ІX. Шеткі нерв жүйесі
126.Жұлын және бассүйек нервтерінің жалпы анатомиясы, олардың құрылуы. Шеткі нервтер таралуының сегментарлығы. Нервтің құрылысы, оның құрамы. Тамыр-нерв қынабы.
127.Жұлын нерві, оның тармақтары: алдыңғы, артқы, менингеальдық, дәнекерлік.
128.Жұлын нервтерінің мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ бөліктерінің артқы тармақтары. Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, өрімдердің түзілуі. Жұлын нервтерінің вегетативтік нерв жүйесімен байланысы.
129.Мойын өрімі, оның түзілуі, құрылысы, топографиясы. Мойын өрімінің нервтері: терілік, бұлшықеттік, аралас (көкеттік нерв).
130.Иық өрімі, оның құрылуы, құрылысы, топографиясы. Иық өрімінің қысқа және ұзын тармақтары. Бұғанаүсті және бұғанаасты бөліктері. Нервтендіру аймақтары. Иық пен білектің терілік нервтері, олардың сыртқы проекциялары. Бұлшықет-тері нерві, орталық нерв, шынтақ нерві, кәріжілік нерві, олардың құрылуы, топографиясы, сыртқы проекциясы. Қолдың жеке бұлшықеттік топтары мен тері аймақтарының нервтену заңдылықтары. Қолдың нервтері мен қан тамырларының топографиялық-анатомиялық қарым-қатынасы.
131.Қабырғааралық нервтер, олардың топографиясы және нервтендіру аймақтары.
Бел өрімі, оның құрылуы, құрылысы, топографиясы. Қысқа және ұзын тармақтары. Жапқыш нерв. Сан нерві, олардың топографиясы мен тармақтануы, нервтендіру аймағы, сыртқы проекциясы.
132.Сегізкөз өрімі, оның түзілуі, құрылысы, топографиясы. Қысқа және ұзын тармақтары. Бөксе және санның артқы терілік нерві, тармақтану аймағы.Бөксе және санның артқы терісінің нерві, оның топографиясы және тармақтары. Шонданай нерві, оның топографиясы және тармақтары. Асықты жілік және асықты жілік шыбығы нервтері, олардың тармақтары, сыртқы проекциясы. Аяқтың жеке бұлшықеттік топтары мен терісінің нервтендірулері. Құйымшақ нерві, құйымшақ өрімі, оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
133.Бассүйек нервтері Бассүйек нервтерінің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Олардың сезім ағзаларымен (І, ІІ, ҮІІІ жұптар), бас сомиттерінің миотомдарымен (ІІІ, ІҮ, ҮІ жұптар), желбезек доғаларымен (Ү, ҮІІ, ІХ, Х, ХІ жұптар) байланысты және жұлын нервтерінің негізінде (ХІІ жұп) дамуы.
134.Бассүйек нервтерінің вегетативтік нерв жүйесімен байланысы, құрамында вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің талшықтары бар нервтер.
135.Жеке бассүйек нервтеріне сипаттама беру: ядролары, нервтің топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары, сыртқы проекциясы, басқа нервтермен байланыстары. І, ІІ жұп нервтерінің анатомиясының ерекшеліктері.
ІІІ, ІҮ, ҮІ жұп нервтерінің анатомиясы.
136. Үшкіл нерв (Ү-жұп), оның сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктері. Үшкіл түйін. Үшкіл нерв тармақтарының топографиясы, нервтендіру аймақтары, вегетативтік түйіндермен (қанат-таңдай, құлақ, төменгі жақсүйек асты түйіндері) байланысы.
137. Бет нерві (ҮІІ-жұп), оның топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары. Аралық нерв, иін (тізешік) түйіні. Аралық нерв пен бет нервінің ара қатынасы.
138. Кіреберіс-ұлу нерві (ҮІІІ-жұп), оның бөліктері (кіреберіс және ұлу). Олардың түйіндері (кіреберістік, иірмелік) және тармақтары.
139. Тіл-жұтқыншақ (ІХ-жұп) және кезбе (Х-жұп) нервтері, олардың топографиялары, түйіндері, тармақтары және нервтендіру аймақтары. Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің құрамындағы вегетативтік талшықтар, олардың шыққан жерлері және нервтендіру аймақтары.
140. Қосымша нерв (ХІ-жұп), оның топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймағы.
141. Тіл асты нерві (ХІІ-жұп), оның шығу тегі, топографиясы, нервтендіру аймағы, мойын өрімімен байланысы.
142. Вегетативтік (автономдық) нерв жүйесі.
Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің заңдылықтары. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінуі. Вегетативтік нерв жүйесінің мидағы және жұлындағы орталықтары. Вегетативті нерв жүйесінің шеткі бөлігі. Вегетативтік нерв жүйесінің талшықтарының шығу тегі мен жүру жолдары. Түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі нерв талшықтары.
143. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі. Мидағы және жұлындағы орталықтары. Шеткі бөлігі. Бас, мойын ағзаларының, жүректің, өкпенің нервтенулері. Өңештің, асқазанның, ішектің, бауырдың, ұйқы безінің, көк бауырдың, бүйректің, бүйрек үсті безінің және жамбас астауы ағзаларының нервтенулері. Интрамуральдық өрімдер.
144. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі. Жұлындағы орталықтары. Симпатикалық сабау, түйіндері, түйіндер аралығындағы және дәнекер тармақтар. Симпатикалық сабаудың мойын, кеуде, бел, сегізкөз бөліктерінен шығатын нервтер. Мойын мен баста орналасқан ірі қан тамырларын бойлай жүретін (ішкі ұйқы, сыртқы ұйқы өрімдері және т.б.) вегетативтік өрімдер. Кеуде қуысындағы вегетативтік өрімдер (кеуде қолқасының өрімі, өңеш, өкпе, жүрек өрімдері). Іш қуысы мен жамбас астауының ішіндегі вегетативтік өрімдер: іш қолқасының, құрсақ, жоғары және төменгі шажырқай, бүйрек үсті безінің, жоғарғы және төменгі құрсақ асты өрімдері және т.б.).
4. Тәжірибелік дағдылар тізімі:
ОҚТЕ әдісі бойынша тәжірибелікті дағдыны жүргізу үшін әрбір кезеңде студентке 15 тапсырмалы билетті таңдау ұсынылады. Әр қайсысы 2 «қадамнан» тұрады. Әр «қадам» балды жүйеде бағаланады.
1- кезең
Билет № 1
1. Бет сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ми сауытының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 2
1. Жоғарғы белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Төменгі белдеу сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз және жіктеңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 3.
1. Аяқтың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолдың еркін бөлігінің сүйектерінің қаңқасын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 4.
1. Білезік сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тілерсек сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 5.
1. Кеуде торының сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Омыртқа жотасының бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 6.
1. Ми сауытының жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің жұп сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 7.
1. Ми сауытының тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Беттің тақ сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 8.
1. Төс-бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Акромион – бұғана буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 9.
1. Иық буынының байламын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ұршық буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 10.
1. Тізе буынының ішкі байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Шынтақ буынының байламдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 11.
1. Шайнау бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Мойынның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №12.
1.Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Иық белдеуінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №13.
1. Арқаның беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Кеуденің жергілікті, меншікті бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет № 14.
1. Жамбас белдеуінің артқы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Іштің бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
Билет №15.
1. Сан бұлшықеттерінің алдыңғы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Сан бұлшықеттерінің артқы тобының бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 8
2-кезең
Билет № 1
1. Ас қорыту жүйесінің мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жуан ішектің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 2
1. Жіңішке ішектің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ауыз қуысының бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 3
1. Жұтқыншақ бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2.Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 4
1. Өкпенің беттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көмейдің шеміршектерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 5
1. Зәр шығару мүшесін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бүйрек қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 6
1. Ерлердің зәр шығару өзегінің бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бүйректен зәрдің шығу жолдарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 7
1. Аталық жыныс мүшелерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ұманың қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 8
1. Әйел ішкі жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Әйел сыртқы жыныс ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 9
1. Жатырдың құрылысының ерекшеліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жатыр қабырғасының қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 10
1. Жамбас астауы көкетінің терең бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Несеп жыныс көкетінің беткей бұлшықеттерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 11
1. Жүрек камераларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жүрек қабырғасының құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6
Билет № 12
1. Қолқа доғасының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқа бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 13
1. Сыртқы ұйқы артериясы тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ішкі ұйқы артериясының тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 14
1. Қолқаның іштік бөлімінің тақ висцеральды тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқаның кеуделік бөлігінің тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 15
1. Қолқаның іштік бөлігінің қабырғалық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қолқаның іштік бөлігінің жұп висцеральды тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
3- кезең
Билет № 1
1. Беткей (тері асты) қол веналарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Қақпа венасы, қандай веналардың бірігіуінен пайда болатындығын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 2
1. Оң жақ лимфа түтігіне келіп түсетін лимфалық сабауларды атаңыз, көрсетіңіз.
2. Кеуде түтігіне келіп түсетін лимфалық сабауларды атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 3
1. Жұлынның қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Жұлын буылтықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 4
1. Ми жартышарларының үлестерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бас сүйек нервтерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 5
1.Ромбы тәрізді мидың немесе артқы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ортаңғы мидың бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 6
1. Үшкіл нервтің, перифериялық тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Тіл жұтқыншақ нервінің тармақтарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 7
1. Көз алмасының қабықтарын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көз алмасының тамырлы қабығының құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 8
1. Көздің қосымша ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Көздің ішкі ядросының орталарын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 9
1. Сыртқы құлақтың құрамын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Есту ағзасының бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 10
1. Сүйекті лабиринттің құрылысын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Дабыл қуысының қабырғаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 11
1. Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Ортаңғы құлақтың бөлімдерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 12
1. Орталық иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
2. Шеткі иммундық жүйе ағзаларын атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 13
1. Бронхиогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Неврогендік топқа кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 14
1. Мезодермалық бездер тобына жататын ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Адреналды жүйе тобына кіретін ішкі секреция бездерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Билет № 15
1. Микроциркуляторлы арнаның бөліктерін атаңыз, көрсетіңіз.
2. Бас лимфа түйіндерін атаңыз, көрсетіңіз.
Уақыт – 5 минут.
Кезең бойынша жоғарғы балл – 6.
Емтихан қабылдаушыға бақылау материалдары
(дұрыс жауап эталондары)
1-кезең
Билет № 1
1. Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, әлпет (бет) сүйегі, мұрын сүйегі, көз жасы сүйегі, өре сүйегі, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек.
2. Шүйде сүйек, сына тәрізді сүйек, маңдай сүйек, торлы сүйек, самай сүйек, шеке сүйек.
Билет № 2
1. Жауырын, бұғана.
2. Жамбас сүйек: мықын сүйек; қасаға сүйек; шонданай (отырықшы) сүйек.
Билет № 3
1. Ортан жілік, асықты жілік, асықты жілік шыбығы, тілерсек сүйектері, табан сүйектері, аяқ ұшы бақайларының сүйектері.
2. Тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан сүйектері, саусақ сүйектері.
Билет № 4
1. Қайық тәрізді сүйек, жартыай тәрізді сүйек, үшқырлы сүйек, бұршақ тәрізді сүйек, трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, басты сүйек, ілмек тәрізді сүйек.
2. Асық топай сүйек, өкше сүйек, қайықтәрізді сүйек, медиальды, латеральды және аралық сына тәрізді сүйектер, текше сүйек.
Билет № 5
1. Қабырға, төс, кеуде омыртқалары.
2. Мойын омыртқалары, кеуде омыртқалары, бел омыртқалары, сегізкөз омыртқалары, құйымшақ омыртқалары.
Билет № 6
1. Шеке сүйек, самай сүйек.
2. Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйек, әлпет (бет) сүйек, мұрын сүйек, көз жасы сүйегі.
Билет № 7
1. Шүйде сүйек, сынатәрізді сүйек, маңдай сүйек, торлы сүйек.
2. Өре сүйек, төменгі жақ сүйек, тіласты сүйегі.
Билет № 8
1. Алдыңғы төс-бұғана байламы, артқы төс-бұғана байламы, қабырға - бұғана байламы, бұғана аралық байлам.
2. Акромион-бұғана байламы, құстұмсық-бұғана байламы.
Билет № 9
1. Құстұмсық – иық байламы.
2. Мықын-ортан жілік байламы, қасаға (шат) – ортан жілік байламы, шонданай (отырықшы) – ортан жілік байламы, ортан жілік басының байламы, ұршық ойығының көлденең байламы.
Билет № 10
1. Тізе буынының көлденең байламы, алдыңғы крест тәрізді байлам, артқы крест тәрізді байлам.
2. Кәрі жілік коллатеральді байлам, кәрі жілік коллатеральді байлам, кәрі жілік сүйектің сақиналы байламы.
Билет № 11
1. Шайнау бұлшықеті, самай бұлшықеті, бүйір қанаттәрізді бұлшықет, ортаңғы қанаттәрізді бұлшықет.
2. Мойынның тері астындағы бұлшықеті, төс-бұғана – емізікті бұлшықет.
Билет № 12
-
Иықтың екі басты бұлшықеті, иық бұлшықеті.
2. Үлкен кеуде бұлшықеттері, кіші кеуде бұлшықеттері, құстұмсық – иық бұлшықеті.
Билет № 13
1. Трапеция тәрізді бұлшықет, арқаның аса жалпақ бұлшықеті, ромбы тәрізді бұлшықет (үлкен және кіші), жауырынды көтеретін бұлшықет, артқы жоғарғы тісті бұлшықет, артқы төменгі тісті бұлшықет.
2. Сыртқы қабырғааралық бұлшықет, ішкі қабырғааралық бұлшықет, қабырғаастылық бұлшықет, кеуденің көлденең бұлшықеті.
Билет № 14
1. Үлкен бөксе бұлшықеті, ортаңғы бөксе бұлшықеті, жалпақ шандырды көтеретін бұлшықет, кіші бөксе бұлшықеті, алмұрт тәрізді бұлшықет, ішкі жапқыш бұлшықет, санның шаршы бұлшықет, сыртқы жапқыш бұлшықет.
2. Іштің тік бұлшықеті, пирамидалық бұлшықет, іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, іштің көлденең бұлшықеті, белдің шаршы бұлшықеті.
Билет № 15
1. Санның төрт басты бұлшықеті, тігінші бұлшықет.
2. Жартылай сіңірлі бұлшықет, жартылай жарғақты бұлшықет, ортан жіліктің екібасты бұлшықеті, тақым бұлшықеті.
2-кезең
Билет № 1
1. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке ішек, жуан ішек.
2. Соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген иек ішек, сигматәрізді жиек ішек, тік ішек.
Билет № 2
1. Он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек.
2. Шықшыт безі, төменгі жақсүйек асты безі, тіласты безі.
Билет № 3
-
Мұрын бөлімі, ауыз бөлімі, көмей бөлімі.
2. Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, бронхтар, өкпе.
Билет № 4
1. Қабырғалық беті, көкеттік беті, медиалді беті.
2. Сақинатәрізді шеміршек, қалқанша шеміршек, бөбешік шеміршек, ожаутәрізді шеміршектер, мүйізтәрізді шеміршектер, сынатәрізді шеміршектер.
Билет № 5
1. Бүйрек, несеп ағар, несеп қуық, зәр шығару өзегі.
2. Талшықты қабық, май қабатының капсуласы, дәнекер тінді шандырлы қабат.
Билет № 6
1. Қуық асты безі бөлімі, жарғақтық бөлімі, кеуекті бөлімі.
2. Кіші шөлмек, үлкен шөлмек, түбек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі.
Билет № 7
1. Аталық жыныс бездері, ұрық шығаратын өзек, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретальды бездер, жыныс мүшесі, ұма.
2. Ұма терісі, етті қабық, сыртқы шәует шандыры, атабезді көтеретін бұлшықет шандыры, атабезді көтеретін бұлшықет, ішкі шәует шандыры, атабездің қынапты қабығы.
Билет № 8
1. Анабездер, жатыр түтікшелері, жатыр, қынап.
2. Үлкен жыныс ернеуі, кіші жыныс ернеуі, деліткі (шошақай), қыздық перде.
Билет № 9
-
Жатыр түбі, жатыр денесі, жатыр мойны, жатырдың алдыңғы беті, жатырдың артқы беті.
2. Сыртқы қабық, периметр, ортаңғы қабық, миометр, ішкі қабық, эндометр.
Билет № 10
1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет, құйымшақ бұлшықеті.
2. Буылтық-кеуек бұлшықеті, шоңданай-үңгір бұлшықеті, беткей көлденең шат бұлшықеті.
Билет № 11
1. Оң жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ жүрекше, сол жақ қарынша.
2. Ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы перикард.
Билет № 12
1. Иық-бас сабауы, сол жақ жалпы ұйқы артериясы, сол жақ бұғана асты артериясы.
2. Қолқаның жоғары көтерілетін бөлігі, қолқа доғасы, қолқаның төмен кететін бөлігі.
Билет № 13
1. Жоғарғы қалқанша артериясы, тіл артериясы, бет артериясы, шүйде артериясы, артқы құлақ артериясы, төс-бұғана-емізік артериясы, жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, беткей самай артериясы, жоғары жақ сүйек артериясы.
2. Ұйқы дабыл тармағы, көз артериясы, алдыңғы ми артериясы, ортаңғы ми артериясы, тамырлы өрім артериясы, артқы дәнекер артериясы.
Билет № 14
1. Құрсақ сабауы, жоғарғы шажырқай артериясы, төменгі шажырқай артериясы.
2. Бронхиалды артерия, өңеш артериясы, кеудеаралық артерия, жүрек қап артериясы, артқы қабырғааралық артерия, жоғарғы көкет артериясы.
Билет № 15
1. Төменгі көкет артериясы, бел артериялары, орталық сегізкөз артериясы, жалпы мықын артериялары.
2. Ортаңғы бүйрек үсті артериясы, бүйрек артериясы, аталық (аналық) жыныс бездерінің артериясы.
3-кезең
Билет № 1
1. Қолдың латералды теріасты венасы, қолдың медиалды теріасты венасы, қолдың шынтақ венасы.
2. Көкбауыр венасы, жоғарғы шажырқай венасы, төменгі шажырқай венасы.
Билет № 2
1. Оң жақ мойындырақ лимфалық сабау, оң жақ бұғана асты лимфалық сабау, оң жақ бронхокөкірекаралық лимфалық сабау.
2. Оң және сол жақ бел лимфалық сабаулары, сол жақ бронх көкірекаралық лимфалық сабау, сол жақ бұғана асты лимфалық сабау, сол жақ мойындырық лимфалық сабау.
Билет № 3
1. Жұлынның қатты қабығы, жұлынның торлы қабығы, жұлынның жұмсақ қабығы.
2. Мойын буылтығы, бел-сегізкөз буылтығы.
Билет № 4
1. Маңдай үлесі, шеке үлесі, самай үлесі, шүйде үлесі, аралша.
2. Иіс сезу нерві, көру нерві, көз қозғалтқыш нерві, шығыршық нерві, үшкіл нерві, әкететін нерв, бет нерві, кіреберіс-ұлу нерві, тілжұтқыншақ нерві, кезбе нерв, қосымша нерв, тіласты нерві.
Билет № 5
1. Сопақша ми, көпір, мишық, ІҮ-қарынша.
2. Ортаңғы ми шатыры, мидың аяқшалары, су құбыры.
Билет № 6
1. Көз нерві, жоғарғы жақсүйек нерві, төменгі жақсүйек нерві.
2. Дабыл нерві, біз жұтқыншақ нерві, таңдай бадамша нерві, жұтқыншақ нерві, тіл нерві, ұйқы қойнау нерві.
Билет № 7
1. Талшықты қабық, көз алмасының тамырлы қабығы, көз алмасының торлы қабығы.
2. Меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене, нұрлы қабық.
Билет № 8
1. Көз алмасының бұлшықеттері, көзұясының шел май мен көз алмасының қынабы, қабақтар, көз жас аппараты.
2. Шынытәрізді дене, көзбұршақ
Билет № 9
1. Құлақ қалқаны, сыртқы есту өтісі, дабыл жарғағы.
2. Сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ.
Билет № 10
1. Кіреберіс, сүйекті жартылай дөңгелекті өзектер, ұлу.
2. Латералды-жарғақты, медиалды-лабиринттік, артқы-емізікті, алдыңғы-ұйқы, жоғарғы-шатыр, төменгі-мойындырық.
Билет № 11
1. Балғашық, төс, үзеңгі.
2. Дабыл қуысы, есту түтігі
Билет № 12
1. Жілік майы, айырша безі.
2. Ішкі ағзалардың лимфалық түйіндері, лимфа түйіндері, көкбауыр.
Билет № 13
1. Қалқанша безі, қалқанша жанындағы бездер, айырша без.
2. Гипофиз, томпақ дене.
Билет № 14
1. Атабездің эндокринді бөлігі, анабездің эндокринді бөлігі.
2. Бүйрекүсті безі, параганглилер (түйін жанындағы денелер).
Билет № 15
1. Артериола, прекапилляр, капилляр, посткапилляр, венула.
2. Шүйде түйіндері, емізіктәрізді түйіндер, шықшыт түйіндері, төменгі жақ сүйекасты түйіндері, бет түйіндері, иекасты түйіндері.
Достарыңызбен бөлісу: |