Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
ДОМБЫРА ТЕГІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ
116


Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-
эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткізді.
Күй мен оның әңгімесі қоса өріліп, домбыра мен аңыз қатар
өрбіді. "...Алғашқы рулық замандағы бір адам (батыр,
мерген) аңда немесе жорықта жүріп өзінің басынан кешкен
бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Бұл жай
әңгіме. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады,
айтқанда өз жанынан желі қосуы да мүмкін. Ал, одан
естіген кісі тағы біреуге айтады, ол да өзінше баяндайды.
Сөйтіп, алғашқы жай әңгіме хикаяға, бірте-бірте аңызға
айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама
көркемделіп әпсана-хикаятқа айналуы мүмкін. Міне, бұл
өмір шындығына тікелей қатысы бар..." - дейді
С.Қасқабасов.
Аңыз әңгіменің рухын күй сарыны күшейте түсе,
күйлердің сарыны аңызды әсерлеп жеткізуге, ықпал ете
алады. Домбыра бар жерде қазақ халқының тілі, өнері,
тарихы бірге жүреді. Аңыз әңгімелер арқылы домбыра
аспабының философиясын ашуға болады.
"Ертеде бір ханның қызының кедей жігітпен көңіл
бірлігін сезіп қалады, жігітті дереу дарға астырады. Екі
қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны
аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлак
естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек
басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді.
Сәбилердің көз жасы тамған
бәйтерек солады, жүрегі токтаған нәрестелермен
бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата
ма оны естіген кыз егізін іздеп жолға шығады. Жолдан
шаршаған кыз бала ағаш түбіне келіп демалады. Құлағына
күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін
білгісі келіп ағаш ұстіне шығып тыңдаса жаңағы бәйтерек
сынып кетеді. Ағаш, түбінен басына дейін іші қуыс екенін
көреді. Екі басыңца бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған
ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп әуен
шығады екен. Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар
деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батыска қараған ішегі
бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен.
Астыңғы ішек жіңішке дауыс қызым Зарлық ал, үстінгі ішек
бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын деп екі ішекке ат
қойып домбырасын тартын күй шығарып кеткен екен дейді
— Ө.Жәнібеков.
117


Мұндай аңыздарда айтылатын бәйтерек ағаш домбыра
болмысымен үндес. Домбыра ағаштан жасалынып, одан
әуен туады. Адамның қос ішекті соғуы аркылы пайда
болатын әуені жел, дауыл әсерінен туатын сылдырлаған
дыбыс үндерін еске салады. Демек екі бағыт негізінде
әрекет байқалады. Оның бірінде жел мен дауыл
Бәйтерекке әсер етіп, қозғалудан ызың естілсе, екінші
бағытта адамның домбырада ойнау әрекеті арқылы әуендер
шығады. "...Е.М.Мелетинский, - әлемдік ағаш пен шаман
арасындағы байланыс өте тығыз...шаман әлемдік ағаштың
көмегімен адамдар мен құдайларды, жер мен аспанды
байланыстыра алады, яғни ол дәнекер, медиатор қызметін
атқарады" - дегенді айтады.
Бәйтерек ағаш аңыздарда дүниенің кеңдігін көрсетудің
символы болса, домбыра аспабынан туған үн өмір мәнін
ұғынуға шақырады. Бәйтерек, домбыра болып үн қатады.
Ол табиғат пен өмірдің жалғасқан айналмалы шексіздігін
меңзейді. "...Бәйтеректің басына ұя салған Самұрық (не
Алып қарақұс) кейіпкерді аспан әлеміне алып ұшады, я
болмаса жер бетіне шығарады...зәулім бәйтерек бейнесі -
қазақ жағдайына сәйкес космостық ағаштың өзгерген түрі.
Мұны қазақтардың айдалада өсіп тұрған жалғыз ағашты
қадір тұлу салтынан да көруге болады".
Бәйтерек ағаш киесі домбыра аспабы арқылы
адамдарға эстегикалық әсер береді. Демек, домбыра
аспабы бәйтерек ағаштан пайда болды деп айтуға негіз
бола алады. Аспаннан нәр алу космостық ұғымды білдірсе,
адамдардың өзіне қажетті кұнар алуы жердің қоректік
қасиеттерінен туындайды. "Жапанда өсіп тұратын жалғыз
ағаш, немесе бұта қадірленіп, оның басына түнейді. Оның
қасынан өтіп бара жатып, адамдар ағаштың бұтактарына
шүберек байлайды, ыдыс тастайды, тіпті құрбандыққа мал
шалады, я болмаса аттың жалын түйіп тастайды".
Бәйтерек ағаш басына барып сиынуы оның бойынан
пайда болған домбыра аспабына да оның эстетикалық
көзқарасының жоғарылығымен іштей байланыс табады.
Бұл жайды арқалы жырау Қашаған жақсы айтып кеткен:
Қолымдағы қу ағаш, 
Сөйлеп тұрған бұл ағаш
Қолымдағы ағашым -
Алып жүрген домбыра
Домбыра күнә деген сөз
118


Тек бір айтқан дабыра.
Пайғамбарым туғанда,
Бесік болған бұл ағаш.
Ыбырайым Кәрба салғанда,
Мешіт болған бұл ағаш.
Ықырам үйдің алдында,
Есік болған бұл ағаш.
Батырлардың қолында
Найзасына сап болған да бұл ағаш.
Дарияның бетінде
Пырақ болған бұл ағаш.
Әулиенің басына
Шырак болған бұл ағаш.
Жетім менен жесірге
Суат болған бұл ағаш.
Таршылық көрген талайға
Нәсіп болған бұл ағаш.
Балта ұстаған шеберге
Кәсіп болған бұл ағаш
Өзіңді тақсыр молда дейді.
Боқтағаның кай ағаш ?
Шегін күнә десеңіз
Жұмақтан келген қайдікі,
Пернесін күнә десіз бе?
Есебі ол – пәннің он екі!
Құлағын күнә десеңіз,
Хазіретті біләлдің,
Құлағы екен деседі.
Тигін күнә десеңіз,
Шиеленген сыр шешеді!
Зауықты күнә демеңіз
О да айт пен тойдікі.
Сазды күнә демеңіз,
Атамыз адам пайғамбар,
Жеті сазбен жерге кеп,
Күй шертіпті деген бар.
Ол күндегі о да саз,
Бұл күндегі бұ да саз,
Сазды күнә деп жүрген,
Молдеке сенің ақылың аз.
119


Қашаған жырау ағащ пен (бэйтерек - Е.Ж.) домбыра
арасыңдағы байланысқа мән беріп, олардың қасиеттерінән
өзара сабақтас екенін көре білген.
Ресми деректерде де ол ағаштың ерен ерекшеліктері
айтылады. Аңыз бәйтерек пен кәдімгі бәйтеректің
ұқсастықтары айқын байқалады: "Бәйтерек, мырза терек
(Populus italica) биіктігі 40 м шамасында, қабығы
айғыздалып тілінген, қонырқай тусті. Бұтақтары жан-
жаққа тармақталмай жоғары қарай ұмтыла өседі. Бұтақ
шоғыры пирамида тәріздес. Жас өркендері мен жас
сабақтары түкті келеді, жапырақтары жалпақтау, үш
бұрышты, ұшы үшкірлеу не доғалдау, жалырақ жиектері ара
тісі тәріздес болады. Жерорта теңізі жағалауында, Кіші
Азияда, Иранда, Европаның оңтүстігінде, Кавказда, Орта
Азияда, Қазақстанның Қызылорда, Шымкент, Алматы,
Талдықорған облыстарында кездеседі. Жемісі - көп
тұқымды қауашак. Жемісінде эфир майы болғандықтан
парфюмерияда қолданылады. Діңі кағаз өндірісінде
пайдаланылады".
Жапанда жалғыз өскен бәйтерек ағаштың
сылдырлаған сыбдыры
дыбыстық
әуенге айналып,
адамдардын жалбарынуына әкеліп соқтырары сөзсіз.
Бәйтерек ағаштың қылықтарына ұқсасын деп аспап жасап
алуы да ғажап емес. Ағаштың киелі болуы оның тамыры жер
астында, бұтағы мен сабақтары жер үстінде, сөйтіп ол
аспанмен тілдесіп, түрлі 
сыбдыр дыбыс 
құрып,
саққұлақтарға әсер етуі мүмкін. Өйткені әуен - тазалықтың
нышаны, ал Бәйтерек - үш әлемді байланыстыратын
символ. Бұл орайда Ш.Уалихановтың болжамы жүйе түзуге
жетелейді: "...ән аспанда қалықтап ұшып, жер бетіне
жақын келеді. Оның жерге ең жақындаған кезін байқаған
халық әнді ұстап қалған, ал өте жоғары қалықтаған
жердің адамдары ешнәрсе үйрене алмаған. Құдайдың
құдіретімен келген ән қазақ жерінде тіпті төмен ұшқанда
қазақ халқы оны естіп, әнді жақсы айтатын болған".
Демек, аспаннан пайда болған әуен Бәйтерекке
беріліп, одан шыққан әуен саққулақ адамдарға естіліп ол
дыбыстарды әуенге айналдыруы мүмкін. Оны
орындаушылар өңдеп, дамытып, адамдардың әрекетімен
қалыптастырып бір-біріне үйретіп отырған. Бұдан шығатын
қортынды: Үш түрлі әлемнің құдіретін бәйтерек ұғымы
тікелей байланыстырып тұрғандай. "Үш әлемді
120


дәнекерлеп, жалғастырып тұратын космостық ағаш бейнесі,
әсіресе, шамаңдық нанымда жақсы сакталған..." - деген
қортынды айтады С.Қасқабасов.
Мұндай болжам "Бәйтерек" ағаштан домбыраның пайда
болуына негіз бар деп қарауға болады. Себебі музыкалық
дыбыс о баста белгілі бір қозғалыстан әуен пайда болатыны
рас болса, онда табиғаттағы дыбыстарды аспапқа салу
арқылы музыкалық дыбыстар құралды. Демек, "Бәйтерек"
ағаштан пайда болған музыкалык әуеңдерді құрастыру
арқылы шағын үндердің жиынтығы келе-келе ол жетіліп,
дамып отырған. Оған дәлел қазақ музыкасында табиғатқа
байланысты туған ән мен күйлер көптеп саналады. Мысалы:
"Сары өзен", "Ертіс толқыны", "Боз төбе", "Қызыл қайың",
"Мұңлық-зарлык", "Тәңірі күйі", "Аққу", "Құланның тарпуы",
"Аксақ құла", "Бозінген", "Шұбар ат", "Тепен көк" т.б.
күйлер өз заманына лайық туған. Табиғаттағы жер
астынан өсіп-енетін қамысты алып, үрлесе одан белгілі бір
дыбыстар шығады. Ол Ескендір патшаға байланысты жеткен
аңыздар да айтылады.
"Ескендір патшаның басында мүйізі боладьг, мүйізі бар
екенін елге білдірмеу үшін ол шашын алған адамдардың
бәрін өлтіріп отырған. Ең соңында бір шаштаразшы тірі
қалады. Бірак ол Ескендірдің мүйізі туралы кұпияны
жасыра алмай, құдыққа барып айқайлайды. Құдықтан
қамыс өсіп шығады. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы
жасап, ән салады. Сөйтсе сыбызғыдан шыққан дыбыс
"Ескендірдің мүйізі бар!" деген сөз болады да, құпия елге
тарап кетеді".
Бұл аңыз музыканың үш әлеммен байланысы бар
екенін тағы бір танытқандай. Жер астынан өсіп шыққан
қамысты үрлеу арқылы одан пайда болған әуен сыртқа
теуіп шығады, ол естілу арқылы жұрттың құлағына жетеді,
демек өмір мен үш әлемнің арасында бір заңдылық бар.
"шамандық касиетті адам таңдап алмайды, қайта бұл
қасиеті ауыр жүк, қашьш құтыла алмайтын тағдырдың
жазмышы ретінде қабылдайды. Шамандық қасиет даму
үшін ерекше қабілет қажет".
Шамандык, бақсылық қасиеттерді адам өзі біліп,
болмаса біреудің оқып үйретуі арқылы жасалмайды. Ондай
қасиет белгілі бір күш (үш әлем) арқылы беріледі. Мұндай
қасиетті ол адам бойына сіңіріп, қабылдап алуға қауһары
жетеді ме? Болмаса мұндай қасиетті қабылдап алып ол
121


арқылы елге үстемдік жасай алатындай күш қуаты қандай?
