Монтессори технологиясын қолданудың әдіс–тәсілдері. Монтессори тобындағы дамытушы ортамен жұмыстарды ұйымдастыру


Монтессори әдістемесінің принциптері



бет4/5
Дата04.01.2024
өлшемі26.76 Kb.
#488462
1   2   3   4   5
Монтессори технологиясын қолданудың әдіс

Монтессори әдістемесінің принциптері:
Автор баланың жан – жақты дамуы үшін ең алдыменмыналар қажет деді:
Баланың білім алуы мен танып білуіне жағдай жасалған арнайы орта ;
Баланың әрекеттерін сырттай бақылаушы және оған көмекші рөлін атқарушы тәрбиеші;
Жеке тұлғаны дамытушы жылы аймақ.
Монтессори педагогикасының негізгі принципі:
Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандыру.
«Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта- Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін –өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп,өзі соған бейімделеді.

Монтессори сатылары:
Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады.
I-cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.
II-cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды.
III-cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді

3. Монтессори тобындағы шеңбер.
Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер болып табылады. “Шеңбер дегеніміз не?”- деген сұрақ Монтессори сабағына келген барша ата- ананы толғандыратыны табиғи құбылыс. Монтессори педагогтарының бірі оны “ атмосфералық құбылыс” деп атаған екен. Монтессори педагогикасынын басты ерекшелігі- ол әлемнің қай мемлекетіне барсаңыз да барлық жерде бірдей жабдық пен дидактикалық материалдың қолданылуы. Әлемнің түкпір- түкпіріндегі кез-келген Монтессори- кабинеттен эллипс түрінде сызылған сызықты көруге болады. Бұл Монтессори шеңбері өтетін орны. Монтессори педагогикасының негізгі ұстанымы – баланың еркіндігі мен бар әрекетті өз бетімен орындауы болып табылатынын бәріміз білеміз. Ал шеңберде балалар бір –бірімен қарым –қатынасқа түседі, яғни әлеуметтік жағынан пайдасы мол. Шеңбер 3 жасқа дейінгі және 3жастан 6жасқа дейінгі топтарда екі түрлі жүргізіледі. Бұл топтарда баланың жас ерекшеліктеріне сай жаттығулар, тапсырмалар қолданылады.
Мысалы, 3 жастан 6 жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген жаңа ұғымдармен танысады. Бір –бірінің алдында өз ойларымен бөліседі, бірін- бірі тыңдауға дағдыланады. Монтессори тобындағы шеңберді қарастырайық. Бұл топта сабақ барысында 2 шеңбер болады. Біріншісі жұмыс басында, екіншісі жұмыс соңына қарай өтеді. Балалар кабинетке келген соң, музыка қосылып, эллипстің бойымен жүреді. Балалардың арасынан күнде бір бала кезекші болады. Жүру барысында балалар кезекшінің көрсеткен қимылдарын қайталайды. Одан соң бәрі отырып, ауа-райын, апта күнін, айдың нешесі сияқты мәселелерді талқылайды. Бұл жерде сұраққа кімнің жауап беретінін кезекші таңдайды. Барлық сұрақтар талқыланып болғанда тыныштық уақыты өткізіледі,осылайша бірінші шеңбер аяқталып, балалар еркін жұмысқа кіріседі. Ал екінші шеңбер жұмыс соңына қарай өтеді. Екінші шеңберде белгілі бір тақырып қозғалады.
Шеңберді әрқашан педагог жүргізеді, бірақ ол жалпы әңгімеге көмек беріп қана отырады. Мұнда бала өз бетімен ойын айтып, сезімдерін басқаларға жеткізу мүмкіндігіне құқылы.
Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет