Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет69/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Жаназалау әндері - тарихи оқиғаларға, адам
казасына байланысты туындап, ел аузында сақталған
естірту, көңіл айту, жоқтау сиякгы салт әңдері. Мұнда жеке
адамның немесе бүкіл бір елдің көңіл-күйлерінің сан алуан
толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дуниемен қоштасу
әндері ел басына түскен ауыр күндерге туған. Оның өлген
адамның тірі күнін де айтқан өсиеті түрінде кездесетін
үлгілері де болды.
Тұрмыс салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер
өлеңдері деп те айтамыз. Адамның көңіл-күйін, өмір
құбылыстарын терең толғайтын жаназалау әңдерінің
тәрбиелік мәні бар.
Накиялы әндер қатарына, мысал, алғыс-бата, тілек,
әндері кіреді. Бұл әндерде халық педаготкасының ең құнды
жинақтары бар. Салт дәстүрлердің сәнін мәнін арттара
түсетін ән үлгілері - бата-тілек әндері. Шынайы халыктық
сипатқа бөленген, бірақ кез-келген жайға арналып айтыла
бермейтін бата-тілектің карапайым тәрбиелік, тағлымдық
мәнінің орасан зор екендігін оның өн бойындағы, ой
ұшқырлығын, ақыл-парасатты, өмірлік тәрбиені, кемелдік
пен көсемдікті шешендік пен шеберлікті байкауға болады.
Ол өзі - терең философиаық астарымен ерекшеленіп
тұрады.
Күн шуақты болсын,
Көлің суатты болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсьш! - деген бірер шумақтың өзінде
көңілге көп жайды тиіп, оның халық тіршілшндегі,
тұрмысыңдағы орны мен рухани
салмағын толық
түсінгендей боламыз.
Нақлият әндерде аса бағалы дидактикалық бай
тағлымдық қазына жатыр, қоғамдағы адам өмірін
бағыттайтын жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен
парсыздықтың, моральдык, этикалық ұғымдарды
жырлаған.
Нақлият әндерінің бір түрі - мысал әндер. Оларда
аллегория түрінде ақыл-кеңес, мораль мәселелері айтылады.
Сондықтан халық жыршыларының
шығармаларында
109


параллелизм, астарлап айту, символикалар жиі кездеседі.
Олардың басты кейіпкерлері қорқау қасқыр, қу түлкі, аңкау
қой, әнші бұлбұл, ақылсыз есек, өсекші карға тағы сол
сияқтылар. Мысалы, Ж.Жұмабаевтың ән-мысалында:
Қарға менен сауысқан
Түбі бірге туысқан.
Тілейтіні қарғаның,
Ағайынның бірлігі.
Шықыддаған сауысқан,
Ед бүлдіру тірлгі, - деп еңбекшіл қарға мен өтірікші,
өсекші және жалқау сауысканның тірлігін баяндайды.
Мысал әндерде параллелизм мен символика астасқан
түрде де пайдаланылады. Мысалы аққу - сұлулық символы,
сұңқар - батырлық, көгершін - бейбітшіліктің, қарлығаш -
достықтың, өгіз - еңбекқордың, туйе - дала кемесінің
символы ретінде беріледі. Мысал - әндерде кейіпкерлер
ретінде құстар мен жануарлар келтірілген.
Жұмбақ өлеңдерде дидактикалық тәлім-төрбие
мәселелері арқау болған. Ән-жұмбақтардың әр түрлі өзінің
көркемдік ерекшеліктерімен коса аса бағалы төрбиелік
мәні бар. Жұмбақ өлеңдер I, 2, 3 немесе 4 жолдардан
құралады. Көркемдік мәнерілілігі жағынан мақал 
-
мәтелдермен пара-пар деуге келеді. Мысалы, Ертай,
Құлсариевтің трактор туралы ән-жұмбағында:
Бір базар көшіп келген Мәскеу жақтан,
Білмеймін ауырлығы неше батпан?
Ақын - жырлар ән - жұмбақтардың екі түрде:
біреуінеде жұмбақтай отырьш, қолма-қол жауабын беріп
отырса, еккіншісінде, халықтың өзі шешімін табуға арнап
айткан. Мысалы, ән жұмбақтарда салыстырмалы
метаформалар мен антитездер көптеп кезігеді.
Қиял ғажайып әңдердің катарына аңыз-әңдері, өтірік
өлеңдері де жатады. Олардың сюжеттік мазмұны әр тұрлі
болғанымен, негізінен халық өмірінен алынады. Карапайым
адамдардың болашақка деген үміт-арманы, бақыт пен
шынышылдық, ақиқат туралы сенімі арқау больш ән
соңында дидактикалық ой-тұжырым мен байқаулар жасальш
отырады.
Сатиралық-юморлық әндер ақын-жазушылардың
орындауында халық тұрмысындағы келеңсіздікпен күресте
айбынды қару балды. Халық жаршылығы күні бүгінге дейін
юморлық, әзіл-қалжың, әжуа әңдерді шығарып келеді. Сан
110


қилы әндерде жақсы әзіл, сын, сарказм, ирония кезігеді.
Құрбы кұрдастарына арналған достық шаржлар,
табыстары мен жетістіктеріне, олардың кәсіптік және
мінездеріндегі кейбір қасиеттеріне тоқталады. Халық
ақындарының ішіңде өте көп таралған сатиралық әндерде
адамдардың ақылы тарлығы, тәрбиесіңдегі сорақы
мінездерін аямай
әжуалаған. Арсыз жалкаулықты,
арсыздықты тамаша өткір теңеулермен шенеп - мінеген.
Мысқылдың ең шарқау шегі - сарказм екені белгілі.
Өткір сатиралық әндер Сүйінбай мен Бахардың,
Баймағамбет сұлтанның қыздары мен әйелін мақта
дегеңде айткан Шернияздың ирониялық әндерін
жатқыызуға болады. Сондай-ақ антитезге Т.Ізтілеуовтың,
К.Тәкежановтың диалог, монолог түріндегі өзіл-қалжың,
сатиралық әңдерін атауға болады.
Сатиралық әндер әрдайым кемшіліктермен күресу
құралы ретінде өзінің карапайымдылығы және стилінің
айқындығымен, идеялық мазмұнының тереңдігі мен оқу-
тәрбие жұмысының аса пәрменді құрал болмак, әрі
олардың азаматтық, қоғамдық мотивтермен, отансүйгіштік
идеялармен үнемі байып отыруы жастар тәрбиесіңде
кеңінен пайдалануға кең жол ашады.
Тарихи уақиғаларды суреттеу әндері халықтың
тағдырына байланысты өмірлік маңызы бар көптеген
оқиғаларды үлкен көркемдік дәрежеде бейнелеп отырған.
Тарихи әндердің бір түрі - шежіре әндер, терме
түрінде ата-бабаларымыздың тарихи шежіресін тарату
мақсатында өмірге келгендер. Шежіре әуендерде ірі
уакиғалар суреттелмегенімен, айбынды аталарымыздың
кімдер екенін, кім-кімнен тарайтындығын анық көруге
болады. Сонымен, тарихи әндер казақ музыкасының үлкен
бір бөлігін құрайды, тақырыптарының идеялык мазмұны
күшті, халық есінен өткендегі тарихи жайлар ұмыт калмай,
ұл-қыздарымызды едін-жерін сүюге, ұлтжаңдылыққа
тәрбиелеуге маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет