47
Тәжірибенің
жұмыс
бағдарламасы.
Жұмыс
бағдарламасы
–
этнографиялық жадығаттарды жинақтау бойынша тәжірибешілердің негізгі
бағыттарын анықтау керек. Сонымен қатар бағдарламадағы тақырыптардың
орналасуы, кафедрада жүргізілетін этнографиялық жадығаттарды жинау мен
өңдеуге қатысты арнайы курстардың мазмұнымен сәйкес келіп отыруы керек.
Ереже бойынша, арнайы кәсіби археология
мен этнография топтарының
студенттері этнографиялық экспедиция ішінде негізгі құрамды құрайды. Соңғы
кездері бірқатар университеттерде «Археология және этнографияға» қатысты
кафедралар мен бөлімшелер ашылуда.
Белгілі мақсаттағы далалық жұмыстар этнографиялық зерттеулер
жүргізуге көп көмегін тигізеді.
Этнограф далалық экспедиция барысында әртүрлі оқиғаларға кез болып,
бағдарламадан тыс жұмыстарды қамтуға тура келеді.
Мұндай жағдайда
этнографтың тек өзінің шығармашылық қабілеті көмектесе алады. Ал этнограф
үшін өзінің жұмыс барысында небір жаңалықтарға кез болу немесе ашып
көрсету әрине қуантарлық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: