Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет13/61
Дата20.05.2022
өлшемі290.73 Kb.
#458338
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Дәріс жоспары:

1. Зат есімнің сан-мөлшер категориясы.


2. Зат есімнің тәуелділік категориясы.
3. Зат есімнің септік категориясы.
Дәріс мақсаты: Студенттерге зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгерту, олардың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан таныту.
Жалғаулар – сөйлемдегі сөзді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар.Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке қолданылмайды, екіншіден, жеке тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды.Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметі де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды.Жалғаулардық қолданылу өрісі кең. Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік және жіктік жалғау.Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарға орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар.
Көптік жалғау (Сан-мөлшер категориясы)
Қазақ тіл білімінде сан-мөлшер категориясы көбіне – көп көптік ұғыммен , көптік жалғау тұлғасымен байланысты қаралып келеді.Көптік ұғым мен оған қарама-қайшы жекелік я даралық ұғымның болуы – жалпы зат атаулыға тән қасиет. Міне, осы көптік және жекелік ұғымдардың арақатынасынан және сол ұғымның белгілі морфологиялық тұлғалар арқылы берілуінен сан-мөлшер категориясы туады.
«Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар»,- деп көрсетеді тілші А.Ысқақов. Ал,осы екеуі бір де емес және бірдей де болмайды. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым, көптік жалғау категориясы – онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы (су, сүт, қазақ, ұн, бидай); морфологиялық тәсіл(біз, көз, егіз, бардық, келдік, барсақ, келсек, мұғалімдер, ауылдар).
Көптік жалғаудың қолдануындағы негізгі грамматикалық ерекшеліктер:
1.Көптік жалғау жалғанатын сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болған жағдайда, олардың әрқайсысы көптік мағынада қолданылады, бірақ көптік жалғаудың жалғануында ерекшеліктер бар:
а) Көптік жалғаулар бірыңғай мүшенің әрқайсына түсірілмей жалғанады: Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып, мөлдір күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді( М.Әуезов).
ә) Көптік жалғаулар бірыңғай мүшенің бұрынғыларына жалғанбай, тек соңғы мүшенің жалғауына ортақтасады: Жүр, арқан, сойылдарыңды ұмытпа (Ғ.Мүсірепов).
2. Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің екінші жағының анайы, сыпайы түрлерінің көпше формаларында және жалпылау есімдігінің екінші жағында тұрса, етістіктің жіктелетін формаларының екінші жағында тұратын баяндауыштар да көптік формада бастауыштармен қиысып жұмсалады: Сендер ауылдың қарасын көргенде тоқтаңдар (М.Әуезов).
3. Бір сөзде бірнеше жалғау қабаттасып келгенде, көптік жалғау, әдетте, орын жағынан өзге жалғаулардың бәрінен де (тәуелдік, септік, жіктік) бұрын, тікелей түбірден я негізден (туынды түбір)соң жалғанады: отыруларыңызды сұраймын; оқушылармыз.
Көптік жалғау қажетіне қарай, сөздің мағынасын анықтап, айқындап қолданған жағдайда, түбір мен жұрнақтың немесе түбір мен көнеленген форманың араларында да жұмсалады: Абай ұрыларша шапан, бөркін айналдырып киіпті (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет