Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Фергюс О’Коннел:
ӘРБІР ІСТІ ӨЗ УАҚТЫНДА ОРЫНДА
Сіздің уақытыңызды кім басқарады? Сіз бе, сіздің клиенттеріңіз, бастықтарыңыз,
әлде әріптестеріңіз бе? Сіздің өміріңізді кім анықтайды? Сіз бе әлде сізді өз ырқына
көндіретін қоршаған ортадағылар ма? Қалай жобаны үздік жасап, кәсіби зейін мен жеке
өміріңіздің арасындағы балансты сақтап отыруға болады? Бұл сұрақтармен кез-келген
жеке бизнесі бар немесе корпоративтік ортадағы адам жолыққан шығар. Жоғарыдағы
сұрақтарға жауап алу үшін Фергюс О’Коннелдің “Әр бір істі өз уақтында орында” (How
to do a Great Job and go Home on Time, Fergus O’Connell) шығармасындағы автордың
пікірлерімен таныстырып өтесіз.
Автор бұл кітапта TIME менеджмент
, яғни уақытты және жеке басты,
корпоративті дамуды басқарудың ең тиімді құралдарын ұсына отырып, жұмыс пен жеке
өмір арасындағы теңгерімді қалай орнату керек, соның арқасында армандаған өмірімізге
қалай жететінімізді үйретеді. Жұмыстың стилін өзгерту – жеке бастың таңдауы, әркімнің
қолынан келетін таңдау. «Жұмыс – жеке өмір» арасындағы теңгерімді ұстанатын және
ұстанбайтын адамдардың айырмашылығы – олардың әдеттерінде. Жаман әдеттерді
жақсыға бұрып, бұл қағиданы қатаң ұстанушыларға айналдыратын кітап. Егер
қалыптасқан өмір жалықтырса, онда балама таңдау бар. Алдарыңызда, дұрыс жолдың ізі
жатыр. Автор «балдық карточка» атты қарапайым және маңызды құралды ұсынады. Біз
бүгінгі таңда «жұмыс – жеке өмір» арасындағы теңгерімнің жайын есептеу үшін оның
жақсы күйден қаншалықты алыста екенін көрсету мақсатында бұл карточкамен қалай
қолдануды үйретеміз. Әр күн, әр апта, әр ай, әр жыл сайын бізде белгілі бір уақыт
бірлігі болады. Уақытқа сұраныс артса, оны қалай дұрыс нәрсеге жұмсайсыздар? «Балдық
карточка» көмекке келеді.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Балдық карточкада толып тұрған шаруалардан бір күнге қалай босаймын?
Бұл
сұраққа былай жауап жазылған:
1. барлық жұмысты өзіңіз істемей, өкілеттік беріңіз. Әрине, барлық жұмысты біреудің
иығына асып қою емес, тек бірер шаруаны бітіру үшін көмек сұрау
2. белгілі бір жұмысты орындау үшін, біреуді үйретуге дағдылау
3. өзіңіз де курс оқысаңыз болады, жұмыс барынша тез және тиімді орындалу үшін.
4. басыңқы істерді анықтаңыз! Ол үшін «Мына тізімдегі жұмыстардың біреуін ғана
істей алсам, қайсысынан бастар едім?», - деген сұрақтар қоя отырып анықтайсыз.
Автордың тағы бір айтпағы – мерзімнен тыс жұмыстан арылу!
Бір
шаруаны бітірмей, екіншісіне көшпеу. Әйтпесе, уақыт көп кетеді.
Кейде қалыптасқан жағдайды ауыстырып отырған да жөн.
Антракт уақытын азайту не алып тастау. «Жасыл уақыт» және «қызыл уақыт»
деп бөліңіздер. Қызыл уақытта ешкім мазаламауын қадағалаңыздар.
Уақытты босқа алатын адамдардан қорғаныңыз. Сылтау айтып, сытылып
кетіңіз!
Күндеріңізді жоспарлаңыз. Шаруалардың тізімін міндетті түрде жазыңыз.
Мысалы, жұмыс 17:00-де бітсе, 16:00-ге дейін бітіруге тырысыңыз, тығыз
жағдай болып қалса, сіздің қорыңызда артық бір сағат бар.
Рационализациялау және жұмысты қарқынды жетілдіру арқылы уақытты
үнемдеу.
Жұмысты жаба салып, уақытты бос өткізбеңіз!
Жоғарыдағы айтылғандарды мүдірмей істесеңдер, уақыт көптеп артылады.
Өздеріңізге марапат ретінде сүйікті шаруаңызбен айналыссаңыз болады.
Фергюс О’Коннел бәріне үлгерудің үш жолын ажыратады:
1. Мақсатты нақты анықтап, басыңқы шаруаларды бітірудің керектігін айтады. Сіздің
мақсаттарыңызға жауап бере алатын ғана әрекеттерді істеңіздер!!!
2. «Жоқ» деп айтып үйрену. Ол үшін не істеу керек? Бастысы келіссөздер жүргізуге
дағдылану. Деректерге сүйену. Иә, бұл оңай шаруа емес. Егер бұл мақсатты жүзеге
асыра алсаңыз, тағы да уақыт үнемдедіңіз, онда сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз
болады.
3. Басты шаруаларды, қосалқы шаруалардан ажырата алуды үйрендіңіз, мақсатты
анықтап, кейіннен «жоқ» деп айтқандағы ептілік және әліңіз жететін шаруаларға
ғана кірісуді білесіз. Ендігі кезек тағы «балдық карточкада». Оны 6 айға толтырып,
ауырлық мүлдем түсірмеуге тырысыңыз. Егер нәтижеңе оң болмаса, қапаланбай,
тағы өзіңізді сынаңыз, арасында өзіңізге марапат та жасап отырыңыздар.
«Жеке өмір – жұмыс»ты қатар алып жүретін, бәріне үлгере алатын адам болу үшін
не кедергі етеді? Оның жауабы:
Мақұлдауды іздеу. Бұл қасиеттерден арылу үшін дербес ойлау қабілетіңізді дамыту.
Сыншылардың міндеті – сынау, сіздің міндетіңіз – жеңіске жету.
Өз-өзіңді кінәлі деп сезіну. Бұл ең пайдасыз эмоциялардың бірі. Менің айтар
кеңесім – өз-өзіңді кінәләйтін ойлардан арылу үшін күнделік бастаңыз. Әр кез оны
толтырып, барлық сай мәліметті жазыңыз. Бірер айдан соң нәтиже оңтайлы болады, себебі
қай жерде кінәлі сезінбеу керектігін байқайсыз.