Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel



бет17/43
Дата08.12.2023
өлшемі3.63 Mb.
#485958
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Конспект MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс

Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен байланысқан WWW-құжаты.
Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазбалар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реляциялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы.
Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.
Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілтдеп атайды.


30 –сабақ. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Access -
те мәліметтерді басқару және орналастыру. Кестелер арасында
байланыс құру.
Microsoft Access жүйесінің деректер қорын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы құрал болып табылады.
Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер қоры деп- компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:
1)Ғылыми зерттеуге арналған;
2)Автоматталған жобаларға арналған;
3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;
4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1]. 
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. 
1.1 Деректер моделі және түрлері
1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс. 
3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.
Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады. 
4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады [2].
6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель тармақталған түрінде беріледі.Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.

Деректер қорының объектілері:
1. кестелер (таблицы)
2. сұраныстар (запросы)
3. үлгілер (формы)
4. есептер (отчеты)
5. беттер (страницы)
6. макростар
7. модульдар
Деректер қорын жобалау технологиясын жаңа түрде келтіру
Сұраныс - сақталынған мәліметтерді өшіру немесе түрлендіру, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын, арнайы түрде сипатталатын қажетті құрал болып табылады. Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады. SQL сұраныстар тілі айнымалы реляциялық есептеулерге негізделген. SQL -тілі кестелерге амалдар қолдануға (құру, өшіру, құрылымын өзгерту) және кесте мәліметтеріне (таңдау, қосу, өшіру, өзгерту) амалдарын орындауға арналған. SQL тілі процедуралық емес тіл болып табылады. Сондықтан ішкі программадағы ұйымдастыру, енгізу- шығаруды басқару операциялары қамтылмайды. SQL-ді пайдаланудың екі әдісі бар:
1) Статистикалық
2) Динамикалық
Бұл тілдің негізгі міндеті: сұраныстарды даярлау мен орындау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет