Іш, кеуде, жамбас қуыстарының топографиясы, қандануы мен нервтенуі бойынша аралық бақылаудың ситуациялық есептері.
№1. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап: оң қарынша
№2. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: сол қарынша
№3. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.
Жауап: Оң басты бронхта.
№4. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл
Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.
Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.
№5. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей
кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?
Жауап: Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған
№6. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.
Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.
№7. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
№8. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
№9.Стоматолог-дәрігер ауыз қуысын қарайды. Жұмысқа кіресер алдында тіл
астына тампон салады. Неге бұл манипуляцияны жасайды?
Жауап: Сілекейді азайту мақсатында.
№10. Дәрігер-стоматолог тіске пломб салады. Ауыз қуысында слекейдің
жиналуын азайту үшін шықшыт безінің өзегінің тесігін жабу үшін
тампонды қайда салуы керек?
Жауап: Дәрігер тампонды немесе дренаждық трубканы ауыз кіреберісіне салады.
№11. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№12. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның
үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№13. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№14. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№15. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.
Жауап: Жалпы өт өзегі
№16.Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?
Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған
№17.Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.
Жауап: Шажырқайлық қойнаулар
№18. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?
Жауап: Шарбылық тесік
№19. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: truncus pulmonalis (өкпе сабауы)
№20. Ауруда III қабырға аралығында төстің сол жиегінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: aorta (қолқа)
№21. Операция кезінде хирург асқазан шарбымай артериясымен бірге бір артериялық бағананы кесіп жіберді, осының салдарынан ауруда айналма ішектің көлденең бөлігінде және төмен түскен бөлігінде қан келуі бұзылды. Қай артерияны кесіп жіберді, неге?
Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.
№22. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?
Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
№23. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.
Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің
кемікті затында болады.
№24. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.
Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үстінде
апоневротикалық қуыста орналасқан
№25.Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?
Жауап: Сол аталық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады
№26. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді. Веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?
Жауап: Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веналар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.
№27. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер не ойлау керек?
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек
Достарыңызбен бөлісу: |