Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§4.2 Топонимдер түрлері мен оларды топтастыру



Pdf көрінісі
бет19/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§4.2 Топонимдер түрлері мен оларды топтастыру. 
Топонимика – ономастиканың топонимдерді зерттейтін саласы. Топоним – 
географиялық атаулар. Топонимдерді, көбінесе жер-су атаулары деп те 
атаймыз. Топонимдер – жер бетіндегі табиғи объектілердің және адамдардың 
табиғатты игеру үрдісі нәтижесінде қалыптасқан объектілердің атаулары. 
Топонимдер өз ішінен мынадай түрлерге бөлінеді: 
Ойконимдер – елді-мекен атаулары. 
Оронимдер – тау атаулары. 
Хоронимдер - әкімшілік бірліктердің атаулары. 
Дромонимдер – жол атаулары. 
Спелонимдер – үңгір атаулары. 
Гидронимдер – су нысандары атаулары. 
Урбанонимдер – қала көшелерінің атаулары. 
Некронимдер – мола, зират атаулары. 
Дримонимдер – орман, тоғай атаулары. 
Агронимдер – дала, жер атаулары. 
Белгілі бір аймақтың жер-су атауларын топтастыру – күрделі мәселенің 
бірі. Бұл мәселе төңірегіндегі ғалымдар пікірі де бір жерден шыға бермейді. 
Олар топонимдерді топтастыруда түрлі принциптерді ұстанады. А.В. 


50 
Суперанская топонимдерді классификациялауда есімдердің лингвистикалық 
және экстралингвистикалық сипатын ескеруді ұсынады. Ол жалқы есімдерді 
сипаттау мен талдауда белгілі бір классификациясыз мүмкін еместігін, 
ономастикалық классификацияның ғылыми жұмыстағы зерттеушінің ерекше 
платформасы екендігін және оның атауларды анықтауға арнайы түрде 
қатысатынын ерекше көрсетеді.
Топонимдерді 
семантикалық 
белгілеріне 
сәйкес 
топтастыру 
Ә.Әбдірахмановтың, С.Атаниязовтың, Г.Ф. Саттаровтың, К.Қонқыбаевтың, 
О.А. Султаньяевтің, А.А. Камаловтың, О.Т. Молчанованың еңбектерінде де 
орын алады. Ғалым Ә.Әбдірахманов топонимдерге тұңғыш рет лексикалық 
классификация жасап, оларды 14 түрге бөліп топтастырды. В.Н. Топоров пен 
О.Н. Трубачев гидронимдерді мынайдай семантикалық топтарға бөледі: 1. Шөп 
атауларынан қойылған гидронимдер; 2. Ағаш түрінен қойылған гидронимдер; 
3. Жерасты қабаттары мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты гидронимдер; 
4. Судың түсімен байланысты гидронимдер; 5. Өзеннің ағысы мен судың 
ерекшелік сипатына байланысты гидронимдер; 6. Қоршаған ландшафт 
ерекшелігіне байланысты гидронимдер; 7. Өткелдер мен бөгеттер; 8. Облыс 
аймағы немесе шекарасымен байланысты гидронимдер; 9. Хайуанаттар 
аттарымен байланысты гидронимдер. 
Ғалымдардың топонимдерді топтастыруда әр түрлі көзқарастарды ұстанса 
да, бір сұрақ төңірегінде олар ортақ пікірге келеді. Олар топонимдердің 
барлығын ең алдымен, екіге топтастырады: 
1) объектінің физика-географиялық сипатын көрсететін топонимдер; 
2) адамдардың шаруашылық, тұрмыстық іс-әрекеттері мен қоғамдық 
қатынастарын көрсететін атаулар. 
Алтай тілдеріндегі жер-су атауларын зерттеген О.Т. Молчанова 
жоғарыдағы классификацияны кеңейтіп, нақтылай, жіктей түседі. ол 
топонимдерді мағынасына қарай төмендегіше топтайды: 
1. Адамның өзі: ауруы, күйі, рухани мәдениеті, үй-жайы, кәсібі, жері, 
тарихи жолы, аты-жөні, дүние-мүлкі, тұрағы, мінез-құлқы, киім-кешегі, 
әшекейі, құрал-сайманы, қару-жарағы, ыдыс-аяғы, тамағы, адамның жалпы 
атаулары, жанұясы, көлігі, дене мүшелері, этнонимдер; 
2. Сезінуге, қабылдауға, есте сақтауға, пайымдауға болатын атаулар: 
салмағы, дәмі, жасы, иісі, дыбысы, саны, сырты, беті, пішіні (ұзындығы, ені, 
биіктігі), көлемі, кеңістікте орналасуы, бетінен түбіне дейінгі ара қашықтығы, 
басқа объектілер мен қоршаған ортаға қарым-қатынасы, күйі, белгісі бар, 
температурасы, физикалық кемшілігі, жалпы физикалық күйі, сырт пішіні, 
судың сипаты, жағымды сипат, жағымсыз сипат, түсі, табиғи құбылысы; 
3. Фауна және оған байланысты ұғымдар: жабайы аңдар, үй хайуанаттары, 
жем, аң мекендері, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, құстар, балықтар, 
аңдардың дене мүшелері; 
4. Флора және онымен байланысты ұғымдар: ағаш, орман, тоғай, жыңғыл, 
өсімдік; 


51 
5. Қоршаған орта мен заттар: тоғандар, сулар, жер қабаты, металл, 
минерал, жер бедері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет