Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік
(образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады.
Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:
1) интервалдық секірістерден тұратын әуендер;
2) әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;
3) бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер.
Әуен дамуының ең жоғары сатысы – оның шиеленісуі шыңы, кульминация – шың деген
мағынаны білдіреді.
9 Мелизмдер
Мелизмдер музыкада жиі кездеседі, клавесиндік музыкада кең өрістеді. Мелизмнің негізгі
міндетінің бірі - әуендегі дыбысты әшекеймен безендіру. Мелизмдердің басты түрлері:
форшлаг, мордент, групетто, трель.
Форшлаг – соққы , алдыңғы соққы деген мағынаны береді.
Мордент – үшкір, көмекші және негізгі – үш дыбыс айналымынан тұрады.
Групетто – төрт немесе бес дыбыстар тобынан құрайды.
Трель – сылдырлау, теңселу, тербетілу және әрқашан нотаның үстінде қойылады – tr.
Достарыңызбен бөлісу: