4. Интерактивті-интеллектуалды (бағдарламаланған логика оқушының танымдық іс-әрекеттеріне, тақырыпты зерттеу барысында көрнекі құралдарды пайдалануға, материалды қабылдауға және есте сақтауға жағдай жасайды).
Видеоәдіс – оқытудың жеке әдіс-тәсілдерінің бірі. Бұл әдісті сабақты түсіндіргенде, бақылау, қорытындылау, қайталау, жинақтау жұмыстарын ұйымдастырғанда қолдануға болады. Әдіс ақпаратты визуалды қабылдауға негізделген.
Видеоәдістің оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстарына қоятын талаптары жоғары. Ол нақтылықпен, жан-жақты ойластырылуымен және мақсатқа сәйкестігімен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті пайдаланатын мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына еліктіріп, оларға бағыт-бағдар бере отырып, негізгі түйіндерін айтып отыруы керек, сонымен қатар әр оқушыға жекелей көмек беруі тиіс.
Мультимедиалы презентацияларды қолдану арқылы өтетін сабақтар оқушыларды қанаттандыруы керек. Яғни, оқушылардың құлшыныстарын арттырып, сабақ материалын мазмұндау арқылы уақытты үнемдеуге көмектесуі қажет.
Осылайша, мультимедиа-технологияларды пайдалану келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: интерактивті тақта, интерактивті сауалнама жүйесі, әртүрлі оқу бағдарламалары, мультимедиалы экран. Компьютердің көмегімен сабақты жоспарлағанда мұғалім нақты бір дағдыларды қаншалықты меңгергеніне байланысты төмендегі іс-әрекеттерді жасай алады:
1. Бағдарламалау тілінің көмегімен сабақтың әр түрлі деңгейінде пайдалануға болатын әртүрлі бағдарламалық өнімдерді дайындау;
2. Сабаққа дайындалу барысында және сабақта дайын бағдарламаларды пайдалану (энциклопедия, оқу бағдарламалары);
3. PowerPoint электронды презентациясы мен Microsoft Office пакетін пайдалану. Электронды презентация аз ғана уақыт ішінде үлкен дайындықсыз-ақ көрнекі материал жасауға мүмкіндік береді;
4. Сабақ жобасын дайындағанда деректер қорын қолдану;
5. Үлестірме және дидактикалық материалдарды дайындау барысында Microsoft Word редакторымен жұмыс істеу;
6. Компьютердегі тесттер мен диагностикалық кешендерді пайдалану.
Оқыту процесінде бейнеәдісті қолдану мынадай мүмкіншіліктерді қамсыздандырады :
Оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен процестер туралы толық және ақиқат хабарды беру;
Оқыту үрдісіндегі көрнекіліктердің алатын ролін көтеру ;
Оқушы назарларындағы сауалдар мен тілектерді қанағаттандыру ;
Білімді бақылаумен және түзетумен байланысты техникалық жұмыс бөлімінен мұғалімін босату;
Нәтижелі кері байланысты орнату ;
Толық және жүйелі бақылау орнату , үлгерімдік туралы объективті есебін ұйымдастыру.
Бейне әдіс арқасында көптеген дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар нәтижелі шешіледі:
1. Жаңа білімдердің баяндалуы ;
2. Күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық үлгілердің әрекет принциптерінің динамикасын түсіндіру;
3. Көп еңбекті процестердің бақылауы ;
4. Бейнеқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты нығайтуы;
5. Жабық жабдықтау ішіндегі өтіп жатқан жасырын процестерді бақылауы ;
6. Оқыту - жаттығу және зерттеу жұмыстарына арналған деректер қорын жасауы;
7. Оқу үрдісін рационализациялау, оның өнімділігін және ғылыми хабардың меңгерілуін жоғарылату жолымен педагогикалық басқару сапаларын көтеру.
Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар:
түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті қолдануға мүмкіндік береді;
тұрақты жаңару мүмкіншілігі;
жариялау мен көбейтуге аз шығындалу;
интерактивтік веб-элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы тестілер немесе жұмыс дәптерлері;
көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау мүмкіншілігі;
электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады;
Достарыңызбен бөлісу: |