D - өндірілуге тиісті моральдық зиян мөлшері;
d - жалпы моральдық зиян мөлшері;
f(v) - зиян келтіруші кінәсінің нысаны, бұл орайда
і - жәбірленушінің жеке қасиеттері мен ерекшеліктерінің коэффициенті, бұл орайда ;
c - назар аударуға тұратын мән-жайлар, бұл орайда
f(s) - жәбірленуші кінәсінің нысаны, ? 1
Осы формулада пайдаланған ағылшын әріптеріне мынандай мазмұнға ие:
D, d – damage (зиян)
f – fault (кінә)
v – violator (зиян келтіруші, құқықбұзушы);
s – survivor (жәбірленуші)
i – individual (жеке)
c – circumstances (мән-жайлар).
Бұл формулада ең бастысы зиян келтірушінің кінәсінің жәй және өрескел,абайсыздық, тікелей және жанама қасақаналық түріндегі нысандарды ажырата білу керек. Сол себепті формуладағы құқық бұзушының кінәсі, яғни f(v) мыналарға тең болуы керек:
= 0. 25 жәй абайсыздық үшін;
= 0. 5 өрескел абайсыздық үшін;
0. 75 жанама қасақаналық үшін;
1. 0 тікелей қасақаналық үшін;[4]
Тағы бір айтып кететін жайт, моральдық зиянның мөлшерін анықтар алдында, яғни тергеу кезінде сот медициналық сараптамаға жүгіну мен психологтың қатысуы әдетті жағдай болуы тиіс. Және де сот медициналық сараптамаға және психологқа жүгінген сайын мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінбеуі тиіс деп ойлаймын, себебі сараптамалар мен психолог мамандары үшін мемлекет тарапынан көп шығын кетеді. Соған байланысты қаржыны моральдық зиянның жалпы соммасының мөлшерінің 10%-ы сот медициналық сараптамаға және психологқа төленуі тиіс деп ойлаймын.
Бүгінгі моральдық зиянды өтеуге қатысты тағы бір өзекті сұрақ : заңды тұлғаны моральдық зиян келетін субъектілер арасынан алып тастау - осы таңдағы цивилист ғалымдардың арасында қарама – қайшы пікір тудыратын мәселенің бірі. Көптеген ғалымдар осы мәселе төңірегінде ғылыми негізделген әрі дәйекті пікірлер айтып келеді. Мәселен, ғалым У.К Ихсановтың ойын алсақ <<... <<моральдық зиян>> ұғымының дәлме –дәл түсініктемесін алатын болсақ, заңды тұлғалардың жан азабы мен тән азабын басынан кешіре алмайтындығын және тиісінше оларға моральдық зиянның келтірілуі мүмкін емес екендігін >>, - дәлелдейді. Мұндай пікірді Б.Т. Раймбай, Б. Базарбаев, М.И. Брагинский, Е.А. Суханов, К.Б. Ярошенко, А.М. Эрделевский сияқты ғалымдардан қолдау тапқан. Менің ойымша, осы цивилист ғалымдардың құқықтық пікірлері негізді және дәлелді. Және ғалымдардың көзқарастарын негізге ала отырып мынандай ұсыныстар мен қортындылар туындайды:
Моральдық зиян – адамның психикалық жағдайына тікелей әсер ететін құқықбұзушылық салдары, сол себепті ол тек жеке тұлғаға ғана келуі мүмкін;
Заңды тұлға мүліктік емес құқыққа иесіз, олардың бұзылуы мен кемісітілуі жалпы негіздер бойынша өтелуге жататын зиян(алынбаған пайданы қоса алғанда) арқылы көрініс табады.
ҚР АК 951- бабынан заңды тұлғаны моральдық зиян келтірілуі мүмкін субъектілер қатарынан алып тастау. [5]
әдебиеттер:
1. ҚР Конституциясының п. 1 бап 12
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
3. ҚР Нормативтік - құқықтық акті 12.06.1990 жылы
4. Эрделевский А.М. - Компесация морального вреда. Юрист, 1997. 69 бет
5. Қыстаубай Өмірбай Сайынұлы – “ Моральдық зиянды өтеу ” кітабы
Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні: Сыдықбек Дәурен Жаканбекұлы
Оқу орны: Қазақ-Америка Университеті
Баяндама тақырыбы: Моральдық зиянды өтеу жолдарының қиын тұстары
Секциясы: Құқық, саясаттану, философия
Мекен-жайы: Алматы қ. Торайғырова 28
Телефоны: +7 775 122 24 26
E-maіl: 26dauren26@mail.ru
Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: Жоқ
Қонақ үйдің қажеттілігі (нен … дейін …) Жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |