§1.3 Семей өлкетанушыларының қазақ халқының этнографиясы мен
фольклоры бойынша зерттеулері (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. бас
кезеңі).
Отаршылдық пиғылдағы патша өкіметі ХІХ ғасырдың екінші жартысында
көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті
өлкетану
қоғамдарының
міндеттері
«географиялық,
статистикалық,
этнографиялық және жаратылыс-тарихи жадығаттар жинап, өңдеу және тарату,
ғылыми экспедицияларды жарақтандыру» болды.
Ғылыми зерттеу орталықтарының бірі Семей болды. Семейде
өлкетанушылардың, қазақ фольклоры, тарихы білгірлерінің топтасуы, Семей
статистика комитетінің, кейін статистикалық комитеттің ұсынысымен ашылған
Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің қызметі қазақ
халқының тарихы мен этнографиясының, фольклорының зерттелуіне зор
септігін тигізді.
1877 жылы саяси айдаудағы Е.П. Михаэлистің көмегімен ашылған Семей
статистикалық комитет өлкенің мәдениеті мен қазақ халқының тұрмысын
зерттеуге қызығушылық танытқан алғашқы жергілікті мекеме болды. Оған
айдаудағы халықшылдар Н.И. Долгополов, А.А. Блек, А.А. Леонтьев, С.С.
Гросс, П. Кашинский, жергілікті өлкетанушылар А.Земляницын, Г.Шестаков,
А.Герн, С.Никитин және басқалар қатысып тұрды. Олармен бірге комитетте
Абай Құнанбаев, Әміре Айтбакин, Ақұн Мұңайтпасов болды.
1883 жылы Семейде өлкетанушылардың күш-жігерінің арқасында
этнография, жергілікті өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, минералогия
бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті музей және Ертіс өңіріне
қатысты кітаптар, көркем әдебиет жинақталған қоғамдық кітапхана құрылды.
Батыс Сібір Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі 1902 жылы
сәуірде салтанатты түрде ашылған. Бөлімшенің ең алғашқы төрағалық қызметін
Н.Ф. Ницкевич, ал іс жұмысын Н.Я. Коншин басқарады. Бөлімше қызметін
Орыс Географиялық қоғамының Жарғысы мен Батыс Сібір Географиялық
126
қоғамының «Қосымшасына» сүйеніп жүргізеді. Бұл бөлімнің ашылуына
жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар Семей статистикалық комитет
жанында қызмет еткен Е.П. Михаэлис, С.С. Гросс, А.Л. Блэк, А.А. Леонтьев,
сонымен қатар Райымжан Мәрсеков, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жақып Ақбаев,
Нұрғали Құлжанов, Семей қаласының мұсылман балалар мектебінің мұғалімі
Рахметолла Елікбаев, Зайсан уезінің тілмашы Жәмбек Иманқұлов, тілмәш
Омарбек Оспанов, Күре болысынан Сағындық Сандыбаев, Семей өлкелік
сотының тілмашы Имамбек Тарабаев, Павлодар көпесі Ахметолла Айткин,
көпес Мұхамет Хамитов және Арынғазы Абылайханов, Әлихан Бөкейханов
секілді қазақ зиялылары белсене атсалысып, тарихи зерттеулермен қатар
этнографиялық жүргізіп, тамаша құнды жадығаттар жинап, ғылыми еңбектер,
мақалалар жазады. Олардың еңбектері «Семипалатинские областные
ведомости», Семей облысының «Памятные книжки», «Восточное обозрение»,
«Сибирская газета» газеттерінде жарияланып тұрды.
Семей облыстық статистикалық комитетінің жанына топтасып, Орыс
География қоғамының Семей ұйымын құруға негіз болған өлкетанушылар
үйірмесінің жетекшісі, 1897-1902 жылдар аралығында «Семей облысының
естелік кітаптарының» редакторы Николай Коншин бөлімнің іс жұмыстарын
басқара отырып, мұрағат ісін өз қолына алады. Оның қажырлы еңбегінің
арқасында дала өлкесінің тарихына, этнографиясына қатысты құнды деректер
жинақталды.
Н.Я. Коншин мұрағат жадығаттары мен статистикалық мәліметтерге
сүйеніп, Семей облысының тарихына, ондағы тұрғындардың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына, қазақтардың отырықшылыққа көшуіне, бұл өңірдегі
көші-қон ісіне қатысты очерктер жариялады. Оның жетекшілігімен
қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне байланысты жадығаттар жинау мақсатында
жасалған бірнеше экспедициялар нәтижесінде «Очерки экономического быта
киргиз Семипалатинской области», «К вопросу о переходе киргизов
Семипалатинской области в оседлое состояние», «Заметки о киргизских родах
и султанах Каркаралинского края» жарық көрді.
Сондай-ақ, оның қазақтар киелі, кереметі бар деп есептейтін Баянауыл
тауының батыс баурайында орналасқан Әулие-тас үңгірімен байланысты
қазақтардың наным-сенімдері жөнінде мәліметтер кездесетін «От Павлодара до
Каркаралинска» еңбегі, қазақтар арасында егіншілік шаруашылығын
қалыптастырған табиғи, әлеуметтік, саяси факторлар, егіншілікті жүгізу
ерекшеліктері, қоғамдық құрылысы мен тұрмысы сипатталған «Краткий
исторический очерк Семипалатинского края (до 1917 года)» еңбегінің «Формы
хозяйства, строй и быт казахов» атты бөлімі және қазақ шежіресіне қатысты
«Заметка о киргизских родах и султанах в Каркаралинском крае» атты
мақаласы этнографиялық, ғылыми маңызын жоғалтпаған құнды туындылар
болып табылады.
Осындай зерттеулерінің бірі «Өскен өлкесі бойынша. Сапарнамада»: «Мен
көп жүрдім, бірақ қандай іс болмасын, кірісер алдында әр түрлі рәсімдермен
танысуыма тура келеді», - дей келе, «...өзімді киіз үйдің тәуір дегеніне кіргізуші
127
еді, бірден төрге отырғызып қойып, әңгіме сұрайтын. Менің асығыстығым,
қымыз бен шәйдан бас тартуым оларға онша ұнай қоймайтын: менен олар
әдептілікті байқай алмаған болар. Өйткені бұл олар үшін әдептілікке
жатпайды», - деп қазақ халқына тән қонақ қарсы алу рәсімін сипаттаған.
Ал, Семей облыстық статистика комитетінің мүшелері Герн фон В.К., Г.А.
Сопетов, В.И. Маевский қазақтардың мінездері мен дәстүрлерін, үй
шаруашылығы және қолөнер бұйымдары мен техникаларын, отырықшылық
пен суармалы егіншіліктің дамуын зерттеуге зор үлес қосты, әсіресе
қазақтардың халықтық мінез-құлқын кәнігі тамыршыдай тап басып айтты.
1866 жылы Михаэлистің ұсынысымен Абай осы комитеттің толық мүшесі
болып сайланды. Ақын Семей облыстық статистикалық комитеттің жұмысына
белсене араласып, мәжілістеріне қатынасып, мәдени-ағарту мекемелеріне,
қоғамдық ұйымдастыру ісіне атсалысуымен бірге ғылыми-зерттеу жұмысымен
де айналысқан. Ол Орыс география қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей
бөлімшесіне, орыс ғалымдарына қазақтардың тарихы, этнографиясы, әдет-
ғұрпы мен салт-дәстүрі туралы құнды кеңестер мен мәліметтер беріп отырған.
Комитеттің жұмысына жергілікті қайраткерлерден басқа Абайдың С.С. Гросс,
А.А. Блек, А.А. Леонтьев және басқа достары белсене қатысты. Олардың
тікелей араласуымен 1886 жылы Семей статистика комитеті жанынан
«Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған жадығаттарды» атты өте
құнды зерттеу басылып шықты. Оған саяси жер аударылғандардың еңбектері
енді.
Бұл жинаққа қосымша 1890 жылы А.Леонтьев «Қазақтардың дағдылы
құқығы» деген мақала жариялады. Мұнда автор қазақтарда шариғаттың
ешқашан да құқыққа негіз болмағанын көрсетті. Мұсылман діні де, ХІХ
ғасырдың аяғына қарай енген орыс ықпалы да далада ежелден келе жатқан
дағдылы құқықты бұза алмады деген пікірді білдірді.
«Алаш» партиясының көсемі, Семей географиялық бөлімінің ісіне белсене
араласқан Әлихан Бөкейханов Орыс географиялық қоғамы мүшелерімен
бірлесе отырып жазылған «Россия. Полное географическое описание нашего
отечества» (С-Петербург, 1903) деген көп томдық кітаптың 18-томында,
орыстың зерттеуші-ғалымдары А.Н. Седельников, Л.П. Осиповалармен бірлесе
отырып жазған «Население» деген бөлімінде қазақ халқының ұлттық
ерекшелігімен қатар оның рухани мәдениетіне де тоқталады. Абайдың ақындық
ерекшелігін, оның поэзияда алатын орнын атай отырып, оның қазақ қоғамы
арасындағы зор беделін баса көрсетеді. Абай өлеңінің терең мағыналы, әрі
қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс екендігін айтып өтеді.
Семей бөлімшесіне мүше болған заңгер Жақып Ақбаев өзінің қазақтардың
некелесу заңдылықтары туралы «Наброски по обычному, в частности брачному
праву киргиз-казахов» мақаласын бөлімше кітапшасының 1907 жылы ІІІ
шығарылымына жариялайды.
Семей бөлімшесінің құрметті мүшелері қатарында жоғарыда аталған
зиялылармен қатар ағайынды Белослюдовтар да болды. Ағайындылар Семейде
дүниеге келген, кейін Семейдегі ерлер гимназиясында мұғалімдер болып
128
қызмет атқарған. Олардың қазақ халқының мәдениеті мен тарихына арнаған
қолжазбалық мұралары өте қызықты. Мәселен, Виктор Белослюдов қазақ
мәдениетіне қатысты фотосуреттер мен суреттердің мол көлемін қалдырған,
А.Н. Белослюдов қазақ ауызша шығармалары үлгілерінің жазбасын жүргізді,
қазақ тілін білді. А.Белослюдов белгілі қазақ күйлері мен әндерін жинақтаушы
А.Затаевичпен бірге Қазақстан шегін аралап, қазақ халқының ән
шығармашылығын жинақтауға көмектескен, сондай-ақ, түрлі қазақ эпостарын,
ертегілерін, аңыздарын қағаз бетіне түсірген. Мәселен, «Сказание и сказки
казахов» атты еңбегінде су пайғамбары Сүлеймен жөнінде «О Соломоне и его
жене», Қыдыр әулиенің қасиеті мен кереметі жөнінде «О Кадыре», Шыңғыс хан
жөнінде «О Чингисе», Әз-Жәнібек пен Асанқайғы жөнінде «Ас-Джанибек»,
Едіге бидің ақылы, Едіге мен Тоқтамыстың қарым-қатынасы сипатталған
«Идыге-би и Тохтамыш» және т.б. ертегілер жинақталған. А.Белослюдов
жинақтаған ертегілерде қиял-ғажайыппен қатар тарихи оқиғалардың көрініс
табуы, олардың деректанулық, тарихнамалық маңызын арттырады.
Қазақ этнографиясы мен фольклорын жинақтап-зерттеуге Семей өлкесінде
дүниеге келген, өлкеге қызметпен келген немесе саяси жер аударылған
өлкетанушылардың да еңбектері зор. Олар қазақ өлкесін аралай жүріп,
қазақтардың әдет-ғұрпын, салтын үйренуге тырысады. Қазақ елінің тарихы,
этнографиясына қатысты ғылыми еңбектер жазып, қазақ қоғамына пайдалы
еңбектер істеді.
Солардың бірі Григорий Николаевич Потанин Орта Азияның, соның
ішінде Қазақстанның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ,
этнограф.
Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар
облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Жас кезінде Ертіс
жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айырылған
Эллизеннің үй-ішінде тәрбиеленеді. 1852 жылы 17 жасында Омскідегі кадет
корпусын бітіріп шыққан жас офицер Семей қаласындағы казак-орыс полкіне
қызметке жіберіледі. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады.
Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының
тарихы, әдет-ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай
аңыздар қызықтыра түседі. Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес
халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Джиренше шешен и Алдар-косе»,
«Байгу», «Предки скота», «Алаша хан», «Бала мерген», «Шон би» атты қазақ
фольклорын, «Казак-киргизские и алтайские предания и легенды и сказки»
атты еңбектерін жазды.
Бисембай Байболовтың «Заметки по истории и этнографии казахов» атты
еңбегінде «Монракская волость, Зайсанского уезда, Семипалатинской
области», «Казреты-Кали», «Песня про коня Калия», «Два брата. Сказка»,
«Рассказы о происхождении казахов Зайсанского уезда» атты түрлі
этнографиялық зерттеулері мен фольклор жинақтарын жарияласа, Н.Н.
Мацкевич «Сравнительная длина кочевок казахского населения» атты
еңбегінде қазақ халқының отырықшылану себептеріне, ерекшеліктеріне,
129
отырықшылану мен көшпелілік белгілері бойынша қазақ шаруашылықтарын
бөлуге тоқталған.
Өлкетанушы Н.А. Логутовтың «Очерк родового быта казахов и
распределение основных казахских родов на территории быв. Семипалатинской
губернии» атты еңбегі де құнды этнографиялық зерттеу болып табылады.
Еңбекте рудың қалыптасуы мен оның құрылымы, рудың әлеуметтік маңызы,
хандық билік пен төлеңгіттер, бұрынғы Семей губерниясы бойынша негізгі
қазақ рулары сипатталынған.
Сонымен, Семей статистикалық комитеті мен Батыс Сібір қоғамының
Семей бөлімшесі мүшелерінің, өлкетанушылардың қазақ этнографиясы мен
фольклорына қатысты жариялаған еңбектерінің, жинақтарының маңыздылығы
жағынан мұрағат қазынасымен бір дәрежеге қоюға болады. Өйткені осы
басылымдарда жарияланған еңбектер қазақтардың тарихы, мәдениеті, халық
туындылары
ғана
емес,
олардың
күнделікті
тыныс-тіршілігіне,
шаруашылығына, тұрмысына да назар аударып, оған ғылыми тұрғыдан баға
берді. Бұл қазақтарды әлем халықтарына таныстыруда үлкен рөл атқарды.
Қорыта айтқанда, Семей өлкетанушыларының ХІХ ғасырдың екінші
жартысы - ХХ ғасырдың басы кезінде жариялаған еңбектерін ғылыми салада,
жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналдыруымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |