1.3 Терезені жаңа құжатқа дайындау:
-
файл (Fale), Құру (Создать-New)командаларын орындаңыз немесе «Стандартты» саймандар тақтасында батырманы шертіңіз. «Құжат құру» (Создание документа) сұхбаттық терезесі пайда болады;
-
«бума» («Папка») терезесінде файл сақталатын дискіні немесе «Жұмыс үстелі» («Рабочий стол»), «Менің компьютерім» («Мой компьютер»), «Желі қоршауы» («Сетевое окружение») папкаларының бірін таңдаңыз;
-
жазылатын файл жолын көрсетіңіз:
-
«файл аты» (Имя файла-Files Names) терезесінде сақталатын файлдың атын енгізіңіз;
-
«файл түрі» (Имя файла- Files as Type) терезесінде файл жазылатын пішім түрін көрсетіңіз. (Көрсетілмесе Word.doc кеңейтілуін береді);
-
егер Параметрлер (Параметры-Options) батырмасын шертсеңіз «Праметрлер» деген сұхбаттық терезе пайда болады. Құжатты Автоматты сақтау параметрін тағайындап қоюыңызға болады;
-
атын және параметрлерін көрсеткен соң «Сақтау» («Сохранить-Save») батырмасын шертіңіз.
№2 Зертханалық жұмыс
2.1 Келесі мәтінді қаріппен безендіріңіз (Кегль-12) және «Пішімдеу» («Форматирование») саймандар тақтасының батырмаларын қолданып, абзац тағайындап теріңіз.
Модель дегеніміз-нақты объектінің (құбылыстың) қарапайым үлгісі. Мысалы, глобус-Жер моделі, манекен адам моделі. Глобус-жер бетін, менекен-адам фигурасын бейнелейді.
Модель-жаңа объект, ол оқылып отырған объект немесе құбылыстың модельдеу мақсатында сәйкес негізгі бір түбегейлі жақтарын бейнелейді.
Модель дегеніміз қызметі кей параметрлері бойынша нақты объектінің қызметіне ұқсас оның физикалық немесе информациялық аналогі болып табылады.
2.2 Өз жұмыс каталогіңізде мәтін text.doc деген атпен файлға сақтаңыз.
2.3 Word-тан шығыңыз.
2.4 Norton Commander-ге кіріңіз.
2.5 text.doc файлын t1.doc деген атпен С дискісіне жазыңыз.
2.6 Norton Commander-ден шығыңыз.
2.7 Word-қа кіріңіз.
2.8 Алдымен С:t1.doc cодан соң text.doc құжаттарын ашыңыз.
№3 Зертханалық жұмыс
3.1 Абзац тағайындап, қаріппен безендіріп (кегль-12) келесі мәтінді теріңіз.
Қолданбалы программалардың екінші жолында негізгі жатық меню орналасады. Менюдің әр бөлімі программа қызметінің бір типтес амалдар тобын көрсетеді. Меню құрамы программа атқаратын қызметке байланысты болады, бірақ әрқашан да сол жақта – Файл бөлімі, ал оң жақта? (анықтама)-бөлімі орналасады. Файл бөлімінде файлмен атқарылатын амалдарға байланысты қолданылатын командалар беріледі? Бөлімінде анықтама, көмек қызметіне байланысты командалар беріледі.
Негізгі меню бөлімдері атауында бір әріп өзгеше белгіленіп тұрады-бұл бөлімнің «жанған» пернелері деп аталады, ол пернелерді басу арқылы сәйкес командаларды орындауға болады. Егер команда атауы сұр түске боялса (әлсіз бояу), ол команданы сол уақытта орындауға болмайды.
Жатық меню бөлімдерін таңдаған соң төмен «құлап түсетін» тік меню шығады, тік меню бөлімдері командалар деп аталады, олар аталған меню бойынша нақты амалдар орындайды, мысалы, файл бөліміндегі командалар-файлды дискіден оқу, файлды дискіге жазу т.б. амалдарды орындайды.
3.2 Терліген мәтінді men.doc файлында Windows жұмыс үстелінде сақтаңыз.
3.3 Word-тан шығыңыз.
3.4 «Менің компьютерім» («Мой компьютер») суретшесін шертіңіз.
3.5 Men.doc файлын жұмыс үстелінен С дискісіне klass.doc деген атпен көшіріңіз.
3.6 Word-қа кіріңіз.
3.7 С:\klass_doc құжатын ашыңыз.
2 Мәтінді пішімдеу
Мақсаты:
-
Мәтінді пішімдеуді белгілеуді, өшіруді, жылжытуды көшіруді үйрену.
-
Жол аралығын және абзац аралығын тағайындауды үйрену.
Мәтінді пішімдеу дегеніміз-мазмұнын сақтай отыра мәтіннің сыртқы түрін өзгерту. Бұл мәтіндік редакторлардың ең маңызды қызметі, пішімдеу нәтижесінде мәтін әдемі безендірілген құжатқа айналады.
Мәтін фрагментін белгілеу
Мәтін фрагментімен жұмыс жасау үшін оны алдын-ала белгілеу керек. Бұл Word редакторының өте маңызды концепциясы болып табылады.
Фрагментті келесі тәсілдер арқылы белгілеуге болады.
1-тәсіл:
-
Курсорды белгілеуге қажет фрагменттің бірінші символының сол жағына қойыңыз.
-
Shift пернесін басып, жібермей, курсор бағыттауыш пернелер арқылы мәтінді белгілеңіз: →-символдар бойынша немесе ↓-жолдар бойынша.
1-тәсіл мәтінді символға дейінгі дәлдікпен белгілеуге мүмкіндік береді.
Фрагментті сөзге дейінгі дәлдікпен келесі екі жолмен белгілеуге болады.
2-тәсіл:
-
Тышқан көрсеткішін белгіленетін фрагменттің бірінші сөзіне қойыңыз.
-
Тышқанның сол жақ пернесін басып, жібермей, фрагменттің соңғы сөзіне дейін белгілеңіз.
Белгілеу жолағы деп мәтінді белгілеу үшін қолданылатын және мәтіннің сол шетінің бойына орналасқан көрінбейтін ауданды айтады. Ол ауданға келгенде тышқан көрсеткіші жоғары және оң жаққа бағытталған бағыттауышқа айналады.
Символдарды пішімдеу
1-тәсіл:
-
Пішімдеуге керек символдарды белгілеңіз.
-
Пішімдеу (форматирование) саймандар тақтасының батырмаларын пайдаланып, қаріпің аты мен кегль мөлшерін тағайындаңыз.
2-тәсіл:
-
Пішімдеуге керек символдарды белгілеңіз.
-
Пішім (Format), Қаріп (Font) командасын орындаңыз, «Қаріп» (Font) және «Интервал» (Character Spacing)* деген екі бөлігі бар сұхбаттық терезе пайда болады. «Қаріп» (Font) бөлігінде келесі қаріптерді тағайындауға болады.
-
Қаріп түрі (мысалы: Times New Roman Cyr, Arial, Sumbol және т.б.).
-
Қаріп қалыңдығы (жартылай қалың, кәдімгідей, курсив, жартылай қалың курсив).
-
Қаріп биіктігі (кегль 8 ден 72-ге дейін).
-
Астын сызу (жоқ, жалғыз, қос, тек сөздер үзік сызық).
-
Қаріп түсі (барлығы 16 түрлі бояу).
-
Эффектеліре (сызылған, жоғары индекс, төменгі индекс, жасырылған, кіші бас әріптер, бәрі бас әріптер).
Достарыңызбен бөлісу: |