Әрине, мұндай касиетті қабылдап оны жүзеге асыру үшін
алдымен оның өресі мықты болуы тиіс. Шамандық,
бақсылык касиеттерді қабылдаушы адамның тұлғасы,
келбеті, түс-өңі, ажары мен ішкі жан дүниесінің
кеңістігіндегі қуаты күшті болуы керек. Осындай
тұлғаларды іріктеп келіп, соған лайыкты іс әрекеттердің
түрлерін береді (әр түрлі деңгейде). Олардың өзін неше
түрлі категорияларға бөліп берілу арқылы барып қонады.
Сондықтан мұндай құдіретті іс әрекеттерді алып жүру оңай
іс емес, ол өте ауыр және қиын. "Сләмбек... Бақсы қобызын
тартып зарлады-ай кеп, зарлады-ай кеп, бір кезде біз
отырған киіз үйдің төбесі қара дауыл сокқандай
желпілдеді, желпілдеді-ай. Сонан кейін киіз үй қаңбақша
аударылды да, қайдан келгені белгісіз бақсы бір арғымаққа
міне салып, құйындата жөнелді".
Музыка үнінің құдіреті үш әлеммен байланысы бар
"Келдібек толғау айтқанда, ол отырған киіз үй
шайқалатын, өз даусымен ол дауыл тұрғызатын, ауылға
кенет құйын соғып, бұл стихияның ішінен көзге көрінбейтін
салт аттыпардың тұяқтарының дүбірінен жер қайысатын
еді" деген ойдан байқау қиын емес.
Шамандықты ұстаған бақсылар Бәйтерек ағаштан
эстетикалық қорек алған. Ол дәстүр ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып отырған. Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата
алған тамам бақсы асқан ата. Таң қалып жұрттың бәрі
тұрады екен, Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.
Музыка дыбыстан құралады табиғаттан пайда болған
жаңбыр, дауыл, жел, су сылдыры, құстардың үні, аңдардың
үні мен қимылы, жан-жануарлардың боздауы, кісінеуі т.б.
дыбыстарға еліктеуден әуеи құрылады.
,,Мен далада тудым, дала мені асырады, бакты... Дала
өзгерсе, бізде өзгереміз. Бұлттан шыкқан күн қандай
шұғылалы, жарық, жадыраңқы болса, біз де төбеміздегі
аспанды торлаған қара бұлт көшкенде, бұрынғының бәрін
ұмытып, уайым-қайғыны серпіп тастап, жаңаша өмір
сүретін боламыз... Сол кезде мен де өзгеремін, өзімнің екі
ішекті домбырамды басқаша күйлеп аламын да, мүлдем
басқа күйлерді тартамын, домбыраға косылып мүлдем бөтен
ән айтатын болам...".
Демек, қалай болғанда да даланың кең құшағында үш
әлемді байланыстырып тұрған бәйтерек ағаш арқылы
122


адамдарға музыкалық қасиет беріледі. "...Қазақ халқының
талантты күйшілері... күлаққа әрең естілетін шөптің
сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушышың әні,
аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатынын
суылы бар...".
Даланың құбылуына байланысты музыка да сан түрлі
мұңды, көңілді ырғактарға толы болады. Өйткені адамды
қоршап, сыртынан жауып тұрған табиғат құбылыстары
жаңа шығармалардың тууына әсер етпей тұра алмайды.
"...Қорқыт ...дүниені түгел шарлаған ол еліне қайтып келіп,
"желмаясын сойып, оның терісімен қобызының сыртын
қаптайды. Құрғақ жерде тұрса бір күні ажал жетіп келер
деген қауіппен бір қырмызы масаты кілемді алып,
Сырдариянын суына төсеп, сонда қобызын тартып тұра
беріпті. Қорқыт дүние кезгендегі арманын да, өлімнен
қашқан кайғысын да, өзі көрген жаксылык-жамандық
жайларын да қобызында ойнаған ғажап сұлу күйлермен
жеткізіп баяндайды. Қорқыт күйлерін бүкіл дүние, жан иесі
түгел ұйып тыңдайды... Қорқыт Сырдарияның көз
жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, - өлім
мені қанша қуса да мен оны бұл жерге келтірмеспін деп
қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген
күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе
алмапты".
Қоркыттың соңғы тұжырымы музыканың құдірет иесі
екенін сезеді, ажалды тежеуге мүмкіндігі барын біледі де,
осы болжамға тоқталады. Бәйтерек ағашынан бастау алып
жатқан казак музыкасы тіпті ажалдан да жоғары түсінік
екенін түсініп білген дала философтары. Шамандық музыка
көмегімен жүргізілген. "Қазақ бақсыларының қолына ұстап
жүретін асатаяқ (асай-мүлай) осы Сібір шамандарының үш
әлемді шарлауға мүмкіндік беретін космостык ағаштың
өзгерген түрі емес пе екен деген ой келеді. Қалай болғанда
да, бақсы асатаяғы мен ертедегі бәйтеректің түбірі бір екені,
ол архаикалық мифтегі космостық ағаш екені күмәнсіз" -
деген тұжырымға қосылудан баска шара жоқ.
Үш әлемнің байланысы адамға музыка үнімен жетеді.
Сол музыка арқылы берілген жұмбақ әуенді тындап, оның
түйінін шеше білген адамға нұр кұйылады. Музыканы
түсінген адамдарды әуен әсемдендіріп тазалайды. Ал
музыканы түсіне білмегендер үшін бұл беймәлім құбылыс.
Демек адамдар музыканы түсінуші мен түсінбеушілер
123


болып екіге бөлінеді. Қазіргі музыканы түсінбеушілердің
үлес саны түсінушілерден артық. Онын басты себебі ұлттық
тәрбие мен білімнің салмағы басқа жаққа ауып кетуінен
туындап отыр. Бірінші - тіл, екінші - дін, үшінші - өнер осы
үшеуін ұрпақ бойыеа дарыту әлі де үлкен күшпен келуде.
"Патша баласының акыл-есін тексеру үшін ғұламалар оған
музыка әуенін тыңдатып сынақтан өткізеді: "бала бесігінің
жанына тағы да бірнеше бесік қойылады. Бәрінде де бала
бар еді. Содан соң өнерпаздарға түрліше күйлер
тартқызады. Аспаптар да сан түрлі. Оның ішінде тамбур,
дутар, кеманші, барбитон, ребаб және қытай аспаптары да
болды. Даңғыраның күндей шалқыған үнінен соң,
кеманшаның түндей қайғылы үні естіледі. Сол үнге патша
баласы ең бірінші болып еліктеп, оның текті тұқымынан
екенін айкындайды,,. Зийа ад-дин Нахшаби Музыка арқылы
баланың есі мен тектілігін анықтайды. Бұл адам болмысында
музыканың үлес салмағы өте жоғары екенін танытады.
Музыканың бүкіл тіршілікке араласуы себебі ол дыбыс. Ал
дыбыс - табиғат, табиғатсыз тіршілік те болмайтыны рас.
Музыкасыз өмір тіршілігі үйлеспейді. Көптеген көріпкел,
емші, акын, композитор т.б. түс көру арқылы жоғарыдағы
үш әлеммен байланысып отырған. ...Мұрын жырау... "Менің
әкем Сеңгірбай Абыл айтыпты: - отызға келген кезім, ерте
кой өргізіп ұйқтап қалсам біреу келіп аузыма бір сұйық
нәрсені құйып еді, жұтып жібердім. Ояна келсем кеудемді
өлең, сөз кернеп барады..." - деген екен.
Адам түс көру кезіңде түнгі самал ұйқыда жатқан
адамға әсер етіп, қасиетті түс көруіне ықпал етеді. Тіпті
ондай түс адамның тағдырын анықтайтын жайлар да
кездеседі. "Мал бағушы болашак бахшы ашык далада ұйқтап
жатып түсіне кірген белгісіз кісінің (көбіне әулие кейпінде)
"мына домбыраны тартып, жыр айт, сен бахшы боласың"
деген ұсынысын қабыл алып, түсінде домбыра тартып ән
салады. Оянса, жанында ешкім жоқ, бірак сол сәттен
бастап өлең дарып әйгілі жыршыға айналады. Егер сол
өлең даритын адам әлгі өнерден үзілді-кесілді бас тартса,
ол не бакытсыздыққа, не ауру-сырқауға душар болады" -
дейді В.М.Жирмунский.
Міне көріп отырғанымыздай адамдарға үш әлемнің
нұры кімге ауады соған түс аркылы беріліп оның болашағын
анықтап, кім болатынына дейін түсте аян беріледі. Үш
әлемнің нұры әуен арқылы жететінін есте ұстауымыз
124


керек. Өнер адамдары үш әлем байланысының ықпалында
болады. Өнер адамдары әуеңді космос аркылы төбеден
қабылдап бойға құйып алады, өңделу арқылы сыртқа
тебіреніп шығады, басқаларға жеткізіледі. Олардың түс
көріп аян арқылы дарын иесі болуының бір себебі осы.
Мұндай мысалдарды келтіре беруге болады.
Үш әлемді байланыстырып тұрған бәйтеректің сан-
салалы тамыры жер астында, ал оның жайқалған бұтағы
жер үстінде. Ағаш күндіз түні аспан және жермен
байланыста болады. Аспан арқылы табиғат әуенін бойына
жинайды. Ағаштан дыбыс пайда болады, бүкіл аспап
ағаштан жасалады. "Күй" деген сөздің арғы тегі "көк" пен
байланысты...ендеше күйдің де көкпен, аспанмен
байланысты болғынын көреміз. Көк пен су екеуі бір кезде
бір ұғым болған. Бірі - жоғарғы аспан, бірі - төменгі аспан
болып саналған. Көне дәуір ұғымында екеуі де космос.
Музыканың алғашкы шығатын жері адамның сыртқы
табиғатымен байланысуы, астарлап араласуы, - деген
Қ.Жүбанов сөздері музыканың аспан мағынасына
жақындығын тағы да дәлелдеп өтеді". "Махмуд Қашғари
"Дивани лұғат" деген XI ғасырдан қалған кітабында... "ол
көк" деген сөзді мысалға алып, оны "ән салып тұр" деп
аударады".
Демек "көк" сөзінің аспанмен байланысуы аспаннан нәр
алып "күйге" айналуы адамның көңіл күйіне әсер етуі
табиғатпен тікелей араласуы -ғылымда және қоғамдық
пікірде мойыңдалған теңденция. Қазіргі табиғат өзгерген
кезде адамдарға да өз кеселін тигізуде. Қазіргі
адаңдардың душар больш отырған келеңсіздіктері ауру,
есерсоқ, шыдамсыз, нәсілсіз, тексіз, тұрақсыз, қатыгез,
ұрпақсыз т.т. тізбелей беруге болады. Табиғаттың бұзылуы,
адамдардың бұзылуына әкеліп соғуда. Домбырадан
алшақтаған қазақ жұртында ұлттық құндылық жұтаң.
Ұлпық құндылықтар жадағай жерде тілі мен мәдениеті
және жер байлығы талан-таразға түсіп ыдырап күйретуге
келіп тіреледі. Ауру ұрпақ ойсыз, әлсіз ұрпақ сатқын, күшсіз
болады.
Музыкаға келетін болсақ, ол қашанда адамды
шаттыққа бөлеп отырған, мұң-зарын сейілткен. Музыканың
әсер-ықпалының күштілігі соншалык, ол адамдардың мінез-
құлқы мен салт-дәстүрін өзгерте алады, сондықтан да,
бұрынғының басшылары халықтың жөндеп музыка тыңдауын
125


кадағалап отырған. Дүниеге келген адам баласы қан-
жанды, өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады,
ал кайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса туа бітетін
қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам
сезімінің жаңғырығы ғана, әрі-беріден соң сезімді
қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар,
баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған
ортада халықтың санамен сарғайып, муңға батқаны; егер
ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім-қайырымы алабұрта
елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат-шадыман
ғұмыр кешкені; егер, қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі,
қоштауы асқак, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда
халықтың өзіне-өзі сенімді де табанды болғаны; егер,
қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да
шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл
болғаны; егер, шалкар да шалқымалы, жүрекке жылы жанға
жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен
махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері
сияқты, шегіне жете бүлініп-бұрмаланған, жанығып-
жанұшырған, ырду-дырду әуен бел алса, онда халыктың
бұзылғандық пен бейбастыққа белшесінен батқаны".
Қытай данышпаны халықтын музыкасы аркылы
олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып,
анықтауға болатынын айтады. Домбыра өнері қазақ
халқының әэрбиесі мен білім кеңістігіне ғасырлар бойы
араласып келді.
Бәйтерек табиғаттың бір бөлшегі, ал табиғаттың өзі
ерлі-зайыпты ұғымымен тектес деген рас болса, ол домбыра
аспабының да ерлі-зайыпты сипаты бар екеніне еріксіз ой
жүгіртуге итермелейді. Домбырада екі ішек бар екені белгілі.
Астынғы ішек "соль" жіңішке, шіңкілдек әуен - ол әйелдің
қылыктарына сәйкес келеді, ал үстінгі ішек "ре" коңыр,
жуан әуен - ол еркектердің қылықтарына сәйкес келеді. Екі
ішек байланысында өзара үйлесімге ұмтылу бар.
"Ерлі зайыпты баба-құдайлардың ең көне әрі
универсалды тараған түрі аспан - әке мен жер - ана. Бұл
образдарда, бір жағынан, рулардың бабалары болып
саналатын ілкі адамдардың космостанғанын, ал екінші
жағынан, неке мен семьялық қатынастардың табиғат
дүниелеріне кешірілгенін көруге болады", "...бұкіл түркі
жұртында Тәңір - көктегі ер ролінде, ал Ұмай – жер - ана
болып қабылданады" дейді.
126


Біздің көктегі тәңір - ер, ал жердегі Үмай ана - әйел.
Домбыраны оң қолға алып тартқан кезде үстінгі ішек
аспанмен тілдессе, астынғы ішек жермен тілдеседі. Екеуі
бірігіп Тәңір мен Ұмай ананың ұрпағындай нұрын шашып
мыңдаған сан әуендерді тудырады. Оны ұрпақ деп
бейнелеуге болады.
Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге ңұрын төгер,
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. - дейді 
Абай.
Ұлы ақынның космостан хабар алып отырғанын
өлеңдерінен ұғуға болады. Абай екі алып күшті тең
ұстаған: бірі - көк болса, екіншісі жер. Абай бәйтерек
секілді аспан мен жерден тең дәрежеде нәр алып
шығармаларды туғызған. "Жазғытұры" атты Абайдың
өлеңінде... жерді мейірімді анаға, аспанды қамқор әкеге
теңейді. Жерді ана бейнесіне алып қарау қазақ халқы ғана
емес, басқа елдердің де ой-санасына тән нәрсе... Аспанды
әке бейнесінде көрсету де жайдан-жай алына салмаған...".
Өмірдің өзі табиғатта жұп өмір сүретіні сияқты
домбыраның екі ішегі де сағынықан жарлар елесін береді.
"Көкте" ұлы тәңір-ие" жердегі әр түрлі заттарды билейді,
көк "иелермен" адам баласы тілдеседі деп нанған". "...Казақ
тілінде "тәңір" деп көкті, "теңіз" деп суды айту...екеуінің
түбірі ("тәң / тең"), "көк", "аспан" ұғымымен байланысты
болса онда ..."тэңір" - көктегі (яғни жоғарыдағы) су болса,
"теңіз" - жердегі (яғни төмендегі) су. Басқаша айтқанда
аспанның өзі әуелде су деп түсінілген, оның "көк", "тәңір"
болып аталуы содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан,
яғни тәңір сияқты көк болғандықтан теңіз деп аталған, ...үш
тұрлі алем "аспан, жер, жер асты)...,,.
Жердегі судың аспан түстес болып келуі әкенңн
мейірімділік қасиетінен туған. Адам баласы өмір суру үшін
оған қажетті қорек керек ол - судың қасиеті. Ол жер ана
Ұмайдың сүті. Ал одан пайда болған сылдыр, сыбдыр
дыбыстар әуендердің негізін құрайды. Судың дүрілі, гүрілі,
күмбірі сыңғырлаған үні күйге ұласып, асыл мұра көздеріне
айналды. "Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті
тамағынан тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз,
сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал, жердің
127


астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың
өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар".
Домбыра аспабында да үш құрылым бар шанак, мойын,
бас болып келеді. Шанақ жер қойнына ұқсас. Ол өмірден
өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы
белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы.
Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан
шығады.
Домбыраның басы - Аспан, Домбыраның мойыны -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет