Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет26/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 


59 
§7 Өлкені зерттеудің дерек көзі ретінде – мұрағат құжаттарының 
маңызы және оны жинақтау барысында сақталынатын ережелер. 
§7.1 Мұрағат мекемелері және олардың өлкетану жұмыстарындағы 
рөлі. 
Мұрағат құжаттары тарих, экономика, әдебиет және көремөнерді зерттеуде 
маңызды дерек көздері болып табылады. Олар жекеленген тарихи құбылыстар 
мен тарихи оқиғаларды толығымен тереңнен зерттеуге мүмкіндік береді.
Бізге жеткен санғасырлық құжаттар мұрасы ұлттық құндылықты құрайды. 
Бірақ кез-келген тарихи дерек көзі ретінде мұрағат құжаттары да оларға деген 
сыни көзқарасты қажет етеді. 
Мұрағат құжаттарын жинақтау мен оны өлкетанулық зерттеуде 
пайдалану тәртіптері. 
Мұрағатта құжаттармен жұмыс істеуге рұқсатты жұмыстың тақырыбы мен 
мақсаты көрсетілген белгілі бір мекемеден немесе ұйымнан келген қатынас 
қағазын негізге ала отырып, шешім қабылдайтын мұрағат директоры береді. Бір 
жыл өткен соң, егер зерттеу әлі жалғаса берсе, жаңа қатынас қағазы 
ұсынылады. Ізденуші мұрағат құжаттарымен жұмысты бастамас бұрын, қай 
мұрағат құжаттарын қолдану керектігін анықтауы дұрыс. Ол үшін ізденушіге 
мұрағатшылар нұсқаушыны әкеледі. Ізденушінің ең алдымен көңіл аударар 
жәйті – сақталу бірлігінің аты, ол оның мазмұнын ашады. 
Көптеген мұрағаттарда тізімдемемен бірге тақырыптық анықтамалық оқу 
құралы - карточкілік каталогтар кездеседі. Онда қандай қорда сақталынғанына 
қарамастан белгілі бір тақырып бойынша құжаттар жөнінде мәліметтер 
беріледі.
Қор дегеніміз - мемлекеттік, саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени маңызы 
бар, белгілі бір мекемелер іс-әрекетінің немесе тұлғаның іс-әрекетінің 
нәтижесінде пайда болған, тарихпен байланысы бар құжаттық жадығаттар 
кешенін атаймыз. 
Жұмысқа кіріскен ізденуші әуелі «зерттеушілердің сауалнамасын» 
толтырады, содан соң өзіне қажетті құжаттарды талап парағын толтырған соң 
алады. Ізденушіге бір ай мерзімге бір уақытта 10 бірлік сақталу қоры ғана 
беріледі. Зерттеушілердің сауалнамасы төмендегідей үлгіде толтырылады: 
Зерттеушілердің сауалнамасы 
Аты, әкесінің аты, тегі--------------------------------------------------------------- 
Туған жылы---------------------------------------------------------------------------- 
Азаматтығы---------------------------------------------------------------------------- 
Жұмыс орны, лауазымы------------------------------------------------------------ 
Білімі, ғылыми дәрежесі, атағы--------------------------------------------------- 
Зерттеу тақырыбы, оның уақытаралық шеңбері--------------------------- 
Зерттеушінің мақсаты--------------------------------------------------------------- 
Мекен-жайы, телефон (қызметінің)--------------------------------------------- 
Мекен-жайы, телефон (үйінің)---------------------------------------------------- 
---------------------------------------------------------------------------------------------- 


60 
Мемлекеттік мұрағаттың оқу залындағы жұмыс істеу ережелерімен 
таныстым, оны орындауға, басылымға шыққан жұмыстардың немесе 
библиографиялық 
анықтамалардың 
бір 
данасын 
мұрағатқа 
беруге 
міндеттенемін 
(зерттеушінің қолы, уақыты) 
Талап парағы төмендегідей үлгіде толтырылады: 
Құжаттық жадығаттарды беруге
ТАЛАП 
 
Кімге (аты, әкесінің аты, тегі)
Жұмыстың тақырыбы мен мақсаты 
Қ
ордың

Тіз
імде
м
е №
С
ақ
талу бірл
ігі
нің

Б
ум
ан
ың

Сақталу 
бірілігінің 
тақырыптары 
Па
ра
қ с
ан
ы
Зе
ртт
еушіл
ерге
бе
ріл
ге
н да
тас
ы 
м
ен
а
лға
ндығы
жөн
ін
де
қ
олы
Қ
ай
тары
лға
н 
да
тас
ы, оқу з
алы 
м
ең
ге
рушісін
ің
қолы
С
ақ
тау бірлі
гі
нің
қой
м
аға
қа
йтары
лға
н 
уа
қыты









Зерттеуші оған берілген жадығаттар үшін толықтай жауапты. Сондықтан 
құжаттарды алдын-ала мұқият тексеріп, егер олардың кейбір беттері 
жыртылған болса немесе т.б. ақаулар кездессе, онда зерттеуші бұны бірден 
мұрағатшыларға хабарлауы керек. Құжаттарды бүлдірген зерттеуші енді 
мұрағатқа қайта жіберілмейді және белгілі бір мөлшерде айыппұл төлейді.
Зерттеуші белгілі бір еңбекті жариялар кезде пайдаланған құжаттарға 
сілтеме көрсетуі керек және өзінің жариялаған еңбегінің бір данасын мұрағатқа 
тапсыруы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет