Мухаммад Махфуз



жүктеу 110.1 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі110.1 Kb.
Мухаммад Махфуз,

Египет Араб Республикасының

Аль-Азһар университетінің профессоры,

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы,



теология ғылымдарының докторы


Экстремизм
Ақырғы кездері Исламды экстремизммен байланыстырған зұлым сөздер таралып кетті. Әрі оны терроризмге және басқаларды өлтіруге шақыратын дін деп сипаттайды. Сонымен қатар мұсылмандар қан төгуге және басқалармен бейбітшіліксіз, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге бұйыратын діннен үйренген дейді. Енді осы еңбегімізде осы мүшкілге жауап қайтарамыз. Әрі Ислам экстремизммен терроризмге құлшындыра ма? Жоқ па? Анығырақ көруіміз үшін, Ислам тәлімдерінен және мұсылмандардың тарих өтпелінен олардың істеген ісіне қараймыз. Алдымен қандай дін болса да, басқалармен ұрыс тартысқа негізделмейтіндігін айтқымыз келеді. Барлық діндер тек махаббатқа, бейбітшілікке, басқалармен жақсы тұруға шақырады. Ал Ислам осы ұлы діндердің бірі, әрі ол ұстамдылықты, басқалармен жақсы тұрушы дін. Бейбітшілік, сүйіспеншілік діні, барлық монетеистік діндер сол сияқты. Құран кәрімде соны анықтайтын ондаған аяттар бар. Құран мұсылмандардан әділдікті және тіпті мұсылман еместермен зұлымдық жасамауды талап етеді. Аллаһ Тағала айтады: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ.» Тіпті олардың және басқаларының арасында дұшпандық болса да, Аллаһ Субханаһу уа Тағала мұсылмандарға әділдікті тұрғызуларын бұйырады. Сондықтан мұсылман ешкімге зұлымдық істемеуі тиіс, тіпті оған дұшпан болса да. Сондай ақ Ислам еш себепсіз біреумен қарсыласпайды. Керісінше Құран мұсылмандарды дұшпандарынан бейбітшілікке деген бейімді тапқанда бейбітшілікті таңдауына шақырған. Аллаһ Тағала айтады: «Егер олар бейбітшілікке бейімдесе сонда оларға сен де бейімде. Әрі Аллаһқа тәуекел ет. Күдіксіз Ол толық естуші, аса білуші.» Ал бейімдеу ол аз ғана талпыныс. Расында кейбіреулер Исламға экстремизм, терроризм діні деп жала жапқанда әлсіз дәлелдерге және Исламмен аз байланыс жасайтын тәжірибелерге сүйенеді. Әрі үкімді барлық мұсылмандарға жабады. Тіпті қатыгездікті, экстремизмді, терроризмді осы дінге тиесілі қылады. Бұл ғылыми іске қарама қайшы болып табылады. Дұрыс ғылыми тәсіл дінмен аз қарым қатынасы барлардың айтқанына көз жұмып, бізді діннің негізгі табиғатына қарауға шақырады. Әрі бұл дін экстремизмге шақыра ма? Жоқ па? Әрі экстремизммен бірге терроризмге шақыра ма? Жоқ па? Өйткені экстремизммен терроризм арасында тығыз байланыс жоқ. Мүмкін бір адам экстремист болып, бірақ террорист болмауы мүмкін, ол өзінің пікірінде қатыгездік танытады, бірақ өзінен басқаларына қарсы дұшпандаспайды.

Және өзінің пікірлері таралуы үшін күшті пайдаланбайды. Ал мүмкін бір адам қатыгез болып, өзінің қатыгез пікірлерін таратуда күшті пайдаланады. Міне бұл жерде экстремизм терроризммен байланысады. Бірақ ғылми ізденіс бізден экстремизм мен терроризм болмысының себептерін іздеуді талап етеді. Бұл себептер діннің негізгі табйғатына қайта ма? Әлде бұл діннің негізгі табиғатынан алыс па? Опы біз оңайлықпен біле аламыз. Осы дннің ұстанушыларының хал ахуалына қараймыз. Олардың барлығы немесе көпшілігі ой пікірлерінде жүріс тұрыстарында экстремист пе? Және барлығы экстремизммен айналыса ма? Жоқ па? Ал егер барлығын немесе көпшілігін бұл экстремизммен және терроризммен айналысатынын көрсек, онда ойдың көбі бұл дін қатыгездікке, экстремизмге, терроризмге бұйыратын дін болады. Ал егер сол діннің көпшілік ұстанушылары оны жасамаса, онда біз бұл діннің экстремизммен терроризмге шақырмайтынын біле аламыз. Сонымен қатар біз дін тәлімдеріне қарауымыз тиіс. Дін қатыгездікке, экстремизмге, терроризмге шақыра ма? Жоқ па? Келесіде Исламның экстремизмге, терроризмге, қатыгездікке шақырмайтын дін екенін түсіндіретін Ислам тәлімдерінен нұсқаулар келтіреміз. Сол нұсқауларды келтіргенне бұрын біріншіден экстремизм деген не? Экстремизм: ол орташылдық шекарасынан шыңу болап табылады. Әрі экстремизм Исламда барлық көрінісімен тіпті жақсылық үшін болса да, қорланған іс болып табылады. Ислам әр дайым тіпті құлшылықтарда жақсылық істерде орташылдыққа шақырған. Дін құлшылықтағы ысыраптан тыяды. Әрі жақсы істерде және онда орташылықта болуға шақырады. «Кейбір сахабалар Аллаһ Елшісінің с.ғ.с. үйіне келіп, оның құлшылығы жайында, қалай Аллаһқа құлшылық ететіндігі жайында сұрасады. Олар хабар алғаннан кейін оны азсынып олардың біреуі мен күнде ораза тұтам ауыз ашпаймын дейді, Екіншісі мен түнде тұрып Аллаһқа құлшылық етемін де ұйықтамаймын. Үшіншісі мен әйелдерден аулақ болып, ешқашан үйленбеймін дейді. Пайғамбар олардың сөзін естігенде мінберге шығып, әрі ол ашулы күйде: «ал мен болсам сендерден Аллаһқа тақуалырағымын әрі мен ораза тұтам, ауыз ашам. Және түннің бір бөлігінде тұрып, намаз оқимын, әрі ұйықтаймын. Және әйелдерге үйленемін міне бұл менің сүннетім. Ал кім менің сүннетімнен алшақтаса, менен емес.» міне бұл адамдар құлшылықтағы қаталдықты әрі оны көбейту, бұл оларды Аллаһқа жақындататын іс деп ойлады. Сонда Пайғамбар оларға бұл істің Аллаһтан алыстататынын хабарлаған. «және бір адам (Сағд ибн аби Уаққас) Пайғамбарға с.ғ.с. келеді де: Ей Аллаһ Елшісі бүкіл мал мүлкіммен садақа жасағым келеді дейді. Сонда Пайғамбар с.ғ.с.: жоқ дейді. Ол: Ей Аллаһ Елшісі мал мүлкімнің жартысынан дейді. Сонда Аллаһ Елшісі с.ғ.с.: жоқ дейді.Ол: Ей Аллаһ Елшісі с.ғ.с.: мал мүлкімнің үштен бір бөлігін дейді. Сонда Аллаһ Елшісі с.ғ.с.: үштен бір бөлігі, және үштен бір бөлік көп деген. Осылай бізді Ислам үйретеді асырмашылық тіпті жақсы істе болса да қорланған және Аллаһ Тағала оған риза болмайды. Пайғамбарымыз с.ғ.с. діндегі асырмашылықтан сақтандырған әрі діндегі асырмашылық одан бұрынғы үмметтерді өлтіргенін, және кім дінде асырмашылық жасаса, өзін өлтіретіндігін баяндаған. Ол с.ғ.с.: «сендер дінде асырмалаудан сақтаныңдар, шын мәнінде ол діндегі асырмашылық, сендерден бұрын болғандарды жойған». Деген (риуаят еткен Ибн Мажаһ, китабул манасик) Исламның басқаларды және олардың наным сенімдерін құрметтеуі.

Ислам басқаларының алдында ұлы орында тұрады. Ол барлық мұсылман, мұсылман емес адамдардың барлығы Аллаһ Субханаһу алдында құрметтелгенін нақтылаған. Аллаһ Тағала: «Расында адам баласын құрметті қылдық. Сондай ақ оларды құрылықта да теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық». Исра 70. Аят кәрім Аллаһ Субханаһу уа Тағаланың адам баласының барлығын құрметті еткенін баяндайды. Бұл жерде адам баласы дегендегі мақсат наным сенімдері, түстеріне, жыныстықтарына, көз жұмумен барлық адамдар айтылуда. Олардың барлығы ардақталған, құрметтелген болып табылады. Ислам адамды құрметтеуде қандай дінді болса да, шектелмейді. Ол істе тіпті жан жануарға да жақсылық таныту бар. Әрі мұсылмандарға жан жануарға жұмсақ болуды бұйырған. Пайғамбарға с.ғ.с. бір әйелдің кішкентай мысық үшін отқа кіргенін хабарлайды. Ол оны қамап, оны ол тамақтандырмайды да, оны жер жақсылықтарынан жеуі үшін босатпады да. Пайғамбар с.ғ.с.: бір адам сахара шөлінде шөлі күшейіп, шөлдегеннен өлуге жақын қалады. Ол бір құдық тапқанша, су іздейді. Ол (құдық) ішіне түсіп, құдықтан ішеді де сыртқа шығады. Сонда ол қатты шөлден тілін салақтатқан итті көреді. Сөйтіп ол расында бұл итке маған тап болғандай бұған да шөл төнген екен әрі ол өлейін деп тұр екен деп, құдыққа екінші рет түседі де аяқ киіміне суды толтырып шығады да итті суарады. Аллаһ оған және оның ісіне шүкірін білдіріп, оның күнәсін кешіреді. Ислам жан жануардың сезімдеріне тіпті соған уақытта да көңіл бөледі. Пайғамбар с.ғ.с. бізге: «Расында Аллаһ әр нәрсеге жақсылықты жазған, ал егер өлтірсеңдер, өлтіруді жақсартыңдар. Ал егер бауыздасаңдар, бауыздауды жақсартыңдар. Сендердің әр қайсыңыз пышағын қайрасын да, бауыздалғанын демалтсын». (Муслим және суннан иелері). Яғни егер сендерге зиян келтіретін немесе азап шектіретін хайуанды өлтірсеңдер оны жақсы түрде өлтіріңдер және өлтірер алдын азаптамаңдар. Ал бір жануарды өздеріңнің тағамдарың үшін сойсаңдар, оны жақсы түрде сойыңдар және сойып жатып, оны азаптамаңдар. Бауыздаушы пышағын қайрауы тиіс, жануар азапталмас үшін бауыздау тез болу керек. Ал егер пышағы кесуде кесуде нашар болса, ол сойылып жатқанын демалдырып жалғастырмауы тиіс. Міне адамды қорғайтын жан жануар хал ахуалына көңіл бөліп, оған жақсылық танытуды бұйыратын бұл дінге қарашы. Ол өз ұстанушыларын экстремизмге немесе терроризмге құлшындандырып, оларды оған шақырады деген ой келе ме?

Ислам өзінің тарих өтпелінде адамдарға құрмет көрсетуге, олармен жақсы қарым қатынас жасауына шақырады және мұсылмандарға егер олар біреуді дінге шақыруды қаласа, оның үгіті көркем болуын бұйырады. Аллаһ Тағала айтады: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен ең көркем түрде тартыс». Нахл 125а. Ал егер үгіт көркем түрде болмаса, немесе қатыгездікпен, жек көрінішпен болса, онда шын мәнінде Аллаһ оған разы болмайды. Құранда бізге егер кітап иелерімен (иуда және християн) сөйлескіміз келсе, немесе арамызға тартыс түссе, міндетті түрде сүиіспеншілікпен, көркемдікпен болуы тиіс. Аллаһ Тағала айтады: «Іштеріңдегі зұлымдық қылғандарнан басқа кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу ақ. Және біз оған бой ұсынғандармыз деңдер». Ғанкабут 46.а. Ислам бізге басқа біреудің наным сенімдерін құрметтеуде өте жоғары мысал келтіреді, тіпті олардың наным сенімдері бұзылған болса да, Аллаһ Субханаһу уа Тағала мүшріктер тәңірлерін (мүсіндерін) сөгуден мұсылмандарды тыиған. Әрі ол тәңірлер жалған болса да, бірақ Аллаһ Тағала мұсылмандарға сол мүсіндерді сөкпеуді немесе оларға тіл тигізбеуді бұйырды. Аллаһ Тағала айтады: «Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білмей шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді». Әнғам 108а. Аллаһ мұсылмандарға мүсіндерге табынатын кәпірлердің сезімдеріне көңіл бөлулерін бұйырады және олардың сезімдеріне көңіл бөліп, бізге олардың мүсіндерін сөкпеуді бұйырады. Сондай ақ Ислам өз ұстанушыларын адамдарды дінге күштеуден тыйды: «Дінде зорлық жоқ» Бақара 256а. Әр адамға еш қауып қатерсіз өзі қалаған дінін таңдауда өз құқығын беру керек. Және мұсылмандарға олардың елдерінде тұратын басқа дін өкілдерінің қамқорлығын қамтамасыз етуі міндет. Ол өз діндерімен және сезімдерімен еш аза шектірусіз, зиянсыз аманшылықта айналысулары үшін. Аллаһ Тағала Пайғамбарын біреуді Исламға кіруге мәжбүрлеуден тыйды. Аллаһ Тағала айтады: «Мүміндер болғанша сен адамдарды мәжбүрлейсің бе?» Юнус 99а.
Мұсылмандардың басқалармен қарым қатынасы

Шын мәнінде Ислам мұсылмандарды басқалармен қарым қатынас жасауын тыймайды. Қандай дінді адам болса да, монетеиістік пе? Басқа ма? Керісінше оларға жақсылық жасап, әділдік жасауларын бұйырады. Ал жақсылық ол сүйіспеншілік, «Аллаһ дін жайында сендермен соғыспаған және жұоттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Аллаһ турашылдарды жақсы көреді». Мумтахина 8а.

Ендеше Ислам мұсылмандар немесе мұсылман еместер болса да, барлық адамдарға деген сүйіспеншілікке бұйырада. Бір шартпен ол біздің дінімізді және біздің елдерімзді құрметтеулері тиіс. Ал егер кітап иелерімен(иуда және християн) байланыс болса, іс күшейе түседі. Олар мұсылмандар елінде еш айырмашылықсыз мұсылмандар сияқты тұрады. Әрі кім олардың біреуіне аза шектірсе, ол Пайғамбарға аза шектіргендей болады. «Кім зіммиге аза шектірсе, маған аза шектіргені, ал кім маған аза шектірше, Аллаһ Тағалаға аза шектіргені». деп айтқан. Сондай ақ Пайғамбар бізге кім мұсылман елдерінде тұратын кітап иелерінің біреуіне зұлымдық келтірсе, ол шынында Пайғамбар с.ғ.с. қиямет күні оның қарсыласы болатындығын түсіндірген. Ол с.ғ.с. Кім келісімге отырған адамға(мұсылман еліндегі кітап иелеріне) зұлымдық көрсетсе, немесе оның құқығын кемітсе, немесе шамасынан көп нәрсені жүктесе, немесе одан бір нәрсе жақсылықсыз алса, онда мен Қиямет күні оның қарсыласы боламын» деген.

Неге Ислам жалғыз терроризммен кінәланады, расында да Исламды экстремизммен, терроризммен кіналайтындар әрі ол өз ұстанушыларын соған құлшындандырады дейтіндер өздерін алдап, ақиқаттан алыстауда.

Өйткені көргеніміздей Ислам сүйіспеншілік, бейбітшілік діні әрі еш айырмасыз барлық адамдарды құрметтейтін дін. Біз өз ара неге Ислам экстремизм, терроризм жаласымен кіналанады деп сұрасуымыз керек. Ислам өзі қабылдамайтын, оларға разы болмайтын аз ғана Ислами экстремистік топтар терроризмдік істі жасаған еді. Әрі неге ол экстремистік топ делінбейді, ал ол экстремизмді Исламға қатысты қылады? Ал егер осы сияқты бір іс мұсылман еместен көрінсе, ол іс оның дініне емес, тек өзінің істеушісіне ғана телінеді. Американдық мұсылман бокысшы Мұхаммед Али Калай 2001ж. Қыркүйектің он бірінде, Ню йорктағы әлемдік бизнес орталығын соққанда, оған шабуыл жасалғаннан кейін, ол әлемдік бизнес орталығының аймағына барады. Сонда «мұсылмандардың рсы істегеніне не дейсіз? деп сұралады. Ол өте қысқа жауап қайтарады. Ол: шынында Гитлер де християн болған деп қысқа ғана жауап берген. Міне бұл қысқа жауап жеткілікті еді. Ендше миллиондаған адмның өліміне себепкер болған және өзінің ұстамсыздығымен қатыгез соғыс жалынын жаққан Гитлер християндық террорист деп кім бізден естіген еді? Біреу расында ол християндық террорист немесе оның діні сол іске бұйырған деп айтты ма? Әрі бұл адамзат өз тарихындағы білген ең үлкен соғыста, өлген адамдар саны тарих өтпеліндегі барлық соғыстардағы өлтірілгендерден асып түседі. Әрі Гитлер фашистікпен, терроризмен, ұстамсыздықпен сипатталған. Бірақ еш қашан християндық террорист деп сипатталған жоқ.

Американдықтар атомдық екі зембіректі жапониядағы Һерошима Нагасаки қалаларына 1945ж. тамыздың алтысы мен тоғызында қолданғанда, сол ек зембірек апат пен жарылыс қалдырып, көптеген адамдарды өлтіреді, соған қарамастан ешкім бұл християндық терроризм деген жоқ. Расында батыс християндарында екі дүние жүзілік соғыс ашып, өркениеттің көп жақтарын құртады. Әрі онда сан жетпес адамды өлтіреді. Әрі сондағы қатысқан мемлекеттердің көбі батыс християндық еді. Сондай ақ ешкім християн діні өлімге, соғысқа, қан төгуге шақырады деп айтқан жоқ. Тіпті мұсылмандар да оны айтқан жоқ. Өйткені олар діндердің, әсіресе Аллаһтан болған монетеистік діндер қиратуға, бүлдіруге, өлтіруге, қан төгуге бұйырмайтынын біледі. Тек бұл істердің барлығын адамдар өздерінен жасайды. Ендеше неге Ислам аз ғана қатып қалған мұсылмандар мүшелерінің ісіне көпшілік мұсылмандар келіспесе де айыпталады? Мұсылмандар бұл істерге келіспейді өйткені олардың діні Аллаһ Тағала жер бетінде бүлік жасаушыларды жақсы көрмейтіндігін үйретеді. Аллаһ Тағала айтады:



Экстремизм себептері
Мүмкін экстремизмнің негізгі себептері ол надандық және білім аздығы болар. Адам надан болғанда,әрі білімі аз болғанда адам өз көз қарасына қатып, басқаларына қарамайды. Өзі қателесіп, басқасын да қателестіреді. Олар адасты, немесе күпірлік келтірді, дұрыс жолды тастады деген сенімге келеді. Ал көп білімді адамға келетін болсақ, ол көптеген мәселелерде тартысса да, екі жақта дұрыс деп біледі. Басқа да себептер бар. Оның маңыздылығы алдынғыдан еш кемімейді. Кейбір батыс елдері мұсылмандарға олардың игіліктеріне қарсы айлакерлік жасауы. Сонымен қатар кейбір кездері ол әділдік орында тұрмайды. Міне бұл кейбір жастардың экстремизмді, дұшпандықты ұстануына әкеп соғады. Тіпті мүмкін ашуларына тигендіктен сол елдерге қарсы террористік істер істеуіне жетелеген де шығар. Ал егер мұсылмандардың көпшілігі осы әдіске қарсы болса, әрі өз көз қарасын білдіру үшін терроризмнен, қатыгездіктен пана іздеуге де қарсы. Ислам соғыс халдердің өзінде балаларды, әйелдерді, қарттарды және қару көтермегендерді, құлшылық орындарында табынғандарды барлығын өлтірмеуді бұйырады. Сондай ақ Абу Бакр әскер басшысына өсиет етіп, бір соғыстарда: «Баланы, әйелді, қартты, әрі өздерін құлшылық үшін қамағандарды (яғни християндық монахтарды) көресіңдер оларды өлтіруден сақ болыңдар, оларға тиіспеңдер, олар өздерін сол үшін қамағандар және ешбір ағашты өртемеңдер, еш бір ағашты өртемеңдер, еш бір жануарды өлтірмеңдер...т.б. деп айтады. Бұл соғысқа шыққан әскерге берілген өсиет еді. Міне мұсылмандардың ұлылығына қараңыз. Тіпті олардың наным сенімдері мұсылмандарға қарама қайшы болса да, Олар құлшылық орындарында, храмдарда Аллаһқа құлшылық етіп отырғандарды өлтіруден өздерін тыйды. Міне бұл мінез құлық Исламнан бұрын, женген тарап жеңілгеннің наным сеніміне қарсы шығатын. Әрі өз дінін қабылдауына күштейтін еді.

Емдеу
Экстремизмен терроризмге басым болуымыз үшін әрі әлемдік дәрежеде осы көріністің артындағы негізгі себептерді белгілеу үшін, бірінші міндетті түрде кейбір зерттеушілер проблеманы жан жақты зерттеуі тиіс. Діни мамандардың оқытылуы және үкімдер шығатын қайнар көзіне жұмыс жасау. Бірақ кез келген біреу емес. Расында үкім беріп жүргендердің көбі және діни оқытуларда негізгі мамандар емес. Ол не надандар не аз білімді біреулер болып жатады. Ал оның барлығы экстремизмге жетелейді. Әр бір мемлекеттер мемлекеттік мәселелерді әділдікпен атқаруы тиіс. Және Ислами елдердегі проблемаларды да әділдікпен орындаулары тиіс. Шын мәнінде бұл экстремизмнің ашулы көрінісінің көбін жояды. Британиялық ойшыл Нулед Тунайби осыған көңіл бөліп, өзінің тарих жайында энциклопедиясында «Расында батыс, мұсылмандарға қарсы дұшпандықты ұстанып, өте қатыгез шабуылдарымен шабуыл жасады. Және бұл шабуыл мұсылмандарды батысқа қарсы қаталдыққа, фанатизмге жетелеуі мүмкін», деді.

Адамдардың барлығы, әрі біз барлығымыз бір әлемде тұрамыз, оны бөліп отырмыз және тіршілігін жасау талап етіледі. Әрі барлық діндер осыған шақырады. Сондықтан мейірімділік мәдениетін және басқаларды қарсы алу, әр топтар басқасын құрметтеуі, біздің осы әлемімізде бейбітшілікте тұра алуымыз үшін осыны тарату қажет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет