125
Қазақ ағартушы-демократтарының революцияға дейінгі Қазақстандағы
ғылыми
қоғамдардың
жұмысына
қызу
араласуы
қазақ
халқының
демократиялық орыс мәдениетімен, орыс азаттық қозғалысына қатысушылар –
саяси жер аударылғандармен байланыс жасауына кең жол ашты.
Орыс ғалымдары қазақ, дүнген, ұйғыр және басқа да халықтар арасында
шын көңілмен және жанқиярлықпен жұмыс істеді. Олар бұл халықтарға білім
негізін таратуға ұмтылды. Нақ сондықтан патшалық
өкімет орындары озық
зиялылардың белсенділігіне тым салқын қарады, айдауда жүргендердің қызметі
халықтың неғұрлым артта қалған топтарына ықпал етуі мүмкін деп қауіптенді.
Бұл орайда демократиялық орыс мәдениетін таратушы қазақтың демократ
ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай
Ылтынсариннің Қазақстандағы ғылыми қоғамдар
жұмысына тартылуының
маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: