Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет76/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
§5.8 Х.Досмұхамедов қызметі мен өлкелік зерттеулері. 
Халел Досмұхамедов қазақ тарихында өзіндік орны бар ірі тұлға. Тарихи 
тұлғалар Жалаңтөс батыр, Исатай, Махамбет, Сырым Датұлы, Әбілқайыр хан, 
Есім хан, Нұралы хан, Есет Көтібарұлы, Бөкей хан, Жәңгір хан, Баймағамбет 
сұлтан, Қарауылқожа, адай руынан Атағозы, Құдабай, Дәуімшар, Сүйінқара, 
беріш руынан Құлбарақ, Батырбек, есентемір руынан Сұлтангелді, Көктаубай, 
Мыңбай, таз руынан Нарынбай, Төремұрат, Өтен, т.б. туралы мол мәлімет 
қалдырған.
Х.Досмұхамедов Исатай-Махамбет көтерілісін жазу үшін Орданың, 
Орынбордың, Астрахан, Оралдың мұрағаттарына сүйену керек деген құнды 
пікір айтқан ғалым. 
Ғалымның зерттеулерінде тек тарихи тұлғалардың қызметі ғана емес, олар 
өмір сүрген заманның, елдің, жер тарихымен қатар – шежіреші ретінде қазақ 
руларына да кеңінен тоқталуы, өзі туып өскен өлкедегі рулардың тарихын 
жетік білетіндігінің айғағы.
Жер тарихына қатысты Құлабие, Торғай көлдері, Еділ, Жайық, Қиғаш, 
Жем, Сағыз өзендері, Қаракөл, Қарабау, Айғыр құмы, Тайсойған, Нарын 
құмдарын жайлаған рулардың шежіресін жастайынан біліп өсуі, негізгі 
мамандығы дәрігер ғұламаның кейінгі өмірінде Отан тарихына қатысты 
мақалаларына арқау болды.
Ғалым өлкетанушы ретінде жер мәселесінде Бөкейдің заманында қазақтың 
алды Саыртауға (Саратов – Ж.М.) дейін жайылатын Еділдің бойындағы кең 
тоғайларды, теңіздің жағасындағы қалың нуларды қазақ әуелгі уақытта емін-


182 
еркін қоныстанушы еді тұжырымдауы жер тарихын жақсы білетіндігінен 
хабардар етеді. 
Жер тарихына зор көңіл бөлген ғалым, қазақтың байырғы жерлері 
Торгуньды-Борсы, Ахтубаны-Ақтөбе, Ерусланды-Жанарстан, Қараманды-
Қараманды, Кіші Өзеннің жоғарғы ағысын – Қараөзен басы, Деркөлді-Төрткөл, 
Чижыны-Төртшегелін деп тарихи атауларын нақты беруі де бүгінгі күндері 
жер-сулардың тарихи атауларын қалпына келтіру кезінде нақты дерек ретінде 
мысалға алуға болады. 
Х.Досмұхамедовтың Исатай, Махамбет, Баймағамбет, Мұрат ақын
Шернияз шешендерінің ата-тегін шежіре арқылы тарқатуы да өлкемізде 
жайлаған рулардың атақты батырлары, билері мен шешендерінің есімдерін 
бүгінгі ұрпаққа жеткізуде еңбегі зор. 
Х.Досмұхамедовтың қаламынан туған «Мұрат ақынның сөздері», (1924), 
«Шалгезді жерлердің аты» (1924), «Қазақтың өткен ақындары туралы» (1924), 
«Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет», «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы 
турасында қысқаша мағлұмат» (1925), «Исатай кім?» (1925), «Баймағамбет 
кім?» (1925), «Шернияз кім?» (1925), «Шернияз шешен» (1925), «Айтыста 
ұшырайтын жердің аттары» (1925), «Аламан» (1925), «Исатай-Махамбет» 
(1925) атты мақалаларының қай-қайсысы да тарихтың мәселелеріне қосылған 
сүбелі еңбектері екендігіне сөз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет