Тірек-қимыл аппараты бойынша рубеждік бақылаудың ситуациялық есептері:
№1.Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?
Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
№3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта
Жауап: Типтік мойын омыртқасы
№4. 7 жастағы баланың табан сүйектерінің рентгенограмасында дәрігер өкше сүйегі аймағында көптеген сынықтарды көрді. Себеп неде?
Жауап: 7- 9 жас аралығындағы балада өкше төмпешігі сүйектерінің сүйектенуі бірнеше нүктеде дамиды, олар 12-15 жасқа келген кезде ғана денесімен бітеседі.
№5. Баланың жасын білу үшін дәрігерге сан сүйегінің рентгенограммасын әкеліп көрсеткен, ал онда сан сүйегінің басында тек бір ғана сүйектену нүктесі көрінеді. Бала неше жаста?
Жауап: Бала 1 жаста.
№6. .Көшеде жарақат алудың нәтижесінде жүрек тоқталды. Алғашқы жәрдемді қалай өткізуге болады және қаңқаның қай бөліктеріне әсер етуге болады?
Жауап: Төстің алдыңғы бөлімінде ырғақты қозғалыспен жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№7. Кенеттен құлағаннан адамның білек сүйектерінің біреуі сынды. Сонда білектің алдыңғы – латеральды қырында патологиялық қозғалыс байқалады. Зардап шеккен адамның қай сүйегі сынды?
Жауап: Зардап шеккен адамның кәрі жілік сүйегі сынды.
№8. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?
Жауап: Бұлшықет-түтікті өзек зақымдалады.
№9. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?
Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал
№10. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
№11. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
№12. Қабыну процессі кезінде көз алмасының төменгі қабырғасында іріңді процесс пайда болды. Емдеуші дәрәгер қабыну процессінің көз алмасынан қанат таңдай шұңқырына дейін жайылып кетуін күдіктенеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі қанат таңдай шұңқырына өтіп кетуі мүмкін?
Жауап: Қабыну процессінң қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін
№13. Мойындырық тесік бас қаңқасының төменгі бөлігінде орналасқан. Ол арқылы нервтер мен ірі вена тамырлары өтеді. Егер де осындай ірі вена тамырлары жарылатын болса бас қаңқасының қай қуысына қан құйылу болады?
Жауап: Вена тамырларының қан ұйылу артқы ми шұңқырына таралады.
№14. Коньюктивит нәтижесінде көз ұясынан ірің шыға бастады мұрын қуысына қабыну процесі көз ұясында мұрын қуысынан қай өзек бойына қатысады?
Жауап:Қабынудың қанат-таңдай шұнқырына өтуі төменгі көз шарасы саңылауынан.
№15. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№16. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
№17.Шопар буынының сызығымен жарақатқа ұшыраған аяқты хирург алынуын жүргізу керек. Бұл белгіленген операцияны жүргізу үшін қай жалғаманы кесі керек?
Жауап:Аяқтың шопар буынында сызық жүргізу үшін екі айырық жалғаманы кесу керек (өкше-ладья тәріздес және өкше-текше тәріздес).
№18.Спортшы ұзындыққа секіру кезінде жамбас сан буынында қатты ауырсыну байқалды биіктіктен жерге қонар сәтінде Травматологтың қарауында болғанда, науқас санның бүгу қиынға соқты. Дәрігер диагностикасында жамбас сан буынының шығуы байқалды. Бұл жарақатта жамбас сан буынында қандай жалғамалар зардап шекті.
Жауап: Айтылған жағдайларда көбінесе мықын сан жалғамалары зардап шекті.
№19. Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?
Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.
№20 Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.
Жауап:Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.
№21. Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?
Жауап:Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.
№22. Мимикалық бұлшық еттердің ерекшеліктерін жасайтын: олардың фасциясының болмауы, сүйектен басталып, теріге байланатыны.
Қай бұлшық еттің фасциясы болсын, сүйектен басталып, сүйекке байланады.
Жауап: Бұл бұлшық ет-ұрт бұлшықеті.
№23. Басы жарақаттанған адамда астыңғы жағы алға қозғала алмай қалды. Бұл қай бұлшық еттің жарақатынан болады?
Жауап: Астыңғы жақтың алға жылжымай дамуы. Латеральді қанаттың бұлшық етінің жарақаттануынан болады.
№24. Мойын аймағы жарақат алғанда қатты қан ақты, бұл ауалы эмболия асқынуымен аяқталды. Бұндай мойын аймағында жарақат болғанда не әсер етеді. Кеуде қуысындағы терең тыныстың болуы мойын ауа тамырлары
Жауап: Мойын аймағы жарақат алғанда мұндай асқынулардың пайда болуындағы ерекшеліктер
- мойын аймағында көп вена және артерия орналасқан.
- тыныс алуға көптеген бұлшықеттер қатысады.
- көп шандыр, тамырдың солуына жол бермейді.
№25 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады?
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№26 науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№27. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№28 Жарақаттың нәтижесінде зардап шеккен адамда иықтың артқы тобындағы бұлшықеттердің қызметі зақымдалды. Шынтақ буынының қандай қызметі зақымдалды.
Жауап: Бұл жағдайда білекті жазу қызметінің бұзылуы байқалады.
№29. Орманда құлаған бала өткір тасқа білегімен соққы алды. Хирург қарағанда төменгі төрттен бір бөлігі білектің жарақаты байқалды. Зақымданған адам қол ұшын ішке қарай бұра алмады. Қандай бұлшықет зақымдалған?
Жауап: Жарақат кезінде төртбұрышты білек пронаторы зақымдалды.
№30 Науқаста үлкен саусақтың панарициясымен кішкене саусақтың іріндік қабынуымен аяқталды. Неге асқыну байқалды және қасында жатқан саусақ қабынды.
Жауап: Білек өзектерінің синловиалды қынаптарына іріндік процессі тарады, саусақтарының бүккіштерінің синовиалды қынаптарының орналасқан жері, сол арқылы ірің шынашаққа жетті, Ү- тәріздес қабыну байқалды. Көршілес саусаққа өткен жоқ, себебі екінші саусақта жеке синовиалды қынабы бар.
№31 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады.Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады.
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№32 Науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№33 Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№34 Хирург кішігірім ота жасағанда сан тамырларындағы сан үшбұрышында кесінді жасау керек. Сан үшбұрышының шекара белгілерін ата?
Жауап: Жоғарғы шекара – шап байламы, латералды шекара-тігінші бұлшықет, медиалды шекара-санның ұзын әкелуші бұлшықеті
№35 Науқаста шонданай нервісінің қабынуынан кейін санның артқы топ бұлшықетінің параличі асқыну берді. Берілген асқыну төменгі аяқ белдемесінде қандай қозғалыс бұзылғаны байқалған?
Жауап: Науқасқа бүгу және санды сыртқа қарай аудару қиындау түседі.
№36. Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады?
Жауап: Бұл қозғалысты санның төртбасты бұлшықеті жүзеге асырады
Кредит №1
Сабақ №5
1. Тақырыбы: Вегетативтiк нерв жүйесiне жалпы сипаттама. Ми нервтерiне жалпы шолу.
2. Мақсаты: Вегетативті нерв жүйесінің құрылысын зертеу. Бас ми нервтерінің ядроларының топографиясы.
3. Оқыту мақсаты: Вегетативтiк нерв жүйесi туралы деректердi бiлу, студенттерге үйрету. Ми нервтерiнiң топографиясын бiлу.
4. Өткізу түрі:
-
ми препараттарын зерттеу
-
құрылымдарды белгiлеп, схемаларын салу.
-
препараттарды сипаттау
-
бақылау
-
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
-
Вегетативтiк нерв жүйесi, оның бөлiнүi
-
Симпатикалық нерв жүйесi
-
Парсимпатикалық нерв жүйесi
-
Ми нервтерi, ядролары, топографиясы
6. Таратылатын материал:
- бас сүйегi
- ми препараттары
- суреттер, схемалар, таблицалар.
- муляждар, планшеттер
7. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Сапин М.Р., Никитюк Д.Б., Швецов Э.В. Атлас нормальной анатомии человека, 2-х томах. М.: «МЕДПресс-информ», 2006.
2. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека, в 2-х томах. М.: «ОНИКС Альянс-В», 2001.
3. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека - I, II, III, IV тома, М.: «Медицина», 1999.
4. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И Анатомия человека, С-П.: «Медицина», 2000.
5. Гайворонский И.В. Нормальная анатомия человека, в 2-х томах. СПб.: «СпецЛит», 2004.
6. Михайлов С.С. Анатомия человека. М., 2000.
Қосымша:
1. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.
Қосымша:
1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.
Ағылшын тілінде:
Негізгі:
1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.
2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.
Қосымша:
-
Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition
Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Тесттер:
1. Үшкіл нервтің ядроларын белгіле
А) жалғызілікті ядро жолдары
Б) ортаңғы ми ядро жолдары
В) жұлын ми ядро жолдары
Г) қозғалыс ядросы
2. Жалғызілікті ядро жолдарының орналасатын ми бөліктерін белгіле
А) ортаңғы ми
Б) көпір
В) жұлынның жоғарғы сегменттері
Г) сопақша ми
3. Жалғызілікті ядро жолдарына ортақ ядро болатын бассүйек нервін белгіле
А) 12- жұп нерв
Б) 9- жұп нерв
В) 11- жұп нерв
Г) 10- жұп нерв
4. Жоғарғы сілекей бөлетін ядроның орналасатын ми бөліктерін белгіле
А) көпір
Б) аралық ми
В) ортаңғы ми
Г) сопақша ми
5. Астыңғы сілекей бөлетін ядроның орналасатын ми бөліктерін белгіле
А) көпір
Б) аралық ми
В) ортаңғы ми
Г) сопақша ми
6. Трапеция тәрізді денені қандай өткізгіш жолдар құрайды.
А) пирамида жолы
Б) есту жолы
В) жұлын ми ілмегі
Г) көпірдің көлденең талшықтары
7. Мидың алдыңғы бөлімінде орналасқан анатомиялық құрылымдарды белгіле
А) көпірдің бойлық талшықтары
Б) көпірдің көлденең талшықтары
В) көпірдің жеке ядролары
Г) үшкіл нервтің көпірлік ядросы
8. Мидың пирамида және оливадан шығатын, бассүйек нервін белгіле
А) 9- жұп нерві
Б)11- жұп нерві
В) 12- жұп нерві
Г) 10 – жұп нерві
9. Сопақша мида орналасатын ядроларды белгіле
А) төменгі олива ядролары
Б) жіңішке ядро
В) трапеция тәріздес дененің ядросы
Г) сынатәрізді ядро
10. Мидың көпір және сопақша мидың шекарасында шығатын бассүйек нервтерін белгіле
А) 4- жұп нерві
Б) 3- жұп нерві
В) 6- жұп нерві
Г) 5 – жұп нерві
Кредит №1
Сабақ №6
1. Тақырыбы: Сезiм органдарының ( көру, есту, иіс, дәм сезу) анатомиясы мен топографиясы:I-II-III-IY-YI-XIII-ми нервтерi.
2. Мақсаты: сезім ағзаларының құрылысы мен қызметін зерттеу
3. Оқыту мақсаты: Сезiм органдарын, көру, есту, стато-кинетикалық, иiс және дәм сезу анализаторларының жолдарын бiлу, студенттерге үйрету.
4. Өткізу түрі:
-
презентация
-
әңгімелесу
-
шағын топ
-
сурет салу
-
бақылау
5.Тақырып бойынша тапсырмалар:
-
Көздiң склерасымен мүйiздi қабатының құрылысы.
-
Көздiң тамырлы қабатының құрылысы
-
Көздiң торлы қабатының құрылысы.
-
Көздiң iшкi ядросы.
-
Көз алмасының бұлшық еттерi.
-
Көз жасы аппараты, көздiң қосымша аппаратының элементтерi
-
Көру нервi
-
Құлақ қалқанының құрылысы.
-
Құлақ сыртқы жолының құрылысы
-
Дабыл қүысының құрылысы
-
Құлақ сүйекшелерiнiң құрылысы
-
Есту түтiгiнiң құрылысы
-
Жартылай айналма каналдардың құрылысы
-
Кiреберiстiң құрылысы
-
Сүйектi ұлүдың құрылысы
-
Статокинетикалых анализатор
-
Есту анализаторы
-
Көз алмасының нервтенуi
6. Таратылатын материал:
-
көру ағзасының муляжі
-
есту ағзасының муляжі
-
суреттер
-
таблицалар
7. Әдебиет:
Орыс тілінде:
Негізгі:
1. Сапин М.Р., Никитюк Д.Б., Швецов Э.В. Атлас нормальной анатомии человека, 2-х томах. М.: «МЕДПресс-информ», 2006.
2. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека, в 2-х томах. М.: «ОНИКС Альянс-В», 2001.
3. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека - I, II, III, IV тома, М.: «Медицина», 1999.
4. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И Анатомия человека, С-П.: «Медицина», 2000.
5. Гайворонский И.В. Нормальная анатомия человека, в 2-х томах. СПб.: «СпецЛит», 2004.
6. Михайлов С.С. Анатомия человека. М., 2000.
Қосымша:
1. Гайворонский И.В. Анатомия и физиология человека: Учебник для мед. ВУЗов., СПб.: «СпецЛит», 2004.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І,II том 2004
2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,II том. Алматы: «Кітап», 2006.
3. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,II, III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.
Қосымша:
1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы. Қарағанды, 1993.
Ағылшын тілінде:
Негізгі:
1. D.Chaurasia’s Human Anatomy. Regional and Applied, Dissection аnd Clinical. Fourth Edition, 2004.
2. Frank H. Netter, M.D. Atlas of Human Anatomy Fourth Edition, 2004.
Қосымша:
1. Chummy S. Sinnatamby. Last’s Anatomy. Regional and Applied. Tenth Edition.
8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Көздің фиброзды қабатының бөліктерін көрсет:
А) склера
Б) көз бұршағы
В) нұрлы қабат
Г) ретинаның көру бөлігі
2. Көздің тамырлы қабатының бөліктерін көрсет:
А) склера
Б) көз бұршағы
В) нұрлы қабат
Г) ретинаның көру бөлігі
3. Көздің ішкі қабатының бөліктерін көрсет:
А) склера
Б) көз бұршағы
В) нұрлы қабат
Г) ретинаның көру бөлігі
4. Көздің ішкі ядроларының бөлігін көрсет:
А) склера
Б) көз бұршағы
В) нұрлы қабат
Г) ретинаның көру бөлігі
5. Көру анализаторы өткізгіш жолының I-II-III-нейрондарының орналасқан жерін көрсет:
А) торлы қабат
Б) латеральді тізелі дене
В) таламус
Г) тепкіш жүлге
6. Көру анализаторы өткізгіш жолының IY-нейронының орналасқан жерін көрсет:
А) торлы қабат
Б) латеральді тізелі дене
В) таламус
Г) тепкіш жүлге
7. Көру анализаторының қыртыстық орталығын көрсет:
А) торлы қабат
Б) латеральді тізелі дене
В) таламус
Г) тепкіш жүлге
8. Көрудің қыртыс асты орталығын көрсет:
А) торлы қабат
Б) латеральді тізелі дене
В) таламус
Г) тепкіш жүлге
9. Есту ағзасы қандай бөлімдерден тұратынын белгіле
А) сыртқы құлақ
Б) ішкі құлақ
В) ортаңғы құлақ
Г) алдыңғы құлақ
10. Сыртқы құлақтың бөлімдерін белгіле
А) жарғақ
Б) құлақ қалқаны
В) жатырша
Г) балғашық
11.Ортаңғы құлақтың бөлімдерін белгіле
А) жарғақ
Б) құлақ қалқаны
В) дабыл қуысы
Г) есту түтігі
12. Ішкі құлақтың бөліктерін көрсет:
А) ұлу
Б) корти органы
В) дабыл қуысы
Г) есту түтігі
13. Есту органы жұтқыншақпен не жалғастыратынын көрсет:
А) ұлу
Б) корти органы
В) дабыл қуысы
Г) есту түтігі
14. Есту рецепторлары орналасқан ішкі құлақтың бөлігін көрсет:
А) сүйекті ұлу
Б) корти органы
В) дабыл қуысы
Г) есту түтігі
15. Құлақ сүйекшелері орналасқан құлақ бөлігін көрсет:
А) ұлу
Б) корти органы
В) дабыл қүысы
Г) есту түтігі
16. Статикалық тепе-теңдік рецепторлары ішкі құлақтың қай бөлімінде орналасқанын белгіле
А) жартылай өзекшелері
Б) корти ағзасы
В) қапшық
Г) жатырша
17. Динамикалық тепе-теңдік рецепторлары ішкі құлақтың қай бөлімінде орналасқанын белгіле
А) жартылай өзекшелері
Б) корти ағзасы
В) қапшық
Г) жатырша
18. Сүйек лабиринтінің құрылымын белгіле
А) жартылай өзекшелері
Б) ұлу
В) қапшық
Г) жатырша
19. Әкетуші нерв нервтендіреді.
А) көздің жоғарғы тік бұлшықеті
Б) көздің төменгі тік бұлшықеті
В) көздің латеральді тік бұлшықеті
Г) көздің медиалды тік бұлшықеті
20. Шығыршық нерв нервтендіреді
А) көздің жоғарғы қиғаш бұлшықеті
Б) көздің төменгі қиғаш бұлшықеті
В) көздің жоғарғы тік бұлшықеті
Г) көздің төменгі тік бұлшықеті
Жағдайлық есептер:
№1.Ауруда көп қозғалғанда тепе-теңдігі бұзылатыны байқалады, тыныш отырса тоқталады. Ауруда қай тепе-теңдік бұзылғанын көрсет.
Жауап: Ауруда кинетикалық тепе-теңдіктің бұзылғаны байқалады.
№2. Туристер тауға көтерілгенде құлақтары бітіп қалады, сондықтан олар тұтынады. Неге?
Жауап: Жұтыну қозғалысын жасағанда есту түтігі кеңіп, дабыл қуысында атмосфералық қысым теңселеді.
№3. Өте жарықта көз қарашығы тарылады. Бұл реакция қай бұлшық еттің арқасында болатынын көрсет.
Жауап: Көз қарашығын тарылтатын бұлшық ет.
№4. Ауруда екі көзінде медиальді көру алаңы жоғалатыны байқалады. Ауруда көру жолының қай деңгейінде бұзылғанын көрсет:
Жауап: Көру қиылысының маңында.
Кредит №1
Сабақ №7
1. Тақырыбы: Жалпы, сыртқы, iшкi ұйқы артериялары. Бұғана асты артериясы.
2. Мақсаты: Ұйқы артериясы және бұғана асты артерияларының тармақтары құрылысын зерттеу.
3. Оқыту мақсаты: Жалпы, сыртқы және iшкi ұйқы артерияларының анатомиясын, топографиясын, қандандыру аймақтарын бiлу, студенттерге үйрету. Бұғана асты артериясының тармақтарын, мидың қандануын бiлу.
4. Өткізу түрі:
-
препаровка жасау
-
препараттарды сипаттау
-
схемаларды, суреттердi, таблицаларды оқу
-
құрылымдардың суретiн салып, белгiлеу
-
бақылау
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
-
Жалпы ұйқы артериясы, құрылысы, топографиясы
-
Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармақтары, құрылысы, топографиясы.
-
Сыртқы ұйқы артериясының ортаңғы тармақтары, құрылысы, топографиясы.
-
Сыртқы ұйқы артериясының артқы тармақтары, құрылысы, топографиясы.
-
Бастың сыртқы бетiнiң қанданү ерекшiлiктерi
-
Мойынның қандану ерекшiлiктерi.
-
Бұғана асты артериясы, тармақтары.
-
Вилизи шеңберiнiң құрылуы.
6. Таратылатын материал:
-
бастың сагитальды кесіндісінің тамырлы препараты
-
бала мәйіті
-
бас қаңқасы
-
кестелер
-
муляждар
Достарыңызбен бөлісу: |