
Бастапқыда трансұлттық корпорациялардың ең ірі салалық тобының 
шикізат өндіретін фирмалар болды. 1973 жылғы мұнай дағдарысы мұнай 
саласындағы трансұлттық корпорациялардың рөлінің кенет өсуі, алайда 1980 
жылдары мұнай күйзелісінің әлсіреуімен олардың әсері азайып, автокөлік 
құрастыру 
мен 
электротехникалық 
трансұлттық 
корпорациялардың 
маңыздылығы өсе бастады. Ғылыми-техникалық дамудың өркендеуімен 
бағдарламалық 
қамтамасыз 
етулерді 
өндіретін 
әлемдік 
монопоист, 
американдық «Microsoft» копрорациясы немесе «Wal-Mart Stores Inc.» 
американдық электронды сауда компаниясы сияқты жоғары технологиялы 
қызмет көрсету фирмалары алға шыға бастады. 
Уақыт өте келе пайда болуына қарай трансұлттық корпорациялар көп 
ұлтты бола бастады. Алайда, әлемнің ең ірі фирмалардың ондығынын ішінде 
американдық фирмалар басым. Бірақ, ірі ТҰК-дың топтарының құрамын 
қарасақ, бұл жерде американдық көшбасшылығы қатты байқалмайды. 
«Fortune» журналының ақпараты бойынша 1950 жылдарға қарай американдық 
фирмалардың, кейіннен 1980 жылдарға қарай батыс еуропалық фирмалардың 
басымдылық эволюциясы болды. ТҰК-дың құрамы бойынша да бұл беталысты 
көруге болады: 1970 жылы әлемдік ТҰК-дың жартысынан көбі тек екі 
мемлекеттен, АҚШ пен Ұлыбританиядан болды, ал қазіргі кезде АҚШ, 
Жапония, Германия мен Швейцария елдеріне ТҰК-дың жартысына жуығы 
келеді. Сонымен қатар, дамушы елдерінің (әсіресе, Тайвань, Оңтүстік Корея, 
Қытай 
Халық 
Республикасы 
сияқты 
«азиялық 
жолбарыстар») 
корпорацияларының мәні мен саны көбее бастады. Ғалымдар ТҰК-дың ішінде 
үшінші әлемнен жаңа индустриалды және өтпелі экономика елдердің 
фирмаларының үлесі артады деп болжамдайды [4]. 
XX ғасырдың 70 жылдарының өзінде әлемнің ірі деген ТҰК, әсіресе 
энергетикалық, мұнай, машина құрастыру саласындағы, Еуропаның дамыған 
кейбір мемлекеттерінен басып озған. 1985 жылы американдық атақты 
«Дженерал Моторс» ТҰК сатылым сомасы көлемі бойынша экономикалық 
даму деңгейі бойынша елдер тізімінің соңында тұрған кез келген елден асып 
түскен. Егер әлемде 100 ең ірі құрылымды қарастыратын болсақ, олардың 51 
трансұлттық корпорациялар және тек 49 елдердің экономикасы бола алады. 
Атақты «Мицубиси» компаниясының экономикалық әлеуеті Индонезияның 
экономикалық әлеуетінен асып түседі [5].
UNCTAD ақпаратына сәйкес трансұлттық корпорациялардың үлесіне 
әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысы, сыртқы сауданың 63%-ы тиесілі. 
Патенттер мен жаңа техникаға, технология мен «ноу-хау» лицензияларының 
80%-ға жуығы ТҰК-ға жатады. Сонымен қатар, олар әлемдегі бидай, кофе, 


113 
жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір рудасы нарықтарының 
90%, мыс пен боксит нарығының 85%, шай мен қалайының – 80%, шикі мұнай, 
табиғи каучук пен банан нарықтарының 75% бақылайды. Ал АҚШ экспорттық 
операцияларының көп бөлігін осы американдық немесе шетелдік трансұлттық 
компаниялары құрайды, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 80%, Сингапурде – 90% 
болып келеді. Трансұлттық корпорациялар жылдам дамып келе жатқан 
халықаралық қарым-қатынастардың нәтижесі, екінші жағынан оларға әсер 
етуші үлкен механизм болып табылады [1].
Шығу 
тегі 
бойынша 
трансұлттық 
компаниялар 
бұрынғымен 
салыстырағанда интерұлтты болып табылады. Мысалға, 1970 жылдары БҰҰ 
тіркелген барлық 7 мыңнан аса трансұлттық корпорациялардың тең 
жартысынан көбі екі ғана елге – АҚШ және Ұлыбританияға тиеселі болса, 
бүгінгі таңдағы 110 мың ТҰК жартысынан көбі әлемнің оншақты елдерінің 
еншісінде, ал ірі ТҰК негізгі мемлекеттердің қатарында Қытай (Ганконг), 
Үндістан, Бразилия, Жапония, Аргентина, Корея Республикасы және т.б. 
дамушы мемлекеттер кіреді.
Сала бойынша да олар қызмет көрсету, жоғары технологиялар
электроника және электротехникалық өнеркәсіп, мұнай-газ - энергетикалық 
сектор, химиялық-фармокологиялық өнеркәсіп, машина жасау, үлестіру сияқты 
кең ауқымды қамтиды. Сондықтан да болар, ТҰК үздіксіз зерттеу мен 
сараптауды талап ететін ұлттық экономиканың маңызды жүйе құрушы 
факторына айналды. 
Fortune журналының ТҰК-дың табысы бойынша рейтингісінде алғашқы 
500 үздік ТҰК ішінде АҚШ елінің корпорациялары басым болып келеді. Қытай 
Халық Республикасы корпорацияларының 2015 жылы алдыңғы жылмен 
салыстырғанда жоғары көтерілгендігін көруге болады. Сонымен қатар, 500 
ТҰК құрамында Швейцариялық, Оңтүстік Кореялық, Жапондық, Франция мен 
Германиялық корпорациялардың әлем бойынша үздік болып табылады. Қазіргі 
жаһандық экономиканың ерекшелігі дамушы елдердің (Қытай, Үндістан, 
Бразилия, Оңтүстік Корея, Сингапур) ТҰК-ның белгілі бір салалардағы рөлінің 
жылдам өсуі. Олардың белсенді шетел экспансиясы қабылдаушы елдердің 
экономикаларының ұлттық субъектілері арасындағы келіспеушіліктер мен 
көшбасшы елдердің ТҰК-лармен бәсекелестікпен қатар жүреді [3]. 
Шикізат тауарларының, әсіресе мұнай және газдың әлемдік бағасының 
кенет төмендеуі ірі корпорациялардың табыстылығына қатты әсер еттті. 
Мысалға, BP Plc корпорациясының есебі бойынша 2015 ж. 6,5 млрд. долларға 
таза шығынға ие болды; бұл олар үшін соңғы 30 жылдағы ең үлкен жоғалтулар. 
Сонымен қатар, төмен бағалар өндіруші салаларға капиталды шығындарды 
азайтып, нәтижесінде осы секторға халықаралық инвестициялардың көлемін 
төмендетті. Мысал үшін, АҚШ-тық Chevron және ExxonMobil сияқты ірі мұнай 
трансұлттық корпорациялары 2015 ж. өздерінің еңбек күшін, операциялық 
шағындары мен капитал салымдарын қысқартты (сурет 2).


114 
Сурет 2 – Жаһандық шикізат тауарларының баға индесі, 2000-2016 жж. 
2 – баға индексі 2000 ж. = 100 
Осыған орай, мұнай мен газ бағаларының төмендеу тенденциясының 
келесі бірнеше жылға жалғасуы, сондай-ақ ТҰК-лардың өндіруші салаларға 
капитал салымдары да азаюы күтілуде. Қазірдің өзінде, Chevron ары қарай 
2017-2018 жылдарға да өз шығындарын қысқарту жоспарын жариялады. 
Халықаралық бірігулер мен қосып алулар бойынша да өндірістік және ауыл 
шаруашылық салаларындағы үлесі де ағымдағы жылы 4%-ға дейін төмендеді 
(3-суретті қараңыз). 
Сурет 3– Өндіруші салаларға ТШИ жобаларының үлесі, 2009-2015 жж., 
млрд. долл және пайыз 


115 
Сонымен қатар, қазіргі таңда сандық экономика саласындағы (Digital-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет