Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет73/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Бәйтерек, Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра
бойында да бар екен. Демек біз ортада, жер бетінде
тұрамыз деуінде негіз бар. Домбыраның мойыны арқылы
әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып
өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін
шашады. Домбыраның басы ретін қарап тұрады, аспан да
өмір ретін қарап тұрады.
Үш әлемді байланыстырған "Бәйтерек", одан пайда
болған домбыра, адам қажетіне жарап байланысу арқылы
тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал етті. Үш әлеммен
байланысқан құдірет иесі домбыра аспабы ұлттық
идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда
домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап
жалғастыру қиын болмақ.
"Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, - деп айтылады. "Қос
ішек" күйінің аңызы, - сол аңшы жігіт биік таудың қиясын,
қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы маралды аулап,
кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын
қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке
түсіру үшін ішек - қарынын ақтармалап алып тастайды.
Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға
ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан
жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді.
Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға -
құзғын іліп ұшқан болу керек, карағайдың бұтағына қос тін
болып керіліп калғанын көреді. Ызындаған дыбыстың сол
ішектен шығып тұрғанын аңғарады.
Қарағайдың
бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе,
ызыңдап жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде
уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып
аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт "қой мына қос ішекке тіл бітейін
деп тұр екен, бір амал жасайын" - деп, ішекті үйге алып
128


келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан
тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткеңдей
сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын
жадыратып қоймайды, тындаған жанның бәрін ұйытады.
Осылайша көптің сүйіп, тыңдайтын аспабына айналады".
Бұл аңыз әңгімеде қарағай ағаштың араласуы кездеседі.
Демек аңыздың түптің-түбінде шыңдыққа жанасатын
қырлары бар екені байқалады. Бір ғажабы, кандай аңыз
әңгіме болмасын екі ішектің өзгермей аңыз желісінде үнемі
кездесіп отыруы. Аңыздардың айтылуы әр түрлі
болғанымен, екі ішек қасиетінің сақталуын байкауға
болады. Өйткені ол табиғаттан жаралған. Бәйтерек -
Домбыра, Домбыра - Бэйтерек болып жалғасыпън табады.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын (жеміс, жапырақ)
береді. Ал, домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп
ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам корегіне кажет
болса, домбырадан шыққан күй - адамның рухани жан
азығы. Демек айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны
жағымдды әуендерге айналдырып жеткізетін - домбыра
аспабы. Егер, айналаны қоршаған дыбыстарды түгел алып
тастайтын болсақ, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне
нұқсан келген болар еді.
"Қазақ халқы, мүмкін, өмірді тек өнер ғана
сәндендіреді, тек өнер ғана бізді ерте картаюдан
сақтандырады..." деген түсініктің қалыптасуында бір
шындық бар шығар. Мүмкін осы бәйтерек негізінен әуен
шығып, адамдарды
елжіретіп, бойын балқытып
әсерлендіруінің арқасында осындай ұғымдар туған болуы
керек. Өнер калай болғанда да адамдарды табындырып,
бағындырып жіберетіні рас. Әйтпесе өнерді тыңдап
отырған адамдар неге қол соғады, болмаса қосылып
ыңылдайды, айтады. Өнердің (күй, ән) құдіреті басқаларға
қарағанда, басымырақ. Кез-келген жиын, той, мереке,
отырыстар өнер адамынсыз өтілмейді, себебі халық
жиналған отырыс ұзаққа созылатын болса, жиын
отырыстардың аяғын музыка әуенімен бітіреді. Ән, күй
тартылып орындалған жерде ешқандай келеңсіз жағдай
болмайды, себебі
музыка барлық түсініспестік
құбылыстарды жуып жібереді. Міне, музыка әлемінің
құдіреті. Сондықтан той, жиын, мереке т.б. алқалы
жиындардың арты өнер адамдарының арқасыңда бітімді
ынтымақпен бітеді. Музыка жақсылыққа септік ете алады.
129


Өнер адамдарды тәрбиеге шақырып, біріктіруге мүмкіндік
туғызады.
Домбыра аспабының табиғаттың бөлігі екеніне кезінде
А.Жұбанов та көңіл аударған. "...шеберлер кейде қаламның
жуандығындай талдарды арнаулы қалыпка салып иіп те
жасаған. Олар қызыл, сары, қоңыр, қара түсті шыбыктарды
теріп алып, қиюын тауып сыналағанда, талдың табиғи
бояуы құлпырып домбыра әшекейленіп тұратын болған.
Ойып жасалған шанақтың бетіне қарағай немесе шырша
тактайынан жұда қақпак жасалған, ал шанағы талдан
иілген домбыраның беті тек қарағаймен қақпакталған.
Құранды ағаштардан немесе иген талдан жасалған
домбыраның сағасынан былайғы жері немесе мойны қайың
болған".
Заман ілгерлеген сайын адам санасы да жетіліп
дамып, өндеуді іздестіруге итермелеген. Домбыра аспабын
шыбықтардан құрап жасау, қосымша ішектер тағу,
шанактарын өзгерту, мойнын қалыңдату не жіңішкерту,
пернелерді көбейту сияқты әрекеттер - диапозон дыбысын
шығару кеңістігін кеңейтуде іздеуден туындаған
әрекеттер. Бір күйдің бірнеше варианттарының болуына да
ықпал еткен осындай ізденістер еді. Сол себепті талантты
тұлғалар өнерді әсемдеп нәрлеп жеткізіп отыруда алдымен
аспаптың шебер жасалуына мән берген.
Бұнын өзі "А.Позднев ...орындаушылар онымен
(қобызбен) түрлі құстаыңьщ даусын да айнытпай салатын
болған" - деген сияқты пікірлерге негіз болған.
Көп адамдар біле бермейтін көзге көрініп іліне
бермейтін, құлакқа естіле бермейтін түрлі әрекеттерді құт
қонған талантты өнерпаздар білді. Өнер адамдары басқа
адамдардан әлеқайда жоғары күйде жүретіні де
сондықтан. Олардың есту қабілеті мен түсінік түйсіктері
өте дамығандықтан дүбірлеген ат шабысын, жаяулар мен
жорықшыны, куғыншы мен қуылушының, жаулар мен
қастарды алыстан-ақ сезіп білетін болған. Хан мен
патшалар айналасына өнер адамдарын жақын ұстауға
ұмтылған. Олар жан-жануар мен малдардың дауысын, түсін
ажыратып, айырып тани білген.
"Ашык аспан, кең сахарады туған қазақ ешқандай
қосалкы оқу -білімсіз-ақ табиғат мәпелеуімен өсіп
жетіледі... Қазақтың жалпы ауызекі жырлары тікелей дала
көріністері...".
130


Ақыл мен білім, өнер мен даналық табиғаттың өзінен
туындайды. Ұлы дала төсінде жүрген қазақтар өзінің
жеріне ие болғанына қарағанда, дала кеңістігін өте жақсы
меңгерген көшпенді философтар болған. Даланың
төсіндегі кұм, су, топырақ, шөп, өсімдік, аң құстар не дейді
осы тұтастықта сақталған табиғат құндылығын олар
меңгерген, сөйтіп дала психологиясын ұстай алған. Күй
мұра сарынның мәңгілік сақталуы соның дәлелі бола алады.
"Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік,
мұдай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта
сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа
тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның
ызындаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес
едім!".
Бәйтерек ағаштан пайда болған домбыра аспабының
үні табиғи таза, адам сипаттас болуының арқасында оның
дыбыс әуені тыңдаушысына зор тәрбиелік әсер етеді.
Зерттеушілердің көшпенді түркі тектес халықтардың өнері
мен тұрмыс - салт дәстүрлеріне үңіліп қарауының басты
себебі оның ар жағыңда әэрбиелі білім барын сезгеннен де
болар.
Әуен аспанға қалықтап ұшады, оны естіген табиғат,
адам жан-жануарлар бойына сіңіреді. Өмірде айналмалы
байланыс бар. Сөйтіп негізі бәйтеректен құралып жасалған
домбыра қозғалыста болады. Ал бәйтерек бір орында
тұрып, өз қызыметін домбыра арқылы атқарып отырады.
Бәйтерек ағаштың жанды болуы оның адамдармен сабақтас
байланыста
болуында. Өлі мен тірілердің арасын
байланыстыратын құнды мұра екенінде. Аслан мен Жер
ортасындағы адамдарды түпкі тегімен байланыстырып
ұрпақтарды ізгі тәрбиешісі ретінде қызымет етіп келе
жатқан киелі домбыра екенін есте ұстау - әр қазакақтың
төл қасиеті болса екен дейміз.
«Домбыра, сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң - тіл бар ма,
Тіл жоқ деуге, бола ма,
Тілден артык үн барда
Домбыраның күші мол,
Көмейінде күй барда.
- деп дүлділ акын, күйші Іляс Жансүгіров айткан
домбыра құдіретінің философиясын әлі де аша түсу керек-
ақ.
131


Экономика, право, культура в эпоху общественных
преобразований
/Материалы международной научно-практической конференции. - 
Алматы, 2006. -С. 52-158.
Ж.Ш.Таубалдиева 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет