| ІІ құйымшақ омыртқасының деңгейі
~Жүректің ортаңғы қабығының атын атаңыз:
| миокард +
| перикард
| эндокард
| плевра
| эпикард
~ ... жүректің сол жақ қарыншасынан шығады.
| Қолқа +
| Тәждік артерия
| Ұйқы артериясы
| Иық артериясы
| Мойындырық венасы
~ ... жүректің оң жақ қарыншасынан шығады.
| Өкпе сабауы +
| Тәждік артерия
| Қолқа
| Ұйқы артериясы
| Бұғанаасты венасы
~Сол жақ жүрекшеге ... құяды.
| өкпе веналары +
| мойындырық венасы
| жоғарғы қуыс вена
| қақпа венасы
| бұғанаасты венасы
~Жүректің митралдық қақпағы ... арасында орналасқан.
| сол жақ жүрекше мен қарыншаның +
| сол қарынша мен қолқаның
| оң жүрекше мен қарыншаның
| оң қарынша мен өкпе сабауының
| жоғарғы қуыс вена мен оң жүрекшенің
2. Жағдайлық есептер:
№1.Көшеде алған жарақаттан кейін зардап шеккен адамда жүрек жұмысы тоқталды. Алғашқы көмекті қалай көрсетеміз және қаңқаның қай бөліктеріне зақым келді?
Жауап: Төс сүйегі аймағында ритімді қозғалыс арқылы жүрекке жасанды массаж жасау керек.
№2. Көшеде алған жарақаттан ұйқы артериясының тармақтарынан мойын аймағынан қан ақты, қан ағуын уақытша тоқтатуға бола ма?
Жауап: Мойын аймағындағы ұйқы артерияларының қан ағуын тоқтату үшін оны VI мойын омыртқасының көлденең өсіндісіндегі төмпешікке басады.
№3. Омыртқалардың қысқа қырқа өсіндісінде және көлденең өсіндісінде кішкене тесіктер бар. Омыртқаны анықта.
Жауап: Типтік мойын омыртқасы.
№4. 7 жастағы баланың табан сүйектерінің рентгенограмасында дәрігер өкше сүйегі аймағында көптеген сынықтарды көрді. Себеп неде?
Жауап: 7- 9 жас аралығындағы балада өкше төмпешігі сүйектерінің сүйектенуі бірнеше нүктеде дамиды, олар 12-15 жасқа келген кезде ғана денесімен бітеседі.
№5. Баланың жасын білу үшін дәрігерге сан сүйегінің рентгенограммасын әкеліп көрсеткен, ал онда сан сүйегінің басында тек бір ғана сүйектену нүктесі көрінеді. Бала неше жаста?
Жауап: Бала 1 жаста.
№6. .Кенеттен құлағаннан адамның иық сүйегі сынды.Өте жиі кездесетін иық сүйегінің сынатын жерін көрсет.
Жауап: Өте жиі кездесетін иық сүйегінің сынатын жері хирургиялық мойыны.
№7. Кенеттен құлағаннан адамның білек сүйектерінің біреуі сынды. Сонда білектің алдыңғы – латеральды қырында патологиялық қозғалыс байқалады. Зардап шеккен адамның қай сүйегі сынды?
Жауап: Зардап шеккен адамның кәрі жілік сүйегі сынды.
№8. Автомобиль авариясынан адам басының бүйір беті жарақаттанды. Самай сүйегінің қабыршығы пирамидадан бөлінді. Бұндай жағдайда самай сүйегінің қай каналы бұзылды?
Жауап: Бұлшық ет-түтік каналы.
№9. Операция кезінде хирург самай сүйектің астыңғы бетіндегі пирамидасында мойындырық тесікке бағытталған. Оператордың дұрыс емес әрекетінде қандай канал бұзылуы мүмкін?
Жауап: Оператордың дұрыс емес әрекетінде ұйқы артериясының өзегі бұзылуы мүмкін, арты қан кетуге соқтыруы ықтимал.
№10. Бір жасар балада рентгенологиялық суретте бассүйектің маңдай бөліміндегі ортаңғы сызығында саңылау байқалады. Оның себебі неде?
Жауап: Маңдай сүйек екі бөліктен дамиды, 2 жасқа таман метопикалық тігіспен бітіседі.
№11. Жол апатынан кейін зардап шеккен адамда мұрын жарақаттанды. Бұл жерде мұрын пердесінің сынуы байқалды. Бұл жағдайда қай сүйек зақымданған?
Жауап: Торлы сүйек пен өре сүйек.
№12. Қабыну процессі кезінде көз алмасының төменгі қабырғасында іріңді процесс пайда болды. Емдеуші дәрәгер қабыну процессінің көз алмасынан қанат таңдай шұңқырына дейін жайылып кетуін күдіктенеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі қанат таңдай шұңқырына өтіп кетуі мүмкін?
Жауап: Қабыну процессінң қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін.
№13. Мойындырық тесік бас қаңқасының төменгі бөлігінде орналасқан. Ол арқылы нервтер мен ірі вена тамырлары өтеді. Егер де осындай ірі вена тамырлары жарылатын болса бас қаңқасының қай қуысына қан құйылу болады?
Жауап: Вена тамырларының қан ұйылу артқы ми шұңқырына таралады.
№14. Коньюктивит нәтижесінде көз ұясынан ірің шыға бастады мұрын қуысына қабыну процесі көз ұясында мұрын қуысынан қай өзек бойына қатысады?
Жауап:Қабынудың қанат-таңдай шұнқырына өтуі төменгі көз шарасы саңылауынан.
№15. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№16. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
№17.Шопар буынының сызығымен жарақатқа ұшраған аяқты хирург алынуын жүргізу керек. Бұл белгіленген операцияны жүргізу үшін қай жалғаманы кесі керек?
Жауап:Аяқтың шопар буынында сызық жүргізу үшін екі айырық жалғаманы кесу керек (өкше-ладья тәріздес және өкше-текше тәріздес).
№18.Спортшы ұзындыққа секіру кезінде жамбас сан буынында қатты ауырсыну батқалды биіктіктен жерге қонар сәтінде Травматологтың қарауында болғанда, науқас санның бүгу қиынға соқты. Дәрігер диагностикасында жамбас сан буынының шығуы байқалды. Бұл жарақатта жамбас сан буынында қандай жалғамалар зардап шекті.
Жауап: Айтылған жағдайларда көбінесе мықын сан жалғамалары зардап шекті.
№19. Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?
Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.
№20.Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.
Жауап:Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.
№21. Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?
Жауап:Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.
№22. Мимикалық бұлшық еттердің ерекшеліктерін жасайтын: олардың фасциясының болмауы, сүйектен басталып, теріге байланатыны.
Қай бұлшық еттің фасциясы болсын, сүйектен басталып, сүйекке байланады.
Жауап: Бұл бұлшықет-ұрт бұлшық еті.
№23. Басы жарақаттанған адамда астыңғы жағы алға қозғала алмай қалды. Бұл қай бұлшық еттің жарақатынан болады?
Жауап: Астыңғы жақтың алға жылжымай дамуы. Латеральді қанаттың бұлшық етінің жарақаттануынан болады.
№24. Мойын аймағы жарақат алғанда қатты қан ақты, бұл ауалы эмболия асқынуымен аяқталды. Бұндай мойын аймағында жарақат болғанда не әсер етеді. Кеуде қуысындағы терең тыныстың болуы мойын ауа тамырлары
Жауап: Мойын аймағы жарақат алғанда мұндай асқынулардың пайда болуындағы ерекшеліктер
- мойын аймағында көп вена және артерия орналасқан.
- тыныс алуға көптеген бұлшықеттер қатысады.
- көп шандыр, тамырдың солуына жол бермейді.
№25 Емдеу денешынықтыру дәрігері іштің формасын қалыпты ұстау үшін іштің тік бұлшықетін нығайтуды ұсынады. Қандай жаттығу жасауға ұсынуға болады?
Жауап: Омыртқа жотасын бүгу және жазу жаттығуларын жасауға болады.
№26 науқас құрсақүсті аймағында ауырсынумен шағымданған. Бұл хирург айтуынша жыланкөз құрылымдарының дамуымен түсіндіреді. Бұл аймақта әлсіз жерлерді және құрсақішілік қысымының жоғары болуы және жыланкөздердің шығатын жерлерін ата.
Жауап: Іштің ақ сызығындағы саңылаулар.
№27. Гимнастың жаттығу кезінде жетекшісі одан жауырынды түсіретін бұлшық етінің осал екенін байқады. Жетекшінің айтуымен қай бұлшық етті шынықтыру керек.
Жауап: Кіші кеуде бұлшық етімен бұғана асты бұлшық етін шынықтыру керек.
№28. Самай-астыңғы жақ буынында бірнеше қозғалыстар болады: жақты көтеру, түсіру, алға, артқа қозғалу, оң-солға қозғау. Кейде артық қозғалғанда осы шығып кету болады. Бұның болмауына қандай анатомиялық құрылым кедергі жасайды?
Жауап: Самай-астыңғы жақ буынның алға шығып кетуіне кедергі жасайтын самай сүйегінің буындық төмпешігі.
№29. Биіктіктен вертикальді құлаған адамда бел омыртқасында компрессиондық сынық болады. Омыртқа бағанасының бел бөлігіндегі лордоз үлкейеді. Бұл иілімнің үлкеюіне омыртқа бағанасының қай жалғамасының жарақаттануы әкеліп соқты.
Жауап: Омыртқа бағанасының бел бөлігінің лордозының үлкеюіне алдыңғы ұзына бойлы жалғаманың жарақаттануынан болады.
№30. Қолда ең көп кездесетін жарақат, иық буынының шығып кетуі.
Қандай анатомиялық факторлар шығып кетуге себеп болатынын көрсет.
Жауап: Жиі шығып кетуге себепкер болатын: жақсы дамыған жалғаманың болмауы, буындық қапшықтың бостығы, буындық беттерінің бір бірімен сәйкес келмеуі.
№31.Шешесі 7 жасар қызын хирургқа әкелді. Әкелген себебі: қызының білегі шынтақ буынынан 1800 –тан көпке жазылады. Бірақ хирург патология таппады, шешесін жұбатты.Неге хирург 1800 жазылатынын патология деп таппады?
Жауап: Балаларда және кейбір әйелдерде аса көп білектің жазылатыны, жалғамалар аппаратының осалдығынан, шынтақ өсіндісінің мөлшерінің кішкентайлығынан болады.
№32.Кәріжлік білезік буынының рентген суреттемесінде медиальды бөлігінде «рентгендік саңылау» кеңейген. Бұл патолгияға жатады ма?
Жауап: Рентген суреттемесінің кәріжілік білезік буынының медиальды бөлігінде саңылау кеңейген себебі, онда буындық диск орналасқан.
№33.Спортсмен ұзындыққа секіргенде шалқайып кетіп, жамбас буынында ауру пайда болды. Травматолог қарағанда санын жаза алмайтынын байқады.
Дәрігер жамбас буынының жалғамалары созылған деп диагноз қойды.
Осы жарақатта жамбас буынының қай жалғамалары жарақаттанған?
Жауап: Бұл жағдайда мықын-сан жалғамасы жарақаттанған.
№34. Хирургке аяқ басының бір бөлігін Шопар буынының линиясы алуға тура келді. Бұл операцияны жасағанда қай жалғаманы кесуге болады?
Жауап: Шопар буынының сызығмен аяқ басының кішкене бөлігін кесіп алу үшін айрық жалғаманы кесу керек.
№35. Көздің төменгі қабырғасы аймағында қабыну процессі кезінде ірің жиналды. Емдеуші дәрігіер қабыныудың қанат таңдай шұңқырына жайылуын күтеді. Қабыну процессі қандай тесік арқылы көз ойысын қанат таңдай шұңқырына өтеді
Жауап: Қабыну процессі көз аймағыныан қанат таңдай шұңқырына төменгі көздік саңылау арқылы өтуі мүмкін
№36. Бас қаңқасының төменгі бөлігінде мойындырық тесігі орналасқан. Осы тесік арқылы нервтер мен ірі венозды тамыр өтеді. Мойындырық тесігі аймағында орналасқан тамыр жарақаттанса бас қаңқасының қай қуысына қан құйлады?
Жауап: Қан бас қаңқасының артқы қуысына құйылады
№37.Автожарақаттан кейін зардап шекен адам мұрын жарақатын алды. Осыдан кейін мұрын пердесі сынды. Қандай сүйектер жарақаттанды?
Жауап: Кеңсірік пен тор сүйегі жарақат алды.
№38. Футбол ойыны кезінде доппен тепкен кезде сирақ буынын тез түрде аяқ ұшымен жазылады. Бұл аяқтың қозғалысын қандай бұлшықеттер жүзеге асырады?
Жауап: Бұл қозғалысты санның төртбасты бұлшықеті жүзеге асырады
№39. Ауруды қараған кезде, жүректің оң жақ шекарасы төстен 3 см оң жаққа қарай ығысқан. Жүректің қай шекарасы үлкейген?
Жауап: ventriculus dexter
№40. Жүрек ұшының соғуы 5- қабырғааралықта ортаңғы бұғана сызығында сыртқа қарай сезіледі. Жүректің қай камерасы үлкейген?
Жауап: ventriculus sinister
№41. Тыныс жолдарына бөгде зат түскен адамды жарақатбөліміне әкелді. Басты бронхтардың анатомиялық ерекшелігін ескере отырып заттың қай бронхта тұрып қалғанын айт.
Жауап: Оң басты бронхта.
№42. Ауруда қабыну процесімен кеңірдектің артқы қабырғасы бұзылған. Бұл
Жағдайда қабыну процесі қай ағзаға өтуі мүмкін екендігін көрсет.
Жауап: Кеңірдектің артқы қабырғасының қабыну процесі өңешке өтеді.
№43. Интубациялық түтікті көмейге салу үшін дәрігер тамақ арқылы көмей
кіреберісі қолмен табады. Көмейге кіретін тесік немен қоршалған?
Жауап: Көмейге кіретін тесіктің алдын көмей үсті шеміршегі, артын ожау тәрізді шеміршектердің ұштары бүйірінде ожау – көмей үсті қатпарлы қоршаған
№44. Дәрігер әншінің көмейін қарады. Қалыпты жағдайда дыбыс саңлауы сау адамда пішіні қандай болады.
Жауап: Жәй тыныс алғанда дыбыс саңлауының пішіні үш бұрышты болады.
№45. Плевритпен ауратын ауруды рентгеноанатомиялық тексерістен өткізгенде, оның плевра қуысынан сұйықтықтық табылды. Сұйықтықтың жиналуы плевраның қай бөлігінде болды?
Жауап: Сұйықтықтың жиналуы, оның салмағына байланысты қабырға-диагфрагмалық синусында болды.
№46. Кеуде қуысының рентген суретінен дәрігер сол өкпенің «өкпелік алаңы»оң өкпеге қарағанда кіші екенің байқалды. Оң және сол өкпелердің көлемі бірдей еместігін немен түсіндіруге болады?
Жауап: Сол өкпенің кішілігі жүрекке байланысты, ол кеуде қуысының сол жағында көп орын алып жатыр.
№47.Стоматолог-дәрігер ауыз қуысын қарайды. Жұмысқа кіресер алдында тіл
астына тампон салады. Неге бұл манипуляцияны жасайды?
Жауап: Сілекейді азайту мақсатында.
№48. Дәрігер-стоматолог тіске пломб салады. Ауыз қуысында слекейдің
жиналуын азайту үшін шықшыт безінің өзегінің тесігін жабу үшін
тампонды қайда салуы керек?
Жауап: Дәрігер тампонды немесе дренаждық трубканы ауыз кіреберісіне салады.
№49. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№50. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның
үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№51. Балада үстіңгі және астыңғы күрек тістер түгелімен шықты. Баланың жасын анықта.
Жауап: 10-12 айлық бала
№52. Балада мұрынмен дем алу қиындады. Дәрігер қай бадамшаның үлкейгені туралы ойлау керек?
Жауап: Жұтқыншақтық бадамша үлкейген
№53. Инфекциондық гепатит диагнозымен аурухананың инфекциялық бөліміне ауру түсті. Ауруда терісінің сарғайғаны , несебі қара, нәжісі ақ екені байқалады. Дұрыстап қарағаннан кейін ауру хирургиялық бөлімге ауыстырылады да өт қапшы тасы бойынша тез операция жасалынды.Диагноз холастаз шақырған тастар қай анатомиялық құрылымда болғанын көрсет.
Жауап: Жалпы өт өзегі
№54.Операцияда аурудың ұйқы безінің басы үлкейгені байқалады. Неге бұл патологияда өт 12 елі ішекке түспейді?
Жауап: Жалпы өт өзегінің онекіелі ішекке өт құйылуында бұзылыстар байқалған
№55.Ауруда – қапшықталған немесе қоршалған перитонит деген диагноз қойылды. Ортаңғы қабаттың қай анатомиялық құрылымында инфекция жиналуы мүмкін.
Жауап: Шажырқайлық қойнаулар
№56. Аурудың асқазанынының артқы қабырғасында ісік бар. Қойған диагноздың дұрыстығын тексеру үшін хирург қай анатомиялық құрылыс арқылы саусағын тығып тексереді ?
Жауап: Шарбылық тесік
№57. Ауруға III сол қабырға шеміршегінің төске байланатын жерінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: truncus pulmonalis
№58. Ауруда III қабырға аралығында төстің сол жиегінде систоликалық шу естіледі. Осы жерде қандай ірі тамырдың проекциясы орналасқан?
Жауап: aorta
№59. Операция кезінде хирург асқазан шарбымай артерниясымен бірге бір артериялық бағананы кесіп жіберді, осының салдарынан ауруда айналма ішектәің көлденең бөлігінде және төмен түскен бөлігінде қан келуі бұзылды. Қай артерияны кесіп жіберді, неге?
Жауап: хирург ортаңғы айналма артерияны кесті, өйткені ол көлденең ішектің шажырқайынан артерияны ажыратпаған.
№60. Сан жарығына операция кезінде, жарық қапшығын бөліп шығару кезінде хирург артериальды анастомозды кесіп жіберді, ол ауруда жақсы дамыған болатын, қорытындысында күшті қан ағуы болды, оны тоқтату қиын болды. Қандай анастомоз кесілді, ол қай артериялардың арасында және неге күшті қан ағуы болды?
Жауап: Мүмкін «Corona mortis анастомозы кесілген болуы керек, ол төменгі құрсақ үсті артериясымен жапқыш артериясының арасында болады, қанның күшті ағуы ірі артериялардың бағаналардың жақын жатқандығынан болды, сонымен бірге оған лигатура жасау қиынға түседі, өйткені анастомоздар тармақтары ажырап кеткендіктен.
№61. Хирург бас сүйегіне трепанация жасағанда сүйектердің жиегін қан ақпау үшін замазкалайды. Қанның қайдан шығатынын көрсет.
Жауап: Қан ағу диплоэтикалық веналардан шығады. Ол бас сүйектердің
кемікті затында болады.
№62. Хирург трахеостома жасаған кезде көп қан ағуына әкеледі ол қандай анастомозды кесті.
Жауап: Мүмкін хирург мойындырық вена доғасына кесті, ол төс үсітнде
апоневротикалық қуыста орналасқан
№63. Варикоцеллемен ауыратын адамда сол аралық бездің тесігі оңнан үлкен болады?
Жауап: Сол аналық без венасы сол бүйрек венасына құяды, ал оң аталық без төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан бұнда қан ағымы жеңіл болады
№64. Дәрігер аурудың құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасынан веноздық торды көрді веналары жоғарыдан төмен қарай, кіндіктен төмен қарай түскен. Бұл симптом қалай аталады және қандай потологияны ойлау керек. Қандай анастомоздар қатысқан?
Жауап: Клиникада бұл симптом «Медуза Горгонаның басы» деп аталады, бұл бауыр циррозының белгісі. Бұл жоғары, төменгі қуыс веалар және қақпа венасының арасындағы анастомоздар.
№65. Науқаста аяқтарының қатты ісіктері байқалады, былайша айтқанда «піл аяғы». Қандай жүйенің бұзылғаны туралы дәрігер ойлау керек.
Жауап: Дренажды функцияны атқаратын лимфа жүйесінің бұзылғаны туралы ойлау керек
3. Сынақ, емтихан сұрақтары
-
ОСТЕОЛОГИЯ — сүйектер туралы ілім
1. Қаңқа туралы жалпы деректер. Сүйектердің дамуы (филогенез,онтогенез). Сүйектердің жіктелуі, олардың пішініне, құрылысына және дамуына байланысты айырмашылықтары.
2.Сүйектің құрылысы: диафиз, метафиз, эпифиз, апофиз. Қыртысты және кемік зат. Сүйектің химиялық және физикалық құрамы. Сүйек қабығы. Сүйек ағза есебінде. Сүйек құрылысының балалық, жасөспірім, кемеліне келген, кексе және қартайған шақтарындағы ерекшеліктері. Сүйектің рентгендегі бейнесі. Сүйек құрылысына еңбектің, спорттың (П.Ф.Лесгафт) әсері. Сүйектің дамуы мен құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.
3.Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасының филогенезі мен онтогенезіне қысқаша түсінік. Омыртқа бағанасының әртүрлі бөліктеріндегі омыртқалар құрылысының ерекшеліктері. Мойын, кеуде және бел омыртқалары. Сегізкөз және құйымшақ. Омыртқалар құрылысының жасқа және жынысқа байланысты ерекшеліктері.
4.Қабырғалар мен төс. Қабырғалар мен төстің құрылысы. Қабырғалардың жіктелуі: нағыз (қара), жалған (сүбе) және қозғалмалы қабырғалар. Қабырғалар мен төстің пішіндерінің өзгергіштігі, даму аномалиялары.
5.Бассүйек. Бассүйектің дамуы (филогенез және онтогенез). Бассүйектің ми және бет бөліктері. Ми сауытын құратын сүйектер: маңдай, сынатәрізді, шеке, шүйде, самай, торлы (кеңсірік) сүйектер. Бет сүйектеріне жататын: жоғарғы және төменгі жақсүйектер, бетсүйек, таңдай, мұрын, көз жасы сүйектері, төменгі мұрын қалқаны, кеңсірік желбезегі. Тіл асты сүйегі. Дамуы және қызметіне байланысты ми сауыты мен бет сүйектерінің құрылыс ерекшеліктері.
6.Бассүйек топографиясы: Бассүйек күмбезі, бассүйектің сыртқы және ішкі негіздері. Алдыңғы, ортаңғы, артқы бас сүйек шұңқырлары,көз шарасы (көздік,көз ұясы),мұрын қуысы,ауыз қуысының сүйекті негізі,самай,самайасты және қанаттаңдай шұңқырлары.
7.Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері: жаңа туған нәрестенің бассүйегі (еңбектер және басқа белгілер),ми сауыты мен бет сүйектерінің дамуының байланыстары,туғаннан кейінгі бассүйектің тез өсу кезеңдері.Кәрілікке байланысты бассүйектің өзгеруі.Бассүйек құрылысының жынысқа және типке байланысты ерекшеліктері,даму кемістіктері (аномалиялары).Бассұйектің рентген анатомиясы.Бассүйек туралы ілімнің нәсілшілдік теориясын сынау.
8.Қол,аяқ сүйектері: Қол сүйектері. Иық белдеуі сүйектері: бұғана,жауырын; қол сүйектерінің еркін бөлігі: тоқпан жілік, білек және қол ұшы (қол басы) сүйектері; дән тәрізді сүйектер. Иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі сүйектерінің рентгенанатомиялық құрылысы мен сүйектену мерзімдері.
9.Аяқ сүйектері. Аяқ белдеуі сүйектері: жамбас сүйек, оның бөліктері Аяқтың еркін бөлігінің сүйектері: ортан жілік, сирақ, аяқ ұшы (басы) сүйектері; дәнтәрізді сүйектер. Аяқтың белдеуі мен еркін бөлігі сүйектерінің рентгенанатомиялық құрылысы мен сүйектену мерзімдері. Қол және аяқ қаңқалары құрылыстарының, олардың қызметтеріне байланысты ұқсастығы және айырмашылықтары. Антропогенез процесінде пайда болған қол және аяқ сүйектерінің құрылысындағы ерекшелік белгілері.Тірі адамдағы қолмен ұстап байқайтын аяқ-қол қаңқасындағы аймақтар.
ІІ. АРТРОСИНДЕСМОЛОГИЯ- сүйектер қосылыстары туралы ілім
10.Қосылыстардың дамуы (филогенез және онтогенез). Құрылысы мен қызметіне байланысты сүйектер қосылыстарының жіктелуі. Үзіліссіз қосылыстардың түрлері (синартроздар). Жартылай буындар (гемиартроздар).
11.Буынның құрылысы. Буындық беттердің құрылысы мен пішініне және қызметіне байланысты буындардың жіктелуі. Қарапайым және күрделі, комплексті (құрама), үйлесімді буындар. Бір білікті, екі білікті, үш білікті (көп білікті) буындар. Буындардағы қозғалыс түрлері және олардың анализі (айналу біліктері, қозғалыс жазықтықтары).
12.Бассүйек пен тұлға сүйектерінің қосылыстары. Омыртқааралық дискілер (фиброзды сақина, сілікпе тәрізді ядро), доға-өсінділер буындары, байламдар. Атлант-шүйде және атлант-біліктік буындар. Тұтас омыртқа бағанасы (иіндері, жасқа, жынысқа байланысты ерекшеліктері). Омыртқа бағанасының рентгенанатомиясы. Қабырға-омыртқа және төс-қабырға буындары (қосылыстары). Тұтас кеуде торы. Кеуденің пішіндері. Кеуде торының рентгенографиясы. Кеуде торының құрылысының кемістіктері (аномалиялары).
Адамның тік жүруіне және қызметіне байланысты омыртқа бағанасы мен кеуде торының ерекше құрылыс белгілері.
13.Бассүйек сүйектерінің қосылыстары: жіктер және синхондроздар, шықшыт (самай-төменгі жақсүйек) буыны.
14.Иық белдеуі сүйектерінің буындары. Акромион — бұғана және төс-бұғана буындары.
15.Қолдың еркін бөлігінің буындары. Иық буыны. Шынтақ буыны. Білек сүйектерінің қосылыстары. Кәріжілік-білезік буындары. Қол ұшы (басы) сүйектерінің буындары.
16.Аяқ белдеуі сүйектерінің буындары. Жамбас сүйектерінің бір-бірімен (қасаға симфизі), және сегізкөзбен (сегізкөз-мықын буыны) қосылыстары. Тұтас жамбас астауы, оның мөлшерлері. Жасқа, жынысқа байланысты және жеке ерекшеліктері.
17.Аяқтың еркін бөлігінің буындары. Ұршық (Жамбас-ортан жілік буыны. Тізе буыны. Сирақ сүйектерінің қосылыстары. Сирақ-асық буыны. Аяқ ұщы (басы) буындары. Аяқ ұшы (басы) күмбездері.
18.Сүйектер қосылыстарының рентгенанатомиясы.
ІІІ. МИОЛОГИЯ — бұлшықеттер туралы ілім
Достарыңызбен бөлісу: |