Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§1 Қазақстандағы өлкетану ісінің бастаулары



Pdf көрінісі
бет55/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§1 Қазақстандағы өлкетану ісінің бастаулары. 
§1.1 Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі. 
Ресей империясының экономикасы мен саяси өмірі саласына 
Қазақстанның енуі оның ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді: оның тарихи 
өткен-кеткенін ой елегінен өткізіп, табиғи ресурстарын, өндіргіш күштерін 
деңгейін анықтауды қажет етті. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің толып жатқан 
ведомстволары – Ғылым академиясы, Географиялық қоғамы, Тау-кен 
ведомствосы, Қатынас жолдар министрлігі, Мемлекеттік мүлік министрлігі, 
Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы 
және басқа да ұйымдар айналысты. 
Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А.И. Левшин (1797-1879) 
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген іргелі 
еңбегінде 
еуропалықтарға 
қазақтардың 
географиясын, 
тарихы 
мен 
этнографиясын бір жүйеге түсіріп, суреттеп берді және Ш.Уәлихановтың айтуы 
бойынша, қазақ тарихы үшін Геродот даңқына лайық еңбек сіңірді. 
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар, мұғалімдер, дәрігерлер, саяси 
айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстан аумағында құрылуы 
немесе қызметі халықшылдар есімдерімен байланысты емес ғылыми 
экспедиция, қоғам, музей жоқтың қасы. Олардың көбісі мұнда саяси айдауда 
немесе қызмет бабымен келді. Өлкеде ғылыми жұмыспен айналысу орыс 
революционерлерінің Қазақстандағы өмірінің сәулелі шақтары болып 
табылады. 
Отаршылдық пиғылдағы патша өкіметі ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті 
өлкетану 
қоғамдарының 
міндеттері 
«географиялық, 
статистикалық, 
этнографиялық және жаратылыс-тарихи жадығаттар жинап, өңдеу және тарату, 
ғылыми экспедицияларды жарақтандыру» болды. 
Алға қойылған міндеттер барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге 
асырылғанымен, олар ғылыми даярлығы бар әр түрлі адамдарды біріктірді. 
Өлкетану қоғамдарының жанынан шағын кітапханалар, өлкетану карталары
этнографиялық экспонаттар коллекциялары құрылды. 
Патша өкіметінің отарлау саясатына деген қарсылыққа қарамастан, 
өлкетану қоғамдарының жұмысында айқын екі ағымның өкілдері болды. Бір 
жағында – патша өкіметінің отарлау идеологиясын жүргізушілер: генералдар, 
губернаторлар, дін қызметшілерінің бір бөлігі мен шенеуніктер тұрса, оларға 
қарама-қарсы жақта прогресшіл пиғылдағы зиялылар: мұғалімдер, дәрігерлер, 
агрономдар, табиғаттанушылар, саяси жер аударылғандар тұрды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің дамуына 
Қазақстанда айдауда жүрген халықшылдар елеулі үлес қосты. Өлкеде бірқатар 
халықшылдық үйірмелер пайда болды, оларда көптеген мәселелер, соның 


118 
ішінде ұлт мәселесі де талқыланды, бірақ олар негізінен ағартушылық бағытта 
қызмет етті. 
Қазақстанның әр түрлі қалаларында көптеген ғылыми қоғамдар: облыстық 
статистика комитеттері, географиялық қоғамның бөлімдері, 1887 жылы 
Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы ашылады. 
Ғылыми зерттеу орталықтарының бірі Орынбор болды. Мұнда ХІХ 
ғасырдың орта шенінде Қазақстанды зерттеушілер Я.В. Ханыков, М.И. Иванин, 
белгілі шығыстанушы В.В. Григорьев, тарихшылар В.В. Вельяминов-Зернов, 
П.А. Юдин жұмыс істеді. Л.Мейер қазақ өлкесі туралы «Орынбор 
ведомствосының Қырғыз даласы» (1865) деген арнаулы монография шығарды. 
Л.Н. және В.Н. Плотниковтер, В.Н. Игнатьев, П.Н. Оводов және басқалар 
жекелеген мәселелерді зерттеді. 
Орынборда Орыс географиялық қоғамының бөлімі және Торғай статистика 
комитеті ашылды. Олардың қызметкерлері арасында Н. Дмитриев, Б. Скалов, 
П. Добровольский, бірқатар саяси жер аударылғандар болды. Олармен бірге 
қазақтар М.Бабажанов, Т.Сейдалин, Б.Дауылбаев, С.Жантөрин, Б.Наурызбаев, 
А.Сейдалин, А.Бейсенов, Б.Қаратаев, Ұ.Асауов жұмыс істеді. М.Бабажановтың, 
Т.Сейдалиннің, 
С.Жантөриннің, 
Б.Наурызбаевтың, 
Х.Қаржасовтың 
этнографиялық еңбектері өлкетану қоғамдары жоғары бағалады. Еңбектердің 
көпшілік бөлігін – Батыс Сібір бөлімі, бірқатарын 1897 жылы құрылған 
Орынбор және Түркістан бөлімдері басып шығарды. Географиялық қоғам 
бөлімдерінің «Жазбалары» революцияға дейінгі Қазақстан тарихының, оның 
экономикасының, тұрмысының, мәдениетінің, этнографиясының құнды 
деректемелері болып табылады. 
1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы құрылды. Комиссия 
мұрағат ісін тәртіпке келтіруді, өлкенің өткен тарихын зерттеуді, 
археологиялық және этнографиялық жадығаттар жинауды өзінің негізгі міндеті 
деп санады. Комиссияның «Труды» деген өз баспасөз органы болды. 1894-1917 
жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. Мұрағат комиссиясы 
Қазақстанның өткен тарихын зерттеуге зор көңіл бөлді. 
Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал болды. Онда жиналған әр түрлі 
жадығаттар өңделіп, «Памятные книжки», «Уральские областные ведомости» 
және «Уралец» газеттерінде мақала түрінде жарияланып отырды. Бұл аймақты 
зерттеушілер қатарында Н.Бородинді, В.П. Кранихфельдті, Н.П. Огановскийді, 
М.К. Курилинді және басқа адамдарды атап айтқан жөн. Батыс Қазақстанды 
зерттеуде антрополог А.А. Харузин, этнограф М.-С. Бабажанов елеулі рөл 
атқарды. Зерттеулердің нысанасы казактардың тарихы мен шаруашылығы, 
балық аулау кәсіпшілігі, шаруалардың қоныстануы болды. 
Омбы маңызды мәдени және ғылыми орталық болатын. Мұнда ХІХ 
ғасырдың орта шенінде зерттеушілер Н.М. Красовский, Н.А. Абрамов, 
кейініректе Н.Н. Балкашин жұмыс істеді. Жергілікті ғалымдар мен саяси жер 
аударылған зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы 
Географиялық қоғамның бөлімшесіне бірікті. Қоғам жұмысына белсене 
қатысушылар арасында Ф.А. Щербина, Г.Н. Потанин, Н.Петропавловский, А.И. 


119 
Сведенцев, Л.К. Чермак, Д.Клеменц, В.Остафьев, Н.Я. Ядринцев, И.Я. Козлов, 
Н.Я. Коншин, Г.Е. Катанаев, С.Гуляев, И.Я. Словцов, Н.А. Золотов, Ю.А. 
Шмидт және басқалар болды. 
Батыс Сібір өлкетану қоғамдарына қазақтар М.Шорманов, Ш.Уәлиханов 
қатысты. Ә.Бөкейханов өз қызметін сонда бастады. 
90-жылдарға қарай Батыс Сібір географиялық қоғамы бөлімінің мүшелері 
қатарында Қазақстан аумағында қызметте жүрген және саяси жер аударылған 
көптеген адамдар: Ф.А. Щербина (Омбы), Л.К. Чермак, А.И. Янцеквич 
(Петропавл), М.И. Суворцев (Семей), В.А. Рогалевич (Атбасар), Е.П. Михаэлис 
(Өскемен), Н.Я. Коншин (Семей), Л.А. Кузнецов (Петропавл), Г.А. Галимонт 
(Семей) болды. Бөлім қызметкерлері арасында Верный, Зайсан, Лепсі, Атбасар, 
Көкшетау және басқа қалалардан келген адамдар жұмыс істеді. 
Солтүстік Қазақстанды зерттеуде өлкетану қоғамдары көп жұмыс атқарды. 
Өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір жадығаттар 
жинап, жариялады. 
Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар өлкетанушылары Географиялық 
қоғамның Батыс Сібір бөлімінің қызметкерлері болды және бөлім жұмысына 
көмек көрсетті. Түрлі уездердегі кейбір дәрігерлер Омбы медицина қоғамының 
жұмысына араласты. Олардың арасында Н.И. Пахолков (Петропавл), М.А. 
Шестаков (Семей), В.А. Осовнин (Көкшетау), Н.Л. Зеланд (Верный), В.К. 
Барсук, Б.М. Мариупольский (Петропавл), А.А. Полубинский (Ақмола 
облысының облыстық дәрігері) және басқалар бар еді. 
Саяси айдаудағылардың өлкетану жұмысына қатысуының жарқын мысалы 
Семей статистика комитетінің қызметі болып табылады. Ол 1883 жылы саяси 
айдаудағы Е.П. Михаэлистің көмегімен ашылды. Оған айдаудағы халықшылдар 
Н.И. Долгополов, А.А. Блек, А.А. Леонтьев, С.С. Гросс, П.Кашинский, 
жергілікті өлкетанушылар А.Земляницын, Г.Шестаков, А.Герн, С.Никитин 
және басқалар қатысып тұрды. Олармен бірге комитетте Абай Құнанбаев, 
Әміре Айтбакин, Ақұн Мұңайтпасов болды. 
Өлкетанушылардың күш-жігерінің арқасында этнография, жергілікті 
өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минералогия бойынша бай экспонаттар 
жинақталған жергілікті музей құрылды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл 
Сібірге де мәлім музейлердің бірі болатын. Сонымен бірге, статистика 
комитетінің кітапханасы ашылды. Оған Ертіс өңіріне қатысты кітаптар, көркем 
әдебиет жинақталды, балалар кітабы бөлімі жұмыс істеді. Кітапхана ондаған 
газеттер мен журналдар алып тұрды. Өлкенің мәдени өмірінде статистика 
комитеті зор рөл атқарды. Географиялық қоғамның Семей бөлімін ашу туралы 
мәселе қойылды. Семей өлкетанушылары өз мақалаларын «Семейпалатинские 
областные ведомости», Семей облысының «Памятные книжки», «Восточное 
обозрение», «Сибирская газета» газеттерінде жариялап тұрды.
Ташкенттің ғылыми мекемелері Оңтүстік Қазақстанды зерттеу орталығына 
айналдырды. Онда халықшылдар П.И. Пашино, Г.С. Загряжский, Д.Иванов, 
В.И. Межов, Г.Усов, И.Гейер, Е.Смирнов және басқалар ғылыми қызметпен 
айналысты. Алайда отаршылдық әкімшілікте маңызды қызметтер атқарған Н.И. 


120 
Гродеков, С.А. Идаров, Н.А. Маев, Г.А. Арендаренко, А.П. Хорошхин, М.А. 
Терентьевтер де жергілікті мәселелерді зерттеумен шұғылданды. Жергілікті 
өлкетанушылар олармен тығыз байланыста болды. «Материалы для статистики 
Сырдаринской 
области», 
«Туркестанские 
ведомости» 
газеттерінде 
өлкетанушылық сипаттағы көптеген зерттеулер жарық көрді. Қазақстан 
проблемалары бойынша бірнеше арнаулы зерттеулер басылып шықты. 
Сонымен бірге мұнда да ғылыми қоғамдардың қызметіне казактар мен татарлар 
қатысты. Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, Қ.Қостанаев ерекше зерттеулер 
жүргізді. 
Зерттеу қызметі орталықтарының бірі Жетісу болды. Мұнда П.П. Семенов-
Тян-Шаньский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков 
экспедициялық сапарлар жасады. Н.А. Аристов, Ф.Костенко, Н.Н. Пантусов, 
Г.С. Загряжский, Р.И. Метелицын, В.А. Монастырский, А.Флеров және 
басқалар ғылыми қызметпен айналысты. 
Оңтүстік Қазақстан зерттеушілері жадығаттарын әр түрлі басылымдарда, 
атап айтқанда, «Туркестанские ведомости», «Семиреченские областные 
ведомости» газеттерінде, үздіксіз шығып тұрған «Материалы для статистики 
Туркестанского края», «Материалы для статистики Сырдаринской области», 
«Памятные книжки Семиреченской области» атты сериялық еңбектерде, 
ведомстволық басылымдарда жариялап отырды. 
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда зерттеумен Ташкент қаласындағы 
Түркістандағы әр түрлі ғылыми қоғамдарына біріккен адамдар айналысты. Н.Л. 
Зеланд, Н.И. Маев, А.П. Хорошхин, В.И. Межов, Г.А. Арендаренко, Е.Т. 
Смирнов, И.В. Аничков, И. Гейер, Н.П. Остроумов осындай өлкетану 
қоғамдарының қатысушылары болды. 
Сонымен қатар, жергілікті жерден шыққан, «Қазақтардағы дене және 
ақыл-ой тәрбиесі», «Орыс-қазақ және қазақ-орыс сөздігі» деген мақалалардың 
авторы Ешмұхамед Букиннің өлкетанушылық еңбектерін атап өту қажет. 
Құдабай Қостанаев «Перовск және Қазалы уездері қазақтарының 
этнографиялық очеркі» деген еңбек жариялады. Ноғайбай Жетпісбаев 
археологиялық жұмыстармен айналысты. Мұнда Ш.Ибрагимов те жұмыс істеді. 
Әбубәкір Диваев қазақ фольклористикасы жөнінде алуан түрлі жадығаттар 
жинап, жариялады. 
1896 жылы «Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция» жұмыс істей 
бастады. Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеу жөніндегі бұл экспедиция 
құрғанда Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін Қазақстанда жер 
саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедицияның міндетіне аумақты 
табиғи-тарихи жағынан зерттеп, суреттеу, жер түрлерін, бұл мәселедегі 
ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану 
тәсілдерін анықтау кірді. Ресейдің Орталық губернияларынан әкелінген 
шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық-статистикалық зерттеуге 
баса көңіл бөлінді. Экспедицияның құрамына Ф.А. Щербина, Ә.Бөкейханов, 
Л.К. Чермак, П.А. Васильев, Н.Ф. Гусев, Н.Белев, В.А. Владимировский, Н.Ф. 
Дмитриев, қазақ зиялыларының үлкен тобы – Ұ.Базанов, Т.Жалмұхамедов, 


121 
И.Жақсылықов, И.Құдайқұлов, И.Тілекеев, Г.Саркин, Р.Мәрсеков, Е.Итбаев, 
М.Бекетаев, М.Шомбалов, Д.Сатыбалдин, Т.Есенқұлов және басқалар кірді. 
ХІХ ғасырдың 60-90-жылдарында қазақ зерттеушілері дүниетанымының 
қалыптасуына халықшылдық идеология көп әсер етті. Олар айдаудағы 
халықшылдардың көзқарастары мен әдіс-тәсілдерін меңгерді. Алайда олардың 
арасында идеялық алшақтықтар да болды. Олардың бір бөлігі үстем тап 
позициясын ұстанып, өткенді дәріптеді. Ал тұтас алғанда, қазақ қоғамдық ой-
пікірі патриархаттық 
қалдықтарынан, идеялардағы 
жетілмеушіліктен, 
нысандарындағы толыспаушылықтан арыла бастады. Қазақ ағартушылары 
көшпелі қоғамдағы тоқыруашылыққа қарсы шықты, егіншіліктің және тұтас 
қоғамдық өмір дамуының маңыздылығын түсінді. 
Экспедицияға 
қатысушылар 
арасында 
экономистер, 
ботаниктер, 
топырақтанушылар, агрономдар болды. Олар жадығаттар жинап, Қазақтардың 
жер пайдалануы жөнінде Ф.А. Щербинаның экспедициясы жинап, өңдеген 
жадығаттардың он үш томын басып шығаруға әзірледі (І-ХІІІ т. 1898-1908). Бұл 
жадығаттар ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. 
Қазақтардың шаруашылығы, шаруалардың қоныстануы тақырыптарындағы 
жадығаттар ХІХ ғасырдың аяғында журналдар мен газеттердің беттерінде 
кеңінен жарияланды. Алайда мұндай мақалалар авторларының көпшілігі 
Ресейдегі аграрлық дағдарысты шаруаларды өзге жерге қоныстандыру есебінен 
шешуге болады деген пікірде болды. Олар қазақ ауылдарының жағдайын, қазақ 
халқының менталитетін ескермеді. 
Алайда аграрлық қатынастарды зерттеушілер еңбегінің құндылығы 
мынада: олар мол деректі жадығаттар қалдырды, әлі күнге дейін маңызы зор 
статистикалық жұмыстар жүргізді. 
Ғылыми қоғамдарды қызықтырған тағы бір мәселе қазақ халқының тарихы 
болды. Қазақстан тарихы көптеген ғалымдардың зерттеу нысанасына айналды. 
Қазақ халқының өзіндік ерекшелігін зерттеушілер білімнің әр түрлі салалары 
бойынша жұмыс істеді. Саяси жер аударылғандардың назарын Қазақстан 
археологиясы аударып, Н.Коншин, Д.Кастанье, А.Харузин, Л.Чермак, Д.А. 
Клеменц, Л.Каллаур, Д.И. Ивановтар Қазақстандағы бірқатар объектілер 
туралы еңбектер жариялады. Қазақтардың этнографиясы жөнінде де көптеген 
мөлшерде мақалалар жарық көрді. Осы сипаттағы барынша қызықты 
еңбектердің бірі Ф.Зобниннің «Қазақ даласындағы еріксіздер, құлдар және 
төлеңгіттер туралы мәселе жөнінде» деген еңбегі еді. Мұнда мұрағат 
жадығаттары мен қолда бар әдебиет пайдаланылды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында зерттеушілер статистикалық деректерді 
жинап, өңдеу барысында көлемді жұмыс жүргізді. Мәселен, ХІХ ғасырдың 70-
80-жылдарында Қазақстанда халық санағы жүргізілді. Е.Михаэлис пен А.Тилло 
Семей қаласы және бүкіл Қостанай уезі бойынша халық санағын жүргізді. 
Статистика комитеттерінің күшімен халық және түтін санағы, әскери ат санағы 
жүзеге асырылды. Мәселен, 1888-1892 жылдарда әскери ат санағы ішінара 
Ақмола және Семей облыстарында да жүргізілді.


122 
Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілік реформаларға байланысты 
қазақтардың дағдылы құқығын зерделеп, жүйеге келтіру керек болды. ХІХ 
ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастап әр түрлі мекемелер қазақтардың 
дағдылы құқығы жазбаларын жинауға кірісті. 
Қазақтардың дағдылы құқығы бойынша Д.Андре, А.Леонтьев, И.И. Крафт, 
Г.С. Загряжский, Н.Гродеков және басқа зерттеушілер көп жұмыс істеді. 
Мәселен, сот ісін жүргізу, отбасы, жер құқығы жөніндегі халықтық ғұрыптар 
жазбасы Семей комитетінің назарын аударды. 
Қазақтардың дағдылы құқығы жөніндегі жадығаттарды жинауға А.Л. 
Леонтьев, С.С. Гросс, А.Блок, Е.Михаэлс, А.Карелин, Н.Якимовтар бастамашы 
болды. 1886 жылы статистика комитеті «Қазақтардың заңдық ғұрыптарын 
зерттеуге арналған жадығаттарды» басып шығарды. Оған саяси жер 
аударылғандардың еңбектері енді. 
Қазақ жұртшылығы дағдылы құқық жөніндегі басылымның жарық көруіне 
ризашылықпен қарады. Ол туралы «Дала уәлаятының газеті» арнаулы хабар 
басты. Бұл жинаққа қосымша 1890 жылы А.Леонтьев «Қазақтардың дағдылы 
құқығы» деген мақала жариялады. Мұнда автор қазақтарда шариғаттың 
ешқашан да құқыққа негіз болмағанын көрсетті. Мұсылман діні де, ХІХ 
ғасырдың аяғына қарай енген орыс ықпалы да далада ежелден келе жатқан 
дағдылы құқықты бұза алмады. Бұл қағидаға басқа заңгерлер – Н.И. Гродеков, 
Г.С. Загряжский, А.Изразцов, Р.И. Метелицын қосылды.
Қазақстан жөніндегі ғылыми жадығаттардың қомақты қорын жасауда 
облыстық статистика комитеттері едәуір рөл атқарды. Статистика комитеттері 
туралы ережеде былай делінген: «Бұл комитеттердің басты мақсаты жергілікті 
әкімшілік статистиканы дұрыс ұстау, атап айтқанда: әрбір губернияда немесе 
облыста үкіметтің талап етуімен және Орталық статистика комитетінің 
нұсқауымен сол губернияның немесе облыстың жер мөлшері мен жерінің 
сапасы, халық саны және өндіргіш күштері туралы дәл статистикалық 
мәліметтер жинаудың мейлінше дұрыс әдістерін белгілеу және бұл 
мәліметтерді тексеру мен өңдеу болып табылады...». Бұл орайда халықшылдар 
көп күш жігер жұмсады. 1878 жылы Ақмола, 1896 жылы Орал, 1895 жылы 
Торғай, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария облыстық статистика 
комитеттері ашылды. 
Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш 
күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, 
тұрғындар және олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту және т.б. туралы 
егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды. Бұл 
шолуға қоса, жиынтық статистикалық кестелер беріліп отырды. Бастапқыда 
мұндай шолулар «аса мәртебелі» губернаторлардың жыл сайынғы есептеріне 
қосымша ретінде жазылатын. Уақыт өте келе шолуларда статистикалық 
жадығаттармен қатар, жекелеген авторлардың мақалалары да жариялана 
бастады. Түркістан өлкесінде ұзын саны 100-ге таяу шолу басып шығарылды, 
соның ішінде: «Жетісу облысы бойынша шолулары» 1882 жылдан 1913 жылға 
дейін үнемі шығып тұрды, Сырдария облысы бойынша «Шолулар» 1885 


123 
жылдан 1895 жылға дейін шығарылды. Бұған қосымша Сырдария облыстық 
статистика комитеті 1891 жылдан 1907 жылға дейін «Сырдария облысының 
статистикасына арналған жадығаттарды» жыл сайын шығарып тұрды. 
Комитеттер облыстық шолуларға қоса өз еңбектері мен басқа 
басылымдарды да шығарды. Мысалы, Сырдария комитеті өз еңбектерінің бір 
томын, «Сырдария облысының статистикасына арналған жадығаттар 
жинақтарының» 13 санын басып шығарды. Жетісу облыстық статистика 
комитеті «Жетісу облысының ескерткіш кітапшалары мен мекенжай 
күнтізбелерінің» (1898-1905) 5 томын жариялады. 
Саяси айдауда жүргендер қазақ халқының өткені мен бүгінін 
халықшылдық тұрғыда зерттеді. Мәселен, этнографиялық зерттеулерде олар 
әрқашанда әлеуметтік және саяси мәселелер көтеріп отырды. Олардың өз 
зерттеулері мен мақалаларында либералдық және реформистік бағыт ұстанды. 
Халықшылдар қазақтардың өмір шындығын экзотика ретінде қарастыруға 
қарсы шықты. Тұтас алғанда халықшылдар қазақ қоғамының күрделі 
құрылымын ақырына дейін түсіне алмаса да, олар біреулердің екіншілерін 
қанауы көңіл аударды, орыс және қазақ халықтарының еңбекші бөлігінің 
езілген 
жағдайына 
қоғамның 
назарын 
аударуға 
тырысты. 
Патша 
самодержавиесін сынап, бостандық идеяларын насихаттады. 
Қазақстанда саяси айдауда жүргендер өздерінің ғылыми қызметінде 
халықшылдықтың жалпы идеялық негіздерін басшылыққа алды, бірақ 
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық жаңа нақты жағдайлар оларды 
көбінесе күтпеген тұжырымдар жасауға мәжбүр ететін. Олар шет аймақтардың 
әлеуметтік-экономикалық өміріне капитализмнің енуін аңғара отырып, осыған 
байланысты өлкедегі шаруалардың қоныстануына және жұмысшылардың 
жағдайына, өңдеуші және тау-кен өнеркәсібінің дамуына ерекше ден қойды. 
Халықшылдар жазған еңбектер патша әкімшілігінің ресми басылымдарымен 
салыстырғанда шыншыл және ғылыми орнықты болды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағында көптеген тарихи-
статистикалық, этнографиялық, геологиялық, географиялық экспедициялар 
жұмыс істеді. Әдетте, олардың белсенді қатысушылары халықшылдар болды. 
Әрбір экспедицияға жергілікті ұлт өкілдері, көбінесе қазақтар жолбасшы және 
тілмаш болып қатысты. 
Жолбасшылар мен тілмаштар халықшылдармен тығыз байланыста болды. 
Тілмаштар көп нәрсеге қанығып қана қойған жоқ, сонымен қатар, өздерінде бар 
мәліметтерді беруге де әзір тұрды. Олар білімді, өз халқының материалдық 
және рухани мәдениетін насихаттаушылар болды, дала аңыздарын, билердің 
аса маңызды билік шешімдерін, дағдылы құқық ережелерін, рәсімдер мен әдет-
ғұрып, мал шаруашылығын жүргізу жүйесін, көшіп-қону жолдарын және т.б. 
жақсы білді. Кейіннен бұл мәселелердің көбісі халықшылдардың ғылыми 
еңбектерінде көрініс тапты. 
Екі халық өкілдерінің мұндай өзара қатынастары, олардың арасындағы 
байланыстар қазақтар мен орыстардың жақындасуына себепші болды. Қазақ 
және орыс өкілдерінің шығармашылық достастығы қазақ қоғамдық ой-пікірдің 


124 
дамуында демократиялық негіз қалады. Орыс отаршылдарына қарама-қайшы, 
орыс демократиялық және революцияшыл ой-пікірінің өкілдері қазақ және 
орыс зерттеушілерінің арасында достық қатынастардың дамуына жәрдемдесті. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ғылыми қоғамдардың 
дамуы көптеген қазақ зерттеушілерінің қалыптасуына әсер етті. Олар қазақ 
ағартушыларының озық идеяларын қабылдап, саяси жер аударылғандардың 
ғылыми 
көзқарастарымен 
және 
методологиясымен 
танысты. 
Қазақ 
зерттеушілері өз халқының тарихы, әдебиеті мен өнері жайлы құнды деректер 
жинастырып, көптеген еңбектер жариялады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет