М.Өтемісов атындағы БҚУ тарих, экономика және құқық факультеті Оқу-әдістемелік кеңесінің 2020 жылдың 18 қыркүйек №1хаттамасынан Көшірме


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



бет2/2
Дата25.01.2022
өлшемі27.92 Kb.
#454824
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Выписка мінез құлық

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Экономика және менеджмент кафедрасы отырысының

2020 жылдың 15 қыркүйек

2 хаттамасынан



Көшірме

Төраға: Ф.К.Мухамбеткалиева

Хатшы: Г.Н.Бисенова

Қатысқандар кафедра мүшелері

Қатыспағандар: жоқ

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Ағымдағы мәселелер

Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары Ф.К.Мухамбеткалиева, А.Ж. Акмалиева «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәнінен жағдайлық тапсырмалар оқу-әдістемелік құралын М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың редакциялық баспа орталығынан шығару үшін факультеттің ОӘК-нің қарауына ұсыну туралы. Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісінің м.а.– Ф.Қ.Мухамбеткалиева


ТЫҢДАЛДЫ:
Ағымдағы мәселе бойынша кафедра меңгерушісінің м.а. Ф.К.Мухамбеткалиева жоспарланған оқу-әдістемелік құралы экономика білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге керекті ақпараттарды алудың негізі ретінде көрсетуге болады. Кафедраның э.ғ.м., аға оқытушылары Ф.К.Мухамбеткалиева ,А.Ж. Акмалиеваның «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәнінен оқу-әдістемелік құралын кафедраның жоспарына сай екендігін, қажет құрал екенін айтып, шығару жөнінде ұсынысын білдірді.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Экономика және менеджмент кафедрасының доценті, э.ғ.к. Г.Н.Сулейменова өз ойын білдірді: Әлеуметтік жүйе – жеке адамдардың әртүрлі өзара әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын қарым-қатынастардың кешені. Әрбір адамдардың шағын тобы ірі бірлестіктердің ішінде қосалқы жүйелерді білдіреді. Топтың кез келген мүшесінің мінез-құлқы оның қатысушысының кез келген екіншісінің әрекеттесуіне тікелей немесе жанама әсер етеді.

Оқу-әдістемелік құралында әртүрлі типтегі әлеуметтік ұйымдастырылған жүйедегі адам мінез-құлығының теориялық негіздеріне, қоғамдағы адам мінез-құлығына және тұрмыстағы іс-қызметін ұйымдастыру мәніне, принциптеріне, заңдылықтарына және тәсілдеріне, басқару саласымен қатар, ұйымдық іс-қызметтің көптеген түрлеріе көңіл бөлінген, осыған байланысты Ф.К.Мухамбеткалиева ,А.Ж. Акмалиеваның «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәнінен оқу-әдістемелік құралын экономика білім беру бағдарламасы оқытушылары мен студенттерге арналған қажетті оқу-әдістемелік құралы екенін айтты.

Экономика және менеджмент кафедрасының э.ғ.д., А.И.Гиззатова:басылымға ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралындың өзектілігі- ұйымның формализмдік және жекеленген қарым-қатынастың екі жағын білдіру,ұйымдасқан іс-қызметтің , қоғамның және қоршаған ортаның әртүрлі әлеуметтік құрылымдарында әртүрлі факторлар мен жағдайлардың әсерін оқып білу,ұйымдық мінез-құлықтың заңдылықтарын тану, қазіргі әлемдедегі ұйымдық мінез-құлықтың ерекшеліктері,қоғамдағы адамның мінез-құлығын және тұрмыстағы іс-қызметін ұйымдастыру тәсілдерін зерттеумен ерекшеленеді.

Аталған оқу-әдістемелік құралы барлық талаптарға сай орындалған және экономика білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауда қолдануға, оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде білімдерін тереңдетуге болады деп есептеймін».


ҚАУЛЫ:
Экономика және менеджмент кафедрасының э.ғ.м., аға оқытушылары Ф.К.Мухамбеткалиева ,А.Ж. Акмалиеваның экономика білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған «Мінез-құлықты ұйымдастыру» пәнінен оқу-әдістемелік құралын М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың редакциялық баспа орталығына шығару үшін факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің қарауына ұсынылсын.

Төраға: Ф.К.Мухамбеткалиева



Хатшы: Г.Н.Бисенова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет