Мотивациялық кітаптар жиынтығы



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата02.01.2022
өлшемі1.27 Mb.
#452377
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
2 5201957354035218573

         

Шайқасқа дайынмын

 

Сохо  –  Нью-Йоркте  орналасқан  шағын  ғимараттармен  салынған  аудан.   Бұл 

территория  қатаң  муниципалды  ережелерге  бағынады.   Менің  мақсатым,  бұл  жерде  XXI 

ғасырдың  қонақ  үйін  салу  болды.   Бұл  жер  өте  ыңғайлы.   «Трамп  Сохо»  деп  аталған  45 

қабатты,  құрылысы  450  миллион  долларды  құрайтын  кондоминиумды  жергілікті 

тұрғындар  қарсылықпен  қабылдады.   Әрине,  біз  оған  дайын  болдық!  Жоба  бүкіл 

бөлшектеріне  дейін  ашық  көрсетіліп,  біздің  құрылыс  Сохоның  аудандық  заңының  бүкіл 

талаптарына сай болды, ақыры бір жылдан кейін рұқсатқа қол жеткіздік. Қиындықтар біз 

ойлағаннан  да  көп  еді.   Бұл  ірі  көлемді  жоспар,  алайда  біз  де  оны  жүзеге  асыра 

алмайтындай   майда  емеспіз! Жайсыздық  -  өмірлік  жағдайлардың  бір  көрінісі. Бір 

күнімізді болсын онсыз өткізуге деген мүмкіндігіміз аз. Жайсыздықтарды наразылық пен 

түңілу деп емес, өз күштеріңізді көрсетуге деген шақырту деп қабылдаңыз. Мәселелерден 

әрдайым  жоғары  тұра  біліңіз,  өзіңіздің  құқығыңызды  қорғауға  әрқашан  дайын  болыңыз, 

сонда ғана бәрі жақсы болады! Ешқашан берілмеудің арқасында адамдарға қол ұшын бере 

аласыз! Кейде  біреуге  бірдеңе  беру  арқылы,  тағы  бір  талантыңызды  ашуға  мүмкіндік 

береді. Қарапайым мысал келтірейін, жылда мен сурет салып, шетіне қолтаңбамды қойып, 

оны  аукционда  сатамын. Кейіннен,  түскен  ақшаны  Нью-Йорктағы  аш  халыққа  таратып 

береміз,  бір  сөзбен  айтқанда  қайырымдылық  қорын  көптеп  ұйымдастырамыз.  Бұл 

қаражатты  айтпағанда,  уақытты  да,  үлкен  күш-қайратты  да  талап  етеді.  Бірде  менің 

танысым, бұның бәрі саған не үшін қажет дегенде: «Өйткені, ол менің қолымнан келеді!»

-  деп  жауап  бердім.  Ойлап  көріңіздер,   «Өйткені,  мен  істей  аламын!»  қандай  керемет 

сөз. Егерде сіз ұстанымыздан бас тартпайтын адам болсаңыз, бір кездері басқаларға да қол 

ұшын бере аласыз, осыны ұмытпаңыз!          

Мәселенің  бар  екенін  ұмытпаңыз,  сонда  ғана  олар  алаңдатушылық  туғызбайды. 



 Бұл  сөздерді  ылғи  да  қайталап  тұрған  жөн.   Үлкен  мақсатқа  жету  үшін  көп  тер  төгу 

керектігін  ұғынған  шығарсыз. Жобаңыздың  масштабы  қаншалықты  екендігі  маңызды 

емес,  бастысы  келеңсіз  жағдайлардан   қашып  құтыла  алмайтыныңызда.   Сіздің  тегіңіз 

мейлі  Трамп,  не  басқа  болса  да,  жетістікке  жетудің  басты  жолы  қиындықтармен  күресе 

білу.   Бұған  дайын  болыңыз!  Наразы  топқа  қосылмаңыз,  жетістік  тек  сіздің 

қолыңызда! Қазір  бір  келеңсіз  жағдайға  тап  болдыңыз  делік.  Сіз  жалғыз  емессіз,  оған 

сенімді болыңыз! Наразы топқа қосылу, қосылмауыңыз сіздің позитивті көзқарасыңызда. 

Жағдайды  бақылаудан  өткізсеңіз,  кімнен  көмек  сұрау  керектігін  түсінесіз,  әрине,  ол 

өзіңізден! Сіз  тағы  баға  жетпес  ашылым  жасайсыз,  жетістіктің,  бақыттың,  күш-қуаттың, 

денсаулықтың кепілі ол тек мына өзіңіз. Кейде өзімшілдігіңізді жаншып, басу керек.  Егер 

бар  мәліметтерден  жаңа  нәрсе  ойлап  тапқыңыз  келсе,  ол  өте  қиын  шаруа.  Сізден 

табандылық  пен  жігерлік  қажет,  бұл  қиындықтардың  бәріне  төзу  үшін  қиын  жағдайлар 

көптеееп болады. Батыл болу, үрейдің жоқ болуы емес, оны жеңе білу. Мойындаңыздар, 

жеңілу оп-оңай нәрсе, әрі ол бейбақ адамның тірлігі. Көп жағдайда осы табандылық пен 

қиындыққа сынбайтын қасиеттері арқылы қарапайым адамдар биік қамалдарды ала алады. 



Мотивациялық кітаптар жиынтығы 

 

www.zhanaoi.kz 



Айқын  мысал  ретінде  ер  жүректігінің  арқасында  атақты  тұлғаға  айналған  –  Авраам 

Линкольнды  айтсақ  болады.  Өзіңе  деген  сенімділікті  құраушылардың  бірі  – 

ержүректік. Черчиль дүниежүзілік соғыс кезінде халыққа мына сөздерді айтқан болатын: 

Ешқашан, ешқашан, ешқашан үлкен не кіші болсын, жай не  ұлы шаруа болсын, ешқашан 

қандай  жағдай  болса  да,  дұрыс  шешім  мен  ар-ұяттан  басқа  ештеңеге  берілмеңіздер. 

Ешқандай  күшке  бағынбаңыздар,  алдарыңыздағы  қарсылас  мықты  болса  да,  кейін 

шегінуші болмаңыздар.”           

Естеріңізде  ме  үрейді  жеңуге  болады  деп  айтып  едім  ғой? Ержүректілік,  жеңіске 

деген зейін қою жетістіктің кілтін алып береді. Ынтагер болыңыздар, биік қамалды сонда 

ғана  ала  аласыздар. Асқан  ынта  болған  жағдайда  ғана  жетістікке  жетесіздер.  Сіздің 

жұмысыңызға  оптимистік  көзқараспен  қарайтын  кәсіби  мамандармен  жұмыс  істеңіз. 

Егерде  сіз  жұмысыңызды  жақсы  көрсеңіз,  кедергілерді  жеңу  әдеттегі  шаруаның  біріне 

айналадыМәселелер мен сәтсіздіктер сіз ойнап жатқан ойынның бір бөлігі деп санаңыз. 

Егерде  мәселелер  болмаса,  ісіңіздің  маңызды  болмағаны,  яғни  одан  үлкен  мүмкіндіктер 

күтудің  қажеті  жоқ.  Маңызды  мүмкіндіктер  сәйкесінше  ірі  мәселелерді  алып 

келеді. Сондықтан  да,  сынаққа  дайын  болыңыздар.  Мынадай  жағдайға  ұшырайсыздар 

ма, қолыңыздан  келгеннің  барлығын  істеп,  алайда  оның   нәтижесіз  болуы. Сонда  мына 

сұрақтар  туындайды: қалай  және  қашан  бұл  әрекеттерді  тоқтату  керек?  Әдетте,  мен 



шамадан  тыс  сабыр  сақтаймын”,  -   дейді  автор.  Кейде  өзіңізді  жеңімпаз  ретінде 

мойындау керек, ұтылған жағдайдың өзінде бір бағалы мағлұмат алдыңыз ғой, иә?! Бұны 

жаңа бір тәжірибе ретінде қабылдап, сәтсіздікті өзіңіздің пайдаңызға асырыңыз. Жай ғана 

жан-жағыңызға қарап, жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет