Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары


Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың



бет8/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, түсіндірмесі
Аллаһқа мадақ, Аллаһтың елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Мен «Мұсылмандар» газетінде жарияланған шейх Мұхаммед Насир ад-дин әл-Әлбанидің Аллаһтың түсіргеніне негізделмей үкім ететіндерді дәлелсіз күпірлікте айыптаулар туралы қойылған сұраққа берген пайдалы да құнды жауабымен танысып шықтым.

Әрбір осындай адамды тек оның амалдарының негізінде ғана күпірлікте айыптау, егер айыптаушыға ол адамның мұны жүрегінде рұқсат етілген деп санағаны айқын болмайынша, ешкімге рұқсат етілмегендігін түсіндіріп, шейх, менің ойымша, дұрыс және мүминдердің көзқарастарына сәйкес келетін жауап берді. Дәйек ретінде ол Ибн Аббастың, Аллаһ оған разы болсын, және басқа да біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдерінің сөздеріне жүгінеді.

Оның жауабында келтірілген Аллаһтың:



«Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар қарсы болушылар». (әл-Мәидә сүресі, 44-аят);

«Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар». (әл-Мәидә сүресі, 45-аят);

«Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар». (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят), - деген аяттарының тәпсірі, күмән жоқ, дұрыс болып табылады, өйткені ол күпірліктің кіші және үлкен болатынын, және зұлымдық пен бұзақылықтың көрініс табуына да мұның тура сол сияқты қатысты екенін түсіндіріп берді.

Егер адам Аллаһ түсіргенге сәйкес келмейтін нәрсемен үкім етуге, зина жасауға, өсімқорлықпен, немесе барлық ислам ғалымдарының бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған деп табылатын кез-келген басқа іспен айналысуға болады десе, ол үлкен күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқаны үлкен бұзақылықтың көріністеріне жатады. Ал кім мұндай амалдарды, олар рұқсат етілген деп санамай жасаса, ол кіші күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқандары кіші бұзақылықтың көріністеріне жатады, бұған Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері нұсқайды: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық (көрінісі), ал онымен соғысу – күпірлік (айғағы)», - деген сөздерін келтіруге болады. әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.

Кіші бұзақылық пен кіші күпірлікті меңзеген Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мұндай нақысты сөзді адамдарда осындай қайтарылатын әрекеттерге деген жиіркенішті тудыру үшін қолданды. Бұл - Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Адамдардың (жасайтын) екі (ісі) олардың күпірлігінің (сипаты) болып табылады: (өзгелердің) шыққан тегін балағаттау және өлген адамға дауыстап жоқтау айту» Муслим «Сахих», № 67 хадис, - деген сөздеріне, сондай-ақ, оның өзге де: «Менен кейін94 бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар!» әл-Бухари «Сахих», хадис №121, - деген сөздеріне де қатысты. Басқа да осындай көптеген хадистер бар екені мәлім.

Әрбір мұсылман, әсіресе ол діндарлардан болса, барлық нәрсеге абайлықпен және даналықпен кірісуі керек. Бұл дегеніміз: ол кез-келген істерді Құран мен Сүннеттің аясында қарауы, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің өнегесіне ілесуі керек және (мәселенің) қыр-сырына үңілмей шешім шығаратын көптеген адамдар түскен қауіпті жолдан сақ болуы қажет. Діндарлар Аллаһқа шақырумен міндетті түрде айналысуы керек, бүге-шегесіне дейін көңіл бөліп, адамдарға Исламның мәнін түсіндіруі керек, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын пайдаланып, оларды Исламның қағидаттарын бұлжытпай ұстануға және бір-біріне игі насихаттар беруге талпындыруы, және оларда жоғарыда аталған нұсқауларға қарсы келетін кез-келген істерден қорқыныш туғызуы қажет. Осының себебімен олар ақиқат жолын түсіндіруге және оған қайшы келетін барлық нәрседен сақтандыруға қатысты болған нәрседе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы шыншыл халифалардың және сахабалардың өнегесіне ілесе алады. Мұның қажеттілігіне Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсынғандардың бірімін!» - деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы ...» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

«Айт: «Бұл – менің жолым. Мен және маған ілескендер Аллаһқа білім негізінде шақырамыз. Аллаһ Пәк, және мен көпқұдайшылардан емеспін». (Юсуф сүресі, 108-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ:



«Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен95 пікірталасты көркем түрде жүргіз», - деді. (ән-Нәхль сүресі , 125-аят).

Және мұның қажеттілігіне Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері де нұсқап тұр:



«Жақсылыққа нұсқағанға жақсылықты істегенге берілетіндей сауап (белгіленген)». Муслим «Сахих», хадис №1893.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Дұрыс жолға шақырған (адам), өзіне ілескендердің (барлығының) сауабына тең сауап алады, және бұл олардың сауаптарын бір түйірге де азайтпайды, ал (өзгелерді) адасуға шақырған адам, өзіне ілескен адамдардың күнәларының (ауыртпалығына тең жүгін) мойнына көтеріп алады, және бұл олардың өздерінің күнәларының ауыртпалығын жеңілдетпейді». Муслим «Сахих», №2674 хадис.

Хайбар96 үшін болған шайқаста Алиді, Аллаһ оған разы болсын, яхудилерге жіберген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деді: «...оларды исламға шақыр және Аллаһқа қатысты оларға не міндетті болып табылатыны туралы оларға хабарла. Және, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды (болса да) тура жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерді (иемденуден) жақсы болады97 әл-Бухари «Сахих», №3009 хадис; Муслим «Сахих», №2406 хадис.

Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ ол арқылы тура жолға ең алғашқы оның сахабаларын шығармайынша, игі насихаттармен, даналықпен, сабырлықпен және өзге де ең жақсы болған әдістермен адамдарды бірқұдайшылыққа және Исламға шақырып, Меккеде он үш жыл өткізгені мәлім.

Аллаһтан бізге және біздің бауырларымызға олардың өнегесіне шынайы ықыласпен ілесуге көмектесуін, бізге және исламға шақырумен айналысатын біздің барлық бауырларымызға көрегендік пен қырағылық, Онымен дидарласуға дейін игілік жасауға және сабырлық танытуға деген қабілеттілік беруін тілейміз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол мұны істей алады. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, барлық сахабаларына және Ақырет күніне дейін таза жүрекпен оларға ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын98.
Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның,

Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Біз байқайтынымыздай, қазіргі заман мұсылман мәдениеті хауариж және муътазилә сияқты адасқан секталардың ықпалынан еркін емес. Олардың кейбірі тұтас қауымдарды және жеке адамдарды күпірлікте айыптап, мұсылмандардан болған күнәһарлар мен бұзақыларға зорлық қолдануға жол береді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Бұл – кесірлі жол, өйткені Ислам шақыру ісінде күшке жүгінуге тыйым салады. Аллаһ Тағала айтады: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен99 пікірталасты көркем түрде жүргіз». (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).

Ал Муса мен Харунға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһ перғауынмен былай деп сөйлесуді бұйырды:

«...және оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар». (Та ха сүресі, 44- аят).

Зорлық зорлықты туғызады, ұмтылған нәрсеге емес - оған кері болған нәтижелерге әкеледі және мұсылмандарға кесірлі ықпалын тигізеді. Исламға шақыруды даналықпен, ең жақсы әдістермен және осы шақыру бағытталған адамдарға қатысты ізгілік таныту арқылы іске асыру керек. Зорлықты қолдануға, қаттылық пен қарсыластық таныту мәселесіне келер болсақ, бұлардың Ислам дініне еш қатысы жоқ, ал шақырумен айналысатын мұсылмандар, Пайғамбардың өнегесіне және қасиетті Құранның нұсқауларына ілесуі керек.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Күпірлік туралы шешімді шығару, қажетті дәлелдерді көрсеткен соң, белгілі біреу Сүннет пен келісім жақтаушыларынан болған діндарлардың оған тиісті нұсқауы болған, Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеп қойған жағдайда рұқсат етіледі, ал егер адам мұндай ешнәрсе жасамаған болса, ол кәпір болып табылмайды, тіпті ол, көпқұдайшылдық күнәсынан өзге, күнә жасаса да».

Сұрақ: «Құрметті шейх, бұзықтық кең таралған мұсылман мемлекеттерін белгілеп айту үшін «жәхилийә» терминін қолданатын адамдар бар100. Мұның салдары қандай болуы мүмкіндігі туралы сіз жақсы білесіз, бірақ мұндай әрекеттерді дұрыс деп санауға бола ма?»

Жауап: «Жалпы алғанда жәхилиет кезеңі, Аллаһқа мадақ, Мұхаммедтің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлық миссиясынынң басталуымен және Ақырет күніне дейін жоғалмайтын Исламның, білім мен нұрдың пайда болуымен аяқталды. Жәхилиеттің қалдықтары бар болуы мүмкін, алайда мұндай жәхилиет ішінара болып табылады және жеке адамдарға және қауымдарға қатысты болады, ал жалпы алғанда ол аяқталды және ешқашан қайта оралмайды. Міне сондықтан шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә, Аллаһ оны рахымына бөлесін, өзінің «Иқтидә әс-сират әл-мустәқим» еңбегінде бұл терминді баршаға қатысты қолдануға болмайтындығына нұсқады».

Сұрақ: «Мұсылман мемлекеттерін осылайша атап белгілейтіндер олардың халқын күпірлікте айыптағысы келетінін, ал солай екен, діннен шығушылықта да айыптағысы келетінін байқау қиынға соқпайды».

Жауап: «Біртұтас қауымдарды немесе жеке тұлғаларды күпірлікте айыптау немесе олардың күпірлігі туралы айту құқығына кез-келген адам ие емес.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Адамның күпірлігі туралы шешім ол Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеген жағдайда шығарылады. Мұндай жағдайлар белгілі, ал олардың ең ауырлары болып - көпқұдайшылық, ғайыпты білу құқығына таласу және Аллаһтың түсірілгенінен өзге нәрсемен үкім шығару жағдайлары жатады, өйткені Аллаһ тағала былай деді: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - қарсы болушылар». (әл-Мәидә сүресі, 44-аят).

Күпірлікте айыптау өте ауыр іс болып табылады және өзгелерді күпірлікте айыптауға әркімге рұқсат етілмейді. Мұндай құзырға тек шариғат судьялары немесе білімде мығым болған, адамның Исламын не нәрселер жоққа шығаратынын және нақты жағдайлар туралы білетін, адамдар мен қоғамның жағдайын зерттейтін діндар-ғалымдар ие.

Мұндай адамдар күпірлік туралы және басқа да салмақты шешімдерді шығара алады, ал надан адамдарға және шала оқығандарға келер болсақ, олар жеке адамдарды да, қауымдарды да, мемлекеттерді де күпірлікте айыптауға құқықты емес, өйткені бұл үшін қажетті мамандық-дәрежеге ие емес».

Сұрақ: «Діни білім алуға ұмтылып жүрген кейбір адамдар мұсылман адамды діннен шыққан деп оп-оңай айта салады, бірақ, бұл дегеніміз – егер осыны әмір істемесе, олар өз қалауы бойынша кез-келген біреуге діннен шыққандарды жазалау құзырын да бере салады деген сөз ғой. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Шариғат бекіткен жазаларды орындау әрқашан да тек мұсылман әмірінің айырықша құзыры болып қала беруі және одан өзге ешкім бұл құзырды иеленбеуі керек, керісінше болған жағдайда бұл міндетті түрде анархияға, қоғамның ыдырауына және бүліктің туындауына әкеп соғады.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кінәлі болғандарға шариғат бекіткен жазаларды қолдану керек болған нәрселер үшін бір-біріңді кешіріңдер, өйткені егер іс (туралы) әмірге (хабар) жетсе, онда Аллаһ жақтаушыны да, жақталып жатқанды да лағынеттейді.101» ән-Нәсәи «Сунән», 4886 хадис; имам Малик «Муватта», №1580 хадис.

Мұсылман әмірінің міндеттерінің бірі болып, шариғат соты кінәлі адамды діннен шыққандық, ұрлық немесе басқа да бір қылмыс үшін жазаға лайықты деп бекіткен соң, шариғат бекіткен жазаларды орындау болып табылады.

Сонымен, шариғат бекіткен жазаларды орындау әмірдің айырықша құзыры болып табылады, егер мұсылмандарда әмір болмаса, онда шариғат мақұлдайтын нәрселерге талпындырумен, құпталмайтын нәрселерден қайтаруға деген талпыныспен, даналық, ізгі насихат және ең жақсы құралдармен айтысу арқылы Аллаһқа шықырумен шектелу керек. Жеке тұлғалар туралы айтар болсақ, оларға жазаларды орындауға тыйым салынады, өйткені, алдын айтып өткеніміздей, бұл анархия мен бүліктерге соқтырады және пайдадан көрі көбірек зиян әкеледі, ал шариғаттың бір негізгі ережесі бойынша зиянды болдырмауға, пайда келтіруге қарағанда, артықшылық беріледі».

Сұрақ: «Құрметті шейх, кімді діннен шыққан деп есептеу керек? Біз сізден нақты анықтама беруіңізді сұраймыз, өйткені діннен шығу туралы айыптаулар кейде күмәнді жағдайларда тағылып жатады».

Жауап: «Діннен шыққандық туралы шешімді де, басқа да маңызды шешімдерді де, білімде мығым болған діндар-ғалымдар ғана шығаруға құзырлы, олар – шариғат судьялары және құрметке ие муфтилер. Діннен шыққандық туралы шешімді шығару құқығы кез-келген және барлық адамға тиесілі бола алмайды, сондай-ақ, шала білімділерге немесе дін негізінің мәнін жеткілікті деңгейде терең түсінбегендерге де, өйткені бұл міндетті түрде зиян тигізеді. Мұндай адамдар діннен шыққан болып табылмайтын мұсылманды діннен шыққан деп шешім шығаруы, немесе Исламнан шығаратын ешнәрсе жасамаған адамды күпірлікте айыптауы мүмкін. Мұндай істер өте ауыр болып табылады, өйткені кім өзінің бауырын кәпір немесе пасық десе, ал ол іс жүзінде ондай болмаса, бұл сөздер оны айтқан адамға қайта оралады.

Сонымен, діннен шыққандық туралы шешімдерді тек шариғат соттарының судьялары және құрметті муфтилер шығара алады, ал шариғат бекіткен жазаларды тек мұсылман әмірлері атқара алады, ал қалғанның барлығы – анархия».


Шейх Салих бин Абд әл-Азиз бин Мухаммад Әл әш-Шейхтің, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Мен қарым-қатынас жасайтын кейбір адамдар ең ірі діндар-ғалымдарды кәпір дейді, өйткені олардың ойынша олар көпқұдайшыларды қолдап, оларға болысады мыс. Олар өздерінің балаларын осыған үйретеді және оларды осындай рухта тәрбиелейді, әсіресе мұсылман емес мемлекеттерде жарылыстар ұйымдастыру харам екендігі жайлы пәтуалар жарияланғаннан кейін. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Аса құдыретті және Ұлы Аллаһқа иман келтірген әрбір адам Онымен кездесуге үміт етіп және содан қорқып, өзі білмеген нәрселері туралы сөйлеуден, және өзінде сол туралы ешбір дәлелі болмаған нәрсені істеуден барлық күш-жігерімен сақ болуы керек. Бұл, әсіресе, сенім негіздері, иман, күпірлікте айыптау, харам мен халал мәселелеріне ерекше қатысты. Мысалы, халал мен харам туралы Аллаһ Тағала былай дейді:



«Тілдеріңнің “бұл - харам, бұл - халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар102, Аллаһқа өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар, құтылмайды. Дүние - аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар». (ән-Нәхл сүресі, 116-117-аяттар).

Бұл аят ешбір айқын дәлел келтірмей белгілі бір нәрселерді халәл немесе харам деп жариялайтын адамдарға қатысты. Бұл, сондай-ақ, адамдар өздерінде бұл жөнінде білімі болмаған нәрселерді, олар тәжірибелік сұрақтарға, фикхтың кейбір салаларына немесе олардан да маңызды болып табылатын, ақидаға қатысты болуына қарамастан, Аллаһқа телейтін басқа да барлық жағдайларға да қатысты. Міне сондықтан Аллаһ Тағала адамға өзінде ол туралы білімі болмаған нәрсеге ілесуге тыйым салды және өзі білмеген нәрсе туралы сөйлеуге де тыйым салды. Аллаһ тағала бұл жөнінде былай деп бұйырды:



«Күдіксіз Раббым, ... Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - де!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты:



«Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек; олардың барлығы одан сұралады!» (әл-Исра сүресі, 36-аят).

Ал хадистердің бірінде Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер адамға (дәлелмен нықталмаған) кеңес103 берілсе, оның күнәсын осы кеңесті берген көтереді104». Әбу Дауд «Сунан», №3657 хадис; Ибн Мәжәһ «Сунан», №53 хадис.

Ақиқаттан елеулі ауытқулар және қажетті болған анықтаусыз мұсылмандарды күпірлікте айыптау сахабалардың көзі тірісі кезінде-ақ орын алған еді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мұндай ауытқулардың алғашқы сипаттары пайда болғанда не істеу керектігін үйретті.

Хадистердің бірінде хабарланғандай, Меккені алудың қарсаңында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірі бойынша оның сахабаларының бірі болған Хатиб бин Әбу Бәлтааның меккеліктерге жолдаған хаты қолға түсірілді. Хадисте былай деп жеткізіледі:

«(Бұл хатта Хатиб) Меккедегі көпқұдайшылардан болған адамдарды Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейбір істері туралы хабарлаған болатын105. (Хаттың мазмұнымен танысып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не, о Хатиб!» - деп дауыстап айтты. (Оған жауап беріп Хатиб) былай деді: «(Мені айыптауға) асықпа, йә Аллаһтың Елшісі! (Істің мәні мынада) мен құрайштердің106 арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емес едім107. Сенің жаныңдағы мухажирлердің108 Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды109. Ал менің (құрайштар) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, мен, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді, және мен мұны күпірліктен немесе дінімнен шыққым келгендіктен істемедім!» (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ол расында да сендерге шындықты айтты», - деді. Ал, Омарға келер болсақ, ол: «О, Аллаһтың Елшісі, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!» - деп, дауыстап шіберді. (Бұған Пайғамбар): «Ол Бәдр110 (шайқасына) қатысты ғой, ал сен қайдан білесің, мүмкін Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ (бұл шайқастың) қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деген шығар?» әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис. Бұл хадистің Бухари (хадис №3007) жеткізген басқа риуаятында Омар, Аллаһ оған разы болсын: «О, Аллаһтың Елшісі, рұқсат ет, менің бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» - дегені, ал бұған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қой оны, Омар», - деп, содан соң Хатибке бұрылып одан: «О Хатиб, мұны істеуге сені не итермеледі?» - деп сұрағаны жеткізіледі.

Басқа бір хадисте Усамә бин Зәйд, Аллаһ оған разы болсын, шайқаста «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» 111 деп айтқан адамды өлтірген соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!» дегеннен соң, сен оны қалай өлтіресің?!» - деп оған дауыстап айтқаны жеткізіледі. Усамә: «Ол мұны тек қана құтылу үшін айтты ғой!» - деп жауап қатты. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дауыстап: «Бірақ сен Ақырет күні басталғанда «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген (сөздермен) не істемексің?!112» - деді. әл-Бухари «Сахих», хадис №4269.

Сөйтіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Усамаға, ол осы сөздерді айтқан адамның Исламын мойындамағаны үшін, сөгіс айтты.

Басқа хадисте бір әскери жорықтан кейін соғыстан түскен олжаны бөлу барысында Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам: «Әділетті бол, йә Аллаһтың Елшісі!» - деп қарсы сөз айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың елшісі дауыстап: «Мен әділетті болмағанда кім әділетті болмақ?» - деді де, оны жомарттықпен еңшіледі, ал содан соң ол былай деді: «Бұл тамырдан113 адамдар бөлініп шығады, және сендердің кез-келгенің өзінің намаздары мен оразаларын олардың намаздары және оразаларымен салыстырғанда болмашы аз деп санайды, алайда бұл адамдар діннен қайтады...» әл-Бухари «Сахих», №3610 хадис.

Мұндай адамдар Усманның114, Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында пайда болған хауариждер болды. Бұл адамдардың ауытқуына олардың: «Әмір өзіне Аллаһ жүктеген міндеттерді орындамай жатыр», - деген пікірі әкеп соқтырды. Осының салдарынан олардың кейбіреулері оны күпірлікте айыптай бастады, ал басқалары мұндай әмірді өлтіру керек деп шешті, және олар, шынымен де, оны өз бетімен кетушілікте айыптап, өлтірді.

Тура сол кезеңде олар мұсылмандардың біртұтас тобын айыптады, ал бұл жағдай Алиді оларға қарсы шығуға итермеледі, оны да олар кейіннен күпірлікте айыптады. Саны 120 мың адамға жеткен бұл адамдарға Ибн Аббас115 барды. Ол, екі мәселе бойынша қайшылықты жою мақсатымен, оларды насихаттауға және олармен айтысуға кірісті, олар – адамдар Аллаһтың Кітабы бойынша үкім ету қажеттігі мәселесі және күнә жасаушы адамдарды күпірлікте айыптау мәселесі. Ибн Аббаспен болған пікірталастан кейін кейбір адамдар оларға қайта оралды, ал кейбіреулері қайтуға келіспеді, сөйтіп сол кезден бері мұсылман үмметінде мұндай айтысулар тоқтаған емес.

Күпірлікте Усман және Али, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, айыпталды және басқа да әмірлерге олардың қарсыластары осындай айыптауларды түрлі себептермен қойып отырды.

Күпірлікте айыптау діннен шыққандық туралы шешім шығаруды меңзейді. Алайда, исламды қабылдағаны анық болған мұсылманның діннен шыққандығы туралы шешімді, адамдар бұрын бұл адамның Исламы туралы қандай сенімде болған болса, оның діннен шыққандығына да сондай сенуге мүмкіндік беретін, шариғаттың сенімді нұсқауы болғанда ғана шығаруға болады. Бұған Аллаһ Тағаланың:



«...Сондай-ақ олар Исламды қабылдағаннан кейін кәпір болды». (әт-Тәубә сүресі, 74-аят), - деген және оның басқа да:

«Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар116...» (әт-Тәубә сүресі, 66-аят), - деген сөздері негіз бола алады.

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деді:



«Ал сондай иман келтіргеннен кейін күпірлікке кіргендер және күпірліктерін арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды...» (Әли Имран сүресі, 90-аят).

Исламды қабылдаған немесе иман келтірген адам иманнан қайтуы мүмкін екендігіне нұсқайтын басқа да аяттар бар. Алайда, Сүннет пен келісімнің жақтаушылары діннен шыққандық туралы айыптауды көптеген мәлім болған шарттармен байланыстырады. Бұдан тыс, олар қандай да бір сөз немесе әрекет күпірлікке айғақ болады деген нұсқаулар мен шариғат үкімдерін орындауға міндетті болған мұсылманның осыны істегені арасында айырмашылықтар қояды, және осы нәрсе оны діннің шеңберінен тыс қояды ма - соны анықтайды. Іс жүзінде адам кейбір мәселелер туралы білмеуі де мүмкін, ол ақталуға лайықты немесе лайықты емес болуы мүмкін және тағысын-тағы, ал мұның барлығы белгілі шарттардың орындалуын жіне тиісті тосқауылдардың болмауын талап етеді.

Мұндай мәселелерде Сүннеттің жақтаушылары хауариждер мен муржиялардың117 арасындағы қалпты ұстанады. Хауариждер адамдарды күнә жасағандықтары үшін, кәпірлермен достық қарым-қатынастарын ұстанғандары үшін және осыған ұқсас нәрселер үшін күпірлікте айыптады. Ал муржияларға келер болсақ, олар иман келтіргендерді олардың амалдары, сөздері немесе сенімдері үшін діннен шығушылықта айыптауға болмайды деп есептеді.

Сүннеттің жақтаушылары иман келтіргені белгілі адамды тек тиісті дәлелдер болған, қажетті шарттар орындалған және белгілі тосқауылдар болмаған жағдайларда ғана діннен шығушылықта айыптауға болады деп тұжырымдап, хауариждер мен муржиялардың екі арасындағы қалыпты ұстанады.

Бірақ, бұл, сондай-ақ, барлық шарттардың орындалуының және тосқауылдардың болмауының қажеттігін ескеріп, қажетті дәлелдерді қоятын адамның шариғат тұрғысынан қажетті мамандық-дәрежеге ие болуын да білдіруде. Мұндай адамдар болып заңдарды түсіндірудің тәсілдерін игерген және барлық қажетті жағдайларға баға бере алатын шариғат судьялары табылады.

Өзге жақтан қарағанда, шариғи білімін аяқтамаған адамдар, дәлелдеу тәсілдері және осыған қатысы бар барлық нәрсе туралы білімі жеткіліксіз болғандықтан, мұндай міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Бұл жерде белгілі біреудің күпірлікке кіргендігі жөніндегі пайымдауды дәйекті түрде негіздей алатын шариғат судьясының шешімі керек. Бұл діннен шығушылықта айыптауға душар етуі және көптеген салдарға ие болуы мүмкін.

Егер осы айқын болса, онда Сүннет пен келісімнің жақтаушыларынан болған дін-ғалымдарының иманын және Исламы мен сенімінің дұрыстығын қаралаудан өзгеден де көбірек сақ болу керек. Тұтас алғанда, мұсылман діндар-ғалымдары дінге қатысты болған барлық нәрсемен айналысады. Олардан (адамдар) дінді және ақиқатты жалғаннан ажыратуды үйренеді. Міне сондықтан Пайғамбардың: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады118» әл-Бухари «Сахих», № 6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис, - деген сөздері бірінші кезекте оларды күпірлікте айыптайтындарға қатысты, және мұндай сөздер міндетті түрде не оларды айтқан адамға, не олар кімге бағытталып айтылған болса, соған қайтуы керек. Бұл оларды айтып жатқан адамға ұлы қауіп болып табылады, өйткені егер өзге адам ол айтқандай болып табылмаса, онда кәпір деп осындай айыптауды таққан адамның өзін есептеу керек болады. Міне сондықтан осы тәрізді мәлімдемелерге оте сақтықпен қарау керек.

Діндар-ғалымдар шариғаттың, Құран мен Сүннеттің кең түсінігіне ие екеніне және шариғаттың нұсқауларын білетініне күмән жоқ, бұл оларға мәселелерді жан-жақтан қарауға мүмкіндік береді.

Фикх119 мәселелерін шешу екі алғышарттарға негізделеледі. Біріншісі болып – тиісті нұсқаудың бар болуы табылады, бұл оны дәлел ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. (Нұсқау дегенде) Құран мен Сүннеттің таласты мәселе бойынша нұсқауы аталып тұр, ең алдымен оны табу керек, ал кейін түсіну қажет, нәтижесінде діндарларға осы аяттың немесе хадистің мағынасы неде екіндігі айқын болады.

Екінші алғышарттың мәні осы нұсқаудың белгілі бір шешімге қатыстылығын анықтауда, басқаша айтқанда тиісті шешім шығару үшін осы мәселені қандай да бір нұсқаумен байланыстыруға болатынын анықтауда.

Мұндай қатынасты анықтау ижтхадпен байланысты120. Діндар-ғалымдар білімнің шыңына әлі жетпеген адамдардан ерекшеленеді, өйткені көптеген осындай адамдар бірінші алғышарт туралы түсінікке ие болуы мүмкін, бірақ екіншісі туралы, яғни қажетті шешім шығару үшін қандай да бір мәселені шариғаттың тиісті нұсқауымен қалайша байланыстыру туралы ешнәрсе білмеуі мүмкін.

Мұның барлығы білім ізденушіден абайлық танытуды талап етеді, ал оның ожданы таза болуы үшін ол өзі білмейтін нәрсені қараумен айналыспау қажеттігін ұмытпауы керек. Және адам өзінен көбірек білетіндердің қатарынан бір адам болса да басқа пікірді ұстанатынын көрсе, бұл оның таңдаған бағытының дұрыстығы туралы оған күмән ұялатуы мүмкін, басқа пікірді көптеген діндарлар ұстанатын жағдайды тіпті айтпағанда.

Міне сондықтан ірі діндар-ғалымдарды олар көпқұдайшыларды қолдайды деп айыптау төменде келтірілетін бірнеше себептерге байланысты өте қауіпті болып табылады.

1. Ірі діндар-ғалымдар, хауариждердің баскөтерулері кезінде сахабалар істегендей, ақиқатты түсіндіреді, және осының себебімен оларды біреу күпірлікте айыптаса, бұл әлі оның мұнысы дұрыс екендігін білдірмейді. Мұндай адам өз-өзіне қарсы қылмыс жасауда, ал шариғат судьясы мұндай әрекеттерді тоқтату керек және күнәлі адамды өнегелі ғибратты жазаға тарту қажет, бұл оны болашақта осындай әрекеттерді жасаудан ұстап қалады. Егер ешкім де осындай жағдайларда шариғат бекіткен ғибратты жазалға тартылмаса, мұндай әңгімелер жиі жүретін болады. Бұрын судьялар мұсылманды ол өзінің бауырын ит деп атаған үшін немесе осыған ұқсас бір нәрсе айтқаны үшін ғибратты жазаға тартушы еді, өйткені бұл оның ар-намысына нұқсан келтіруші еді. Ал іс мұсылман, егер ол Аллаһтан қорықса, тағуға тиісті болмаған осындай ауыр айыптауларға қатысты болып жатса, мұндай жазаны қолдану тіпті кажет-ақ.

Енді көпқұдайшылар мен кәпірлерді қолдау туралы мәселеге келсек. Біз бірқатар кездесулерде бұл мәселені зерттеумен айналысып, тиісті түсіндірмелерді беріп, иманға ие болу - оған ұмтылу және күпірліктен аулақ болу дегенді білдіреді дегенге нұсқаған болатынбыз, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет