Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет61/61
Дата20.05.2022
өлшемі290.73 Kb.
#458338
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздерге тиіс, қажет, лазым, -у керек, -у тиіс, -мақ керек жатады.
Бір нақты дерек негізінде айтылатын модаль сөздерге көрінеді, екен, де , деп айтады, деп естиміз деген сөздер жатады.
Қостау(растау) мағынасында қолданатын модаль сөздерге рас, анығында, шындығында, әрине, әлбетте, -са деймін деген сөздер жатады.
Күмән ұғымын білдіретін модаль сөздерге – ар ма екен,- са неғылсын, кім біледі.
Сөйлемде айтылған хабардың ақиқатына көзі жеткендікті білдіретін модаль сөздер:екен, көрінеді.
Нық сенімділікті білдіретін модаль сөздер: әрине, әлбетте.
Модаль сөздер қолданылу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: 1.сөйлемде тек синтаксистік қыстырма мүше қызметінде қолданатын модаль сөздер( әлпеті, шамасы, асылы, кім біледі,шынында, расында, бәлкім, әрине, әлбетте); 2. үнемі тек баяндауыштың шылауында көмекші мүше қызметінде жұмсалатын модаль сөздер( - у керек, мақ/-мек керек, -са/-се керек, - уы ықтимал, - уы тиіс, -ты/-ті білем);3. сөйлемде әрі синтаксистік қыстырма сөз ретінде, әрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданатын «мүмкін» модаль сөз(мүмкін, -уы/ -уі мүмкін) тұрғысында қаралады.
Бақылау сұрақтары:
1.Модаль сөздердің сөз табы ретінде қалыптасуы.
2.Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері.
3.Модаль сөздердің семантикасы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ грамматикасы . – Астана . 2002.
2.А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі . – Алматы:Ана тілі. 1991 .
3.С.Исаев .Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты . – Алматы : Рауан , 1998.
4.Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы : Білім. 1967. 1 том.
5. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы,2005.
6. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет