Ms word мәтіндік редакторы әдістемелік нұсқау күндізгі оқу бөлімі Павлодар бекітемін


Стандартты («Стандартная») саймандар тақтасы



бет4/8
Дата07.07.2016
өлшемі468 Kb.
#183269
1   2   3   4   5   6   7   8

Стандартты («Стандартная») саймандар тақтасы


«Стандартты» саймандар тақтасы құжатты шақыру, сақтау, түзету, мөлшерін өзгерту, баспаға шығару, түсініктеме алу т.б. мақсаттарда қолданылады.

Пішімдеу («Форматирование») саймандар тақтасы


Бұл саймандар мәтін элементтерін пішімдеу үшін қолданылады.
Жиектеу («Обрмление») саймандар тақтасы

«Жиектеу» саймандар тақтасы мәтін элементтерін өрнектеу үшін қолданылады.

Сурет («Рисование») саймандар тақтасы


«Сурет» саймандар тақтасы суреттер салу және оларды басқару үшін қолданылады.

Саймандар тақтасын іске қосу


Word редакторын іске қосқанда саймандар тақтасының барлығы бірдей көрінбеуі мүмкін.

Қажетті саймандар тақтасын экранға шақыру үшін келесі әрекетті орындаңыз:



  1. түр (Вид-View), Саймандар тақтасы (Панели инструментов-Toolbars) командасын орындаңыз;

  2. қажетті саймандар тақтасын таңдаңыз;

Ол үшін:

  1. тышқанның көрсеткішін керек тақтаның оң жағындағы терезешеге апарып қою керек;

  2. шертіңіз-терезеде жалауша пайда болады;

  3. ОК батырмасын шертіңіз.

Тақтаны жасыру үшін де сол амалдар орындалады, бірақ жалауша жоғалады.

Сызғыштар


Суретте кесте бағанасын, мәтін бағаналарының енін, парақ алаңын, абзац шегінуін тез өзгертуді мүмкін ететін жатық сызғыш бейнеленген.

Кесте жолдарының биіктігін, парақтың жоғары және төменгі алаңын тез өзгерту үшін тік сызғыш бар.


Жағдай жолы


Жағдай жолында курсор орны жөнінде мағлұмат беріледі, макрос жазу, түзету, белгілеу, ауыстыру, емле тексеру режимдерін тағайындайтын батырмалар орналасады.

Айналым бағандары


Құжаттың төменгі және оң жақ шетінде орналасқан айналым жолақтары тышқан көмегімен құжат бойынша тез қозғалу үшін қолданылады (құжатты оңға-солға, жоғары-төмен айналдырады). Айналым жолағында жүгіргішорналасқан. Оң жақтағы айналым жолағы құжат беттерімен тез қозғалуға ыңғайлы: жүгіршішке тышқан курсорын қойып, сол жақ пернесін басып, қозғалтсақ, парақ беттерінің нөмірі шығады, қажет нөмірге келгенде тышқан пернесін жіберу керек.

Құжат бойынша тез қозғалудыңекі тәсілі бар.

1-тәсіл

Тышқан курсорын жүгіргішке әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей, басып тұрып жүгіргішті қозғаңыз.



2-тәсіл

Бағыттауыш тілдері бар бтырмаларды шертіңіз.


Құжатты көру


Word редакторының құжат терезесіндегі сол жақ төменгі бұрышында құжатты қарау режимдерін тез ауыстыру үшін үш батырма орналасқан:

Пішімді көру режимі құжатты пішімдеудің барлық түрін көрсетуге мүмкіндік береді.

Өңдеу режимі-парақтың баспада шығатын түрін көрсетеді.

Құжат құрылымын көру режімі-құжат құрылымын құруға, көруге немесе өзгертуге мүмкіндік береді.

Режимдер сәйкес батырмаларды шерту арқылы іске қосылады.

Мәтіннің бейнесінің өлшемін өзгерту


Мәтін бейнесінің өлшемін экранда келесі жолдармен үлкейтіп немесе кішірейтуге болады.

1-тәсіл

«Стандартты» саймандар тақтасынан батырмасын пайдаланып, бейне өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтудің пайызын таңдаңыз немесе қажет пайызды енгізу терезесінде енгізіңіз.



2-тәсіл:

  1. Түр (Вид-View), Өлшем (Масштаб-Zoom) командасын орындаңыз, Өлшем («Масштаб») деген сұхбаттық терезе пайда болады:

  2. Келесі опциялардың біреуін тағайындаңыз:

а) мәтінді экранда бейнелеуді 200, 100, 78 пайызға үлкейтіп не кішірейтетін опциялардың бірін таңдаңыз (немесе кез-келген («произвольный») терезесінде қажет пайыз тағайындаңыз).

б) ені бойы (По ширине – Page Width)-экранда құжаттың бүкіл ені көрінеді;

в) тұтас бет (Целая страница-Whole Page) –экранда бір бет тұтас көрінеді (опция тек өңдеу режимінде жұмыс істейді).

г) бірнеше бет (Несколько страниц –Many Pages) – экранда бірнеше бет толығымен көрінеді (опция тек өңдеу режимінде жұмыс істейді).

Опцияны тағайындау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:


  1. опция атауының сол жағында орналасқан дөңгелек терезеге тышқан көрсеткішін қою керек;

  2. шертіңіз-терезеде жалауша пайда болады;

  3. ОК батырмасын шертіңіз-опция тағайындалады.


Ескерту

Бұдан былай опцияня тағайындауға арналған әрекеттерді толық баяндамай, қысқаша «опция таңдаңыз», «объект таңдаңыз», деп айтамыз.

Сервис, Параметрлер, Түр (Сервис, Параметры, Вид) немесе Түр, Сызғыш (Вид, Линейка) командалары арқылы жағдай жолын, сызғышты, айналым жолақтарын көрсетуге немесе жасыруға болады (саймандар тақтасы сияқты).

Word көмектері

Мақсаты:

Word программаның анықтамалары және түсініктемелерімен қолдануды үйрену.

Жағдай жолындағы түсініктеме


Word менюлерін шертсек жағдай жолына таңдалған меню қызметі туралы қысқаша сипатта шығады.

Егер жағдай жолы көрінбесе, оны келесі жолмен экранда көрінетіндей етуге болады:



  1. сервис, Параметрлер (Серис-Tools, Параметры-Options) командасын орындаңыз. Параметрлер (Параметры) деген терезе пайда болады.

  2. терезеде Түр («Вид»-«View») бөлігін шертіңіз.

  3. түр бөлігіндегі Терез («Окно»-«Windows») бөлікшесінде Жағдай жолы (Строка состояния-Status Bar) опциясын тағайындаңыз.

Пернелер және саймандар тақтасының батырмалары арқылы анықтама шақыру

1-тәсіл:

  1. Анықтама алғыңыз келген негізгі менюдің пунктін таңдаңыз.

  2. F1 пернесін басыңыз. Таңдалған пункт жөнінде толық түсініктеме аласыз.

  3. Жүйелік меню батырмасын екі рет шертсеңіз қайтадан редатор терезесіне көшесіз.

2-тәсіл:

  1. Shift+F1 пернелер комбинациясын басыңыз. Тышқан көрсеткіші жанында сұрақ белгісі бар бағытталған сілтемеге айналады;

  2. Негізгі меню бөлімін немесе қызметін білгіңіз келген экрандағы кез келген элементті шертсеңіз, түсініктемесін аласыз;

  3. Жүйелік меню батырмасын екі рет шертіңіз.

3-тәсіл:

  1. «Стандартты» («Стандартная») саймандар тақтасындағы батырмасын шертіңіз;

  2. Негізгі меню бөлімін немесе экрандағы кез-келген элементті шертсеңіз, оған түсініктеме аласыз;

  3. Жүйелік меню батырмасын екі рет шертіңіз.

Негізгі менюден анықтама шақыру:

  1. көмек менюін таңдаңыз;

  2. анықтама жүйесі («Справочная система») деген үш бөлімі бар сұхбаттық терезе пайда болады: Мазмұн (Содержание), Көрсеткіш (Указатель), Іздеу (Поиск).

Мазмұн бөлімінде анықтама мазмұнын оқуға болады, мазмұн кітапшалардан тұрады, әр кітапша тарауларға бөлінген. Көрсеткіш бөлімі арқылы керек тарауға немесе кітапшаға тез көшуге болады.

«Іздеу» бөлімі бойынша анықтамадан керек сөз тез табылады.

«Мазмұн» бөлімін таңдаған соң келесі әрекеттерді орындау керек:


  1. керек кітапты таңдаңыз;

  2. ашу (Открыть) батырмасын шертіңіз;

  3. кітаптың керек тарауын таңдаңыз;

  4. шығару (Вывести) батырмасын шертіңіз.

Көрсеткіш («Указатель») бөлімін таңдаған соң келесі әрекеттер орындалады:

    1. керек сөздің басқы бірнеше әріптерін енгізгіңіз немесе Термин немесе сөздер таңдаңыз («Выберите термин или фразу») деген сұхбаттық терезеде керек сөз тіркестерін таңдаңыз;

2) шығару («Вывести термин или фразу») деген сұхбаттық терезеде керек сөз тіркестерін таңдаңыз;

  1. шығару (Вывести) батырмасын шертіңіз.

  2. іздеу («Поиск») бөлімін таңдаған соң келесі әрекеттерді орындау керек:

  3. керек сөзді енгізіңіз немесе тізімнен таңдаңыз;

  4. керек тақырыпты таңдаңыз;

  5. шығару (Вывести) батырмасын шертіңіз;

  6. анықтаманы оқып болған соң, шығу үшін жүйелік меню батырмасын екі рет шертіңіз.


Word программасы туралы анықтама

Программа туралы (О программе) командаларын орындап, Word-тың құрамдас бөліктері жөнінде авторлық құқық пен программаның сериялық нөмірі жөнінде информация аласыз, осы жерде Жүйе туралы (О системе-System Info) батырмасын шертіп, Windows ортасының конфигурациясы және мүмкіншіліктері туралы информацияны көруге болады.

Анықтама программасының терезелерімен Windows-та қарастырылған барлық әрекеттерді орындауға болады.
Мәтін енгізу

Мақсаты: мәтін енгізу және мәтін бойынша қозғалу дағдыларын қалыптастыру.

Мәтін енгізу

Мәтін енгізу ережелері:



  1. символ курсор жыпылықтап тұрған жерге енгізіледі;

  2. тышқан көрсеткіші мәтін курсорын керек орынға қою үшін қолданылады, мәтін теру процесіне қатыспайды;

  3. Enter пернесін тек абзац соңында басу керек;

  4. мәтінді ортаға қоюды, абзац шегінуін және мәтін шегінуін тағайындауды бос орын енгізу арқылы орындамау керек;

  5. енгізу кезінде мәтінді жиі сақтап отыру қажет;

  6. бет нөмірлерін қолмен қоймау керек;

  7. нүкте және үтірден соң бос орын қалдыру керек;

Келесі кестеде орыс алфавиті режимінде дербес пернелері жоқ символдар келтірілген.

1 Зертханалық жұмыс


1.1 Келесі мәтінді қаріпі безендіріп (кегль-14) және абзацқа бөліп, «Пішімдеу» саймандар тақтасының батырмаларын пайдалана отырып теріңіз.

XVIII ғасырда адамзат білімі әр 50 жыл сайын, 1959 жылдары - әр 10 жыл сайын, 1970 жылы - әр 5 жыл сайын, 1989 жылдан бастап - әр 2-3 жылда екі есеге ұлғайып отыр.

1 - курсорды мәтін аяғына қойыңыз;

2 - «2-3-ті» «екі-үш» деп ауытырыңыз;

3 - курсорды екінші жолдың басына қойыңыз;

4 - «екі есеге» деген сөзді «екі еселенді» деп ауыстырыңыз;

5 - курсорды үшінші жолдың басына қойыңыз;

6 - «1970 жылын» сөзбен жазыңыз;

7 - курсорды екінші жолдың аяғына қойыңыз;

8 - «1959» жылын сөзбен жазыңыз;

9 - курсорды үшінші жолдың аяғына қойыңыз;

10 - курсорды «1989 жылдан» сөзінің басына қойыңыз;

11 - «1989 жылын» сөзбен жазыңыз;

1.2 Құжатты ашу және сақтау

Мақсаты: құжат теріп, ашып және сақтауды үйрену. MS-DOS тың келесі ұғымдарын қайталай кетейік.

Файл дегеніміз информация сақтауға арналған дискіде аты бар аудан, қысқаша, дискідегі атауы бар ауданды файл дейміз. Басқаша айтсақ, информацияны дискіден оқи алу үшін оның жеке өз атауы (аты) болуы қажет.

Каталог дегенімізфайл туралы мағлұматтар жазылатын дискідегі арнаулы орын. Каталогта файл аты, мөлшері, соңғы өзгерту мерзімі, қасиеттері (атрибуты) т.б. файл туралы мәліметтер жазылады.

Ағымдық каталог деп қолданушы қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан каталогты айтады.

Ағымдық құжат, ағымдық файл деп қолданушы қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан құжат, файлды айтады. Басқаша айтсақ, сіз жұмыс істеп жатқан файл (құжат), сол файл жазылған каталог ағымдық деп аталады.

Каталог құрамына кіретін каталог-ішкі каталог деп аталады.

Файл жолы деп файл жазылған дискі аты мен каталогтар аттарын айтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет