Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет121/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   129
оперативтік хир 8 н

 


233 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Бас аумақтарына және оның терісінің жүйкеленуіне байланысты 
аумақтарға бөлу.
2. Жылқы және ірі қара малдың үшкілік жүйке бұтақтарын тежеу 
нүктелерін анықтаңыздар.
3. Ірі қара малдың танау аумағы: танау қуысы, танау қабыршақтары, 
танау манайындағы синустер және оған жасайтын операциялардың 
техникасы.
4. Танау қабырғаларының және синустерінің трепанациясы, оның 
көрсетулері мен техникасы.
5. Ірі қара малдың мүйізінің құрылымы, қанмен қамтамассыз етуі және 
жүйкеленуі; декорнуация.
6. Қой бассүйегі ми бөлімдерінің топографиясы; ценурозға операция 
жасау. 
7. Мойынның вентральдық аумағының шекарасы, жылқы және ірі қара 
малда оның қабаттары мен құрылымы. Күре тамыр, трахея және өңештің 
топографиясы. 
8. Ірі малдың краниальды мойын симпатиялық ганглиасын және 
жұлдыз тәрізді түйінін тежеу. 
9. Трахеотомия және эзофаготомия; шошқалардың күре тамырының 
пункциясы.
10. Кеуде қабырғасының қабаттық құрылымы, шекаралары, жүйкеленуі 
және қанмен қамтамассыз етілуі.
11. Кеуде қабырғасының өткізгіштік жансыздандыруы; қабырғалардың 
резекциясы және плевроцентездің ережелері.
12. В. В. Мосин тәсілімен құрсақ жүйкелерді және шекаралық 
симпатиялық түйіндерді тежеу, қолқа пункциясы.
13. Плевралық қуысты ашуы қандай қауіп-қатерді түзеді; пневмоторакс 
деген не және оны жедел жоюдың шаралары?
14. Құрсақ қабырғасының шекаралары, құрылымы, жүйкеленуі және 
қанмен қамтамассыз етуі.
15. Диафрагманың остеотопиялық проекциясы, мес қарының, тақия 
қарының, жалбыршақтың, ұлтабардың, бауырдың көкбауырдың орналасу 
жайлары.
16. Құрсақ қабырғасын жергілікті жансыздану тәсілдері.
17. Лапаротомия тәсілдерін жіктеуі.
18. Руменоцентез, руменотомия, ұлтабарға операция жасау.
19. Ұсақ малдың энтеротомиясы; ішекке тігіс салу техникасы.
20. Ішек резекциясы және ішекті бір-біріне қосып жалғастыру.
21. Құрсақ жарықтарының түрлері, оларға операция жасау тәсілдерді. 
Ол үшін аллопластикалық материалды пайдалану. 
22. Анус және тік ішектің аномалияларын қалыптастыратын 
операциялар.


234 
23. Ұма, еннің және ен бауының құрылымы; олардың қанмен 
қамтамассыз етілуі және жүйкеленуі. 
24. Пішу, орхидектомия деген не? пішу мезгілі және жасы; піштірудің 
шаруашылық мағынасы?
25. Еркек малды пішу әдістер және тәсілдері.
26. Малды пішуде бекіту және жансыздандыру.
27. Интравагинальдық жарықты қалай пішеді?
28. Овариектомия деген не; оны қандай малға орындайды, оның 
экономикалық мағынасы?
29. Овариектомияда қандай оперативтік жетуді қолданады?
30. Сиырларға бір жақтық овариектомия немесе аналық бездердің 
жартысының 
резекциясы 
қандай 
биологиялық, клиникалық және 
шаруашылық мағынасы болады? 
31. Айғырдың және бұқаның жыныс мүшесінің және күпектің 
құрылымы.
32. 
Жыныс 
мүшеге 
операциялар 
жасағанда 
жергілікті 
жансыздандыруды қалай орындайды? 
33. Ірі малдардың жыныс мүшесіне және күпекке қандай операциялар 
орындайды, оларды орындаудың техникасы?
34. Жылқының жыныс мүшесінде кездесетін «манжетканы» кесіп алуы 
және әртүрлі малдың жыныс мүшесінің ампутациясы.
35. Еркек малдың шабының топографиясы және ол аумақта қандай 
операциялар орындалады?
36. Уретротомия, уретростомия, цистотомия ұғымдарына анықтама 
беріңіз, олардың көрсетулері және орындалу техникасы.
37. Цистотомияда қуық қабырғасына қандай тігіс салынады?
38. Аяқтар қандай аумақтарға бөлінеді? 
39. Жылқы және ірі қара малдың кеуде және артқы аяқтарының 
терісінің жүйкелену аймақтары, қанмен қамтамассыз етілуі.
40. Кеуде (артқы) аяқтарында қандай негізгі төбешіктер және ойықтар 
(науашалар) болады: олардың хирургиялық мағынасы?
41. Диагноздық мақсатпен, кеуде (артқы) аяқтарының жүйкелерін 
жансыздандыру.
42. Аяқтың қандай синовиальдық бөлімдері операция объектісі болып 
келеді? Бұл операцияларды орындау техникасын атаңыздар.
43. 
Тенотомия деген не; қандай учаскелерде және қандай 
көрсетулермен орындалады?
44. Десмотомия деген не? Қандай себеппен қандай аумақта ол 
орындалады?
45. 
Малдың қандай түрлерінде және қандай көрсетулермен 
саусақтардың экзартикуляциясы немесе саусақ сүйектерлерінің ампутациясы 
орындалады? Операциялардың техникасы.
46. Ұсақ мал аяқтарына қандай көрсетулермен және қалай ампутация 
жасалады?
47. Каудотомия деген не? Әртүрлі малға орындаудың техникасы. 


235 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет